13 Лекция. Сүтқоректілер немесе аңдар (Mammalia, seu Theria) класы



бет2/8
Дата26.05.2022
өлшемі41.21 Kb.
#458665
түріЛекция
1   2   3   4   5   6   7   8
13 Ëåêöèÿ. Ñ?ò?îðåêò³ëåð íåìåñå à?äàð (Mammalia, seu Theria) êëà

Қарынның құрылысы сүтқоректілерде түрліше. Жыртқыштарда, кеміргіштерде, қояндарда қарын 1 ғана бөлімнен тұрса, күйіс қайыратындарда 4 бөлімнен тұрады: 1-үлкен не таз қарын, 2-жұмыршақ, 3-қатпаршақ не жалбыршақ, 4-ұлтабар не безді қарын.
Ұлтабар не безді қарын нағыз қарын бөлімі, ал қалғандары карыналды бөлімі деп саналады. Күйісқайыратындар қорегін жұта береді. Қорек үлкен қарында сілекей және бактериялардың әсерінен ашып, қарынның перистальтикалық қозғалысы арқасында жұмыршаққа түседі, одан өңештің бұлшық етінің кері қозғалуы нәтижесінде ауыз қуысына қайта түседі, сілекеймен шыланып, үгітіліп, жаншылып, өңештің жалбыршақпен байланысатын саңылауы арқылы жалбыршаққа, одан ұлтабарға барады.
Тыныс алу жүйесі күрделі құрылысты. Ол тыныстану жолынан және өкпеден тұрады. Тыныстану жолы сыртқы танау тесігінен – ішкі мұрын тесігі (хоана) – көмекей – кеңірдектен тұрады. Көмекей бірнеше шеміршектерден – оймақтәрізді, ожаутәрізді шеміршектерден тұрады. Қалқаншатәрізді шеміршектің үстін көмекейүсті шеміршек жауып тұрады. Оның атқаратын қызметі – қорегін жұтқан кезде жұтқыншақты жауып тұру. Дыбыс сіңірлері қалқанша және ожаутәрізді шеміршектердің арасында орналасқан.
Көмекей сақинатәрізді шеміршектерден тұратын кеңірдек арқылы өкпемен байланысқан жерде кеңірдек 2-ге тарамдалады, оны қолқа (аорта) деп атайды. Қолқа өкпеге енген жерде бірнеше тарамдалып бронхиольдарға, олар альвеолаларға жалғасады. Тыныс алу механизмі қабырғааралық бұлшық еттер мен диафрагманың көмегімен жүзеге асады.
Қантасымалдау жүйесі – орталығы жүрек. Ол құстардағыдай 4 камералы, 2 қанайналу шеңбері бар. Ұқсас. Айырмашылығы - сүтқоректілердің жүрегінің сол қарыншасынан сол жақ аорта доғасы шығады. Бүйрек қақпа венасы болмайды. Басқалары (артериальдық және веноздық жүйелері) құстарға ұқсас.
Ыдырау өнімдерін шығару жүйесі - ересектерінде мықын бүйрек не метанефрос, ал эмбриондық даму кезінде дене бүйрек не мезонефрос. Омыртқа жотасының екі жағында орналасқан асбұршақтәрізді бүйрек 2 қабаттан: сыртқы – қыртыс, ішкі – ми қабатынан тұрады. Сыртқы қабатта Боумен капсуласымен бітетін иірімді каналдар болады, олардың ішінде Мальпигий шумағы деп аталатын қантамырлары орналасады. Сүзіліп алғашқы несеп пайда болады. Ми қабатында тікелей несеп жинайтын түтіктер бар, ол бүйрек астаушасымен байланысады. Әрбір бүйректен жеке несепағар түтігі шығып, олар қуықпен жалғасады. Одан несеп шығару өзегі арқылы сыртқа шығарылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет