12 жылдық білім беруде бастауыш сыныптарда ана тілін оқытудың белсенді шығармашылық іс-әрекет негіздері


ЖАЛПЫ БІЛІМ БЕРЕТІН МЕКТЕПТЕРДІҢ БАСТАУЫШ СЫНЫПТАРЫНДА ИНФОРМАТИКАНЫ ОҚЫТУ ТӘЖІРИБЕСІ



бет13/16
Дата16.06.2016
өлшемі1.38 Mb.
#139830
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   16

ЖАЛПЫ БІЛІМ БЕРЕТІН МЕКТЕПТЕРДІҢ БАСТАУЫШ СЫНЫПТАРЫНДА ИНФОРМАТИКАНЫ ОҚЫТУ ТӘЖІРИБЕСІ
Ақжолова А. – 1-курс магистранты (Алматы қ., ҚазмемқызПУ)
Бүгінгі күні педагогикалық процестің бір маңызды бөлігі болып мұғалімнің оқушылармен өзара қарым-қатынас жасауының жеке тұлғаға бағытталған түрі саналады. Қазіргі кезде адамды қалыптастырғаннан гөрі оны жетілдіру, дамыту керек, тәрбиеленушінің өмірлік және кәсіби түрде өз орнын анықтауын жүзеге асыруына көмектесу қажет.

Соңғы кезде жас өспірімдер сабақта жай ғана тыңдаушы рөлінде отырғысы келмейді, оларды мұғалімнің айтқандарын, дайын рецептерді жазып алу қызықтырмайды. Олар материалдармен танысу кезінде өздерінің жеке жұмыс істеп, ойлау қабілеттерін де көрсете алатын, ізденісте болғанын жүзеге асыра алатын оқытудың жаңа түрлерін күтеді.

Осыған дейін Ресейде арнайы әдістемелер өңделіп, жалпы білім беретін мектептің бастауыш сыныптарында информатика пәнін компьютердегі зертханалық жұмыстарсыз «қағаз технология» түрінде оқытып, тәжірибелер жасалған. Сондай әдістемелерге аймақ аралық «МЕКТЕП 2100» қоғамдық ұйымының білім беретін бағдарламасының материалдары, сонымен қатар жаңа технологияларды оқыту институтының информатикаға арналған оқулықтары, жұмыс дәптерлері және т.б. материалдары үлгі бола алады.

1997 − 1999 жылдары жаңа технологияларды оқыту институтының ғалымдары екі оқулыққа талдау жасаған. Жинақтап қорытылған талдау нәтижелері бұл оқулықтардың мазмұндарының айырмашылығы болар-болмас екендігін дәлелдеді. Бірінші сыныпқа арналған жинаққа төрт дәптер, оқулық, сонымен қатар әдістемелік құралға – мұғалімге арналған кітап кіреді. Екінші сыныпқа арналған жинаққа екі дәптер, жоба дәптері, ал әдістемелік құралға – мұғалімге арналған кітап және жобалардың кітабы кіреді. Үшінші сыныпқа арналған жинаққа да екі дәптер, жоба дәптері, ал әдістемелік құралға – мұғалімге арналған кітап және жобалардың кітабы кіреді. Бірінші сыныпқа арналған кітап пен жұмыс дәптерлеріне жасалған талдауда балалардың ойлау логикасын дамытуға, түрлі-түсті түстерді қабылдауға және басқа пәндер мен ұғымдарды қабылдауға бейімдеу қажеттігі қарастырылған. Практикалық тапсырмаларында ауызша есептеуге дағдыландыру қарастырылған. Сонымен қатар, информатика пәнінен өткізілген сабақ жазбаша жұмыс дәптерлерінде орындалғандығы көрсетілген. Мұнда барлық оқушылар бір деңгейде дамиды. Сондай-ақ бұған ескертпе ретінде тапсырмалардың нұсқалары санына шек қойылған.

"МЕКТЕП 2100" білім беру жүйесінің оқулықтарының жинақтары бірінші сыныптан онбірінші сыныпқа дейін үздіксіз білім беретін жүйе ретінде ойластырылып, жалпы білім беретін мектептердің бірыңғай жаңартылған концепциялары ретінде жасалған. Қазіргі уақытта бірінші сыныптан алтыншы сыныпқа дейін информатика пәнін оқыту үшін оқу-әдістемелік құралдар жарияланған.

«Информатика тапсырмалары және ойындары» атауымен бастауыш мектепке арналған оқу-әдістемелік құралдар жиыны оқулық ретінде шығарылған.



«Информатика тапсырмалары және ойындары» жинағы кітаптар мен дәптерлерден (әрбір сыныпқа екі дәптерден) және толық әр сабақ жұмыстарынан (әрбір сынып үшін бірден) тұрады. Бұл жинақ бастауыш сынып мектептерінде информатика сабағын жүргізу үшін арналған. Оқу жүктемесі - аптасына бір сағат. Курстың негізгі мақсаты – оқушылардың логикалық ойлауын дамыту. Сабақ өткізу үшін компьютер қажет емес. Әдістемелік нұсқаулардың толық сабақ жұмыстарында бастауыш сынып мұғалімдеріне «Информатика тапсырмалары және ойындары» курсын арнайы дайындықсыз өткізуіне мүмкіндік береді. Кітаптар мен дәптерлердегі негізгі зейін тапсырманы сабақтан сабаққа күрделілендіру арқылы балалардың логикалық ойлауын дамытуға бөледі. Логикалық ойлауды дамытуға екпін бере отырып, тұрмыстық заттар мен түсініктер ұғымына сүйеніп, бейімделуге бағыттайды. Әріптерді, сандар мен буындарды қолдану тапсырмалар барысында педагогиканың әсерін едәуір күшейте алады. Бұл жағдайда информатика сабағында оқушылар басқа пәндерден өткен материалдарын қайталауға мүмкіндік ала алады. Информатиканы оқытуда пайдаланылатын «қағаз технологиясы» тәжірибесі қазіргі кезде бізде қажет емес, өйткені компьютерлік техникамен жеткілікті дәрежеде жабдықталған мектептерде бірінші сыныптан бастап информатика негіздерін және компьютерлік технологияларда ақпаратты өңдеуге оқыту мақсатқа лайықты деп есептейміз. Осы мақсатта жалпы білім беретін мектептің бірінші сыныбынан информатика негіздерін және ақпаратты өңдеу технологияларын оқыту әдістемесін жасау көзделді. Информатика негіздері және ақпаратты өңдеу технологиялары жалпы білім беру мектебінде бірінші сыныптан компьютерде оқыту әдістемелерін жасауда дидактикалық материалдардың, көрнекті оқулықтар және басқа оқу-әдістемелік жұмыстардың толықтай жоқ болуын анықтап, информатика негіздерін және ақпаратты өңдеу технологияларын бастауыш мектепте компьютермен жоспарлы меңгеру үшін жасай алатынына негіз және мысал болды. Сол уақыттарда, электронды дидактикалық материалдардың жоқтығынан, өткен ғасырдың тоқсаныншы жылдарының басында үй дербес компьютерлері пайда бола бастағанынан, базарларда дербес компьютерде жеке тапсырмаларға жұмыс істеуді үйретуге арналған компьютерлік бағдарламалар ұсыныла бастады. Бұл бағдарламалардың бірде-біреуі оқыту бағдарламасының статусын ала алмады. Қазіргі уақыттағы дамудағы бағдарламаның ең көрнектісі бірінші сыныптан төртінші сыныпқа дейін әрбір сынып үшін жұмыс дәптерінен, мұғалімдер үшін әдістемелік оқулық және дамушы бағдарлама кешенді компакт дискісінен «Қиял әлемі» (Страна фантазия) тұратын оқу-әдістемелік кешен болып табылады. Практикалық жұмыс дәптерлері жоғарыдағы оқу-әдістемелік кешендерінде көрсетілген жұмыс дәптерлерінен еш айырмашылығы жоқ. Жұмыс дәптерлеріндегі материалдармен жұмыс әдістемесі де ұқсас. Тапсырмаларды таңдауда бірқатар айырмашылықтар бар. Бірақ курстың негізгі әдістемесі алдыңғыларынан едәуір өзгеше. Мұғалімдерге арналған әдістемелік құралға теориялық материалдар және оқытылатын тақырыпты бекітуге арналған жаттығулар, екі нұсқада бақылау және өзіндік жұмыстар, зейінді және ойды дамыту диагностикалары үшін тапсырмалар жиыны, өзіндік шешімдер үшін тапсырмалар және де "Физкульт-минутка" кешенді жаттығулары мен көзге арналған гимнастика жаттығулары жатады. Әдістемелік құралда енгізілген сұрақтар және тапсырмалар оқушы жұмыс дәптеріне толықтай сәйкес түсініктемелермен, жауаптармен қамтылған. Әдістемелік құралдарда сондай-ақ сабақ құрылымының үлгілері, тақырыптық және сабақ жоспарлары, нақты оқыту жылына сәйкестендірілген. Компьютер сабақта 30% ғана пайдаланылады. «Қиял әлемі» бағдарламалық кешені IBM PC компьютерінде MS-DOS 6.22 операциялық жүйесінің басқаруымен қызмет істеуге жасалған. Тоқсаныншы жыдардың ортасында MS-DOS басқаруымен жасалған әртүрлі оқытушы бағдарламалары қазіргі уақыт раритеті болды. Олар көп жағдайда олардың дидактикалық бағаларына қарамай жеткіліксіз пайдаланылды. Көптеген жалпы білім беру мектептерінде MS-DOS жүйесі қойылған компьютерлер бар. Ал өте қуатты компьютелермен жабдықталған мектептерде Windows операциялық жүйесінің басқаруыменен жұмыс істеуші мұндай «Қиял әлемі» сияқты бағдарламалар MS-DOS эмуляция режимінде жұмыс істейді. Қазіргі уақыттағы дамушы программалар сондай-ақ қарастырылған ол оқу курсы статистикалық болады. Барлық мұндай бағдарламалар оларды қолдану барысында олардағы бұрын салынған өзгермеген тапсырманың жарыққа шығуына жол ашылады, әрбір бағдарламаларды қосуда әркез сайын жаңаланып қайталанып отырады. Оқушыларға барлық комьютерде біруақытта бірдей тапсырма көрсетіледі, бірақ бұл оқушылардың жекелей білім алуына мүмкіндігі болмайды. Осы уақыттарда компьютердің мүмкіндігін пайдаланып, нақты уақыт режиміне дидактикалық материалдарды генерациялай отырып, кездейсоқ жекелей элементтерді ұйымдастыруға болады. Сондықтан информатика негіздері мен ақпаратты өңдеу технологияларын компьютерде қолдану, мұның негізі ғылыми негізделген басқару шешімін қабылдау үшін қажетті қолданбалы пән ретінде информатикада оқытылады. Осы жағдайда жасалған әдістемеде ақпараттарды өңдеуде компьютерлік технологияларға оқыту акцентінің орын ауыстыруын анықтады. Компьютерлік дидактикалық материалдардың болмауына байланысты, кешенді білім беретін компьютерлік бағдарлама (КББКБ) жасады. Компьютерлік бағдаламаны жасауда «қағаз технологиясы» бойынша информатиканы оқытудағы жағымды тәжірибе пайдаланылды. КББКБ кешенінде бағдарламадан басқа орта мектептің бастауыш сыныптарында информатикада және компьютерде ақпараттарды өңдеу технологияларына оқыту үшін арналған, компьютерлік бағдарлама сияқты жылдам қалыптастырушы дидактикалық материалдар және ақпараттық технология бойынша тапсырма қазақ тілі және арифметика, сондай-ақ компьютерЛік бағдарламалар, тұлғаның жан-жақты және үйлесімділікте дамуына ықпал етеді. Осы орайда, тапсырмаларды толық кешенді шешу үшін бағдарламалар арналған, оны білім беру тапсырмасының келесі жиыны ретінде көруге болады. Біріншіден, бұл жалпы білім беру мектептеріндегі кіші сыныптарында ақпараттық технологияларды компьютерлерде және информатиканың негізгі жағдайын зерттеуге арналған. Екіншіден, компьютерде жұмыс істеу әдеті қазақ тілі, әдебиеті және арифметикасы бойынша өткізілген материалдардың үлгісімен салыстырылады. Үшіншіден, оқушы компьютермен жұмыс істеуде зейінін дамытады, тапсырманы шешуде алгоритмдік әліппені жақын біледі, логикалық ойлау мен пәнді абстрактылы қабылдауы қалыптасады, ойын шыңдап, жаңаны білуге үйренеді, өзінің шығармашылық елестету мүмкіндігінің потенциалын іске асырады.

Кешенді білім беретін компьютерлік бағдарламаның құрастырушыларымен, компьютерлік бағдарламаларымен іске асырылатын білім алу міндеттері келесідей:



  • Компьютерді және оның құрамдас бөліктерін зерттеу;

  • Күнделікті өмірде дербес компьютерді қолдану;

  • Пернетақтада мәтінді теру дағдысын меңгеру;

  • Тышқанмен жұмыс істеу дағдысын үйрену;

  • Ақпараттардың қасиеттері жөнінде бастапқы көзқарасты қалыптастыру, ақпараттарды өңдеу және алу, тарату тәсілі, сондай-ақ кодтау тәсілі мен ақпараттарды сақтауды ұйымдастыру;

  • Әртүрлі орындаушылармен жұмыс істеу дағдысын үйрену;

  • Қазақ тілі және арифметика бойынша информатика сабағында өткен материалдарды қайталап, дидактикалық материалға сәйкес қалыптастыру;

  • Логикалық ойлауды қалыптастырып, ары қарай дамыту;

  • Шығармашылықта және кеңістікте елестету, зейінді, есте сақтауды дамыту;

  • Тапсырманы шешуде алгоритмді және алгоритмдік құрылымдарды сызықтық, циклдік, тармақтық түсініктерді қалыптастыру;

  • Массивтерде, модельдерде, алгоритмдерде жиындар туралы бастапқы ұғымды қалыптастыру;

  • Жаңаны тануға және оқуға деген қызығушылығын арттыру;

  • Оқушылардың ой өрісін кеңейту.

Компьютерлерді қолданумен жалпы білім беру мектебінің бастауыш сыныптарында информатика негіздерін оқыту әдістемелерін тәжірибеде іске асыру нәтижелері, қабылданған шешімдердің мақсатқа лайықтылығын көрсетіп, алынған тәжірибені одан ары талдап, қорытып және таратуды қажетсінеді.

ӘДЕБИЕТТЕР



  1. Горячев А.В. "Информатика в играх и задачах" Учебник-тетрадь в четырех частях (1-4), М. "Баласс", 2003

  2. Горячев А.В. "Информатика в играх и задачах" Методическое пособие для учителя в четырех частях (1-4), М. "Баласс", 2003

  3. Семенов А.Л., Рудченко Т.А., Щеглова О.В. Информатика. Учебник. АО "Московские учебники", 1999- 38 стр.

  4. Тур С.Н., Бокучава Т.П. Первые шаги в мире информатики. Методическое пособие для учителей 1 - 4 классов. Спб., "БХВ-Петербург", 2002- 544 с.

ТҮЙІНДЕМЕ

Мақалада бастауышта сыныпта информатика пәнін оқытудың мақсаты, міндеттері және оқыту тәжірибесі қарастырылған.
РЕЗЮМЕ

В статье рассматриваются цели, задачи и опыт преподавания информатики в начальных классах.



ОРТА МЕКТЕПТЕРДЕГІ БАСТАУЫШ СЫНЫПТАРДЫҢ ОҚУ ҮРДІСІНДЕ АҚПАРАТТЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ ПАЙДАЛАНУ
Ашимов Д. Ж., Амирбекова Д.Ж - 2-курс магистранттары

(Алматы қ., Қазақ ұлттық аграрлық университеті)


Ғылыми-техникалық дамудың қазіргі кезеңі Қазақстан Республикасының білім беру саласын ақпараттандырудың маңызды мәселелерін белсенді көтеруде. Бүгінде ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың дамуы, сенімді электронды-оптикалық мәліметтер жеткізуші компьютерлер мен көпшілік тұтынушыларға жүйелі тәртіппен пайдалну мүмкіндігіндегі электрондық энциклопедиялар, анықтамалар бірқатар көкейтесті мәселелерді шешуге нақты жол ашып отыр.

Қазақстан Республикасының «Білім беру жүйесін ақпараттандыру» мемлекеттік бағдарламасы қазіргі ақпараттық-коммуникациялық технологияларға бағдарланған оқушылардың ақпараттық мәдениетінің қалыптасуына объективті жағдай туғызады. Білім беруді ақпараттандыру үрдісі мектептердегі қамтамасыз етілген материалдық-техникалық базаның тәжірибеде қолданылу дәрежесімен анықталып, түрлі ақпараттық ресурстардың мемлекеттік саясатынан тыс, мемлекеттік білім стандартына сәйкес жасалынуымен, мамандарды соған лайықты даярлау ісімен анықталуы керек.

Бүгінгі білім беру ісінде мұғалімдердің кәсіби іс-әрекеттерін дамыта отырып, оқу сапасын жоғары деңгейге арттыруда, оқушылардың терең, мазмұнды білім алуларына, оқыту үрдісін қызықты және күрделі ұйымдастыруға жағдай жасалуда. Оқыту үрдісі, оның құраушы субъектілерін шексіз оқу аппаратының кеңістігіне иелік етуге және әлемдік ақпаратты білім аймағын меңгеруге баулиды. Осы мәселені жүзеге асыруға кері әсерін тигізетін факторлардың бар екенін де атап кету қажет. Білім нарығындағы бастауыш сынып мұғалімдерінің кәсіби деңгейлерінің қазіргі оқыту үрдісінің талаптарына сай болмауы олардың элетрондық оқу бағдарламаларын өз тәжірибелеріне тиімді қолдануға мүмкіндік бермейді. Сондықтан білім беру жүйесінің негізгі міндеттерінің бірі – болашақ бастауыш сынып мұғалімдерін электрондық оқу басылымдарын пайдалануға кәсіби даярлаудың көкейтесті мәселелеріне дұрыс бағыттау болып табылады.

Қазақстанда педагогика ғылымы мен практикасында ақпараттық – коммуникациялық технологиялар саласындағы іргелі зерттеулер негізінде оқыту үрдісін ақпараттандырудың ғылыми-педагогикалық ұғынылуы белсенді қарқын алуда және мынандай мәселелер анықталды:



  • компьютерлік оқытудың нәтижелі құралдарын енгізу жөнінде М.Б. Айдарханов, Е.К. Балапанов, Т.О. Балықбаев, Е.Ы. Бидайбеков, Б.Б. Бөрібаев, Н.Т. Ермеков, Ғ.З. Қазиев, Ж.А. Қараев, Е.У Медеуов, А.М. Тәтенов, А.А. Шәріпбаев және т.б.),

  • электрондық оқулықтарды, электрондық оқыту бағдарламаларын, электронды-педагогикалық жүйелерді жасау Г.Қ.Нұрғалиева, С.С. Құнанбаева, Ш.Х. Құрманалина, М.Х. Балтабаев, Р.Ш. Бектұрғанова, Г.Б. Ахметова, Ө.З. Иманғожина, А.І. Тәжіғұлова және т.б.

  • оқу үрдісін ұйымдастыру құрылымына ақпараттық-коммуникациялық технологияларды кешенді кіріктіру арқылы енгізу М.Б. Есбосынов, Д.М. Жүсіпәлиева, Е.Г. Гаевская және т.б. қарастырған.

Бастауыш сыныптарда қазіргі ақпараттық – коммуникациялық технологияларды оқу үрдісінде пайдалану жөнінде Бәйдібекова А.Ө., Базарбаева Г.С. іргелі зерттеулер жүргізген. Ал болашақ бастауыш сынып мұғалімдерін ақпараттық – коммуникациялық технологияларды пайдалануға кәсіптік шеберлігін қалыптастыру мәселелері Барсай Б.Т., Сарбасова Қ.А., Қапанова А.Т., Аманқұлов К.І. және басқа ғалымдар зерттеулерінде көрініс тапқан.

Ғылыми –педагогикалық әдебиеттерді талдау, болашақ бастауыш сынып мұғалімдерін оқыту үрдісін ақпараттандыруға даярлау мәселесінің кәсіптік білімнің теориясы мен әдістемесі саласында зерттеу пәні ретінде жеткіліксіз қаралғандығын айқындады.

Қоғамның барлық саласын, оқыту үрдісін ақпараттандыру, оның тиімділігі мен ендіру сапасы көптеген факторларға: қазіргі ақпараттық – коммуникациялық технологияның жедел дамуы мен қоғамды ақпараттандыру жағдайында білімнің философиялық маңызының дәрежесіне; білімді ақпараттандыру саласының мемлекеттік саясатына; жалпы білім беретін және кәсіби мектептердің білім беру қызыметінің жүйесіне; педагогика теориясы мен білім беру практикасының даму деңгейіне тәуелді.

Білім беру жүйесін ақпараттандыру Қазақстан халқының болашағы үшін үлкен және зор мүмкіндіктер ашады. Соңғы жылдары компьютерлік, телекоммуникациялық техника мен технологиялардың қоғам өміріндегі рөлі мен орнында түбейгейлі өзгерістер болды. Қазіргі заманда әрбір білім беру жүйесіндегі маман үшін ақпараттық - телекоммуникациялық технологияларды игеру қажетті шартқа айналды.

Сондықтан орта мектептердегі бастауыш сыныптардың оқу үрдісінде ақпараттық технологияларды пайдалану және ақпараттық - телекоммуникациялық технологияларды игеруді әрбір мұғалімге міндет етіп отыр. Жалпы оқыту үрдісінде техникалық оқу құралдарын пайдалану өткен ғасырдың 50-ші жылдары көрініс тапты. Бұл кезеңде жалпы білім беретін мектептерге арналған диафильмдер, фильмдер, таспалар ендіріліп, арнаулы аппаратуралар шығарыла бастағаны тарихтан белгілі. Оқыту үрдісінде экрандық-дыбыстық құралдарды қолданудың теориялық негіздерімен С.И.Архангельский, Л.П.Прессман, Н.М.Шахмаев және т.б. айналысқан. Осы кезеңде жердің жасанды серіктерінің туындауына байланысты ақпарат алмасуда спутникиік байланыс жүйелері құрастырылған. Ал, фильмдер негізінде оқу үрдісін ақпараттандыруды С.А.Смирнов, И.П.Волков, В.А.Антонова, А.М.Гельмонт және т.б. зерттеген. 70-80-ші жылдар Қазақстан мектептерінде техникалық құралдарды кеңінен таратылуымен ерекшеленеді. Бұл тұрғыда Т.Қ.Нұрғалиев «мектептерге арналған техникалық орталықтар – қазіргі заманға сай, сапалы, жаңа ғылыми техникалық жүйе және ол жаңа ғылыми-техникалық негіздерді, жүйелі кешенді, аудиовизуальды ақпаратты қолдануды қамтамасыз етеді» деп тұжырым жасайды.

80-90-шы жылдар коммуникативтік үрдіспен сипатталады. Оқыту іс-әрекетіндегі оқушы мен мұғалім қарым-қатынасындағы дидактикалық тілді экрандық-дыбыстық құралдар атқарды. Техникалық құралдар негізінде білім беру жүйесінде ақпараттар өздігінен ешбір дидактикалық жүктемені көтере алмаған, өйткені олар оқу мазмұнымен рәсімделіп, тек әрекетті іске асырушы техникалық құралдар болды. Экрандық-дыбыстық құралдар болса, оқу ақпараттарын жеткізе алды және солар ғана дидактикалық функцияны орындады. Сонымен экранды-дыбыстық құралдардың қызметі- оқу үрдісінде қолданылатын олардың ақпараттық, дидактикалық мүмкіндіктерімен анықталады. Ал осы экранды-дыбыстық құралдар арқылы берілетін ғылыми ақпараттарды қабылдау В.И.Петренконың пайымдауынша жүйелі үш деңгейде өндірілуімен байланысты.

ХХ ғасырдың аяғы мектептердің оқу үрдісінде техникалық оқу құралдарының түрлерінің кеңеюі және ауқымдануымен мазмұндалады. Тиімді түрлеріне аудирование, бейнеқолдау сынды бейнетехникаларды қолдану кеңінен жүрді. Оқу үрдісінде жаңа технологиялар мен жаңа ақпараттық желілердің пайда болуына байланысты телеарна орталықтарында мұғалімдердің, арнайы мамандардың жетекшілігімен даярланатын оқу телебағдарламаларының дайындық ерекшеліктері, сапасын жетілдіру, оның мысалы ретінде қашықтан оқыту құралдары мен қашықтан оқытудың спутниктік арнасның маңызы ерекше. Бұл жүйе оқу үрдісін ұйымдастырудың тиімділігімен және білім сапасының көтерілуіне мүмкіндік беретін жаңалық болды. Компьютерлік бейнеконференциялар, техникалық құрал-жабдықтар арқылы алынған мәліметтерді өңдеп, білім алушыларға жеткізудің қамтамасыз ету жоғары деңгеймен сипатталады.

Демек,әрбір мандар компьютерлік желі арқылы қосылатын әртүрлі электрондық мұрағаттар мен WWW серверлері негізінде көптеген ақпараттарға өз орнында отырып-ақ қол жеткізе алатын болды. Бұл әрине, оқу үрдісін ақпараттандырудағы үлкен жетістіктер болып табылады.

Білім беруді ақпараттандыру – прагматикалық маманданған мақсаттардан жалпыланған білімге көшу, ғылыми білімнің қалыптасуының тарихи контекстен ғылымның мазмұны мен құрылымына деген көзқарасқа көшу сияқты бағдарларды қайта қарастыру жүзеге асатын жаңа мемлекеттік білім беру бағдарламасын жүзеге асыру құралы. Ақпараттандырудың мақсаты – Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін қоршайтын ақпараттық ортасы жағдайында сапалық өзгеру мәселелерін шешу болып табылады. Қазіргі кезде оқыту үрдісін ақпараттандыру бірқатар факторлармен шартталған.

Мұғалім оқыту әдісін таңдап алуда басшылыққа, оқушылардың өздігінен білімді игеруі мен практикалық даярлығын қалыптастыруға бағытталса, оқушы жеке тұлғалық ерекшелігін ашық шығармашылығын дамытатын потенциалды оқу-танымдық ерекше қасиетін, зерттеушілік ізденімпаз іс-әрекетке бағыттайтын, ғылымды берудің арнайы таным әдістерін таныстыру, жеке дара психологиялық ерекшелігін, оның табиғи және әлеуметтік өндірістік ортасын, мектепке арналған оқыту құралдарымен жабдықтаудың, кәсіби даярлық деңгейін өмірлік іс-тәжірибесі мен мұғалімнің жеке басы мен шығармашылықтың ерекшелігіне оның әдістемелік және педагогикалық шеберлігін алу керек.

Мұғалімнің таңдап алған әдістері, жұмысындағы дидактикалық шеберлігі оқу-танымдық стилімен анықталады, стандартты емес оқушыны жеке тұлға ретінде қалыптастырудан жеке дара және инновациялық-шығармашылық танымдылығын, қоғамдағы жаңаша белсенді өзгерістерге гуманистік және демократиялық көзқарасын жетілдіретіндігін байқатады. Мұғалімнің оқыту әдістері басқа да дидактикалық ұстанымдары оқыту формасы мен қағидаларға оқушының білім алуға деген қызығушылығы, оқу тематикасы көлемінің күрделілігі, техникалық оқу құралдарымен жабдықталуы, сынып оқушыларының саны мен олардың дене тәрбиесі, психикалық және интеллектуалды денсаулығының деңгейі, оқу сабақтарының құрылымы, өзара қарым-қатынас ерекшелігі, мұғалімнің әлеуметтік-кәсіби жеке басының даярлығы, сонымен қатар басқа да өлшемдер, көрсеткіштер мен талаптармен қоса жаңаша технология, оқу танымдық іс-әрекетте қызмет ету және оқушының жеке тұлғасының шығармашылықта дамуына байланысты.

Ақпаратты-коммуникациялық технологиялардың негізгі түрінің бірі – мектептерді компьютрлендіру үрдісі, компьютерді оқу үрдісінде пайдалануы халыққа білім беру жүйесі реформасының негізгі буынының бірі. Қазіргі мектебіміз бен қоғамымыздың қажеттілігіне сай оқытудың әдісі мен формасын, білім беру мазмұнынын түбірімен өзгерту компьютердің мүмкіндігін ескермей жүзеге асыру мүмкін емес. Сол компьютер техникасының мемлекеттік деңгейде алғаш моделі 1969 жылы жапон елінде жасалды. «Жапондық таңғажайып керемет» деп аталатын әлеуметтік технологиялық база құрылып, қоғамды ақпараттандырудың алғашқы шарттары орындала бастады.

Әсіресе, бастауыш мектептердегі оқу құрал-жабдықтар кешеніне компьютермен жұмысты енгізу ақпараттандыруда маңызды орын алады.

Ю.А.Ивановтың зерттеулері бастауыш сыныптардағы математиканы оқыту барысында олардың оқу іс-әрекеттерін компьютерді пайдалана отырып, қалыптастыруға болатындығына бағытталған. Ғалым Д.Дьюи «Мектеп пен бала» деп аталатын еңбегінде бала мен мектептің ерекшеліктерін талдай келе оқу барысында пайдаланылатын әдістемелік тәсілдер жобасы берілген. Біздің республикамызда, әсіресе, бастауыш сыныптарда көптеген мектептерде практика жүзінде қолданылуда. Мұнда педагогтың қызметі – баланың өзіне тән қабілетін оның өз бойынан тауып, оны дамытуға көмектесу.

Қазіргі ақпараттық заман тоғысында балалардың көпшілігі ерте бастан-ақ компьютерлік ойын арқылы жұмыс жасауға бейімділік танытады. Бастауыш мектепте компьютерлік техниканы оқу құрал-жабдықтар кешенінің бірі ретінде пайдалану мүмкіндіктерінқарастыру кезінде балалардың жеке қабілетінің шарттары түзіледі.. Кузнецов.А:А А.М.Пышкало бастауыш сыныптардағы математика пәнін оқытуда компьютерлік техниканы оқыту құралы ретінде пайдалануды бастауыштағы оқыту үрдісін ақпараттандырудың көзі ретінде зерттеген. Олар компьютерлік құралды ендіруді тек пәнге ғана байланысты емес, оқу үрдісін ақпараттандырудың басты шарты деген тұжырым жасаған. Бастауыш мектепте білімдендіру мазмұнының жаңа белес алуы оның оқу-тәрбие үрдісінде компьютерлік технологияны ауқымды пайдалану барысында оқушылардың ақыл-ойын, логикасын дамытуға болады.

Жас ұрпаққа саналы білім беріп, сана –сезімін көркейтіп, толып жатқан өзгерістерге, алға дамуға жетелейтін бірден-бір жол ол- мектептегі оқу үрдісін ақпараттандыру. Оның әрқашан да ақпараттық қоғамға сәйкес жүргізілуі шартты міндет болып табылады.

ӘДЕБИЕТТЕР


  1. Ақпараттандыру туралы Қазақстан Республикасының заңы. Егемен Қазақстан, 2003 жыл – 16 мамыр.

  2. Мәмбет С. Орта білім беру жүйесін ақпараттандыру. Білім және ғылым вице министрі Ғ.Мутановтың әңгімесі, Егемен Қазақстан, 2003. – 17 сәуір.

3. Нүсіпжанова Ж.С. Білім беру саласын ақпараттандыру жүйесінің теориялық, педагогикалық негіздері. Қазақ мемлекеттік қыздар педагогика институты Хабаршысы, педагогика сериясы – 2008 , №4, 145-146б.
ТҮЙІНДЕМЕ

Мақалада орта білім беретін мектептердегі білімді ақпараттандыу мәселесі қарастырылады. Дамыған ақпаратты әлемде ұрпақты дамытудың бірден-бір жолы әр сабақта компьютерлік технологияны қолданумен жүзеге асатыны дәлелденеді.

РЕЗЮМЕ.

В статье рассмотрены вопросы информатизации образования в средней общеобразовательной школе. Подготовка подрастающего поколения в реально развивающемся информационном мире и его обучение с применением копмьютерных технологий на различных уроках.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   16




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет