10-тақырып. Қазіргі түркі тілдері. Түркі тілдерінің бұлғар, оғыз топтары



бет4/4
Дата04.01.2023
өлшемі24.24 Kb.
#468104
1   2   3   4
10-лекция

4.Гагауыз тілі. Түркі тілдерінің оғыз тобына жататын тілдің біреуі-гагауыз тілі. Гагауыздар Молдавада және Украинаның Одесса облысында жасайды. Олардың біразы шет елдерде, ТМД-ның бірнеше республикаларында тұрады. Гагауз халқының тарихы, этнографиясы толық зерттелмеген. Олар 1957-жылға дейін өз жазулары болмаған. 1957 жыл шілдедегі Молдавия Жоғарғы Советінің Президиумының қаулысымен, орыс грамматикасы негізінде гагауыз алфавиті қабылданды. Гагауыз алфавитінде 37 әріп бар.
Гагауыз тілін жан-жақты зерттеу елуінші жылдардан кейін қолға алынды. Гагауыз тілін зерттеуге В.А.Машков, Н.К.Дмитриев, Л.А.Покравская, Г.А.Гайдаржи, Б.Г.Гафаров сияқты ғалымдар ат салысқан. Дауысты дыбыстар қысқа және созылыңқы болып екіге бөлінеді. 22 дауыссыз дыбыс бар. Олардың бесеуі үнді, жетеуі ұяң, оны қатаң. Қазақ тіліндегі дауыссыздар сияқты қатаң мен ұяң дауыссыздардың көбі өзара сәйкес келіп отырады. Мысалы: б-п, д-т, г-к, ж-ш, з-с т.б.
Сұрақтар мен тапсырмалар:

1.Қазіргі түркі тілдеріне негізінен қайсы тілдер жатады?
2.ТМД елдерінде қайсы түркі халықтары жасайды?
3.Николай Александрович Баскаков қазіргі түркі тілдерін қалайша топтастырған?
4.Түркі тілдерінің бұлғар тобына қайсы тілдер кіреді?
5.Түркі тілдерінің қыпшақ тобына қайсы тілдер кіреді?
6.Түркі тілдерінің қарлұқ тобына қай тілдер кіреді?
7.Оғыз тобына қай тілдер жатады?
8.Қазақ тілі түркі тілдерінің қай тобына жатады ?
9.Қазіргі қазақ тіліне ең жақын тілдерге қайсы тілдер жатады?

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет