13. Глоссарий үйрену – зерттеу немесе нұсқаушының білім, дағды және тәжірибе жинау үрдісі. Дамыту



бет2/5
Дата21.02.2024
өлшемі18.92 Kb.
#492614
1   2   3   4   5
Глоссарий (2)

Әлеуметтік психология – адамдардың әлеуметтік топтарға қосылуынан туындаған мінез құлық және қарекет заңдылықтарын, сондай-ақ осы топтардың өздерінің психологиялық сипаттамаларын зерттейтін психология саласы.
Бейімделу (адаптация; лат. adaptatio — бейімделу) – организмнің сыртқы ортаның әр түрлі жағдайына бейімделу қабілеттілігі. Бейімделу негізіне ішкі ортасының (гомеостаз деп аталатын) тұрақтылығын сақтауға бағытталған организм реакциясы жатады.
Жауыздық – қоғам және жеке адам өміріндегі барлық теріс қасиеттерді көрсететін әдеп санаты. \Жеккөрушілік* – адамның өз қажетсінулеріне, сенімдеріне, құндылықтарына қайшы келетін құбылыстарға бағытталған орнықты белсенді жақтырмау сезімі.
Зорлық (насилие) — өзінің материалдық немесе рухани мүддесін заңға және моральдық қалыптарға сыймайтын жолдармен қанағаттандыру бағытында жасалатын әрекет немесе әрекеттердің жиынтығы.
Интроверсия (лат. intro – ішке, ішіне және versio — өзгеріс) – ішке үңілу. Тұлға теориясында әлеуметтік қарым-қатынастан қашып, өз ойымен өзі болуға ұмтылушылықты белгілеуге қолданылады.
Пессимизм(лат. pessimus – ең жаман) – дүниенің игілігіне, болашаққа сенбеу. Ең бірінші неміс философы А.Шопенгауэр (1788-1860) өзінің ілімін пессимизм деп атады.
Рефлексия (лат. reflexio – бейнелеп көрсету) – субъектінің психикалық актылар мен күйлерді өзінше талдау және тану процесі.
Эмоция (франц. emation, лат. enoveo — толғану) – адам мен жануарлардың сыртқы және ішкі тітіркендіргіштер әсеріне реакциясы; қоршаған ортамен қарым – қатынас негізінде пайда болатын көңіл – күй. \Эмпатия* (лат. empatheia — әсерлену) — өзге адамдардың жан дүниесінің сыры мен күй – жайын білу қабілеттілігі және оған жанашырлық білдіру. Эмпатияны алғаш американдық психолог Э.Титченер ашып көрсетті.
Әлеуметтік қызығушылық. Жеке мақсат үшін емес қоғам игілігі үшін өзгелерге деген қатынас пен ынтымақтастық түрінде көрінетін адамзатқа қатысты алынған эмпатия сезімі А.Адлер бойынша әлеуметтік қызығушылық психикалық критериі болып табылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет