4 Пәндер бойынша бейіндік білім беру мазмұны
Орта мектептің жоғарғы сыныптарында бейіндік оқытуды енгізу -мектеп білімін жаңашаландырудың маңызды бір бағыты ретінде танылады. Қоғамда қалыптасқан пікір бойынша. Жоғарғы сыныптардадағы білім мазмұнын бейіндендіру қазіргі кезде мектепті дамытудың айшықты, көрнекі қадамдарының бірі ғана емес, сонымен қатар оны жаңашалаудағы оң бағаланатын іс-шаралардың бірі ретінде де танылады.
Мектептің жоғарғы сатысында, бір жағынан, оқушылардың функционалдық сауаттылығын және жеке тұлғаның әлеуметтік бейімделуін қамтамасыз ететін жалпы орта білім алуы аяқталады, екінші жағынан, жастардың әлеуметтік және азаматтық еректенуіжүріп жатады. Мектептің жоғары сатысының осы функциялары білім мазмұны бағытының онда әлеуметтік сауатты және жинақы әлеуметтік тұлғаның қалыптасуына мұрындық болады. Ондай тұлға өзінің азаматтық құқықтары мен міндеттерін, өзінің әлеуетін, ресурстарын және таңдалған өмірлік жолының жүзеге асырылуын көз алдына айқын елестете алады [12].
Жоғарғы сыныптарда жаңа мақсаттар мен білімдік нәтижелерге бағдар алу – қоғамның әрбір адамның әлеуметтік мәртебесіне қоятын талаптарына беретін жауабы болып табылады. Осы талаптардың ішіндегі неғұрым маңыздысы –дербес болу, таңдаудың табысты болуы мен өмірлік жоспарлардың жүзеге асырылуында өзіне жауапкершілікті ала білуі, азаматтық орны болуы, еңбек нарығының өзгерістеріне қарай қызметтің жаңа амал-тәсілдерін, жаңа мамандықтардыигеру т.б.
Көрсетілген мақсаттардың тиімділікпен жүзеге асырылуы, осындай нәтижелерге қол жеткізу қазіргі мектеп жағдайында мүмкін емес. Сондықтан да мектептің жоғарғы сатысында оқушылардың бейіндік білім алуы қарастырылған. «Жалпы білім беретін мектептің жоғарғы сыныптарында мамандандырылған дайындық (бейіндік оқыту) жүйесін жасау, білім беруді дараландыру мен білім алушыларды әлеуметтендіру, соның ішінде еңбек нарығының сұранысын ескеру..., бейіндердің икемді жүйесін өтеп шығу және мектептің жоғарғы сатысының бастауыш, орта және жоғары кәсіби білім мекемелерімен қауымдасуы» міндеті қойылған.
Бейіндік оқыту – саралай оқыту мен даралай оқытудың құралы, ілім беру үдерісінің құрылымындағы, мазмұнындағы және ұйымдастыруындағы өзгерістер есебінен оқушылардың қызығушылықтары, икемділіктері мен қабілеттері неғұрлым толыққанды қамтылып, жоғарғы сынып оқушыларының кәсіби қызығушылықтары мен білім алуды жалғастыру ниеттеріне сәйкес білім алуына керекті жағдайлар жасалады.
Бейіндік оқыту - жеке тұлғаны дамытуға бағдарланған оқыту үдерісін жүзеге асыруға бағытталған. Бұл ретте оқушының меншікті, индивидуалды білім алуының жылжу жолы мәнді түрде кеңейеді. Бейіндік оқытуға көшу, өстіп, бірнеше басты мақсатқа жетуді көздейді:
-
толық жалпы білімнің жекелеген пән бағдарламаларын тереңдете оқытуды қамтамасыз ету;
-
оқушыларға жеке оқу бағдарламаларын құруға кең және икемді мүмкіндіктер бере отырып, жоғарғы сынып оқушыларының оқыту мазмұнын біршама саралауға жағдайлар жасау;
-
жеке икемділіктері мен қажеттіліктеріне орайластырып, оқушылардың түрлі категорияларының толыққанды білім алуына тең жағдай орнату, оқушылардың әлеуметтену мүмкіндіктерін кеңейту;
-
жалпы және кәсіби білім берудің арасында сабақтастық орнату, оның ішінде мектеп түлектерін жоғары кәсіби білім бағдарламасын игеруге тиімді дайындау да қамтылады.
Бейінді оқытуды енгізу, көп ретте, мектептің типтік оқу жоспарын (ТОЖ) қалыптастырудың дәстүрлі жолдарына өзгерістер енгізеді. Бұл құжаттың мектеп өмірінде, оқыту мазмұнында, оқу үдерісін ұйымдастыруда маңыздылығы зор, оны құрастыру ұстанымдарын өзгерту арнайы талқылап қарастыруды қажет етеді.Білім мазмұнының теориясы (соның ішінде жалпы білім беру) соңғы кезге дейін бөлшектенген, үзінділерден тұратын, педагогиканың басқа тарауларына кірігіп кеткендей болатын Бұлай толығымен мектептің оқу жоспарын құрудың басқа да мәселелеріне қатысты айтға болады. Егер педагогиканың осы саласын сипаттайтын болсақ, күні кешеге дейін қолданыста болған білім мазмұны тұжырымдамасы қандай болсын білім беру ұйымдарының оқу жоспарларына қандай пәнді кіргізуге болатыны туралы толыққанды жауап бере алмады. Сондықтан олар тәжірибеде тиімділікпен қызмет ете алмады, түсіндіре алатын және болжай алатын қажетті күш қуаты болмады [13].
Қазіргі кезеңде дидактика жалпы білім берудің инвариантты негізін және сол негізді құрайтын оқу пәндерінің тізімін анықтауға мүмкіндік беретін тұжырымдамалық негізге ие.
Мектептің жоғарғы сатысында бейіндік оқытудың осындай типтік оқу жоспарын жүзеге асыру үшін маңызды болып табылатын екі қағиданы атап өту керек.
Біріншіден, ТОЖ жобасының негізіне жалпы орта білім беру стандартының жобалары енгізілген. Бұл мәселе, көп жағдайда, ТОЖ-ның жалпы мазмұнын және базалық және бейіндік деңгейлердегі жекелеген пәндерді оқуға бөлінетін уақытты анықтауға негіз болды.
Екіншіден, ТОЖ-ның қарастырылып отырған жобасы мен мектепте қолданылып жүрген оқу жоспарының сабақтастықтығы сақталынып, мектеп біліміне қойылатын жаңа талаптарды енгізеді. Бұл ретте мектеп білім мазмұнының құрылымы мен мазмұнын эволюциялық жолмен өзгерту ұстанымы басшылыққа алынып, оған педагогикалық тұрғыдан негізделген және тәжірибеде өзін ақтаған инновациялар енгізілді.
Бейіндік оқытуды жүзеге асыру жоғары сатыдағы білім мазмұны инварианттық компонентінің үлесін азайтуды талап етеді. Олай етілмеген жағдайда оқушының иығына түсірілген керек емес жүк болып табылады және оның тиімді болып, қойылған міндеттергеқол жеткізетіні неғайбіл болып қалады.
Өйткені бейіндік оқыту оқушының жүктемесін азайтып, білім мазмұнын оқушылардың қызығушылығына, ұмтылыстары мен қабілеттеріне жауап беретін вариативті қылу үшін енгізіліп отыр. Бірақ оған қол жеткізу үшін жай ғана бар білім мазмұнына бейін бағдарлы оқу материалын қоса салу жеткіліксіз [14].
Сөйтіп, бейіндік оқытудың жүзеге асырылуы тек базалық жалпы орта білім беретін бейіндік емес пәндердің білім мазмұнынжеңілдету және сағат көлемін азайту негізінде ғана мүмкін болады. Бұл жерде басқа шешім жоқ, өйткені олай болмаған жағдайда жоғары сынып оқушыларының апталық жүктемесі 42-44 сағатқа дейін өсіп кетеді.
Айтылғандар бос сөз болып қалмауы үшін және бұл шешім таңылғандай болмауы үшін, оқу жоспарындағы инвариантты, міндетті және вариативтік компоненттердің сәйкестіктерін өзгертудің мүмкін нұсқаларын талдап көрейік.
Неғұрлым батылдау болып келетін алғашқы нұсқа бойынша - жоғары сыныптан базалық пәндерді алып тастап, тек әр бейіннің өзне тән бейіндік және элективтік курстардың белгілі бір жиынтығын қалдыру. Бұл тұрғыдан келетін болсақ, жалпы орта білім беру міндетті болып табылмайды, және осы бағытты жақтаушылардың пікрінше, жоғары сынып оқушыларын тек ЖОО-ға түсуге дайындық үшін ғана керек. Мұндай батылдыққа қарамастан, бұл көзқарасты ата-аналар мен ЖОО оқытушылары тарапынан қолдаушылар көп.
Екінші нұсқа – жоғары сыныптарда инвариантты бөлшекті бұрынғы көлемде сақтап қалу. Бұл көзқарасты жақтаушылар, негізінен, жоғары сыныптарда мамандандыра оқытуды сынаушылар. Олардың айтуынша, 15-16 жаста кәсіби қызметті саналы түрде таңдау мүмкін емес, бұлай етпеген жағдайда мектеп өзінің жалпы білім беру және жалпы дамытушылық болмысынан айрылып қалады [15].
Сөз жоқ, оқушылардың көпшілігі (әлеуметтанушылардың мәлімдеуінше – 30-35%) оныншы сыныптың аяғында өзінің әрі қарайғы өмір жолының, мүмкін деп санайтын кәсіби қызметінің бағытын нық сеніммен таңдауға дайын емес. Бірақ мұндай оқушыларға кәсіби бағдар беретін жұмыстар жүргізілетін бейіндік емес мектептер мен сыныптар сақталынады. Облыстық білім басқармаларының пікірінше, оындай мектептердің саны жақын арада мектептердің жалпы санының 30 % санын құрайтын болады.
Осы нұсқаны бағалай отырып ескеретін екінші мәселе: қазіргі жоғары сынып оқушыларның 40 % (оқыту нәтижелерінің мониторингі көрсетуінше) қолданылып отырған оқу бағдарламаларындағы пәндерді талап етілетін деңгейдегі білім мазмұнын игермейді. Мұның басты себептерінің бірі – пәндердің оқу материалын игеруге деген оқушының мектептен кейінгі өмірлік жоспарларымен байланысты қызығушылықтың болмауы. Жоғарыда айтылған мен байланысты туындаған жағдай: егер қолданылып отырған білім мазмұнына бейіндік курстар үстемелене қосылатын болса, онда білім мазмұны мен көлемі оқушылар үшін жоғары деп саналатын санитарлық-гигиеналық нормалардан асып кетеді.
Мектептің жоғары сыныптарында білім берудің инварианттық бөлшегін құрудың үшінші нұсқасы – жоғары сыныптың оқу жалпы білім беру стандартындағы базалық білім беру талаптарына сай, жоспарында жалпы білім беретін пәндерді минималды көлемде беру.
Бұл – барлық бейіндер үшін инвариант болып табылады. Дәл осы үшінші нұсқа мектептің жоғары сыныптарының оқу жоспарының инварианттық бөлшегін құрау үшін оңтайлы болуы мүмкін. Өйткені осындай тұрғыдан келгенде ғана мектептің жалпы білім берушілік сипатын сақтайды әрі жоғары сыныптарда білім беруді саралау қажеттілігіне де жауап бере алады [16].
Осылай, білім берудің инварианттық бөлшегінің көлемі негізгі мектеппен салыстырғанда жоғары сыныптарда қысқара түседі. Осыған сәйкес, білім мазмұнын саралаушы қызметініғ есебінен, вариативтік компоненттердің көлемі ұлғая түседі.
Мектептің жоғары сыныптарының ТОЖ-ы түрлі оқу курстарының комбинациясын құруға мүмкіндіктер беретінбейіндік оқытудың икемді жүйесін қамтамасыз етуі тиіс. Мұндай жүйе мынадай типтегі курстарды қамтиды: базалық жалпы білім беру курстары, бейіндік жалпы білім беру курстары, элективтік курстар.
Базалық жалпы білім беру курстары - оқушылардың оқытудың барлық бейіндерінде міндетті болып табылатын курстар. Жоғары сынып оқшыларының әрқайсысының минималды жалпы білім алу деңгейін қамтамасыз ететін базалық жалпы білім курстардың құрамы – жалпы білім берудің мақсатын, міндеттерін, функцияларын жарқын көрсете алуы тиіс.
мынадай міндетті жалпы білім беру пәндерінің құрамы ұсынылады: қазақ тілі мен әдебиеті, математика, орыс тілі мен әдебиеті, шеттілі, тарих, дене шынықтыру, сонымен бірге жаратылыстану-математикалық, технологиялық бейінге арналған қоғамтану пәндері кіріктірілген курстары; ал гуманитарлық, филологиялық, әлеуметтік-экономикалық бейіндерге арналған – жаратылыстану пәндері кіріктірілген курстары.
Атап өтетін мәселе, бейіндік оқыту жобасында жоғарыда көрсетілмеген кейбір пәндердің де (информатика, жағрафия, өнер т.б.)базалық минималдық деңгейде оқытылу мүмкіндігі жоққа шығарылмайды. Бұл пәндер барлық бейіндерге міндетті болып саналмайды, дегенмен, олардың әрқайсысы қандай да бір бейінге ондағы мамандандыру ерекшелігіне орай білім мазмұнына кіруі мүмкін. Мысалы, базалық деңгейдегі география курсы әлеуметтік-экономикалық бейін мазмұнында қарастырылған, ал бейіндік деңгейде – жаратылыстану бейініндегі нұсқалардың бірінде берілген.
Бейіндік жалпы білім беруші курстар – оқытудың нақты бейінін анықтайтын жоғары деңгейдегі курстар (нақтырақ айтсақ, мектептің жоғары басқышы үшін тереңдетілген курстар) [17].
Физика, химия, биология пәндерінің – жаратылыстану бейіні үшін; тіл мен әдебиет – филология бейіні үшін; құқық, экономика – әлеуметтік-экономикалық бейін үшін бейіндік курстар болып табылатыны белгілі.
Базалық және бейіндік жалпы білім беру курстарының құрамы ТОЖ компоненттерінің құрамын анықтайды. Мектептің жоғары басқышының ТОЖ-ғы басқа компоненттер (мектеп және оқушы) онда тек оқылатын саны ғана көрсетіліп, «шектеліп» берілген.
Элективтік курстар – мектептің жоғары басқышында бейіндік оқыту мазмұнына кіретін оқушылар таңдаған міндетті курс болып табылады. Ол пәндер бейіндік курстың «қондырмасы» бола алады. Ол кезде қосылған бейіндік курс толыққанды түрде тереңдетілген болып есептеледі-дағы, ал осы пән оқылатын мектеп (сынып) жекелеген пәндерді тереңдете оқытатын дәстүрлі мектепке айналады.
Екінші жағынан, элективтік курстар жалпы білім беретін минималды минималдық базалық курстардың біреуінің мазмұнын кең арнада дамыта алады. Бұл, біріншіден,аралас пәндердің бейіндік деңгейде оқытылуына тірек болып табылады, және екіншіден, қызығушылық танытқан оқушылардың өз қжеттіліктерін қанағаттандыра отырып, мысалы, таңдалған пәннен бейіндік деңгейдегі ҰБТ тапсыру үшін қосымша даярлануына мүмкіндік береді.
Элективтік курстардың үшінші типі жекелеген оқушылардың өздері таңдаған бейіннің шегіне енбейтін, қызығушылық танытқан курстар болып келеді [18].
Жалпы, элективтік курстар, көп жағдайда, базалық және бейіндік курстардың «ақтаңдақтарын» толықтырады. Аталған функциялардан басқа, олар қосымша білім алу үшін керекті, тұтас дүниетаным картинасын құруға, еңбек нарығында керек болатын білім нәтижелерін алуға бағытталғанпрактикалық міндеттерді шешумен байланысты болатын білік пен амал-тәсілдерді қалыптастыруға арналады.
Келесі кезекте, бейіндік және элективтік курстардың көмегіменбілім мазмұнын саралауды қалай жүзеге асыруға болатынын қарастырайық.
Қазіргі әлемдегі ақпарат көлемінің қарқынды өсуі оны жекелеген адамның толық қамти алмайтындығын да көрсетіп отыр. Бұл жағдай адамды белгілі бір сала бойынша мамандануы, ішінде жалпы орта білім беру де бар даярлығын мамандандыру қажеттілігін жетелейді. Білім мазмұнының бейіндік саралануы осы міндетті іске асыруға қарай бағытталған.
Психология-педагогикалық зерттеулер және білім мазмұнын бейіндік саралау бойынша қолда бар тәжірибе көрсеткеніндей, бейіндік оқытуға оңтайлы жас ерекшелігі 15 жас (10 сынып) деп анықталған. Бұл жаста балада тұрақты танымдық қызығушылықтар, кәсіби бағдар алуға ұмтылыс қалыптаса бастайды т.б. ерекшеліктері ашыла бастайды.
Психологтер мен әлеуметтанушылардың зерттеулері оқушылардың оқу қызығушылықтары мен кәсіби ой-ниеттері арасындағы өзара қатынастар бар екенін анықтаған. И.С. Конның айтуынша, психологияда кәсіпті таңдаудың алғашқы сатысы деп аталатын кәсіби еректенуі барысында, «қызметтің әр алуан түрі іріктелінеді және алдымен, жасөспірімнің қызығушылық көзқарасы тұрғысынан бағаланады-дағы... онан кейін оның қабілеттері тұрғысынан..., соңынан, оның құндылықтары жүйесі тұрғысынан бағаланады» [19].
Оқушылардың тұрақты арнайы қызығушылықтары қалыптасуы – олардың қабілетінің дамуындағы маңызды фактор ретінде айтылады. Бұл қызығушылықтар адам қызметінің белгілі бір аясына байланысты болып келеді-дағы, соңынан осы қызметпен кәсіби түұрде айналысуға ұмтылысқа айналады. Дәл осылай қандай да бір оқу қызметіне деген қызығушылықтың, мотивацияның туындауы да ол пәнге деген белгілі бір қабілетттің оянуымен тығыз байланысты болып, оның әрі қарай дамуына әсерін тигізетіні белгілі.
Білім мазмұнын сакралау негізгі деп саналатын екі түрде іске асырылады: деңгейлік саралау және бейіндік саралау.
Деңгейлік саралау – мектеп оқушыларының білім мазмұнын түрлі тереңдігі мен күрделілігі деңгейлерінде меңгеру мүмкіндіктері мен құқықтары қарастырылған оқытуды ұйымдастыру түрі.
Деңгейлік саралаудың бір түрі ретінде жекелеген пәндерді тереңдете оқытуды атауға болады.
Бейіндік саралау болса, білім мазмұнын оқушылардың қызығушылықтары, икемділіктері, өмірлік жоспарлары мен ішкі ниеттерімен байланыстыра отырып мақсатты түрде мамандандыра оқытуды білдіреді.
Деңгейлік саралау мен бейіндік саралаудың мәнін осылай түсіну арқылы бейіндік оытуды жүеге асырудың басты құралы бейіндік саралау екендігі айқындала түседі. Бірақ бұл тұста туындайтын ұйымдастырушылық және қаржылық мәселелер бар [20].
Ең алдымен, бұл тұрғыдан келуде мектептің жоғары сатысында оқылатын барлық бейіндік оқытудың мүмкін деген барлық нұсқаларына арналған бейіндік бағдарламалар мен оқулықтар жасауды қажет етер еді. Ал көпшілік пәндер үшін мұндай қажеттілік жоқ және оны минималды және тереңдете оқытумен шектелуге олар еді. Шындығында, физика курсы – гуманитарлық бейін үшінде, филологиялық, әлеуметтік-экономикалық бейін үшін де – минималды деңгейде ғана керек, ал жаратылыстану бейіні үшін – жоғары деңгейде (тереңдетілген) болуы тиіс.
Мұның ескерілуі тиіс бір тұсы – математика мен информатиа курстарының ұғымдық аппараты қалыптастырушы, басқа пәндерді оқып-үйренудегі әдіс-тәсілдерді үйрететін қызметіне байланысты сол тұтас күйінде қалдырылуы керектігінде. Осыдан келе, бейіндік оқытуды ұйымдастырудың ең орайлы нұсқасы ретінде, негізінен, деңгейлік саралауды қолдануды атауға болатынын көреміз.
Бұл ретте, оқытудың бейінділігіне түрлі курстарды базалық (минималды жалпы білім беру) немесе бейіндік (түптеп келгенде, тереңдете білім беру) деңгейлеріндемеңгеру мүмкіндіктері есебінен қол жеткізіледі.
Сонымен қатар, білім мазмұнын саралауды одан әрі жетілдіру + элективтік курстарды енгізу барысында іске асырылады.
Көрсетілгендей, мектептің жоғары сатысындағы білім мазмұнын саралаудың ексатылы ұйымдастырылған түрі ұсынылып отыр: деңгейлік (ТОЖ компоненттері шегінде) және бейіндік (мектеп компоненті шегінде).
Әлбетте, бейіндік оқыту бойынша коптеген ой-пікірлердің іске асырылуы, көп жағдайда мектептің базалық оқу жоспарымен байланысты болып келетіні белгілі [21].
Шынтуайттап келгенде, ТОЖ, бір жағынан, оқытудың құрылымын, мазмұнын ұйымдастырылуын көрсетеді, екінші жағынан, норма қалыптастырушылық, ұйымдастырушылық, басқару, бақылау сыпаттарындағы функцияларды орындайды. Бұл жағдайлар ТОЖ-ды бейіндік оқытуды жүзеге асырудың маңызды орнын таныта түседі.
Бейіндік оқытуды іске асыру барысындағы оқу жоспарының мүмкіншіліктерін қарастырайық. Жалпы тұрпатта алғанда, оларды былайшы бөліп қарастыруға болады:
-
Типтік оқу жоспары тікелей қамтамасыз ететіндер;
-
Типтік оқу жоспарыжанама қамтамасыз ететіндер, яғни құрылымы мен мазмұнына ТОЖ-дың арнайы жағдай жасауы арқасында жүзеге асырылатындар.
Мұна көрсетілген алғашқылардың қатары яғни ТОЖ-дың тікелей мүмкіндіктеріне жатқызылатындар:
-
оқу жоспарының икемділігі мен вариативтілігі, сол арқылы мектептің жоғары сатысындағы білім мазмұны мен құрылымның оқушылардың танымдық және қызығушылық қажеттіліктеріне бейімделуіне мүмкіндіктер қалау;
-
оқушылардың жоғары сыныптарға түсуінің негізгі мотивтерінің бірі болып табылатын - ЖОО-ға түсуіне тікелей бағытталған білім мазмұны компоненттерін айқындау (бейіндік курстар);
-
базалық (бейіндік емес) оқу пәндерінің көлемін азайту мен мазмұнын жеңілдету арқылы оқушылардың зейінін болашақ кәсіби білім алуына бағдар алған пәндерді меңгеруге қарай аудару;
-
мектеп білімінің мазмұнына жаңа компоненттерді (элективтік курстар мен іздену қызметтері), бұлардың түпмәні мектепке жаңа болып табылатын юілім беруді ұйымдастырудың жаңа формаларын енгізу ме қолданудың жолдарын анықтайды (дәрістер, семинарлар, оқу жобалар т.с.с.);
-
жоғары сыныптарда ұсынылатын бейіндік оқытуларды жоғары және орта кәсіби білім беру жүйесінде мамандар даярлау бағыттарымен орайластыру.
ТОЖ-дың жанама мүмкіндіктеріне жатқызылатындар:
-
әрбір бейіндік оқытудағы бейіндік (тереңдетілген) курстардың белгілі бір мамандық бойынша ЖОО-ға түсу үшін тапсырылатын ұлттық тестілеу жиынтығымен сәйкестендірілуі;
-
жоғары сатыда ТОЖ-дың копкөмпонентті құрылымына, білім беруді саралауға қарай өту: білім беру үдерісінде түрліше қызмет атқаратын үш типтегі курстарды анықтау (базалық, бейіндік, элекивтік), анқытай айтқанда, осылай мектептің оқу жоспары құрылымының ЖОО оқу жоспарына жақындату көзделінеді.
Типтік оқу жоспарларын екі тұрғыдан қарай отырып нақтылауға және толыққанды аяқтауға болады:
-
жоғары сатыда білім беру мазмұнының құрамын және инвариантты білігін әрі қарай қысқартумүмкіндіктерін талдау;
-
10-11 сыныптарда бейіндік оқытудың үлгі тізімін кеңейту, бейін жиынтығы мен мен ЖОО-ғы маман даярлау бейіндері бойынша білім мазмұнының сәйкестілігін қамтамасыз ету.
ТОЖ жобасын одан әрі жетілдіру бойынша талқылауларда осы көзқарастар ұстанылады.
ТОЖ-ды жетілдіру туралы ұсынылып отырған бірінші бағыттың іске асырылуы екі сұрақты шегіне жеткізе талдауды қажет етеді.
Біріншіден, мектептің жоғары басқышында білім беру мазмұнының инварианттық бөлігіндегі оқу пәндерінің минималды мүмкін құрамы.
Екіншіден, оларды меңгеруге кететін оқу уақыты.
Мектептің жоғары басқышында білім беру мазмұнының инварианттық бөлігіндегі оқу пәндерінің минималды мүмкін құрамын білім салалары бойынша қарастырайық. Бұл ретте соңғы бес жылда ұсынылған ТОЖ жобасының салғастырмалы талдауына және мектеп білімінің даму бағыттарына жасалған талдауларға сүйенеміз.
Десек те, бұл мәселелерді қарастыруға кіріспес бұрын, талқылау барысына ықпал ететін екі жағдайды атап өту керек.
Ең алдымен, сүйенетін тұғырымыз – жалпы білімнің инварианттық ядросын құрайтыноқу курстарының жиынтығы функционалдылығы жағынан толыққанды (жалпы білім беру міндеттерін шешу тұрғысынан алғанда)бірақ минималды болуы тиіс [22].
Екіншіден, типтік жоспардың мазмұны, алдында атап өтілгеніндей, мектептерге білім стандартын енгізуге бағыт алумен тығыз байланыста әзірленді. Бұл ретте айқын ұстаным басшылыққа алынды: ТОЖ-дың инварианттық бөлігінде тек стандартта көрсетілген білім мазмұнының минимумы ғана берілген, білім бағдарламаларында берілген білім мазмұнының барлығы қамтылған жоқ. Бұл ұстаным қағидат ретінде мынаны анықтайды, атап айтқанда, ТОЖ-дағы инварианттық бөлігіндегі оқу пәндеріне бөлінген оқу уақытының көлемі алдыңғы жылдардағы оқу жоспарларында көрсетілген уақыт көлемінен аз беріледі. Бұл мәселені әлі де болса, көпшілік айқын түснәіпі-танып болған жоқ, сондықтан да ұсынылып отырған ТОЖ жобасындағы оқу пәндерін меңгеруге берілген оқу уақытының көлемін бағалау барысында ескеріле бермейді. Тағы да атап өтеміз, стандартта анықталған білім мазмұнының минимумына енгізілмеген оқу материалын оқып-меңгеруге жіюерілетін оқу уақыты, қаже болған жағдайда, бейіндік және элективтік курстарға берілген сағаттар есебінен толықтырыла алады.
Келесі кезекте мектептің жоғары басқышындағы типтік оқу жоспарындағы мазмұнын өзгертумен байланысты талқылауға көшейік:
-
Жобада «мектеп түлектерінің шет тілді функционалдық деңгейде меңгеріп шығуына қамтамасыз ету» деген міндет қойылған. Мектепте шет тілін оқытуды күшейту бұл пәнге берілетін уақытты екіден үш сағатқа дейін көбейтуді қажет еттті.
-
Біріншіден, негізгі басқышта информатиканы оқытуға берілетн оқу уақытын көбейту қарастырылған. Екіншіден, информатиканың ғылым және адам қызметінің саласы ретіндегі өзіндік ерекшелігі – адамның танымдық және практикалық өміріндегі маңызды орнымен, әдіс-тәсіл, құралдарының технологясынығ барлық дерлік саланы қамти алуымен байланысты анықталады. Бұл жағдайда мектептің жоғары басқышында информатиканы базалық курс ретінде (барлық бейін үшін инварианттық болып табылатын) оқытудың қажеттілігі жоқ. Әрбір нақты бейіннің сұранысына бағдарланған бейіндік оқытудың орны бар сияқты.
-
ТОЖ үшін өзекті тұсы –«жаратылыстану» және «қоғамтану» білімдік салаларын оқып-меңгеруге керекті оқытуды ұйымдасмтыру түрлері мен уақыты туралы сұрақты қарастыру. Бұл тұста балама айқын: жекелеген оқу пәндері немесе кіріктірілген курстар.
Гуманитарлық мамандандыру бейіндеріне «жаратылыстану» кіріктірілген курсын енгізу ұсынылады. Бұл жағдай осындай сұрақты шешуде тиімді болып табылатын бірнеше тиімді қырлармен анықталады:
-
оқу уақытын қомақты түрде үнемдеу (6-дан 3-4-ке дейін сағат), босаған уақыт қорын гуманитарлық бағыттағы бейіндерге сай келетін (тіл, әдебиет, тарих т.с.с.) оқу пәндерін кең және терең арналы етіп оқытуға пайдаланылады;
-
оқушылардың санасында біртұтас әлем болмысын қалыптастыруға анағұрлым кең мүмкіндіктер болуы;
-
пәнаралық байланыс негізінде қалыптастырылатын жалпыбілімдік, жалпы интеллектуалдық біліктер мен дағдыларды бетке ұстау;
-
жаратылыстану бойынша бір сағаттық пәндердің әдістемелік тұрғыдан тиімсіз болуы, оның есесіне олардың (физика, химия, биология) жиынтығын оқыуға оқу жоспарында 4 сағаттық уақыт бөлуге болатындығы.
Ұсынылып отырған нұсқаны бағалай отырып, мыныдай маңызды үш жағдайды назарда ұстау керек екендігін атап өтеміз.
Біріншіден, ұсынылып отырған ТОЖ тек жалпы білім беретін мектептерге ғана емес, басқа да білім беру мекемелеріне арналған. Бұл жерде ТжКБ жүйесі туралы сөз етіліп отыр, онда жалпы ғана емес, кәсіби білім беру жүзеге асырылып, оқу уақытының жеткіліксіздігі бұрынғыдан да өзекті бола түседі.
Екіншіден, ешкім де жалпы білім беру ұымдарын (не жеке оқушыны) жаратылыстанудың оқып-меңгерудің дәл осы минималды көлемдегі нұсқасын таңдап алуға міндеттемейді. Гуманитарлық бейін бағыты шегінде де барлық (немесе жекелеген) жаратылыстану пәндерін стандарттың базалық (минималды) деңгейінде оқуды таңдауына әбден болады. Мұндай мүмкіндік қарастырылған - жаратылыстанудың кіріктірілген курсынан басқа, барлық жаратылыстану пәндері үшін бейіндік оған қоса базалық деңгейде стандарттар әзірленген.Жаратылыстануды физика, химия, биологияны жеке оқу туралы осы нұсқаны жүзеге асыруға арналған қосымша тағы бір сағаттымектеп элективті курстарды өткізуге арналған сағат есебінен ала алады.
Үшіншіден, атап өтуі тиіс мәселе бар, ол - жаратылыстануды кіріктіре оқыту ұсынысы физика, химия, биологиядерден жекелеген білім элементтерінің жиынтығы деп түсінілмеуі керек. Ол білім оқушының санасында тұтас әлемнің жаратылыс болмысын қалыптастыру міндетін көздеп, шәкірттердің жаратылыстану пәндерін меңгеруге қажетті таным әдістерін игеруне бағытталған. Бұл ретте осы міндеттер, көп жағдайда, жаратылыстану пәндерін гуманитарлық бағыт бейініне сәйкес келіңкірейді деп түсініеді – оқушыда қазіргі заман ғылыми дүниетанымы қалыптасып, өзін қоршаған әлемде жеке тұла ретінде еректенуін қалыптастыру.
-
Осы айтылған «жаратылыстану» туралы жайт, «қоғамтану» білім саласына да жуықтайды. Бұл жерде сөз экономика және құқықтану оқу пәндерін дербес оқытудың мақсатқа лайықтығы жөнінде болып отыр. Дегенмен, бұл мәселенің өзектілігі жаратылыстану пәндерін кіріктер оқыту сияқты емес. Бұл жерде сағат саны аптасына 1-2 сағат болуы туралы болып отыр. «Экономика» және «құқықтану» дербес курстарының енгізілуі, ең бастысы, оқу пәнінің логикасы мен өзіндік ғылыми тілінің сақталу мүмкіндігі туралы мәселемен айшықтанады. Қоғамтану тармақтарының базалық курстарының (бұл ретте тарих алынбайды, өйткені тарих қоғамның өткен жолындағы экономика, әлеуметтану, саяси, мәдени салалары бойынша білімнің кіріктірілуіне өзі де мүдделі болып табылады) кіріктірілуі үшін мынадай деректер негізгі ұсынылады:
- мектептің әлеуметтік дамудың түрлі қырларын дербес оқытып, оарды өзара байланыссыз және қоғаммен тұтас танытпай, келтірген нұқсандығы туралы тәжірибесі;
- білім беруді жаңашаландыру білім берудің жаңа сапасын оқушылардың басты (базалық) әлеуметтік құзыреттерді игеруімен байланыстыра таниды, мұндай құзырет пәнаралық сипатқа ие боып келеді, бұл ой тек қоғамтануды кіріктіре оқыту арқылы ғана жүзеге асырылады.
Бұл мәселені шешудің «жайлы» жолын ұсынамыз: - 10 сыныпта кіріктірілген қоғамтану курсны аптасына 2 сағатты жүктемемен оқу;- 11 сыныпта экономика мен құқықты кіріктіріген қоғамтану курсы құрамында да, сонымен қатар дербес пән ретінде де оқыту. Сөйтіп, ТОЖ экономика мен құқықты оқытуды ұйымдастырудың нақты бір формасын айқын көрсетпейді. Әр мектеп бұл сұрақты өзі жеке шешуге құқылы.
-
Мектептің жоғарыбасқышында технология пәнін міндетті пәндер тізімінен алып тастау дұрыс деп саналады. Бұл жағдай жоғары басқыштағы білімді мамандандыруды көздейтін біртұтас білім мазмұнында технология болуы мүмкін емес. Технологиялық білім берудің сараланған мазмұны (бейіннің ерекшелігіне байланысты) сәйкес бейіндік және элективтік курстарға кіргізілуі керек.
ТОЖ жобасын жетілдірудің екінші бағыты жекелеген бейіндер бойынша ұсынылатын оқу жоспарларының нұсқасының санын кеңейтумен байланысты. Түрлі деңгейдегі білім беруді басқару органдары, мектеп директорлары, мұғалімдер, оқулық авторлары мектептің жоғары басқышындағы түрлі бейіндік мамандандыруға арналған оқу жоспарларының бірнеше нұсқасын ұсыну керек деп санайды. Өйткені мектептің жоғарғы буыны түлектерді тек ЖОО-ға түсуге ғана дайындамайды, соынмен қатар, техникалық және кәсіби білім беруге де дайындайды. Атап айтқанда, бұл технологиялық бағыттың ұсынылған бейіндерінің санын көбейтуді де анықтар еді.
Ұсынылған бейіндерді ЖОО-да мамандарды даярлайтын бағыттармен салғастыра талдау барысы көрсеткендей, мектеп түлектерін ЖОО-ға түсу мен сонда оқытуға дайындау ұсыныып отырған бейін жиынтығы арқылы қамтамасыз етіледі [23].
Ең алдымен, міндетті пәндер үшін (тіл, математика) ЖОО-ның бейініне байланысты, базалық және бейіндік деңгейлердегі емтихан мазмұнына қойылатын талаптарды саралау мақсатқа лайықты болар еді. . Олай етпеген жағдайда, ЖОО-ға түсуге ниет еткен барлық оқушылар бұл екі пәнді таңдаған бейіндік оқытуға байланыссыз, тек бейіндік бағдарлама бойынша оқып-меңгеретін болады.
Екіншіден, бұл пәндерді бейіндік оқыту көзделмеген жағдайда жекелеген оқу пәндері бойынша емтихан тапсыруға бейіндік мектеп не сынып оқушылары элективтік курстарды пайдалана алады.
Қорыта келгенде, тағы да атап өтетін мәселе - жекелеген бейіндердің қарастырылған оқу жопарларының нұсқалары ұсыныс ретінде сыпатқа ие болып, үлгілік болып табылады. Оларды үш типтің – базалық, бейіндік және элективтік курстардың нақты оқу жоспарын қалыптастырудың ұсынылған тетіктерін қалай қолдануға болатындығының көрнекілігі ретіндеқарастырған жөн.
Осылай, қарастырылып отырған нұсқалар - мүмкін бейіндердің оқу жоспарларының үлгілері ғана емес, сонымен бірге оларды құру ұстанымынң көрнекі түрде таныстыру деп түсінілсе дұрыс болады.
Бейіндік оқыту – кәсіби еректенудің тәсілі, құралы. Әрине, білім мазмұны болашақ кәсіби білім мен кәсіпке бағдарлануы тиіс.
Бейіндік сныптардағы білім мазмұны үш типтегі оқу пәндерінен құралуы керек: базалық жалпы білім беру (бейінді емес), бейіндік жалпы білім беру, элективтік.
Бейіндік оқытуды іске асыру тек бейіндік емес пәндердіңоқу материалын қысқартқанда ғана, кей ретте кіріктірілгенде ғана (артық жүктеме болмауы үшін) мүмкін болады.
Элективтік курстар бейіндікпен бірге, біріншіден, жалпы жән кәсіби ілім беру арасындағы сабақтастықты сақтау тиіс; екіншіден, кәсіби білім мен болашақ кәсібін уәжділікпен таңдауын қамтамасыз етуі тиіс.
Бірқатар пәндер бойынша - базалық курстар бойынша – базалық білім беу аяқталады.
Бірқатар пәндер бойынша - бейіндік курстар бойынша – дайындық кеңейеді әрі тереңдетіледі.
Элективтік курстарда – оқушылардың таңдауы бойынша дайындық бағыты мамандандыылады, кеңейеді не толықтырылады.
Элективтік курстар – оқушылардың таңдауы бойынша қатысуы міндетті курстар болып саналады, олар мектептің жоғары басқышындағы бейіндік оқыту құрамына кіреді. Элективтік курстар жоғары сыныптардағы білім мазмұнының вариативтік бөлігінің компонентті болып табылады және әрбір оқушының жеке білімдік қызығушылығын, сұранысы мен қабілеттерін қанағаттандыруға қызмет етеді. Олар жеке білім бағдарламаларын құрудың маңызды құралы болып саналады, өйткені әрбір оқушының өз қызығушылығын танытып, болашақ өмірлік жоспарларымен байланысты болатын пәндер сұрыпталынады. Осылай, элективтік курстар, жоғары сынып оқушыларының әр алуан білімдік сұраныстарына жауап беретін базалық және бейіндік курстардың мүмкіндіктерін толықтырады және дамытады. Ұсынылатын бейіннің құрамындағы элективтік курстардың саны оқушы таңдайтын крстардың санынан асып жығылуы керек [24].
Мынадай элективтік курстардың типтерін ұсынуға болады:
-
пәндік элективтік курстар;
-
оқушылардың табиғат пен қоғам туралы білімін кіріктіруге арналған пәнаралық элективтік курстар;
-
типтік оқу жоспарына енбейтін пәнер бойынша элективтік курстар.
Элективтік курстар мынадай міндеттерді шешеді:
-
бейіндік оқу пәнінің мазмұнын тереңдету;
-
базалық пәндердің бірінің мазмұнын кеңейту;
-
оқушылардың таңдаған салалары бойынша танымдық қызығушылықтарын қанағаттандыру;
-
адами қызмет аясындағы белгілі бір салаға деген кәсіби қызығушылықтың уәжделуі;
-
бейіндік жалпы білі беретін пәндер – жоғары деңгейдегі пәндер болып табылады, олар әрбір бейінді оқытудың бағытын анықтайды.
Оқытуды бейіндеу базалық пәндер мазмұнына бейін бойынша қажетті компоненттер қосуды және қолданбалы курстарды эксперименттік сыныптарға енгізуді негізге алады|.
Базалық пәндер мазмұнындағы бейіндік компонент барлық курстар бойынша бөлінген ауқымды және өзекті тақырыптардан тұрады.
Қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы пәндер «Шешендік өнер», «Дүниежүзілік көркем мәдениет», «Абайтану» сияқты қолданбалы курстарда қамтылған.
Достарыңызбен бөлісу: |