13 Лекция. Сүтқоректілер немесе аңдар (Mammalia, seu Theria) класы


Қолқанаттылар (Chiroptera) отряды



бет8/8
Дата26.05.2022
өлшемі41.21 Kb.
#458665
түріЛекция
1   2   3   4   5   6   7   8
13 Ëåêöèÿ. Ñ?ò?îðåêò³ëåð íåìåñå à?äàð (Mammalia, seu Theria) êëà

Қолқанаттылар (Chiroptera) отряды
Отряд екі жарты шар дың қоңыржай, субтропикалық және тропикалық облыстарыда кең тараған 2 отряд тармағы 17 тұқымдасқа жататын 1000-ға жуық түрді біріктірді. Қолқанаттылардың алға тегі насекомқоректілер болуы мүмкін. Ең ежелгі қалдығы Европа мен Солтүстік Американаың орта миоцен қабатынан белгілі. Дене тұрқы 3 см-ден 40см-ге жетеді.
Тері жамылғысы қалың. Күрделі құрылысты құлақ қалқанында терілі өсінді түймесі болады. Алдыңғы аяқтары қанатқа айналған. Тоқпан жілік, кəрі жілік саусақтар, дене бүйірлері, артқы аяқтары мен құйрығының арасында жұқа ұшу жарғағы тартылған. Бірінші саусағы қанатты түзуге қатыспайды, ол тырнақпен жабдықталған. Сан аралық жарғақтың бос шеті өкшеден шығатын шеміршекті немесе сұйектібатқымен ұсталып тұрады. Артқы аяқтарытізесі бойынша бүйіріне қарай бұрылған, саусақтары қысқарған жəне барлығы тырнақпен жабдықталған. Төс сүйегінде қыры болады. Сезім органдарынан есту жəне сезіну мүшелері жақсы жетілген. Көрук нашар. Эхолокацияға жақсы қабілетті, олар ультрадыбыстар, жиілігі 30 мыңнае 70 мың Гц, шығарады, бұл ультрадыбыстардың жаңғырған толқынын есту аппаратыменқабылдай алады, яғни өте сезгіш ультрадыбысты локаторға ие.
Қорегі - насекомдар, оларды ұшып жүріп аудайды. Қорек объектілері жемістер, нектар, сүтқоректілердің қаны бола алады. Əртүрлі ландшафтарда - орманда, далада, шөлде мекендеушілер. Ұшуы мəнерлі. Тропикада өте көп. Ымыртта жəне түнде белсенді. Артқы аяқтарымен ілініп, басын салбыратып жəне қанатын жинап, салбырап демалады
Таралу аймағының Солтүстік бөлігінде кейбір түрлері ұйқыға кетеді. Көптеген түрлері күндіз демалғандажəне ұйқыға кеткен кезде үлкен шоғыр құрайды. Тұқым бездері құрсақ қуысында орналасады, бірақ көбею кезінде уақытша ұмаға түседі. Аналықтарында бір жұп емшегі болады. Жатыры қарапайым, қос мүйізді. Бір, сирек 2 ұрпақ туады.
Крыландар отрядтармағы (Megachiroptera) Африка Австралия жəне Мұхит аралдарында мекендейтін бір Крыландар тұқымдасына (Pteropidae) жататын 146 түрді біріктіреді. Дене тұрқы 6 см-ден (ергежейлі крылан – Aethalops alecto) 40 см-ге (Калонг – Pteropus vampyrus) қанат құлашы 24 см-ден 170 см-ге жетеді. Көздері үлкендеу. Құлақ қалқаны ішкі шетімен түйіседі, түймесі жоқ. Кейбір түрлерінде еріндері жақсы жетілген. Көптеген түрлерінде алдыңғы аяқтың екінші саусағында тырнағы болады. Құрығы қысқа немесе мүлдем жоқ, тек ұзынқұйрық крыланда ғана (Notopteris macdonaldi) ол 6см -ге тең.
Қорегі – тропикалық өсімдіктердің жемістері, майда түрлері нектар жəне гүлдің тозаңымен қоректенеді. Дене температурасы 33-38℃ аралығында ауытқып тұрады. Тек үңгір крыландарында (Eonycteris) туысы эхолокацияның қарапайым формасы байқалған. Басқа крылантектестер көзі арқылы, иіс сезу жіəне сезіну арқылы бағдарлайды. Өкілдері: ұшар ит (Ronsettus arabicus), ұшар түлкі (R.giganteus), балғабас (Hypsignathus monstrosus) жəне басқалары
Жарқанаттар отрядтармaғы (Microchiroptera) екі жарты шардың қоңыржай, субтропикалық жəне тропикалық облыстарында тараған 70-ке жуық түрді біріктіреді. Дене тұрқы 4-16 см. Құлақ қалқаны түтүіспеген, көптеген түрлерінде түйме болады. Көздері өте кішкентай, күндізде, түнде де нашар көреді. Екінші саусағы тырнақсыз.
Тағатұмсықтар тұқымдасы (Rhirolophidae) Шығыс жарты шардың тропикалық жəне қоңыржай аймақтарында тараған 70-ке жуық түрді біріктіреді. Тұмсығының алдыңғы бөлімінде түк баспаған жапырақ пішінді ерекше тері өсіндклері болады. Құлақ қалқаны үлкен, жапырақтəрізді, түймесі жоқ. Қанаттары өте жалпақ. Жіңішке құйрығы санаралық жарғаққа қосылып кеткен. Ымыртта жəне түнде белсенді.
Қорегі - насекомдар. Танауы арқылы ультрадыбыстар шығарады. Жылына бір, сипекте болса 2 ұрпақ береді.
Қазақстанда 3 түрі кездеседі. Кіші Rhinolophus hipposideros, Бұқар тағатұмсықты Rhinolophus bocharicus, Үлкен Rhinolophus ferrumequinum
Вампилер тұқымдасы (Desmodontidae) Американың тропикалық жəне субтропикалық облыстарында тараған 3 түрді біріктіреді. Тұмсығы қысқа, танаулары тері өсінділерімен қоршалған. Құлақтарында кішкентай түймелері бар. Құйрығы жоқ. Ымыртта жəне түнде белсенді.
Логациялық дыбыстар əлсіз. Жылқықанды жануарларна шабуыл жасайды. Таза қанмен қоректенеді. Қанды жараланған жерден тілінің көмегімен сорады, бұл кезде ол түтік тəртəрі оралады. Вампирлердің сілекейлерінде антикоагулянтты ферменттер болады, олар қанның ұюына жол бермейді. Бір ұрпақ туады.
Кəдімгі жарқанаттар немесе жылтыртұмсықты жарқанаттар тұқымдасы (Vespertilionidae) Антрактидаданбасқа барлық матеріктерде тараған 298 түрді біріктіреді. Дене тұрқы 3-10 см, құйрығының ұзындығы 2-7 см. Құлағының үлкендігі орташа, түймесі жақсвы жетілген жəне пішіні алуан түрлі. Мұрын жапырақшалары əдетте жоқ.
Түтікмұрындылардың ( Murina туысы) танаулары түтіктəрізді. Жіңішке құйрығы тікелей санаралық жарғақпен тұтасып кеткен. Түрлердің басым көпшілігі насекомқоректілер, кейбіреулері балыққоректілер. Қоңыржай аймақтың көптеген түрлері күзде шағылысады, бірақ жұмыртқа клеткасының овуляциясы көктемде жүреді. Сонымен сперматозоидтар аналықтың жыныс жолдарында өміршеңдігін 6 - 7 ай бойы сақтай алады, бұл кезде жарқанаттар ұйқыға кетеді. Бір сиректе болса 2 ұрпақ туады. Жеке жəне жұп құрып, кейде үлкен шоғыр құрып тіршілік етеді. Қазақстанда 23 түрі кездеседі.
Иттұмсықты жарқанаттар тұқымдасы
Екі жарты шардың тропикалық жəне субтропикалық аймақтарында тараған 119 түрді біріктіреді. Дене тұрқы 4-13 см. Тұмсығы жалпақ ерекше ұшы шашақталған түктермен жабылған. Еріндері үлкен, үстіңгі ерні тік қатпарға жиырылған. Құлақтары жалпақ əрі қалың. Иттұмсықты жарқанаттар тұқымдасы екі жарты шардың тропикалық жəне субтропикалық аймақтарында тараған 119 түрді біріктіреді. Дене тұрқы 4-13 см. Тұмсығы жалпақ ерекше ұшы шашақталған түктермен жабылған. Еріндері үлкен, үстіңгі ерні тік қатпарға жиырылған. Құлақтары жалпақ əрі қалың. Бразилия жарқанаты (Tadaria brasiliensis), Жалаңаш иттұмсық (Cheiromeles torquatus)

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет