13 Лекция. Сүтқоректілер немесе аңдар (Mammalia, seu Theria) класы


Тенректер (Tenrecidae) тұқымдасы-



бет6/8
Дата26.05.2022
өлшемі41.21 Kb.
#458665
түріЛекция
1   2   3   4   5   6   7   8
13 Ëåêöèÿ. Ñ?ò?îðåêò³ëåð íåìåñå à?äàð (Mammalia, seu Theria) êëà

Тенректер (Tenrecidae) тұқымдасы- Мадагаскар мен Комор аралдарында бор кезеңіне бері мекендейтін 30-ға жуық түрді біріктіреді. Дене тұрқы 4 см-ден 39 см- ге, ал құйрығының ұзындығы 1см -ден 22см-ге дейін жетеді. Пішіні алуантүрлі. Тері жамылғысы жұмсақ немесе ірі қылтықты, немесе денесі инемен жабылған. Клоакасы бар. Әртүрлі ландшафтарда мекендейді. Құрлықта және жартылай суда тіршілік етеді. Ымыртта және түнде белсенді. Негізінен насекомкоректілер, бірақ шөптектес қоректермен де қоректенеді. Кейбір түрлері құрғақшылық кезеңде ұйқыға кетеді. 16-ға дейін ұрпақ береді. Өкілдері: Кәдімгі тенрек(Tenrec eucandatus), Кіші тенрек(Echinops telfairi), Ұзынқұйрықты тенрек( Microgala).
Алтынтүсті көртышқандар (Chrysochloridae) тұқымдасы - Африканың ормандары мен жазықтарында мекендейтін 20 түрді біріктіреді. Дене тұрқы 7 см-ден 23 см- ге жетеді. Көздері тері астында орналасқан. Құлақ қалқаны кішілеу. Аяқтары қысқа, алдыңғы аяғы ұзын әрі жалпақ қазғыш тырнақты. Топырақ арасында тіршілік етеді, құмдауыт жерлерді ұнатады. Алдыңғы аяқтарымен қазады, деседе бұл кезде тұмсығының алдыңғы жағын көп қолданады. Тәулік бойы белсенді.
Топырақ омыртқасыздарымен, жаңбырлы маусымда жер бетіне шығып құрлық омыртқасыздары және аяқсыз кесірткелермен қоректенеді.
Ойықтістер (Solenodontidae) тұқымдасы - Гаити мен Кубаның орманды және бұталы шіліктерінде мекендейтін 2 түр бірігеді. Дене тұрқы 30-35 см, салмағы 1 кг- дай. Гаити ойықтісінің (Solenodon paradoxus) тері жамылғысы қатты, ал Куба ойықтісінікі (S. cudanus) – майда және ұзын. Құйрығы мен алақан табаны- түксіз. Көздері кішкентай, құлағы үлкен емес. Алдыңғы аяқтары табанмен жүруге, саусақтары ұзын тырнақты, артқылары саусақпен жүруге бейімделген. Иіс бездері бар. Әртүрлі омыртқасыздармен, бақалармен, кесірткелермен қоректенеді. Өлексені де жейді. Бір ұрпақ туады.
Жертесерлер (Soricidae) тұқымдасы - Австралия, Оңтүстік Американың көп бөлігінде және Антарктидадан басқа материктерде мекендейтін 270-ге жуық түрді біріктіреді. Дене тұрқы 3,5 см-ден 18 см-ге, салмағы 2 г-н 150 г-ға жетеді. Әртүрлі ландшафтарда тундрадан бастап шөлді аймақтарға дейін және тропикалық орманды мекендеушілер. Кейбір түрлері жартылай суда тіршілік етеді. Тәулік бойы белсенді. Ұйқыға жатпайды. Әртүрлі омыртқасыздармен және олардың дернәсілдерімен қоректенеді. Тәулігінен өз салмағынан 1,5-2 есе артық азық жейді. Тұқым безі дене қуысында орналасқан. 6-10 емшегі болады. Жыл бойы бір екі мәрте көбейеді, әрқайсысында 4-14 ұрпақ әкеледі. Олар қызыл шақа әрі соқыр. Күзде жас жертесерлердің дене мөлшерінің кішірейтетіні және ми сауытының жалпақтанатыны байқалады. Сәуір басында ми сауыты ұлғаяды, мидың салмағымен көлемі өседі. Қазақстанда 13 түрі мекендейді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет