13 Лекция. Сүтқоректілер немесе аңдар (Mammalia, seu Theria) класы


Насекомқоректілер отряды - Insectivora



бет4/8
Дата26.05.2022
өлшемі41.21 Kb.
#458665
түріЛекция
1   2   3   4   5   6   7   8
13 Ëåêöèÿ. Ñ?ò?îðåêò³ëåð íåìåñå à?äàð (Mammalia, seu Theria) êëà

Насекомқоректілер отряды - Insectivora: Австралия, Гренландия мен Антарктикадан басқа жерлерге кең таралған 8 тұқымдастың 370-ге жуық түрі бар. Бұлар плаценталы сүтқоректілердің ішіндегі ең ежелгі және қарапайым тобы. Насекомқоректілердің Pantotheria-дан бөлінуі бордың басында болуы мүмкін. Қазба қалдықтары Солтүстік Американың бор қабатынан белгілі. Қазіргі насекомқоректілердің тегі басқа барлық плаценталы сүтқоректілердің бастамасы болып табылады.
Дене тұрқы 3,5 см-ден (ергежейлі ақтісті жертеселер) 44 см-ге (гимнура) жетеді. Денесі қалың масатыдай жұмсақ жүн басқан, кейбіреулерінде қатты қылтықтәрізді түктері немесе қысқа инелері болады. Тұмсығы әдетте кішірек, немесе мүлдем болмайды. Көздері кішкентай, кейде әр түрлі дәрежеде редукцияға ұшыраған.
Аяқтары 4 немесе 5 саусақты, барлығы тырнақпен қаруланған. Табан басып жүретіндер. Қарны қарапайым. Жатыры қосмүйізді. Емшегінің саны 2-12. Тұқым бездері құрсақ қуысында, тері астында немесе ұмада орналасады. Құрлықта, топырақ арасында, жартылай суда немесе ағашта тіршілік етеді. Көпшілігі түнде, кейбіреулер – тәулік бойы белсенді. Қорегі – насекомдар. Полигамдар. 6-дан 14-ке дейін ұрпақ береді, олар қызылшақа әрі соқыр болып туады. Формасы конус тәрізді тістері күрек тіс, шошақ тіс, азу тіс болып жеке жіктелмеген және олардың үстіңгі бетінде шайнау бұдыры болмайды. Бұлардың дене құрылысында және тіршілігінен ертеде болған сүтқоректілердің белгісі бар.
Насекомқоректілер отряды - Insectivora
Кірпілер (Erinaceidae) тұқымдасы;
Көртышқандар(Talpidae) тұқымдасы;
Жұпарлар (Desmanidae) тұқымдасы;
Тенректер (Tenrecidae) тұқымдасы;
Алтынтүсті көртышқандар (Chrysochloridae) тұқымдасы;
Ойықтістер (Solenodontidae) тұқымдасы;
Жертесерлер (Soricidae) тұқымдасы;
Секіргіштер (Macroscelididae) тұқымдасы.
Кірпілер (Erinaceidae) тұқымдасы - Африка мен Евразияда мекендейтін 15 түрді біріктіреді. Дене тұрқы 10 см-ден (жертесертәрізді кірпі –Neotetracus sinensis) 44 см-ге (гумнура-Echinosorex gumnurus) жетеді. Тұлғасы жіңішке және сирек түктермен жабылған, көптеген түрлерінде денесінің үстін және бүйірін бұларға қосымша қатты инелер жапқан. Тері астында ұзынша және сақиналы бұлшық еттер болады, олар жиырылғанда кірпілер домаланып қалады. Құлақ қалқандары мен көздері біршама жақсы дамыған. Насекомқоректілер және қорек талғамайтындар, 36-ға дейін тіс дамиды. Орманда, далады және шөлде мекендеушілер. Белсенділігі түнде басым, күндізгі формалары да бар. Жылдың суық кезеңдерінде кейбіреулері ұйқыға кетеді. Тұқым бездері құрсақ қуысында орналасқан. 1-ден 7-ге дейін ұрпақ әкеледі. Қазақстанда 3 түрі мекендейді. Құлақты кірпі (Hemichinus auratus), Қара кірпі (Hemichinus hypomelas)


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет