ЖАҢА АҚПАРАТТЫҚ ТЕХНОЛОГИЯНЫ ПАЙДАЛАНУ ЖОЛДАРЫ
Кеңесбаев С.М., п.ғ.д., профессор, Мұхамбетова Ш.Қ., ф.-м.ғ.к., доцент
(Алматы қ., ҚазмемқызПУ)
Елбасы Қазақстанның әлемдегі бәсекеге қабілетті 50 елдің қатарына кіру стратегиясы атты жолдауында «Білім беру реформасы–Қазақстанның бәсекеге нақтылы қабілеттілігін қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін аса маңызды құралдарының бірі» деп атап қөрсетті.
ҚР «Білім туралы» Заңының 8 бабының 7 тармағында: «Оқытудың жаңа технологияларын ендіру, білім беруді ақпараттандыру, халықаралық ғаламдық коммуникациялық желілерге шығу» міндеті қойылған.
Жаңа ақпараттық технологияны бәсекеге қабілетті ұлттық білім беру жүйесін дамытуға және оның мүмкіндіктерін әлемдік білімдік ортаға енудегі сабақтастыққа қолдану негізгі мәнге ие болып отыр. Білім беруді ақпараттандыру, білім салаларының барлық қызметіне ақпараттық–коммуникациялық технологиягы енгізу және ұлттық модельді қалыптастыру қазақстандық білім беруді сапалы деңгейге көтерудің алғы шарты.
Білім беруді ақпараттандыру жағдайында педагог мамандардың біліктілігін арттыру процесі қазіргі заманның негізгі міндеттерінің бірі болып табылады. Сонымен қатар, олардың ақпараттық сауаттылығын, ақпараттық мәдениетін, ақпараттық және кәсіби құзырлылығын қалыптастыру мәселесі де бүгінгі күннің өзекті міндеттерінің бірі.
Педагог мамандар біліктілігін арттыруда ақпараттық әлемде оқу–тәрбие үрдісін ұйымдастырудың негізгі құралдарын, жаңа әдістер мен формаларды кез келген уақытта таба білуіне мүмкіндік туғызуға, өзін–өзі дамытуына және өздігінен білім алуына мүмкіндік алады. Бұл жағдайда дамытудың өзектілігі– жаңа ақпараттық технологияны оқу–тәрбие процесіне жан–жақты, әрі еркін пайдалана білуге үйрету мен дайындаудың сапалығымен анықталады. Ақпараттық жүйелер бойынша мамандарды даярлау тікелей компьютерлік, ақпараттық технологияларға байланысты.
Қоғамның жаһандануы жағдайында қазіргі ақпараттық қоғамның қалыптасуы адамның түрлі салаларды жаңарту қажеттіліктері туындайды. Сондай–ақ, адам біртіндеп ақпараттық қоғамда өзі–өзіне баға беруде және оны өмірмен байланыстырып құрастыруда ерекше қызмет атқара алады. Қазіргі адамның бейнесі өзінің өмірлік іс–әрекетінің траекториясын құра алатындай қабілетке ие болады және ішкі жан дүниесімен өзін–өзі даму бағасын жете түсінетіндей қасиеті болуы шарт.
Қоғамды ақпараттандырудың негізгі бөлігі– білім беруді ақпараттандыру. Олай болса, ол – білім беру қызметкерлерін ақпараттандыру саласы бойынша біліктілігін арттыру болып табылады. Студенттердің ақпараттық мәдениетін қалыптастыруда оқытушылардың біліктілігін арттыру ерекше мәнге ие.
Білім беру жүйесін ақпараттандыру дегеніміз – берілетін білім сапасын көтеруді жүзеге асыруға бағытталған процесс, яғни еліміздің ұлттық білім жүйесінің барлық түрлерінде дәстүрлі технологияларды тиімді жаңа комплекстік ақпараттандыру технологияларына алмастыру, оларды сүйемелдеу және дамыту, нақты жүзеге асыру шаралары.
Білім беру жүйесін ақпараттандыруды ұйымдастыру деп ғылыми – зерттеу, ғылыми – техникалық және материалды – техникалық жобалардан тұратын ғылыми – техникалық бағдарламалар жүйесін айтады.
Білім беру жүйесін ақпараттандыру ісінің негіздерінің бірі болып білім алу саласына ақпараттық технологияларды енгізу жұмыстары саналады, бірақ бұл негіз ақпараттандыруды басқаша түсіну қаупін туғызып, оны көптеген жағдайларда тек техникалық құралдармен жабдықтауға ғана әкеліп соқтыратыны белгілі. Міне осы тұрғыдан білім беру мәселесін алға тарта отырып ақпараттандыру ісінің мақсатын информатика терминдері арқылы емес, білім саласының мақсаттары мен терминдері арқылы өрнектеуіміз қажет.
Ақпараттандыру ісінде білім жүйесінің адамзат тіршілігінің барлық әлеуметтік аймақтармен әрекеттесуі және олардың бір – біріне әсер етуі толық бейнеленеді. Білім беру жүйесін ақпараттандыру ісі жаңа оқыту технологияларын дайындауды талап етеді. Білім беру жүйесін ақпараттандырудың теориясы мен әдісттемесі мынадай зерттеу бағыттарынан тұрады:
-
қазіргі ақпараттық қоғам мен ғаламдық коммуникация жағдайында студент тұлғасын дамыту міндеттеріне сәйкес оқытудың ұйымдық түрлері мен әдістерін, білім беру мазмұнын таңдаудың әдіснамасы мен стратегиясын жетілдіру;
-
студенттің ақыл-ой әлеуетін дамытуды, оқу ақпаратын жинау, өңдеу, сақтау, беру, өндіру ісіндегі әртүрлі дербес әрекет түрлерін жүзеге асыра білуді қалыптастыру бойынша оқу әрекетін қамтамасыз ететін педагогикалық технологияны, оқытудың әдістемелік жүйесін жасау;
-
бірлескен ақпараттық желілер мен ғаламдық коммуникациялар базасында жұмыс істейтін «виртуалдық» білім беру мекемелерін дүниеге әкелу, коммуникацияға қол жететін ашық білім беру жүйелерінің таратылған ақпараттық ресурстарының әлеуетін пайдалану;
-
оқу-тәрбие ісін ақпараттық-әдістемелік қамтамасыз ету үрдісін және оқу орнын (оқу орындары жүйесін) ұйымдық басқаруды автоматтандыру негізінде білім беру жүйесін басқару механизмдерін жетілдіру, ғылыми-педагогикалық ақпараттық мәлметтер базалары мен банктерін, ақпараттық-әдістемелік материалдарды, коммуникациялық желілерді пайдалану;
-
студенттің ақыл-ой қуатының деңгейін белгілеудің, оның білімі мен жетістігін бақылау және бағалаудың компьютерлік тестілеуші, диагностикалаушы әдістемелерін жасап пайдалану.
Білім беруді ақпараттандыру – оқыту процесіне жаңа ақпараттық технология құралдарының енуі – қазіргі қоғамды ақпараттандыру процесінің бағыттарының бірі.
Ақпараттық технологиялар:
-
ақпараттарды ЭЕМ көмегімен қорыту, беру, тарату, есептеу және программалық құралдарды жасау, аудио–визуальдық жабдықтарды, теледидарды, кітапхана қорларын, локальдық және ғаламдық ақпараттық желілерді пайдалану, қолдану;
-
оқытудың жаңа электрондық құралдарын пайдалану арқылы оқу–тәрбие процесінің әдіснамасы мен технологиясы;
-
есептеу техникалары, басқа коммуникациялық және техникалық құралдардың технологиялық қолданылуы.
Бүгінгі күні ақпараттық технология кең көлемде оқыту мен педагогикалық ұйымдастыру қызметінде барлық республикалық жоғары оқу орындарында қолданылады.
Қазіргі білім беру жүйесі ақпараттық технологиялар мен компьютерлік коммуникацияларды белсенді қолдануда. Ғылым мен техниканың соңғы жетістіктеріне сүйене отырып, оқыту процесіне түрлі ақпараттық технологияны ендіру қажеттілігі артуда. Ақпараттық технологияның түрлеріне интернет желісін, телекоммуникацияның түрлерін (E-mail, Web-форумдар, электронды конференциялар, чат- конференциялар және т.б.) пайдалану жатады. Оқыту үрдісін ақпараттық технологиямен қамтамасыз ету жағдайларының өзгеруі оқулықтардың дамуының жаңа кезеңіне электронды оқулықтардың пайда болуына алып келді. Электрондық оқулықтың ерекшелігі – моделділікке сәйкестігі, жоғары мобильділігі мен оқуға, үйренуге икемділігі. Қазіргі уақытта электронды оқулық – университетте оқытушы мен студенттің бірлескен іс-әрекетін ізгілендіру құралы деп танылуда. Электрондық оқулықты пайдаланудың маңызын атап көрсетсек:
-
теориялық материалдарды өз бетімен оқып-үйренуге, зерттеуге мүмкіндік беруі;
-
сабақты иллюстрациялық материалдар ретінде жабдықтауда көмектесуі;
-
сабақта және сабақтан тыс уақытта өз бетімен әртүрлі деңгейлі, шығармашылық тапсырмалар орындауға мүмкіндік беруі;
-
емтиханға дайындық кезеңдерінде пайдалануға болатыны.
Электрондық оқулықтан басқа, әсіресе қашықтан оқыту жүйесі жедел қарқынмен дамуда, бұған бірнеше факторлар, ең бастысы – білім беру мекемелерінің қуатты компьютер техникасымен қамтылуы және Интернеттің дамуы мысал бола алады.
Қазіргі кезде жоғары оқу орындарында ақпараттандыру жұмысын жеделдету ақпараттық технологиялармен толық қамтамасыздандыруға және ақпараттандыру бойынша оқу-әдістемелік жүйені жетілдіруге тікелей байланысты. Білім беру жүйесін ақпараттандыру үдерісін дамыту отандық оқытуға бағытталған бағдарламалар дайындамайынша мүмкін емес. Олардың ауқымы кең. Бұлар – бақылау және тестілеу бағдарламалары, ақпараттық анықтама жүйелері, оқыту орталары, электрондық оқулықтар және мультимедиялық бағдарламалар. Компьютерлік сауаттылықты қалыптастырудан жеке адамның ақпараттық мәдениетін қалыптастыруға көшу қажет. Сонда ғана білім мекемелері ақпараттық қоғамда өмір сүре алатын жан-жақты дамыған қоғам мүшесін дайындап шығара алады.
ӘДЕБИЕТТЕР
-
Қараев Ж.А. Оқытуда компьютерлік технологияны пайдалану. ИФМ, 1994.
-
Сарыпбеков Ж.С. Білім беру жүйесіндегі ақпараттандыру инфраструктурасы. // Қазақстан жоғары мектебі. -1995. -№1. -Б. 37-41.
-
Сариева К. Жаңа технологияны қолдану жолдары. // Әдістеме. -2001. №7.
-
Айтмухамбетов А., Боранбаев С. Информационные технологии в управлении учебным процессом. //Высшая школа Казахстана. -2000. -№3. – С. 28-30.
ТҮЙІНДЕМЕ
Мақалада білім беру жүйесін ақпараттандыру ісінің негіздері қарастырылған.
РЕЗЮМЕ
В статье рассматриваются основы информатизации системы образования.
ТЕОРЕТИЧЕСКИЕ ОСНОВЫ НОВОЙ МОДЕЛИ ШКОЛЬНОГО ОБУЧЕНИЯ,
ОРИЕНТИРОВАННОГО НА РЕЗУЛЬТАТ
Кобдикова Ж.У., д.п.н., и.о. профессор (г.Алматы, РИПКСО)
В результате реализации принятых в Республике Казахстан «Концепции развития системы образования РК до 2015 года» и «Государственной программы развития системы образования в Республике Казахстан на 2005-2010 годы» ожидается создание: 1) условий для получения качественного, конкурентоспособного образования, ориентированного на результат; 2) системы мониторинга и прогнозирования развития системы образования; 3)национальной системы оценки качества образования.
Реализация Государственной программы развития образования в Республике Казахстан на 2005-2010 годы требует коренной перестройки всей системы образования, в том числе школьной. Согласно данной программе на уровне среднего общего образования планируется переход на новую конструктивную 12-летнюю модель школы, ориентированной на результат, главной целью которой является подготовка конкурентоспособной личности, способной обучаться в течение всей жизни и готовой к активному участию в социальной, экономической и политической жизни Республики Казахстан.
В этих условиях реализация трехмерной методической системы обучения в учебном процессе может решить следующие актуальные проблемы системы образования, в том числе школьного: -отсутствие в школьном образовании диагностичного целеполагания, гарантирующего достижения каждым учеником по каждой теме каждого предмета определенного уровня усвоения в соответствии с его способностями и возможностями и объективной оценки полученного результата;
-информационная перегруженность содержания школьного образования, ведущая к снижению мотивации обучения, перегрузке и ухудшению здоровья учащихся;
-замену устаревшего подхода к системе оценивания учебных достижений учащихся, который носит пугающий, угнетающий характер и не обеспечивает объективность в оценивании учебных достижений и приводит к стрессовым ситуациям на систему оценивания на основе новой квалиметрии;
-недостаточное развитие у старших подростков личностных, гражданских и нравственных качеств, отсутствие зрелых мотивов профессионального самоопределения, низкий уровень осознания собственных интересов и жизненных перспектив.
Интеграция в мировое образовательное пространство требует модернизации системы среднего общего образования Республики Казахстан, что обуславливает необходимость пересмотра целей, структуры и содержания школьного образования, то есть модернизации педагогической системы школьного образования на основе технологического подхода. Идею технологизации обучения поднимал в свое время еще в ХVII веке Ян Коменский, призывая к тому, чтобы обучение стало «механическим» и нашли бы такой способ обучения, который обязательно приводил бы каждого ученика по каждой изучаемой теме учебного материала к положительным результатам. В своей книге «Великая дидактика» он писал: «Для дидактической машины необходимо отыскать: а) твердо установленные цели; б) средства, точно приспособленные для достижения этих целей; в) твердые правила, как пользоваться этими средствами, чтобы было невозможно не достигнуть цели».
Эти идеи основоположника дидактики были реализованы только начиная с 60-х годов ХХ века, в основном американскими учеными, такими как: Дж.Кэрролл, Б.Блум, Д.Брунер, Дж. Дьюи и др. В бывшем Советском Союзе вопросы технологизации процесса обучения рассматривались в работах П.Я.Гальперина, Н.Ф.Талызиной, В.П.Беспалько, М.В.Кларина, В.М.Монахова и др.
В Республике Казахстан разработаны и активно применяются в учебном процессе многих школ отечественные педагогические технологии ряда авторов: Т.Т.Галиева, М.М.Жанпеисовой, Н.А.Оразакыновой и других, в том числе педагогическая технология Ж.А. Караева и Ж.У. Кобдиковой «Трехмерная методическая система обучения» (ТМСО).
Внедрение ТМСО в практику предполагает методическое сопровождение учебного процесса трехмерной методической системой обучения. Основным компонентом трехмерной методической системы обучения является многоуровневое содержание учебного материала, представленное, главным образом последовательностью трехуровневых заданий для самостоятельной поисковой деятельности учащихся по каждой изучаемой теме. Конструирование системы трехуровневых заданий по требованиям ТМСО осуществляется в соответствии с таксономией шести микроцелей Б.Блума, распределенных по трем уровням усвоения по В.П. Беспалько.
При проектировании учебного процесса на основе требований ТМСО, должны быть реализованы две ее основные части: синектическая (на основе исследовательского подхода) и часть, ориентированная на результат (на основе технологического подхода):
-
синектическая часть требует применения в процессе обучения активных методов обучения и педагогических техник (см. в /1/);
-
часть, ориентированная на результат обеспечивает обратную связь со всеми учениками по всем учебным темам каждого учебного предмета, предполагает выполнения трехуровневых заданий-измерителей по всем параграфам для определения уровня учебных достижений каждого ученика и его объективного оценивания. При этом деятельность ученика поощряется стимулирующим подходом оценивания через присваивание соответствующего количества баллов за каждое уровневое задание.
Объективность оценки учебных достижений учащихся за определенный период учебы (по итогам изучения отдельных глав) обеспечивается проведением тематических контрольных работ с четырехуровневыми заданиями-измерителями качества усвоения содержания соответствующей главы. В проекте учебного процесса присутствует коррекционная деятельность как учителя, так и ученика, обеспечивающая своевременное выявление и устранение пробелов в знаниях и умениях учащихся по каждой изучаемой теме.
Научно обосновано, что проектирование трехмерной методической системы обучения способствует повышению качества школьного образования, так как:
-
ученики приобретают навыки самостоятельной поисковой деятельности;
-
реализуется диагностичное целеполагание, то есть появляется возможность измерить (в баллах) учебные достижения каждого ученика по каждой теме каждого учебного предмета, что является основанием для ведения непрерывного мониторинга его развития;
-
используется стимулирующая познавательную деятельность ученика 12-бальная система оценивания, в которой реализуется новый подход к оцениванию с помощью «метода сложения» и «метода поощрения» которая стимулирует и развивает интерес к учению;
-
формируется активность, расширяется субъектный опыт учеников;
-
гарантируется бездвоечная успеваемость учащихся по всем предметам, т.е. обеспечивается 100%-ное достижение учебной цели на первом обязательном ученическом уровне усвоения по всем темам учебного предмета всеми учениками. Это, в свою очередь, обеспечивает достижения всеми учениками порогового уровня при сдаче ЕНТ;
-
реализуется рост количества учеников, показывающих высокие показатели качества знаний, соответствующие более высоким уровням усвоения по отдельным предметам, тем самым снимается перегрузка учащихся, позволяющая реализовать их раннюю профориентацию (например, начиная с 5-6 классов он сможет более углубленно изучать те или иные учебные предметы, к которым еще в начальной школе успел сформироваться или появиться интерес уже в начале основной школы);
-
выявляются одаренные дети, создаются благоприятные условия для их дальнейшего развития (если ученик сможет постоянно выполнять все задания с 1-го по 4-уровни усвоения по всем учебным предметам самостоятельно, то только он может стать в будущем действительным обладателем «Алтын белгі»);
-
ПТТМСО является здоровье и психосберегающей технологией, основой для эффективной реализации информационно-коммуникационных технологий и эффективным дидактическим инструментом реализации модели обучения, ориентированной на результат, и модели, где обучение представляется как освоение нового опыта.
-
так как все перечисленные проблемы существуют и в малокомплектных школах (МКШ) с совмещенными классами, то внедрение ПТТМСО, предполагающей наличие УМК, который способствут самостоятельному добыванию знаний, обеспечению обратной связи со всеми учениками, ведению непрерывного мониторинга развития каждого ребенка в течение всего школьного периода его жизни, то очевидна роль данной технологии в повышении качества усвоения каждой темы, что синтезируется в качество обучения по итогам учебного года, затем – в качество образования на выходе со школы.
Таким образом, в ходе наших исследований теоретически обосновано и практически доказано, что внедрение в школьное образование педагогической технологии «Трехмерная методическая система обучения», предусматривающей внутреннюю дифференциацию (через дифференциацию содержания по уровням усвоения, а не через деление учащихся на группы по способностям), предполагает формирование саморазвивающейся, и умеющей самостоятельно принимать правильное решение личности, т.е. субъекта деятельности, производящего самого себя и способного обучаться в течение всей жизни. Также научно обосновано, что на основе проектирования в учебный процесс организаций школьного образования трехмерной методической системы обучения, можно создать универсальное (с едиными дидактическими условиями усвоения учебного материала, носящего разноуровневый характер от репродуктивного до творческого уровня) образовательное пространство для всех учащихся не зависимо от их социального статуса, местонахождения, где каждый ученик получает возможность проявить себя именно в том направлении, в котором заложены его индивидуальные способности. Ученик сможет измерить и объективно оценить уровень своих учебных достижений в соответствии со склонностями и потребностями по новому квалиметрическому подходу (по 12-бальной системе оценивания методом «сложения», методом «поощрения», стимулирующему познавательную деятельность ученика, позволяющему самостоятельно вести непрерывный мониторинг своего развития). Как показали результаты наших исследований, все действующие системы оценивания до настоящего времени реализуются по традиционному подходу (методом «вычитания», «методом наказания»:
-
5-бальная традиционная система оценивания, отбиващая интерес ученика к занятиям, вызывающего синдром «боязни неуспеха», пугающего получить низкие отметки, так как присваивание баллов ведется сверху вниз: если не «5», то «4» или «3». Отметка снижается вплоть до двойки);
-
12-бальная система оценивания, предлагаемая в 12-летей школе или 120 баллов при сдаче ЕНТ.
Исходя из вышеизложенного, можно считать, что теоретические положения системы мониторинга развития школьного образования и 12-бальная рейтинговая система оценивания «методом сложения», разработанные в ПТТМСО, могут быть использованы в качестве основы для разработки системы мониторинга, прогнозирования развития системы образования и национальной системы оценки качества образования (НСКО) в Республике Казахстан, определенных в основных нормативно-правовых документах реализации реформирования непрерывной системы образования в РК, в том числе в Госпрограмме развития системы образования в РК до 2010 года как ожидаемые результаты ее реализации.
Следовательно, внедрение ПТТМСО в процесс обучения является весьма актуальным и значимым, а полученные результаты научных исследований в виде концептуальных подходов к модернизации педагогической системы обучения в школьном образовании на основе технологического подхода могут служить основой для разработки новой модели казахстанской школы, ориентированной на результат, также могут служить научно-теоретической и практической предпосылкой для дальнейшего исследования проблем в этом направлении в других ступенях системы образования Республики Казахстан.
Внедрение педагогической технологии трехмерной методической системы обучения в практику школ требует выполнения организационно-дидактических условий, предполагающих разработку нормативно-правовых, инструктивных документаций и учебно-методических средств для организации и проведения курсов повышения квалификации по изучению данной технологии и проблем ее внедрения в практику.
ТҮЙІНДЕМЕ
Мақалада теория мен практика модернизациясының методикалық жүйесі негізгі оқытудағы технологияға негізделе қарастырылған.
РЕЗЮМЕ
В статье рассматривается теория и практика модернизации методической системы обучения на основе технологического подхода.
ТҰЛҒАНЫ ӘЛЕУМЕТТЕНДІРУДЕ АЙМАҚТЫҚ МАТЕРИАЛДАРДЫҢ МАҢЫЗЫ
Құттыжолова C. – ғылыми ізденуші (Алматы қ., ҚазмемқызПУ)
Ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтар, жеке адамның рухани және күш-қуат мүмкіндіктерін дамыту, адамгершілік пен салауатты өмір салтын берік негіздерін қалыптастыру, даралықты дамыту үшін жағдай жасау арқылы ой-өрісін байыту; белсенді азаматтық ұстанымы бар жеке адамды тәрбиелеу мектептің оқу-тәрбие үдерісінде алдына мақсат қоя отырып жүргізілген іс-шаралар негізгі орын алады.
Философтардың зерттеуі бойынша тұлғаның қалыптасуының қандай факторлар ықпал етеді және тұлғаның қарапайым адамдардан қандай айырмашылғы бар?- деген сұрақ қоя отырып, соған жауап іздейді. Олар тұлғаның қалыптасуында негізгі рөл әлеуметтік жағдайларға – тәрбиеге, білімге, қоршаған әлеуметтік ортаға, ата-анаға тиеселі екенін атап көрсетеді. Қоршаған әлеуметтік орта - бұл адамның мекен ету әлемі, бұл тұлғаның қалыптасуына тікелей әсер ететін дүниетанымдық, кәсіби, адамгершілік құндылықтар/1,248 б./.
Тұлға мазмұнының және бағалануының маңызды компоненті ретінде оның санасының дүниетаным, адамгершілік және жауапкершілік деңгейімен сипатталатын тұлғалық бағдарлары көрінеді. Әрине, тұлғаның қалыптасуы мен қылығына әлеуметтік ортаның айрықша ықпал етері сөзсіз. Бірақ тұлға бағдары мен қылығы да сол деңгейде негізінен адамның ішкі, рухани әлеміне бағынышты. Адамның бойындағы интеллектуалдық- адамгершілік және еріктік қасиеттері неғұрлым айшықты көрінген сайын, оның өмірлік бағдарлары жалпыадамзаттық құндылықтармен сәйкес келеді, тұлғаның өзі де маңызы артып, бұл құндылықтардың орнығуы мен дамуы оң ықпалымен әсер етеді. Бұл тұрғыдан ол өз рухы, еркіндігі, шығармашылығы мен қайрымдылығы жақтарымен сипатталады/2/.
Тұлғаның ерік-жігері мен рухының күштілігі, оның адамгершілік қайрымдылығы мен тазалығы тек нақты практикалық әрекетте және белгілі бір әлеуметтік жағдайларда ғана бекіп, іске асады” /3,250 б./.
Бұл жерде біз, Ресей психологы А.Н.Леонтьевтің “Тұлға болып туылмайды, тұлға болып қалыптасады” деген тұжырымының тағы бір нақты дәлелін көреміз/4/.
Белгілі философтар Аристотель, Фромм Э., Швейцер А., Мандевиль Б. адамгершілік ұғымын мораль тұрғысынан қарастыра отырып, адамгершіліктің негізгі бастаулары қайырымдылық, жақсылық, өмірді қастарлеу, әділеттілік, ізгілік, т.б. атап көрсетеді. Философтар адамгершілік құндылықтарды екі тұрғыда: гуманистік этика және әлеуметтік этика деп бөліп қарастырады. Гуманистік этика- адамның әлеммен тұтастығы білдіретін; адам әрекеті мен адам индивидуалдығының әр алуандығы жағдайында мәдени формалардың іріктеуді білдіретін; әлеуметтік этика - социум мүддесіне бағынады, адам қоғамның немесе социумның ықпал ету объектісі/3, 248/.
Ғылыми философияның түсінуінде дүниедегі ең бағалы, асыл байлық – адам. Ол барлық әлеуметтік қозғалыстар мен қимыл - әрекеттердің негізгі, өлшемі және мақсаты. Жер шарындағы небір ғаламат табыстардың қайнар көзі, ақыл – ой туындыларының құдіретті иесі /3, 256б./.
Мәдениет субъектісі бола отырып, адам әрдайым өз белсенділігін көрсетіп отырады. Ол белсенділік ақылға сыйымды болса, мәдениет табиғаттың көркейіп, бүгінгі бір күндік мақсаттан туатын болса, табиғатқа нұқсан келтіреді, экологиялық апаттар туғызады. Себебі, тарихи процесте табиғат пен мәдениет ажырамас бірлікте болып табылады.
Табиғат пен мәдениеттің арақатынасы – адамның табиғатқа қатысты, табиғатпен байланысты, табиғи ортаны игеру әдісі. Материалдық игіліктерді өндірсе де, рухани қызметпен айналысса да, адам сол табиғаттан нәр алады, басқаша айтқанда, оның тарихы, дамуы табиғатқа байланысты. Анықтап айтқанда, табиғат материалдық өндірістің мазмұны анықтауда ерекше рөл атқарады.
Өндіріс әдісі көп жағдайда сол табиғи ортаға байланысты. Мысалы, кең дала, көпшілікке ыңғайлы жағдай қазақ халқының ғасырлар бойы мәдениетінің сол көшпенділікке бейімделе қалыптасуына себепші болады. Адамның табиғатқа қатысты оның қоғамдық тіршілік әдісіне негізделеді. Осыдан келіп адамның мәдени деңгейін анықтау туады. Табиғаттағы бары молайта түсіп, азды аялай білу адам мәдениетінің даму деңгейін көрсетеді /3,359б./.
Әлеуметтік ғылымы тұрғысынан “адамгершілік, этикалық нормаларды абсолюттік талаптар ретінде орындауына орай адам бойындағы әлеуметтік қасиеттің жоғары көрінісі және мәдениеттілік бастаулары” - деп атап көрсетеді /5,173б./.
Әлеуметтану ғылымында адам тұлғасын зерттеуде тұлғалық қасиетті анықтаудың бірнеше деңгейлерін қолдану қабылданған: табиғи, бұл басқа адамдардың ықпалынан тәуелсіз адамның өзінде болатын және дамитын жағдайлар; биологиялық, бұл жалпы шыққан тегі; тұқым қуалаушылық, бұл ата-ана қанының негізінде болатын және дамитын факторлар ( биологиялықтың бәрі бірдей тұқым қуаламайды); әлеуметтік, адамға әлеуметтендіру барысында, басқа адамдармен қарым-қатынаста және өзара іс-әрекет арқылы сіңісті болып, қабылдаған белгілер” /6,241б./.
Аймақтану материалдары оқушылардың ғылыми дүниетанымдық көзқарасын қалыптастыруға үлкен ықпал етеді. Б.Лихачев ұсынған ғылыми -педагогикалық тұжырымдамада тұлғаның қатынастар жүйесінде тұлғаның тұтас қалыптасуы, іс-әрекет, қарым-қатынас, дүниетаным, сезім мен еріктің бірлігі идеясынан туындайды. Дүниетанымдық сана – баланың сезімі мен жігері, еркіне байланысты болатыны, сезім –сананың қуаттануына мүмкіндік жасай отырып, ерікті қалыптастыруға жағдай тудыратынына тоқталады.
Тұлғаның қалыптасуын әлеуметтік ғылым тұрғысынан қарастыратын болсақ “адам-қоғам-табиғат” өзара бірлікте қарастыра отырып, тұлғаны қалыптастыруда өндірістік қатынастар мен қоғамдық ортаны негізгі деп қабылдайды. “Тұлғаның барлық көріністерінің жиынтығы мен бірлігі, олардың өзара бір-бірімен байланысы оның әлеуметтік құрылымын құрайды. Тұлғаның әлеуметтік құрылымының негізін қоғамдық, әлеуметтік қатынастар қалыптастырады.
“Тұлғаның объект ретінде әлеуметтендірілуі дегеніміз, мәдениеттің және әлеуметтік ережелер мен құндылықтардың элементтерін оның игеруі арқылы, әрі осырлардың негізінде тұлғаның әлеуметтік мәнді белгілері қалыптасып, қоғаммен, әлеуметтік қауымдастықтардың әр түрлерімен бірігетін процесі” /6, 247 б./.
Тұлғаның қалыптасуы – оның шындық болмыспен әрекеттесу, өз құрылымында денелік және әлеуметтік – психологиялық қасиеттердің пайда болуы барысында тұлғаның өзгеріске ұшырауы. Педагогикалық ұғым ретінде тәрбиенің екі белгісі бар. Біріншісі – мақсатты бағытталғандығы, әлеуметтік – мәдени бағдардың, тіпті өте жалпы, бір қандай да болсын үлгінің болуы; екіншісі – бұл үрдістің барысының адамзаттық тарихы дамуы жетістіктеріне, әлеуметтік – мәдени құндылқтарына сәйкес болуы.
Тұлғаны қалыптастыратын тағы бір педагогикалық құбылыс “өзін-өзі тәрбиелеу” деген атқа ие болады. Оның мәні – тәрбие субъектісінің орнының ауысуында, енді тәрбиеленушінің өзі мәдени үлгіні мінез – құлықпен сәйкестендіреді. Өсіп келе жатқан бала тәрбие жалауын педагогтан алады және оны әрі қарай өзін - өзі жетілдіру жолында алып жүреді. “Өзін - өзі” тәрбиелеу кешегі тәрбиеленушінің субъектілігін көрсетеді, ол бүгін өзін тәрбиелеуші ересектерден босатты және ол өзінің “Менін” өзінің қабылдауы мен ойластырылған әрекетінің обьектісіне айналдырады.
Бала тәрбиелеуде педагогтар жиі қолданатын “өзін-өзі тану”, “өзін-өзі бағалау”, “өзін-өзі жетілдіру”, “өзіне-өзі сену”, “өзін-өзі дамыту”, “аутотренинг” терминдерін білуі керек /7, 253 б/.
Б.Лихачевтың зерттеуінде де тәрбие әлеуметтік құбылыстарға жатады және қоғамның өмірі мен дамуы факторының рөлін атқарады. Әлеуметтік көзқарас бойынша, тәрбие арнайы жасалған мемлекеттік және қоғамдық құрылымдар арқылы жүзеге асатын және қоғам қадағалап, түзетіп отыратын мақсатты түрде бағытталған жастарды осы және болашақтағы қоғам өміріне дайындау. Тәрбие – жалпы адамзат мәдениетінің элементі және мәдениеттану ғылыми тұрғысынан зерттеуге келеді. Олай болса, бұл үрдісте біздің алдымызда көп жылдар бойы жалғасқан, балаға қазіргі заманғы мәдениетке кіруіне мақсаты бағытталған көмек болып есептеледі.
Тәрбие – бұл баланың барынша тұлға ретінде дамуына, баланың қазіргі заман мәдениетіне енуіне, өз өмірінің суьекті және іске асырушы Адам аталуға тұратындай болып қалыптасу үшін маман – педагогтың мақсатты бағытталған әрекет /8, 255 б/.
Расында да, тұлға – бұл әлеуметтік байланыстардағы және әлеуметтік қатынасқа түсетін адам, қоғам мүшесі, оған қоршаған орта әсер етеді, ол саналы түрде адамдармен және әлеуметтік құбылыстармен қарым – қатынас орнатады. Қабылдау қабілеті әр адамда әр түрлі, бірақ жеке тұлға әлеуметтік ортада өзін дара ұстайды және өз қарым – қатынастары үшін есеп бере алады.
Әрекет – бұл да жеке тұлғаның даму факторы болып табылады. Шынында оның рөлі қоршаған орта факторының рөлінен ерекше.
Әрекет – субъектінің объектіге қатысты белсенді формасы: танымы жетіледі, ашылады; шындық үйреніледі, оқылады; еңбек жасалады, сақталады, материалдық құндылықтар игеріледі; көркемдік әрекетте, көркем бейне қабылданады, құралады, беріледі; денешынықтыру әрекетінде - әлеуметтік құндылық идеялар айтылады, насихатталады, тартылады. Егер шындық болмыстың обьектісі басқа субьекті болса, бұл әрекетті қарым – қатынас, ал оның көрініс формасы – мінез – құлқы болады. Егер де обьектінің орнын субьект атқарса, бұл қызмет араласу болып аталады, оның құрылу жолын тәртіп деп атаймыз.
Қарым – қатынас әрекеттің ерекше түрі, ол оның барлық түрлерімен бірге жүреді. Ол тікелей немесе жанама түрде жүзеге асуы мүмкін (кітапты оқи отырып, оның авторымен сырласамыз, музыканы тыңдай отырып, композиторға құлақ қоясыз). Сондықтан да егер мұғалім балалармен дұрыс қарым – қатынас орната алмаса, заттық қызметтің жемісті болуы екі талай. Қарым – қатынастың үлкен рөлінде мұғалім және тәрбиелеуші суьбектінің рөлін атқарып, бала тәрбиелеу субъекті рөлін атқарады деген жалған түсінік жасайды. Баланың субъектілігін оның әрекетімен шектеледі, ол тәрбиелеу үрдісінің субьектісі емес. Ол тәрбиелеу субъектісі бола алмайды.
Тәрбие субьектісі – ол әр қашан маман – педагог немесе үлкен адам, мәдениет аясына кіру үшін балаға саналы және мақсатты түрде бағытталған іс әрекеттер жасайды. Баланың қоршаған өмірімен белсенді өзара әрекеті барысында бала мәдениет денгейінде әлемді меңгереді (мысалы, жоймайды, көбейтеді). Егер орта әлем бейнесін көрсетсе, әрекет даму факторы ретінде осы бейнеге терең бойлап, құбылыстар мәнін түсініп, оны адам өмірі тұрғысынан бағалай алады. Баланы тек тәрбиелеп қана қоймай, педагог оның психологиялық жақтарына да көп көңіл бөлуі керек.
Әрекет ету барысында жеке тұлға ортамен белсенді қарым – қатынаста болып және оған мәдени денгейде әсер етуді үйрене бастайды. Тәрбие баланы қазіргі заманғы мәдениет пен байланысқа тартатын ұйымдасқан әрекеті, осы арқылы баланың өмірі мәдени мазмұндарға толады.
Тәрбие өмірдің ең жоғары құндылықтарына бағытталған өмірлік жағдаятарда еркін саналы таңдау қабілетін дамытуға және олардың өмірдің құнды мазмұнын сезінуге мақсатты бағытталған үрдіс.
Тәрбиенің жүйесі кәсіби педагогтың санасында орын алған. Тәрбиелеу жүйесі – педагогтың кәсіби ойлауының сипаттамасы. Жүйенің көптігі туралы айта отырып, оның жеке элементтердің нақты жағдаяттарда нақты рәсімделуін білдіреді. Әңгіме құбылыстың мәні туралы емес, формасы туралы болып отыр.
Ресей ғалымы Зимняя И.А. тұлғалық, іс-әрекеттік келіс өзінің тұлғалық компонентінде білім беру үрдісінде оның мотивтері, мақсат, міндеттері, психологиялық қалыптасуына байланысты негізделеді деп тұжырымдайды/141/.
Қоғамның жаһандану үрдісіне ақпараттық технологияларды пайдалану жылдан-жылға артып отырғаны техникалық үдерістерден, мәдени және білім беру жүйесінен айқын байқауға болады.
Сонымен қатар, аймақтану материалдары арқылы тұлғаны әлеуметтендіруде ақпараттық технология негізгі орын алады. Аймақтану материалдары арқылы оқушыларға рухани-адамгершілік тәрбие беруде ақпараттық технология және медиабілімді пайдалану оқушылардың танымдық қызығушылығын арттыра түседі. Ақпараттық технологияның және медиабілімнің алдында тұрған негізгі міндет - жас ұрпақты жаңа ақпараттық даму үрдісін меңгеру, техникалық құралдарды пайдалана білу, әртүрлі информацияны қабылдай білу, оны түсіну. Медиабілім беру жүйесіне – баспасөз, телехабарлар, радио, кино, видео, деректі фильмдер, слайдфильмдер, баспасөз басылымдары, т.б.
Ақпараттық технология және медиабілім өзара бірлікте оқушының ақпараттық мәдениетін қалыптастыруға ықпал етеді. Ақпараттық мәдениет – оқушының әртүрлі ақпараттарды еркін қабылдауы мен танып білуі, ақпараттық дүниетанымын қалыптастыруға бағытталады.
Мектепте аймақтану материалдары арқылы оқушылардың рухани-адамгершілік құндылықтарын қалыптастыруда тәрбие технологиясы теориялық және практикалық негізінде тәрбие жүйесі арқылы іске асырылды. Осы тұрғыдан алып қарайтын болсақ, рухани-адамгершілік тәрбие беру барысында стратегиялық және тактикалық жағдайларды іске асыруда біз төмендегі мәселелерді шешу арқылы жаңа әлеуметтік даму жағдайында алдымызға қойған негізгі талаптарымызды орындай аламыз:
-
рухани-адамгершілік тәрбие беру үрдісінде ұлттық және әлемдік дәрежедегі құндылықтарды өзара байланыстыра отырып, тұлғаның бойындағы рухани-адамгершілік құндылықтарды қалыптастыру;
-
жүйелі-ұйымдастыру тұрғысынан мектеп, ата-ана және әлеуметтік ортаны өзара сабақтастыра отырып, мақсатты түрде оқушыларға рухани-адамгершілік тәрбие беруді ұйымдастыру;
-
оқушылардың жас және дара ерекшеліктерін ескере отырып, рухани-адамгершілік тәрбие берудің формалары мен әдістерін нақты пайдалана білу;
-
аймақтық ерекшеліктерді ескеру, туған елге, жерге, ауылға, қалаға, т.б. сүйіспеншілігі арқылы, рухани-адамгершілік құндылықтарды қалыптастыру;
-
Қазақстан Республикасының ұстап отырған бағытына сәйкес, оқушылардың рухани-адамгершілік көзқарастарын қалыптастыру;
-
кешенді тұрғыда ықпал ету арқылы біз, ұрпақтан-ұрпаққа жалғасқан рухани-адамгершілік, әлеуметтік құндылықтарды, тәжірибелерді жүйелі түрде пайдалану.
ӘДЕБИЕТТЕР
-
Философия. -Алматы. 1999.
-
Платонов К.К.Структура и развитие личности. М., 1986. -173. С
-
Лихачев Б.Т. Педагогика. Курс лекций. – М: Прометей, Юрайт, 1998. – 464 с.
-
Философиялық сөздік. - Алматы: Қазақ энциклопедиясы, 1996. - 325 б.
-
Философия. /Құрастырушы Ғабитов Т.- Алматы. 1991. –320 б.
-
Леонтьев А. Н. Іс-әрекет. Сана. Тұлға. /Психология. Адамзат ақыл ойының қазынасы. 10 томдық. –Алматы: “Таймас” баспа үйі. 2006. 2- том.
-
Әбсаттаров Р., Дәкенов М. Әлеуметтану.-Алматы: Ғылым. 2003, 376 б.
-
Зимняя А. Педагогикалық психология. Алматы. Білім. 2006.
ТҮЙІНДЕМЕ
Мақалада тұлғаны әлеуметтендіруде аймақтық материалдардың маңызы қамтылады.
РЕЗЮМЕ
В статье рассматривается роль краеведических материалов в социализации личности.
Достарыңызбен бөлісу: |