13 Лекция. Сүтқоректілер немесе аңдар (Mammalia, seu Theria) класы


Ергежейлі ақтісті жертесердің (Suncus etruscus)



бет7/8
Дата26.05.2022
өлшемі41.21 Kb.
#458665
түріЛекция
1   2   3   4   5   6   7   8
13 Ëåêöèÿ. Ñ?ò?îðåêò³ëåð íåìåñå à?äàð (Mammalia, seu Theria) êëà

Ергежейлі ақтісті жертесердің (Suncus etruscus) дене тұрқы 3,5 см, массасы 2 г. Жер бетіндегі сүтқоректілердің ең кішкентайы. Тері жамылғысы қалың әрі жұмсақ. Май және иіс бездері жақсы дамыған. Көздері кішкентай. Құлағы түрліше жетілген. Аяқтары бессаусақты. Саусақтарының арасында жүзу жарғағы бар немесе алақан-табандары қылтықты желбіршектермен жиектелген. Құйрығы түкпен, мүйізді қабыршақтармен жабылған.
Кәдімгі жертесер ( S. araneus). Орманды шалғынды аймақтарда және де өзен жайылмаларында кең тараған түр болып табылады.
Су жертесері (Neomys fodiens). Әдетте суқоймаларының жағалауларында мекендейді, жақсы жүзеді әрі сүңгейді.
Секіргіштер тұқымдасы (Macroscelididae)- Африканың тау ж\е шөлді ландшафтарында тіршілік ететін 14 түрді біріктіреді. Дене тұрқы 10 см –ден 32 см-ге жетеді. Пішіні қос аяқтарға ұқсас. Тері жамылғысы қалың әрі жұмсақ. Ұзын құйрығы қысқа түктермен жабылған. Көздері үлкен. Құлақ қалқандары да үлкен. Артқы аяқтары алдыңғысынан қарағанда біршама ұзын. Табанын басып жүретіндер н\е жартылай саусақпен жүретіндер. Күндіз белсенді.
Әртүрлі омыртқасыздармен, жидектермен, жемістермен ж\е т.б. қоректенеді. Секіргіштер құрлысы ж\е тіршілігінің көптеген ерекшеліктерімен насекомқоректілерден ажыратылады. Денесін түк басқан және көзі ашық 1-2 ірі ұрпақ туады. Туа салысымен белсенді жүруге қабілетті, бірақ қауіп төнгенде анасының емшегіне жармасады. Кейбір түрлерінің қанында безгек плазмодиясы – приматтардың адамды қоса, аурулары табылған. Қысқақұлақ ( Macroscelides prodoscideus), Жартас
(Elephantulus rupestris)
Жүнқанаттылар отряды (Dermoptera). Отряд Оңтүстік Шығыс Азияның тропикалық ормандарында мекендейтін 1 тұқымдастың 2 түрін біріктірді. Жүнқанаттылар насекомқоректілерден бөлінген. Ең ежелгі қалдығы Солтүстік американың плацента қабаты нан белгілі. Дене тұрқы 36-43 см, салмағын 1-1,7 кг. Тері жамылғысы қалың əрі жұмсақ. Кішкентай құлағы түксіз. Көздері үлкен қарашығы дөңгелек. Ұзын саусақты аяғы үшкір тырнақтармен жабдықталған. Алақан табандары жалпақ ж/е жалаңаш, сорғыш диск түзейді.
Түкпен жабылған жарғағы мойын, алдыңғы және артқы аяқтары мен құйрығын байланыстырады. Тілі өте үлкен. Азу тістері брахиодонттф типті. Астыңғы күрек тістері бұдырлы: əрі тістері 12 тісшелерге дейін болады.Бұғанасы бірінші қабырғамен байланысқан. Төс сүйегінің кішкентай қыры болады. Миы макросматикалық типі. Əрбір жарты шарда екі-екіден ұзынша сайлау болады. Ағашта тіршілік етеді. 60 см-ге дейін қалықтап ұшу ға қабілетті. Түнде белсенді. Ағаштың жапырақтары, жемістері және тұқымдары мен қоректенеді. Тұқым безі ұмада орналасады. Жатыры қос мүйізді. Бір, сирек екі жалаңаш және соқыр ұрпақ туады. Өкілдері: Филиппин жүнқанаты (Cynocephalus volanus), малай жүнқанаты (C.lemminckii)


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет