13. Глоссарий үйрену – зерттеу немесе нұсқаушының білім, дағды және тәжірибе жинау үрдісі. Дамыту



бет1/5
Дата21.02.2024
өлшемі18.92 Kb.
#492614
  1   2   3   4   5
Глоссарий (2)


13.ГЛОССАРИЙ
Үйрену – зерттеу немесе нұсқаушының білім, дағды және тәжірибе жинау үрдісі.
Дамыту – жеке адамда саналы және бейсаналы үйрену мүмкіндіктерін кеңейту және икемдіктерінің өсуі.
Психологиялық тренингтің ең маңызды мәселесі — өзінің жек даралық қасиеттері арқылы тұлғаның өзін-өзі ашуына көмек береді.
Әдіс — психологиялық зерттеушілердің әдіснамалық негіздері. Топ психологиясының әдістерін сипаттау. Оларға қойылатын талаптар. Топ психологиясындағы сараптау, (эксперимент) оның түрлері. Психологиялық эксперименттің құрылымы.
Салыстыру әдісі: әртүрлі құбылыстар мен объектілерді салыстыруға мүмкіндік береді.
Лонгитюдты әдіс — белгілі бір уақыт аралығындағы құбылыстар мен объектілерді неше қайтара зерттеуге мүмкіндік береді.
Комплексті (кешенді) әдіс — әр ғылым салаларының әдістер жиынтығын қолдану.
Эмпирикалық әдіс —  бақылау; әңгімелесу; эксперимент; тестілеу жатады.
Бақылау – срез (аралық) оның мерзімі; таңдаулылығы; тұтастылығын қарастырады.
Әңгімелесу – анкеттеу; интервью; сұрақнама; сұхбат.
Эксперимент - лабораториялық және табиғи болып екіге бөлінеді.
Агрессия- (лат. аggressio – шабуыл жасау) – физикалық немесе психологиялық зиян немесе нұқсан келтіруге, басқа адамды немесе адамдар тобын жоюға бағытталған мінез құлық, әрекет. Агрессия көп жағдайда субъектінің фрустрацияға жауап әрекеті ретінде көрініп, ашу — ыза, өшпенділік, жек көру және т.б. эмоциялық ахуал сипатына көшеді.
Адамгершілік – адамдардың күнделікті қарым-қатынасына қатысты гуманизм принциптерін бейнелейтін моральдық қасиет. Адамдарға деген ізгі ниеттілік, құрмет, жанашырлық пен сенім, кең пейілділік, басқалардың мүддесі үшін жан аямаушылық сияқты жеке қасиеттерді қамтиды, сондай-ақ кішіпейілділік, адалдық, шыншылдық та адамгершілікке жатады.
Антипатия (грек. аntipathia: anti – жауластық мағынасын беретін қосымша және pathos — сезім) – жақтырмау, біреуді немесе бірдемені суқаны сүймеу сезімі. Ұнатуға қарама – қарсы мәндегі сезім атауы. Психологияда бұл терминді алғаш енгізген Я.Л.Морено.
Апатия (грек. аpatheia — қызықпаушылық) – енжарлық, селқостық, сылбырлық, көңілдің еш нәрсеге соқпауы, ұнжырғаның түсуі. Өмірге немқұрайды қараудан, сезімнің топастанып, көмескіленуінен болады.
Аффект (лат. affectus – жан толқынысы, құмарлық) – адамның көңіл күйінің кенеттен өзгеріп, зор қарқынмен сыртқа тебуі (долдану, үрейі ұшу, торығу, т.б.).


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет