10-тақырып. Қазіргі түркі тілдері. Түркі тілдерінің бұлғар, оғыз топтары



бет3/4
Дата04.01.2023
өлшемі24.24 Kb.
#468104
1   2   3   4
10-лекция

2.Әзірбайжан тілі-әзірбайжан халқының сөйлеу, жазба және әдеби тілі болып саналады. Олар ТМД-да және шет елдерде тұрады. Әзірбайжан халқы көне тарихқа ие және түркі халықтарының ішінде көне жазба ескерткіштерге бай халықтардың бірі болып саналады.Олардың түп-тамыры көне жазба ескерткіштерінде көп айтылатын оғыз тайпаларымен байланысты. Сондықтан оғыздар туралы мәлімет Орхон-Енисей жазбаларында, М.Қашғари сөздігінде кездеседі. Әзірбайжан тілі үстіміздегі ғасырдың 50-жылдарынан кейін Э.В.Севортян, Н.З.Гаджиева, З.И.Будагова, Р.Рустамов, Ф.Р.Зейналов сияқты ғалымдардың ғылыми еңбектерінің арқауы болды.
Әзірбайжан тілі көп диалектілі тілдің қатарына жатады. Тілшілер әзірбайжан тілінде 4 диалектілер тобы бар деп есептейді. 1) топқа куба, баку диалектілерін енгізеді де шығыс топ деп атайды. 2) топты батыс тобы деп атайды да оған казах, ганжа, карабах диалектілерін енгізеді. 3) топқа нуха диалектісін енгізеді де, солтүстік тобы деп атайды. 4) топты оңтүстік топ деп атап, оған нахичиван, орудбад, тавриз диалектілерін енгізеді. Орыс графикасына негізделген әзірбайжан алфавиті 32 әріптен тұрады. Дауысты дыбыстары 8: а, е, ы, и, о, ө, у, ү.
3.Түрікмен тілі-Түрікменстанда тұратын түрікмен халқының сөйлеу, жазба және мемлекеттік тілі болып саналады. Түрікмендер Өзбекстанда, Тәжікстанда, Қазақстанда, Ресейдің кей жерлерінде және шет елдерде өмір сүреді.
Көпшілік ғалымдар түрікмендердің оғыз тайпалары одағынан бөлініп шығуын IХ ғасырда ислам дінін қабылдаумен байланыстырады. Қазіргі түрікмен тілі бірнеше диалектіден тұрады. Түрікмен тілшілері қазіргі түрікмен тілінің диалектілерін үлкен екі топқа бөледі. 1-топқа теке, сарық, гөклен, емуд эрсары диалектілері енсе, 2-топқа нухур, анау, эски, сурхы, арабачы, кирач, чаудыр, нукры, хатан, баят сияқты диалектілер енеді. Түрікмен тілі көне жазба ескерткіштері бар тіл болып есептеледі. Олардың Мақтымғұлы, Молланепес сияқты классик ақындарының шығармалары Қазан төңкерісінен бұрын баспа бетін көріп,түркі халықтарының арасына кең тараған. Сондай-ақ орыс ориенталист ғалымдарының зерттеу обьектісі де болған. Түрікмен тілін зерттеген ғалымдардан Александр Петрович Поцелуевский, П.Азымов, М.Хыдыров, З.Мухамедова, К.Сарыев, Х.Байлиевтердің аттарын атап көрсетуге болады. Түрікмен тілі басқа түркі тілдері сияқты араб және латын жазуларын пайдаланып келіп, 1940-жылдан кейін 38 әріптен тұратын орыс графикасына көшеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет