Сабақтың басы
6 мин
|
Ұйымдастыру кезеңі:
7-сынып материалын еске түсірейік!
1. Физикалық шамалар қандай түрге бөлінеді?
2. Векторлық шамаларға анықтама беріңіз. 3 векторлық шаманы атаңыз.
4 Скаляр шамаларға анықтама беріңіз. 5 скаляр шаманы атаңыз.
|
Сұрақтарға жауап береді. Сыныптастарының жауабын тыңдап, ұсыныстар айтады.
Векторлық шамалар: күш, жылдамдық, салмақ, үдеу
Скаляр шамалар: масса, уақыт, қысым, ұзындық
|
Дескиптор
Векторлық шамаларды және скаляр шамаларды ажырата алады
|
//www.flightradar24.com
Презентация
|
Сабақтың ортасы
15 мин
|
Вектор деп бағытталған кесіндіні айтады.
Кеңістіктегі кез келген нүкте нульдік вектор ретінде қарастырыла алады. Нөлдік вектордың басы мен аяғы сәйкес келеді. Нөлдік вектор деп белгіленеді.
Вектордың ұзындығы деп оның кесіндісінің ұзындығын айтады. Нөлдік вектордың ұзындығы нөлге тең.
Екі нөлдік емес векторлар бір түзу бойында немесе параллель түзулердің бойында жататын болса, бұндай векторлар коллинеар деп аталады.
|
Векторларға қолданылатын амалдар:
1. Вектордың скалярға көбейтіндісі.
2. Векторларды қосу:
Үшбұрыш ережесі.
Параллелограмм ережесі
Көпбұрыш ережесі
3. Векторларды азайту.
|
Дескриптор
Векторларды өз-өзіне параллель көшіреді;
Колленинеар емес векторлар үшін үшбұрыш, параллелограмм, көпбұрыш ережелерін қолданады.
|
Қосымша 2
http://miro.com/
Презентация, слайдтар:15-16, үлестірме материал
|
20 мин
|
Сандық есептер
Ұшақ 400 км жүріп, перпендикуляр бағытта тағы да 350 км өтеді. Ұшақтың жолы мен орын ауыстыруын табыңыз.
Оқушы көше бойымен шығысқа қарай 2 квартал және солтүстікке қарай тағы 2 квартал жүреді. Кварталдың ұзындығы 150 м. Жол және орын ауыстыру неге тең?
Адам батысқа қарай 35 км, солтүстікке қарай 35 км жүреді. Жол және орын ауыстыру неге тең?
Футболшы футбол алаңында солтүстікке 40 м, шығысқа қарай 10м, оңтүстікке 10м, шығысқа қарай 35 м жүрді. Футболшының орын ауыстыру модулі қандай?
Мектеп пен үйдің арасындағы жолы 500 м тең. Оқушының мектепке және мектептен келгендегі жолы мен орын ауыстыруы
Доп 5 м биіктіктен құлап еденнен 1 м биіктікке көтерілді. Доптың орын ауыстыруы
Гараждан шыққан автобус 12 рейс жасайтын болса, такси осы бағыттағы 6 рейс жасайды. Орын ауыстыруы мен жолын салыстырыңыз.
|
Дескрипторлар:
1. Қорытқы вектордың бағытын дұрыс анықтайды
2. Қорытқы вектордың ұзындығын дұрыс табады
3. ХБ жүйесіне дұрыс айналдырады
|
Таратпа материал
|