12 жылдық мектепте бейіндік оқытуды ұйымдастыру (эксперимент)


Қалалық және ауылдық мектептерде бейіндік оқытуды ұйымдастырудың әдістемесі



бет6/9
Дата10.06.2016
өлшемі0.88 Mb.
#126454
1   2   3   4   5   6   7   8   9

5 Қалалық және ауылдық мектептерде бейіндік оқытуды ұйымдастырудың әдістемесі
Ауыл мектебін жаңарту педагогикалық ғылымның назарында ерекше орын алуы қажет. Ауыл мектебі, оқушылардың жалпы мәдениетін дайындаумен қатар, ауылда әлеуметтік тұрақтылықты сақтауда және ауыл халқының мәдени деңгейін көтеруде үлкен рөл атқарады. Сол себепті ауыл мектебінде неге және қалай оқыту сұрағы ойдан шығарылмаған, ол білімнің тұлғалық, өмірлік және кәсіби қажеттілігінің маңыздылығынан туындаған шындық.

Бейінді оқыту проблемалары бойынша қазіргі кездегі зерттеулердің, ауыл мектебі қызметінің нәтижелерінің, еңбек нарығындағы әлеуметтік жағдайлардың талдауы мынадай әлеуметтік қарама-қайшылықтарды анықтауға мүмкіндік тудырады: экономиканың әр түрлі салалары үшін қоғамның білікті мамандарға сұранысы мен жалпы білім беретін мектепте білім, біліктілік пен дағды түріндегі білім нәтижелерін жоспарлануының арасындағы; бейінді білім берудің көптүрлілігі мен ауыл мектебінің оны жүзеге асыру мүмкіншілігінің шектеулігі; бейінді оқытудың көрсетілген мақсаттары мен ауыл мектебінің оған жетудегі нақты мүмкіншіліктері. Ауыл мектептерінде бейінді оқытуды енгізу ауылды дамытудың жаңа әлеуметтік-экономикалық жағдайында жүзеге асырылуда, олар үшін келесі сипаттар тән: экономиканың көпқұрылымды түрлерінің дамуы, ауыл шаруашылық саласы мамандарына сұраныстың жоқтығы, өндірістік және әлеуметтік салаларда жаңа мамандықтардың пайда болуы, халықтың жұмыспен қамтылу құрылымындағы өзгерістер, ата-аналар мен балалардың білім алуға сұранысы, ауыл оқушыларының қолайлы да сапалы білім алуына жағдай жасауға бағытталған, жалпы білім беретін ұйымдар жүйесін қайта құрылымдау [25].



Бейіндік мектептегі оқытудың түрі мен әдістері

Оқытудың түрі – бұл білім алушы(оқушы) мен оқытушының (мұғалім) ұйымдасқан іс –әрекеті. Бұл жерде негізгі мәселе оқытушы мен білім алушының (немесе білім алушылардың арасында) оқу барысында алынған білім мен дағды, икемдерін қалыптастыру.

Оқытудың түрлері: күндізгі, сырттай, кешкі, білім алушының жеке жұмысы (оқытушының бақылауымен және бақылауынсыз), сабақ, дәріс, семинар, дәрісханадағы (шеберханадағы) тәжірибелік сабақтар, саяхат, өндірістік тәжірибе, факультатив, кеңес, сынақ, емтихан, жеке, жалпы, жеке-топтық.

Олар білім алушыларды теориялық бағытта дайындауы мүмкін, мысалы: сабақ, дәріс, семинар, саяхат, конференция, «дөңгелек үстел», кеңес және білім алушылардың жеке жұмыстарының түрлері. Сонымен қатар, тәжірибелік бағытта да дайындайды, мысалы: тәжірибелік және зертханалық сабақтар, жобалаудың түрлері (жоба, реферат, баяндама, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар) және тәжірибенің барлық түрлері.

Оқытудың жеке түрі - білім алушының жеке жұмыс жасауына, оқу материалдарының жеткілікті болуы және білім алушыға қолжетімділігінде.

Оқытудың бұл түріндегі танымдық тапсырмалар сынып алдында жалпы беріледі және әрбір оқушының өз күшімен жеке орындалады.

Оқытудың жеке түрі, әсіресе, физика, химия, математика тапсырмаларын және орыс тілі, шетел тілдерінен жеке жаттығулар орындағанда сәтті қолданылады. Оқытудың бұл түріндегі танымдық іс-әрекетті ұйымдастырудың педагогикалық құндылығы, ол білім алушының ерекшелігін жақсы ескеретіндігінде.

Оның жетістігі сараланған тапсырмалардың дұрыс таңдап алынуымен және оны орындауда мұғалімнің жүйелік бақылау жасауымен анықталады.

Сонымен қатар, саралай оқыту оқушыға көмек көрсету шараларымен де көрінеді.

Ол тек дағды, икем және білімді саналы және берік меңгертіп қана қоймай, сонымен қатар ұйымдастырушылық, мақсатқа жетуде беріктілік, қайсарлық, тапсырылған істі жауапкершілікпен атқару және басқа жеке қасиеттерін қалыптастырады.

Оқытудағы танымдық іс-әрекеттің жеке түрінің өз шектеулері де бар.

Бұл ұйымға уақыт көп шығындалады және мұғалімдердің күші көп қажет болады. Ол оқытуда ұжымдық дамуға ықпал ете алмайды [26].



Танымдық қызметтің жаппай түрісыныптағы барлық оқушылардың ортақ танымдық тапсырманы бір мезетте орындауын танытады. Бұл – танымдық қызметті ұйымдастырудың кең тараған формасы, ол сабақтарда, семинарларда, саяхаттарда, конференциялар мен көптеген нақты оқу сабақтарында қолданылады.

Оның өзіндік сипаттары:

  • мұғалім жұмыс жасай отырып, сынып оқушыларымен тікелей қарым-қатынас жасайды, түсіндіреді, көрсетеді, оқушыларға тұтас басшылық ете отырып, мәселелерді талқылауға баулиды. Әр оқушы білуі және меңгеруі тиіс нәрселерді мұғалім бір мезетте тұтас сынып ұжымына көрсетеді.

  • Осы форманың іске асырылуы барысында мұғалім оқушыларға тікелей идеялық-эмоциалық ықпал ете алады, оқушылардан тиісті ой, сезім, қиналыстар мен шешім табу түріндегі жауап ала алады.

  • Әр оқушы мұғалім берген ақпаратты «пайдаланады», оны игеруге ұмтылады.

  • Жұмыстың жалпы мақсатына әр оқушының жеке күш жұмсауы арқасында қол жеткізіледі.

  • Бұл форманың тиімді болуы үшін, мұғалім алдын ала жобалап, онан соң сабақтың үштағанды мақсатына жауап беретіндей оқу жағдаяттарын туғызуы керек. Ең басында, сыныппен қатынас орнатуы керек, алда тұрған білімді қабылдау үдерісіне оқушылардың зейіні мен қызығушылығын аудару керек. Мұндай дидактикалық міндетті шешуде бақылау жағдайын туғызатын оқу проблемалық жағдаяттары мен сабақ соңындағы тексеру сұрақтары тиімді қызмет атқарады. Тек проблемалық қана емес, сонымен бірге ақпараттық, түсіндірмелі-иллюстративтік баяндау да қолданылуы мүмкін, бірақ оқушылармен өзара байланысуды ұйымдастырып, тұтас сынып ұжымымен бір мезгілде қарым-қатынас жасау және сыныпқа идеялық-сезімдік әсер ету назардан тыс қалмауы керек.

  • Танымдық қызметтің жаппай формасын қолданудың педагогикалық тиімділігі, көп ретте, мұғалімнің сынып оқушыларының барлығын назарында жіті қадағалап, олардың әрқайсысының белсенді жұмыс жасауын қамтамасыз етуімен және олардың зейінін бір тізгінде ұстауға және жұмыс тәртібін қамтамасыз етуімен танылады.

  • Егер осы форма оқу ақпаратын қарапайым, жай ғана оқушыға жеткізе салуға негізделетін болса, онда ол жағдай олардың өзара көмегі мен ынтымақтастығына әсер етпейді, ал мұның өзі олардың әлеуметтік белсенділігін дамытуға кері әсерін тигізеді.

  • Танымдық қызметтің бұл формасының жеткіліксіздігі ретінде оны қолданғанда, оқушылардың қоғамдық пайдалы қызметін іске асыру мүмкіндігін тез арада шектеп тастайды, өйткені мұғалім олардың барлығын бірдей оқытады [27].

Танымдық қызметті ұйымдастырудың топтық түрі

Танымдық қызметті ұйымдастырудың топтық түрі дегеніміз - оқу сабақтарында оқушылардың белгілі бір тобының алдында біртұтас танымдық міндеттер қойылатын оқытуды ұйымдастыру түрі. Топтың ірілі-ұсақты көлемі түрлі ше болып келеді, топ саны жұмыстың сипатына байланысты, 2-ден 6 адамға дейін өзгеріп тұрады, бірақ одан көп болмайды, өйткені одан саны көп болса, топтың белеснділігі мен нәтижелі жұмысын қамсыздандыру оңай емес.

Оқушылардың сабақтағы топтық қызметін зерттеген Котов В.В., оның құрамын былайша анықтайды:


  1. Оқушылардың топтық тапсырма орындауға алдын ала дайындығы. Оқу тапсырмасының қойылуы, мұғалімнің қысқаша нұсқаулығы.

  2. Оқу тапсырмасын топтық орындауды талқылау және жоспарын құру. Оқу тапсырмасын орындау тәсілдерін анықтау (бағдарлау қызметі), міндеттерді бөлісу.

  3. Оқу тапсырмасын орындау бойынша жұмыс.

  4. Мұғалімнің бақылауы және топ пен жеке оқушылардың жұмысына түзетулер енгізу.

  5. Өзара бақылау және топта тапсырма орындауды бақылау. Оқушылардың алған нәтижелері туралы мұғалімнің шақыруы бойынша хабарлама жасауы, тощқтырулар мен түзетулер, мұғалімнің қосымша ақпараты және қорытындыны түйіндеу.

  6. Топтың және тұтас сыныптың жұмысын жеке бағалау.

Танымдық қызметтің осы түрінің жүзеге асырылуының жемісті болуы, бірінші кезекте, оның мұғалім тарапынан тиянақты дайындалуына және әр топты керекті дәрежеде зейінмен қадағалауына байланысты болады.

Оқу қызметінің топтық жұмыс түрінде жекелеген оқушылар мұғалімнің орнын басып, олардың бір-біріне нақты көмек беру мүмкіндіктері пайда болады. Топтық жұмыс жасау өзара жауапкершілікті, зейін қоюшылықты туғызып, жолдасының жұмысына қызығушылықтарын қалыптастырады [28].

Әдіс (гр. methodos - зерттеу) дегеніміз – табиғат құбылыстарын зерттеу тәсілі, қарастырылатын құбылыстарды тануға келу жолы, ғылыми таным ақиқатты орнатудың жоспарлы жолы,жалпы алғанда – іс-әрекеттің амалы, тәсілі немесе бейнесі; мақсатқа жетудің тәсілі, белгілі бір тәртіптелген іс-әрекет; шындық болмысты практикалық немесе теориялықигерудің амал не тәсілдерінің жиынтығы. Әдіс ретінде белгілі бір құрал-жабдықпен жұмыс жасайтын опрециялардың жүйесі танылып, материалды ғылыми зерттеу мен баяндау амал-тәсілдері, көркем сұрыптау амал-тәсілдері, материалды белгілі бір эстетикалық идеалдар тұрғысынан бағалау жәнетоптастыру т.б.


  1. Кез келген пәнді оқыту әдістері гносеологиялық тұрғыдан пәннің негізі болатын ғылымның әдістерімен байланысты болып келеді.

  2. Әрбір әдісті біріккен қызметтің түрі ретіндесыртқы түрі бойынша қарастыруға да, оқушының танымдық қызметінің ерекшелігін сипаттайтын ішкі болмысы жағынан да қарастыруға болады.

  3. Оқыту әдістерін таңдау танымдық және практикалық мақсатқа, оқу материалының мазмұнына және оқу іс-әрекеттерінің сипатына, сонымен бірге оқушылардың жас ерекшелігі мүмкіндіктеріне байланысты анықталады.

  4. Оқыту үдерісінде қолданылатын әдістер, әр алуан әдістемелік амалдарды қоса алғанда, өзара тығыз байланыста ықпал етеді, өзара өзгеріске түседі. Герберт Нойнер мен Ю.К. Бабанскийдің пікірінше, оқыту әдісі дегеніміз «мұғалім мен оқушылардың белгілі бір оқу материалын өңдеп-тану арқылы белгілі бір мақсатқа қол жеткізуге бағытталған өзара байланысу тәсілдерінің бірізділкпен алмаса қолданылуы» және белгілі бір операциялардан тұратын іс-әрекеттердің жиынтығы белгілі бір әдісті құрайды дегенді айтады. Айтылған операциялар «амал» терминімен аталады.

Оқыту әдісі, ең алдымен, мұғалімнің мақсаты мен қолында бар құралдар арқылы жасайтын қызметін танытады. Нәтижесінде, оқушының мақсаты мен мұғалім көрсеткен құралдармен жұмыс жасау қызметі туындайды. «Орта мектеп дидактикасы» авторлары оқыту әдістерін төмендегі сызба түрінде көрсетеді (1-сурет):

1-сурет – Оқыту әдістері

И.Я.Лернердің пікірінше, «әрбір әдіс адамның алдына қойған мақсатына сәйкес, саналы түрдегі бірізділікпен жасалатын іс-әрекеттерінің жүйесі болып табылады». «Әдіс ұғымын» анықтайтын анықтамаларды бұдан әрі қарай да мол етіп келтіре беруге болар еді, бірақ осы аз анықтамалардың өзінен әдіс дегеніміз – оқытудың алға қойылған мақсатына жетуге бағытталған оқу тәсілдері мен формасының тіркесімі (бірлігі), яғни әдіс оқушылардың танымдық қызметінің тәсілін де, ұйымдастыру сипатын да танытады. Әдісті формадан ажыратын басты белгі – мақсат және әдістегі оқушының білім алу тәсілі мен өзі қатысуының дәрежесі [29].

Дегенмен, атап кететін мәселе бар, ол – оқыту әдістерінің жеке дидактикалық және жеке пәндік деп аталатын екі деңгейі бар екендігі.

Бұл ретте жекепәндік әдістерге жатқызылатын әдістер – жалпыдидактикалық деңгейде оқытудың амалдары, тәсілдері және формалары деп аталады. Осы арада әдіс пен форма ұғымдарының араласа түсінілетіні туралы мәселе де туындайды.

Жалпыдидактикалық әдістер дегеніміз:



  • түсіндірмелі-иллюстрациялық әдістер;

  • репродуктивтік әдістер (қайта жаңғырту);

  • ішінара ізденіс әдістері (эвристикалық);

  • зерттеу әдістері.

Бейіндік мектепте оқыту әдістері білімді меңгерумен қатар, іс-әрекет тәсідерін меңгерге де ықпал етуі тиіс. Барлық оқушылардың өздерінің зерттеу іс-әрекетінің бастапқы интеллектуалдық қабілеттерін дамытуға, білім стандартында қарастырылғаннан да анағұрлым күрделі мазмұнды меңгеруге, мүмкіндіктері болуы керек [30].

Бейіндік оқыту негізгі, қосымша оқу әдебиеттерін, ақпараттың басқа да дереккөздерін өз бетімен меңгеру, шолу дәрістері, лабораториялық және лаборатория-тәжірибелік жұмыстар, семинарлар, әңгімелесулер, коллквиумдар, шығармашылық кездесулер т.б. сияқты әдістердің санын саналы түрде көбейтуі тиіс. Оқу бейнефильмдерін, электрондық мәтіндерді, ғаламтор қорын тірек ақпараттық материал ретінде танып, шығармашылық бәйгелер ұйымдастырып өткізу, көпшілік алдында жобаларды қорғау, эвристикалық бақылау жұмыстарын өткізу; табысты бейіндік оқытудың рейтингідік бағалауын қолдану; мекемелерге саяхат жасау, мамандандырылған көрмелер ұйымдастыру, ақылы және оқу жұмыс орындарында тәжірибеден өту, өз бетімен жұмысқа орналасу және ақылы жұмыстарды орындау, экономиканың үшінші секторында жұмыс жасау [31].

Бейіндік оқытудың әдістерінің ішінде жобалау әдісі танымдық қызметтің белсенді түрі ретінде орын алуы керек. Бейіндік оқыту субъект-субъектілік қатынас пен біріккен қызметтің басқа сипатының дамуына алғышарттар жасайды:


  • оқушыны субъекті ретінде ерекшелеу, оқушыны білім беру үдерісінің басты құндылығы ретінде тану; оның қабілеттерін жеке мүмкіншіліктер ретінде дамыту; білім берудің басты мақсаты - оқушының жеке қабілеттерін дамыту екендігін мойындау;

  • оқытатындар мен оқитындар арасындағы қарым-қатынас типінің өзгеруі, авторитарлық басқарудан, бағыныштылықтан, ынтымақтастыққа зорлап қосудан бас тарту, өзара көмектесу, себебі ұжымдық іс-әрекетте әр адам талқыланып отырған проблеманы шешуге қатысып, өз қабілеті мен қызығушылығына даму қарқынына сай өзіндік шешімдер тауып жатады;

  • өзіндік даму заңдарын ескере отырып оқыту технологияларын жасау және білім берудің басты мақсатын жүзеге асыру, бұл ретте оқушының қоғамда қабылдаған және әлеуметтік маңызды болып табылатын субъектілік тәжірибесін оның келісімімен анықтау және құрылымға түсіру;

  • мұғалім жұмысының сабақты әр баланың өзінің ішкі дүниесін танытуға, ойлағанын іске асыра алуына, жеке дербестігіне, пән мазмұнын таңдай алуы, баланың ішкі және сыртқы қарай бағытталған түрде құру арқылы оқушының оқу мүмкіндіктерін дамытуға бағытталуы; баланың субъектілік тәжриебсін барынша пайдалану; оқушының білімге деген қатынасын анықтау; оқушының түрлі танымдық әдіс-тәсілдерді қолдана алуын ынталандыру, қарым-қатынастың актив формаларын (диалог, талқылау, аргументация, піркірталас) ынталандыру;

  • оқытудың жеке траекториясының көмегімен бір пәннің, тіпті бүгінгі білім саласының шегінен асып, оқушы үшін интегарлды деңгейдегі өмірлік маңызы бар мәселелердің шешім таба алуы.

Бейіндік оқытуды ұйымдастырудың қандай формасы тиімділік таныта алады?

Жекелеген жағдайларда болашағы бар бейіндік оқытуды ұйымдастыру формалары ретінде сәйкес білім стандарттары мен бағдарламаларды жекелеген мектептен тыс жүзеге асыруға мүмкіндік беретін оқыту формалары қарастырылады [32].

Жеке мектеп, сонымен бірге мектептер желісі және басқа білім мекемелері тек қана таңдалған бейінді жүзеге асырып қоймай, сонымен қатар оқушыларға қызықты және әрқайсысы үшін маңызды болатын басқа бейіндік курстарды жүзеге асырады. Мұндай мүмкіндік әр алуан білім беруді ұйымдастыру формалары арқылы да іске асырылуы мүмкін, сонымен бірге түрліше білім беру ұйымдарының қауымдасуы арқылы да беріледі. Бұл жағдай бір мектептегі жоғары сынып оқушысына, қажет болғанда, басқа мектептер мен ТжКБ ұйымдарының қызметін пайдалана алуына мүмкіндік брееді.

Бұл ретте сөз мектептер желісін, оқушылардың білімдік қажеттіліктері мен қызығушылықтарының толықтай жүзеге асуын қамтамасыз ететін қосымша білім беру ұйымдарын, ТжКБ құру туралы болып отыр.

Осылайша, бейіндік оқытуды ұйымдастырудың бірнеше нұсқасы мен модельдерін анықтауға болады.


  1. Мектепішілік бейінделу моделі.

Жекелеген мектеп бірбейінді болуы мүмкін (таңдалған бейіндердің бірі бойынша ғана оқыту), немесе жоғары басқышта бірнеше бейіндік оқыту яғни көпбейінді болуы.

Мектептің тұтастай алғанда, белгілі бір бейінге бағдарланбай, элективтік курстар саныны көбейтуі белгілі бір бейіндік және элективтік курстарды қосуы арқылы оқушылардың жеке бейіндік білім бағдарламасын жүзеге асыруы.



  1. Желілік ұйымдар моделі.

Мұндай модельде нақты мектептің оқушыларды бейіндік оқытуы басқа білім ұйымдарынан білім ресурстарын мақсатты және ұйымдастырылған түрде іске асырылуы айтылады. Мұндай модельді құру екі негізгі нұсқа арқылы іске асырылады.

Алғашқысы бірнеше мектептің қуатты материалдық және күшті мамандар әлеуеті бар зор мектептің айналасына үйіріліп, сол мектепке «ресурстық орталық» қызметін жүктеуі.

Бұл жағдайда ол топқа кірген әрбір жеке мектеп бейіндік оқытудың қандай да бір бөлігін және базалық жалпы білім беру пәндерін қамтамасыз ете алатындай болуы керек. Қалған бейіндік дайындықты «ресурстық орталық» өз мойнына алады [33].

Екінші нұсқа мектептің басқа білім беру ұйымдарымен және білімдік ресурстарымен - қосымша, жоғары, орта және бастауыш кәсіби білім ұйымдарымен қауымдасуына негізделген. Бұл жағдайда оқушыларға бейіндік білім алуды таңдау құқығы не өз мектебінің қабырғасында, не ол мектеппен қауымдасқан білім құрылымдарынан (қашықтан оқу курстарынан, сырттай мектеп, ТжКБ жүйелері ұйымдарынан) болып келеді.

Жалпы білім беретін ұйымдардағы бейіндік оқыту түрлері қандай болмақ деген сұраққа жалпы білім беретін мектептің оқу жоспарында көрсетілген әр алуан бейіндер жиынтығы болуы мүмкін деп жауап беруге болады.

Мұнда техника-технологиялық бейіндер болуы мүмкін, олар материалдық технология, техника, техникалық сервис түрлері болып келеді. Сонымен бірге материалдық емес құндылықтарды жасау және қызмет көрсету саласымен байланысты болуы мүмкін: бұқаралық сипаттағы мұғалім, экономист, психолог, менеджер, заңгер, әлеуметтанушы, журналист, елші т.б. сияқты мамандықтарға даярлайтын әлеуметтік-экономикалық бейінді атауға болады.

Жоғары басқышта жалпы білім беретін ұйымдардың бейіндік оқыту моделі оқу пәндерінің алуан түрлі орын алмасу мүмкіндіктерін жоққа шығармайды [34].
Ауыл мектенбіндегі бейінді оқытудың моделі

Бейінді оқытудың мақсаттары мен міндеттері.

Бейінді оқытудың қамтитыны:

1) оқушылардың жеке пән бойынша жалпы білім алуын тереңдетіп оқыту;

2) жоғары білім алуға дайындау;

3) оқушылардың сәтті әлеуметтенуі;

4) оқушылардың жеке оқу бағдарламасын құру.

Бейінді оқыту оқушының даралығын қарастырады, білім беруді ұйымдастыру мен құрылымындағы өзгерістер есебінен баланың бейімі, қабілетіне қарай оқуды жалғастыруы көзделеді.

Алға қойылған мақсаттарды орындау үшін:

1) бейінді оқытудың бағдарламасын жасау керек (ол оқушының ЖОО түсуіне, өзінің жекелеген білім траекториясын құруына мүмкіндік беретіндей болуы тиіс).

2) ол бағдарламаларды ЖОО, ата-аналармен және жұртшылықпен келісіп жасау керек;

3) 9-сынып оқушыларына бейін алды оқытудың бағдарламасын түсіндіру қажет, сонда олар негізделген бейінді оқытуды таңдап алады;

4) бейінді оқытудың бағдарламасын меңгерту бойынша эксперимент өткізу;

5) бейінді оқытуды іске асыруға крісу.

Елдімекендегі мектептер санының типтік ахуалы.

Біздің еліміз үшін мына ахуалдар типтік болып саналады:

А. Бір елдімекенге таяу жерде бірнеше ірі мектептер болады.

В.бір елдімекенде бір ірі немесе бірнеше шағын мектептер болады.

С. Бір елдімекенде бір мектеп болады.

Д. Бір елдімекенде бір шағын, бір толық емес мектеп болады.

Осындай мектептер саны төрт типті болады. Мұнда жалпы орта білім беру жүзеге асырылады.

Бейінді оқытуды ұйымдастырудың негізгі моделі.

Ауыл мектептерінде бейінді оқытудың төрт түрлі моделін айтуға болады: екі мектепаралық және екі мектепішілік [35].

1.Мектепаралық бейінді оқытуды бірнеше мектепке таратып бір бейінді етуге болады. Ондай жағдайда бейінді еместі тереңдетіп оқытуға болады.

2. Бейінді оқытуды мектепаралық етіп бөлгенде мектеп екі не одан да көп бейінді болады. Бұл мектеп саны аз болғанда мүмкін болады. Көп бейінді мектеп ауыл үшін ресурстық орталық міндетін атқарады. Ондай жағдайда бейінді сыныптар сол мектепте болады.

3. Бір мектептің ішінде бейінді оқытуды сыныптарға бөлу . Мұндай мектеп көп бейінді деп аталады. Бейінді емес сыныптарда тереңдетіп оқыту көзделмейді.

4. Әр жастағы балаларды топқа бөлу әр жастағы оқу тобын құруға мүмкіндік (9-11 сыныптар) береді [36].
Бейінді оқытуды психологиялық сүйемелдеу

Бейіндік сыныптар шеңберінде оқитын оқушылардың әлеуметтік жағдайын ата-ана және мұғалім бейнесіндегі қоғам балаға кәсібилену, бір бағытқа бет бұру, сонымен бірге әмбебап білім алу, тұлғалық сапа мен кең ой-өріс сияқты бірқатар қасиеттерге ие болуды талап ете отырып қалыптастырады. Әлеуметтік жағдай өз қатарластарымен қарым-қатынас жасауға бағытталған жасөспірім кезеңнің әлі қайтпаған мотивтерінің сақталуымен толықтырылады. Бұл жағдайлар қызмет түрлерін туындатады (жеделдетілген оқу және ерекше әуесқойлық). «Хобби-реакцилардан» олардың айырмашылығы оқушы түсінігінде олардың кәсіптілігімен байланысқан, оның өз қатарластарымен тығыз қарым-қатынас жасауын қамтамасыз етуінде, өз әуестігін қоғамдық маңызды іске асыруға ұмтылуында. Көбінесе жеке әуесқойлық әмбебап сипат алады. Компьютермен немесе жеке оқу пәндерімен әуестену маңызды болып табылады – бұлар түрлі мамандықтарды іске асыру құралы. Осындай айрықша әуестенушілік барлық белгілері бойынша жетекші қызметпен ұқсас болып келеді. Жаңа жас кезеңі үшін бұл жетекші қызмет жаңа ойдың қалыптасуына, мысалы, псевдокәсіби дүниетаным, яғни өзін ересек сезінетін кезең басталады, бұл кез қызмет мен айрықша әуесқойлық ішінде пайда болады [37].

Псевдокәсіби дүниетаным ойлаудың, уайымдаудың және өзін-өзі ұстау сияқты стереотиптердің жиынтығынан тұрады, ал мұндай мінез-құлық қасиеті белгілі бір саланың мамандарына тән. Осындай дүниетаным ерекше байқалады және жасөспірімнің тұлғалық қалыптасу орталығына айналады.

Бейінді оқытуды психологиялық қолдау үш міндетті алға тартады: 1) оқушы дамуындағы мүмкін болатын тұрақсыздыққа мониторинг жасау және уақтылы алдын алу; 2) оқушының терең кәсіптік бейімделуі; 3) бейіндік сыныптарға оқушыларды іріктеу кезінде психологиялық диагностика жасау.

Осы міндеттердің әрқайсысын қысқаша сипаттап өтейік. Арнайы түзетусіз бейінді оқыту біржақты психикалық дамуға әкеп соқтыруы мүмкін. Осындай жағымсыз әсерлерді болдырмас үшін, бейінді оқыту кезінде жүйелі түрде оқушының дамуын қадағалап отыру қажет. Тәжірибе жүзінде осы мақсаттарға жету үшін интеллект тесті мен жетістікке жету тестін пайдаланады. Интеллект тесті әртүрлі интуитивті таңдалған мазмұн негізінде логикалық операциялардың даму деңгейін өлшеуне бағытталған. Жетістікке жету тесті оқушының логикалық операция дамуының деңгейіне қарамастан, нақты білімін және дағдысын бағалауға мүмкіндік береді. Кәсіптік бейімдеу жұмысы тек психологиялық қызмет міндеті ғана емес, сонымен бірге оқу үдерісінің әмбебап құрамдас бөлігі болуы тиіс. Кәсіптік бейімдеу жұмысы оқушының тұлғалық белсенділігі дамуына, сыни емес тұрғыда меңгерілген ересек кәсіптік жоспарлар мен бағаларды қайтажасауға бағыттау қажет [38].

Оң кәсіптік уәждеме қандай да бір қызмет саласына оқушының кәсіптік қызығушылығымен анықталатыны белгілі. Бұл жерде қабілеттіліктер екінші кезекке қалады, себебі әсер ететін мамандықтардың басым көпшілігі үміткерлерден кәсіби жарамдылықты ғана талап етеді, жеткілікті мөлшердегі уәждеме жасалған жағдайда қажетті кәсіптік маңызды сапалар қызметтің жеке стилінің қалыптасуынан келіп туындайды.

Осылайшы, психологиялық қолдаудағы анықтауыш бөлігі дегеніміз оқушының мүмкін болатын кәсіптік қызығушылық танытқан және таңдаған саласына диагностика жасау арқылы анықтау болып табылады.
6 Бейіндік сыныптарда білім алатындардың педагогикалық кадрларының деңгейіне қойылатын талаптар
Қазіргі кездегі білім беру жүйесінің ерекшелігі сонда, ол оқушыны тек қана біліммен қаруландыруға ғана қабілетті болып қоймай, сонымен қатар өздігінен үздіксіз және шығармашылық тәсіл арқылы жаңа білім алуға деген құштарлықты қалыптастыру, өздігінен білімін жетілдіруде біліктілігі мен дағдыларын шыңдауға жағдай жасау. Білімді жетілдірудің басты нәтижесі ретінде мектеп бітірушілердің, жастардың өз амандығы үшін де, қоғамның амандығы үшін де жеке жауапкершілікті көтеруге дайын болуы мен қабілеттілігі қарастырылады.

Бейінді оқытудың жемістілігінің басты және негізгі шартының бірі, жалпы білім беру жүйесін жетілдірудің артықшылық бағыты ретінде мұғалімдердің кәсіби құзіреттілігін арттыру болып саналады.

Бейінді мектепке жаңа кәсіби сана-сезімді мұғалімдер қажет, тәжірибеде:

- білім беру үдерісін нұсқалық және тұлғалық бағыттылығын;

- білім беруді тәжірибелік әрекетке бағыттаушы;

- оқушылардың кәсіби өзіндік таңдауын аяқтауын қамтамасыз ететін мұғалімдер қажет.

Бейінді мектептің мұғалімі оқушылардың жобалау, іздеу-зерттеу әрекеттерін ұйымдастырудың әдістерін меңгеруі тиіс. Мұғалімдердің кәсіби қиыншылықтарын оқып-білу, дәл қазіргі уақытта жоғары мектепте бейінді оқытуды енгізу мұғалімнің өз қызметінің сапалы өзгеріске ұшырауына дайындығына байланысты екендігі жайлы қорытынды шығарылды. Оларға:

1) пәннің бейінді және базалық деңгейіндегі мазмұнын меңгеру;

2) сабақтың барысында және сабақтан тыс уақытта әрекеттің әр түрлі тәсілдерін қолдану: оқушылардың зерттеушілік және жобалық жұмыстары, танымдық әрекетті ұйымдастырудың топтық және жеке түрлері;

3) мектепішілік бағалау жүйесінің өзгеруі, бағаны жинақтау технологиясын меңгеру;

4) элективті курстардың сабақтарын ұйымдастыру әдістерін меңгеру;

5) оқудағы құзіреттілік көзқарастың мәнін түсіну. Басқа сөзбен айтқанда, мұғалім әрдайым өз білімін жетілдіріп отыруы, жаңа технологияларды (сонымен қатар компьютерлікті де) және жұмыстың әдістерін меңгеруі тиіс.

Бейіндік оқытуды енгізудің бір шарты - бейіндік мектепте қызмет ететін педагог мамандарды дайындау, біліктілігін жоғарылату және қайта даярлау.

Бейіндік мектептің мұғалімі тек жоғары деңгейдегі маман, бейінге сәйкес және өз қызметінің маманы болып қана қоймай, мыналарды қамтамасыз етуі тиіс:



  • білім беру үдерісінің вариативтілігі мен жеке тұлғаға бағдарлануын (жеке білім алу траекториясын жобалау);

  • білім беру үдерісіне интерактивтік, қызметтік компоненттерді енгізе отырып, практикалық бағдарын қамтамасыз ету (жоба-зерттеушілік және коммуникативтік әдістерді игеру);

  • жоғары сынып оқушыларының бейіндік еректенуінің аяқталуын және олардың таңдаған кәсіби саласы бойынша білім алуына қажетті қабілеті мен құзыреттері қалыптасуын.

Мұғалімге қойылатын жаңа талаптар бейіндік оқытуға көшу жағдайында педагогикалық білім берудің әрі қарай жалғасуын және қызметте жүрген педагог мамандардың біліктілігін жоғарылатудың қажет әрі талап екенін дәлелдейді.

Жуық арадағы жылдарда бейіндік мектептегі оқытушылық жұмыстың негізгі көлемін қазіргі қызметттегі педагогтердің корпусы атқаратын болады. Осымен де байланысты, мұғалімдердің кәсіби дайындығының керекті деңгейін қамтамасыз ету үшін, бейіндік мектепте жұмыс жасауға ниет білдірген арлық мұғалімдерге арналған қайта даярлау немесе біліктілікті жоғарылатудан өтіп, арнайы куәлік (сертификат) алу міндеттеледі.

Педагогтерді дайындаудан басқа тағы да бір маңызды мінде бой көтеріп отыр, ол – бейіндік оқытуға кезеңмен көшу.

Бейіндік оқытуды енгізуді жоспарлау барысында назарда болатын маңызды тетік – білім беру мазмұнын жаңартуға және оны қамтамасыз етуге (стандарттар, оқуқұралдары, үлгі бағдарламалар, оқулықтар мен әдістемелік құралда, мамандарды қайта даярлау т.б.) дайындық жұмыстарының айқын қажеттілік танытуы.

Бейіндік оқытуды енгізудің алдын ала кезеңі – мектептің негізгі басқышыныда бейіналды оқытуға көшу. Білім беруді басқару органдарының қолдауымен мұғалімдер мен басшылардың біліктілігін жетілдіруді ұйымдастыру керек, мектепті бейіндік оқыту талаптарына жауап беретін оқу құралдарымен, керек тұста оқулықтармен қамтамасыз ету.

Бейіндік оқытуды енгізер алдында жалпы білім беру ұйымдарында оқушылардың бейіндік оқытуды таңдауы бойынша қомақты жұмыстар атқарылуы керек (сауалнама жүргізу, ата-аналармен әңгімелесу т.б.).

Осылармен бір қатарда бейіналды сынып түлектерін бейіндік мектептерге (сыныптарға, топтарға) қабылдаумен байланысты іс-шаралар жүргізіліп жатады. Түрлі деңгейдегі білім беруді басқарушы органдар білім беру ұйымдарының бір-бірімен желілік өзара байланыста жұмыс істеуіне мұрындық болып, ұсыныстар беруі керек. Мұндай жұмыстардың нәтижесінде жоғары сынып оқушылары бейіндік деңгейде, бейіндік емес (жалпы білім беретін) мектептерде, сыныптарда, топтарда толыққанды орта білім алу мүмкіндігіне ие бола алады.

Келесі кезеңде жұмыс жаңа замандағы оқу әдебиеттерін жасаумен, базалық оқу жоспарын нақтылаумен, бейіндердің үлгілік оқу жоспарларын әзірлеу мен қабылдаумен, жыл сайынғы сәйкес аймақтық бағдарламалар негізінде бейіндік оқытуға көшетін мектептер мен оқушылардың саныны көбейтілуімен жалғастырылады.

Мектептің бейіналды дайындауға көшуі - маңызды міндеттердің бірі болып табылады.

Жоғары басқыштың бейінділігі идеясының жүзеге асырылуы негізгі басқыш түлегін жауапкершілігі жоғары таңдау жасау қажеттілігіне алып келеді – өзінің болашақ мамандығын таңдаудың тірегі болып табылатын бейіндік бағыт алдындағы оқушының еректенуі басталады.

Бейіналды дайындықты таңдау курстары арқылы енгізу - білім кеңістігін құрудың қажетті шарттары ретінде танылады. Таңдау курстарының басты қызметі - кәсіби бағдар беру.

Осымен де байланысты, мұндай курстардың саны, мүмкіндігінше, мол болғаны дұрыс. Ол курстар қысқамерзімді және алмаспалы болып келуі және оқу модульдері түрінде жинақталып берілуі керек.

Одан әрі негзгі басқыш түлегінің аттестациялануы мен олардың мектептің жоғарғы бейіндік сатысына түсуін ұйымдастыруы туралы мәселе қойылады. Қазіргі бар тәжірибеге сүйенетін болсақ, білім алуды нақты жалпы білім беру ұйымдарының жоғары сыныптарында (лицей, гимназия) жалғастырудың бейіндік сыныптардан гөрі көп екенін көреміз. Бейіндік оқытуға көшу жағдайында өзекті болуы мүмкін конкурстық іріктеу жағдаяты туындауы мүмкін. Сондықтан мұндай конкурстық іріктеудің ашық жариялы өткізілу жайы туралы мәселені шешу керек.

Атап өтетін мәселе, жекелеген жалпы білім беру ұйымдарының жоғары сныптарына конкурстық іріктеу әр баланың жалпы білім алуға деген бекітілген құқығына қайшы келмейді.

Осымен байланысты, мектептің негізгі басқышы түлектерінің қорытынды аттестациясымен қатар, оқушылардың белгілі бір бейін бойынша білімін жалғастыруға дайындық деңгейін айқын бағалаудың белгілі бір формасын анықтау керек. Сонымен бірге бейіндік мектепке конкурстқы іріктеудің рационалды және жариялы ашық тетіктерін жаппай тәжірибеге енгізетін негіздемелерді жасау қажет.

Бұл ретте маңызды орын жинақтау бағасын (портфолио – «жетістіктер портфолиосы») енгізуге беріледі, онда оқушының түрлі жобаларды орындаудағы, реферат жазу, шығармашылық жұмыстар орындаудағы, таңдау курстары бойынша қолл жеткізген нәтижелерінің жетістіктері белгіленіп отырады.

Облыстық білім беруді басқармалары қол жеткізуге ұмтылған әрбір оқушының жалпы білім алу мүмкіндігін қамтамасыз етуі тиіс.

Қазіргі заманның бейіндік мектебі тек қажетті мамандар болғанда ғана аяғына тік тұрып кете алады. Ондай мамандар бейіндік пәндерді жүзеге асырып, оқыту барысын негізсіз ұсақ бөлшектенген оқу материалдарымен ауырлатпайды, және де бейіндік емес курстарды оқытуға қойылатын талаптарды күрделендірмейді.



Бейіндік сыныптарда жұмыс істейтін мұғалімдер мыналарды айқын есте тұтулары тиіс:

  • бейіндік сыныптардағы білім мазмұнын өзгерту;

  • білім беру технологияларын өзгерту;

  • бейіндік оқытуды нормативтік тұрғыдан қамтамасыз ету;

  • оқу-әдістемелік қамтамасыз ету;

  • оқушылардың бейіндік дайындығын бағалау критерийлерін анықтау.

Жоғары сынып оқушыларын бейіндік оқытатын педагог мамандардың дайындығы мәселелісн шешуде жоғары педагогикалық білім беретін ұйымдар мен педагог мамандарды қайта даярлау жүйесіне ерекше орын беріледі.

Бейіндік мектеп мұғалімінің алдына қойылатын жаңа міндеттер оның барлық күш-қуатын бойына жинап, педагогикалық еңбек еткен жылдарда жинақтаған білімін, білігін жайып шығара алатын болуы керек.

Бүгінгі күні бейіналды және бейіндік оқыту енгізіліп жатқан облыстарда оны жүзеге асырып жатқан педагогтердің алдында қалыпты бір қиындықтар туындап жатыр. Ол қиындықтарды атап айтатын болсақ:


  • мұғалімдердің бейіндік оқытудың енгізудің нормативтік-құқықтық базасын білмеу, мақсаты мен міндеттерін айқын түйсінбеуі;

  • бейіналды және бейіндік оқытудың арасындағы мақсат пен міндеттерінің, жүзеге асырылуының айырмашылықтарын түсінбеуі;

  • бейіндік білім берудіңмазмұнын, оны оқу-дидактикалық және әдістемелік қамтамасыз етудің жолдарын толық білмеуі;

  • жобалау біліктерін меңгермеуі: мұғалімдер базалық, бейіндік не элективтік курстарды жобалай білмейді, белгіленген курстардың мақсатын айқындай алмайды, ол курстардың мазмұнын әзірлей алмайды;

  • мұғалімдердің психологиялық білімдерінің таяз болуы; сөйтіп оқушылардың еректену, өзін таныту және ойлағынын іске асыру, ішкі «Мен-бейнесін» қалыптастыру барысын сауаттылықпен ұйымдастыра білмеуі;

  • қолжетімді диагностиканыі әдістемесі мен жүргізу жолын білмеуі;

  • озық педагогикалық технологияларды және оларды білім беру үдерісінде өз орнымен қолдана білмеуі;

  • оқытудың белсенді әдістерінің қорыжеткіліксіз білуі, оның ішінде базистік оқу жоспарында көрсетілген жоба әдісі, ізденім-зерттеу әдісі, оқу тәжірибесі бар;

  • компьютерлік сауаттылығының төмен болуы, сөйтіп оқыту барысында ақпараттық, мультимедиалық, ғаламторды және интерактивтік әдістерді қолдану мүмкіндігінің шектелуі; ал оқушылардың өз бетімен білім алуын қалыптастыру мүмкіндіктерін пайдалана алмауы т.б.

Бұл тұста бейіндік мектепте жұмыс жасауы тиіс болашақ мұғалімдерді даярлайтын педагогикалық ЖОО-ң орны аса үлкен. Жоғары сынып оқушыларына бейіналды және бейіндік оқытудың мақсаты мен міндеттерін, негізгі модельдері мен құралдарын танытатын таңдау курстарын енгізу ғана қажет емес. Осымен қатар, жоғарыда көрсетілген мәселелерді кең танытатын психология, педагогика, жекелеген пәнді оқыту әдістемесінің базалық курстарын қайта құру мәселе де аса маңызды болып табылады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет