13. Алаш автономиясы құрылуының тарихи және саяси маңызы


  1937-1944жж.Қазақстанға депортацияланған халықтар



Pdf көрінісі
бет10/13
Дата30.04.2024
өлшемі196.25 Kb.
#500143
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13
13-27 тарих

23. 
1937-1944жж.Қазақстанға депортацияланған халықтар. 
Депортация соғыстың алдындағы жылдары басталды. Кеңес Одағының 
авторитарлық билігі өзі «сенімсіз» деп тапқан халықтарды атамекендерінен 
айырып, күштеп көшірді. Осылайша, 1936 жылы поляктар мен немістерді жаппай 
депортациялау басталды, ал 1937 жылы Қиыр Шығыс аудандарынан кәрістер 
көшірілді. Дәл осы кезде Қазақстанға күрділер, армяндар мен түріктер жер 


аударылды. 1943-1944 жылдары Қазақстанға Солтүстік Кавказ халықтарының 
өкілдері: қалмақтар, балқарлар, шешендер, ингуштер, қарашайлар мен түрік 
месхеттері келді. Әбден жүдеп, сағы сынған хылықтарды мұнда аштық пен 
репрессиядан аман қалған жұрт қарсы алды. Жергілікті халық жер 
аударылғандарға түсіністікпен қарап, қолдан келгенше көмек көрсетті. Қиын-
қыстау кезеңде тамағын бөлісіп, баспанасын берген ағайынды өзге ұлттар 
ешқашан ұмытпақ емес.саяси мүдде негізіндегі 1934-1944 жылдары 
көшірілгендерді «еңбек қоныстарындағылар» деп атады. 1944 жылдан бастап 
«арнайы қоныс аударылғандар» деген атау қолданылды. Жоғарыда аталған 
күштеп жүргізілген депортациялардың ішінде мерзімі жағынан большевиктік 
әлеуметтік-таптық геноцид бірінші болып жүзеге асырылды. Кубань казактары, 
зиялылар, діни адамдар алғашқы большевиктік тәжірибенің құрбанына айналды. 
Одан кейін кулақтар мен байларды тап ретінде жою басталды. 
Қазақстандағы байларды тәркілеу барысында шамамен 5500 отбасы сыртқа 
көшірілсе, Қазақстанға Орта және Төменгі Еділ бойы, Мәскеу облыстары, 
Солтүстік Кавказ өңірінен 1932-1933 жылдары мыңдаған адам жер 
аударылдыКулак деп аталған миллиондаған шаруаның көзін құртқан 
этнодемографиялық дағдарыс КСРО халықтарына зор зиянын тигізді. Олар 
арнайы комендатураларда есепте тұрды. ГУЛАГ қызметі жүйесіне күшпен 
тартылды,1936 жылы КСРО ХКК құпия қаулыларының негізінде Батыс 
Украинадан Қазақ АКСР-не 15 мың поляк пен неміс шаруаларын көшіріп, 
қоныстандыру басталды. Олардың көп бөлігі Солтүстік Қазақстанға, қалғаны 
Оңтүстік Қазақстан облыстарына орналастырылды1945 жылға карай 
Қазақстанға көшірілген шешендер мен ингуштардың жалпы саны 406,3 мың адамға 
жетті.1944 жылы Орталық Азия мен Қазақстанға Грузиядағы күрдтердің екінші 
толқыны, 1948-1950 жылдары үшінші толқыны күштеп көшірілді. Екінші 
дүниежүзілік соғыс аяқталғаннан кейін майданнан қайтқан майдангер-күрдтер 
туғандарын таба алмай әуре-сарсаңға түсті. Олардың өздері 50 жылдардың 
соңына дейін арнайы қоныстардағы НКВД органдарына айына 2 рет барып 


белгіленіп тұруға міндетті болды. 1943 жылғы 28 қазандағы бұйрық негізінде 
Қалмақ АКСР-інен 2,2 мың адам Қызылорда облысына көшірілді. 1944 жылы 
Берияның бұйрығымен Қырымды «кеңестерге қарсы элементтерден» тазарту 
үшін 2000 жүк машинасы әзірленді. 1944 жылы мамырда 50 эшелонға тиелген 
татар ұлты өкілдері түгелдей Қырым АКСР-інен қуылды. Депортация барысында 
Қазақстанға 4501 татар, 7 мың болгар мен грек әкелінді. Депортацияға ілінген 
месхеттік түріктер Грузияның оңтүстік-батыс аудандарынан 1944 жылы 
қарашада Қазақстанға әкелінді. Жалпы 1943-1944 жылдары Қазақ КСР-іне 109,3 
мың отбасы арнайы қоныстандырылды.Жергілікті қазақ халқының үлес салмағы 
1939 жылмен салыстырғанда 38%-дан 30%-ға дейін кеміп кетті. Тіптен кейбір 
аймақтарда қазақтардың үлес салмағы 2 есеге азайды. 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет