14. Сынып жетекшіснің сыныптан және сыныптен тыстәрбие жұмысы


 Бастауыш сынып оқушылармен тәрбие жұмысын жоспарлаудың әдістемесі



бет8/8
Дата31.01.2024
өлшемі26.21 Kb.
#490272
1   2   3   4   5   6   7   8
тәрбие 14-25

25. Бастауыш сынып оқушылармен тәрбие жұмысын жоспарлаудың әдістемесі
Сынып жетекшісінің тәрбие жұмысын жоспарлау. Сынып жетекшісінің тәрбие жұмысының жоспары –педагогикалық құжат. Тәрбие жоспарын құру, оның орындауындағы жауапкершілік сынып жетекшісіне жүктеледі. Сынып жетекшісінің тәрбие жұмысы бір жылға, жарты жылға жоспарланады. Сынып жетекшісінің жоспары тәрбиенің мазмұнын, түрлері мен әдістерін таңдап алуға деген комплексті көзқарасты қамтамасыз етеді. Онда тәрбие мазмұнын негізгі түрлерінің, ең алдымен мектеп оқушыларына жан-жақты жарасымды саяси-идеялық, еңбек, адамгершілік т.б. тәрбие берудің тығыз байланысын ескеру қажет. Жоспар жасағанда сынып жетекшісінің окушылардың жас ерекшеліктерін, қызығушылықтарын, ықыластарын ескерген жөн.
- Жоспар қандай болуы керек, оган қандай талаптар қойылады? Жоспар пәрмеңді құжат болуы үшін, сыныпта тәрбие жұмысының тиімділігін арттыру үшін ол бірқатар педагогикалық талаптарға жауап беруі керек.
-Жоспарды қандай мерзімге жасаған жөн? Мектеп тәжірибесі көрсеткендей жарты жылға арнап, іске асырылатын жоспар жасау өте қиын, ал бір жылға жасау одан да қиын. Оның үстіне бұл жоспарларының түрі өте көлемді болады. Сондықтан да тәрбие жұмысын тоқсан бойынша жоспарлаған жөн.
I. Жоспардың белгілі мақсатқа бағытталуы.
ІІ. Сыныптағы тәрбие жұмысы мазмұнының, формаларының және әдістерінің әртүрлі болуы.
ІІІ. Оқушыларды тәрбиелеудің сабақтастығын, жүйелілігін және дәйектілігін қамтамасыз ету.
IV. Жоспардың нақтылы болуы
V. Жұмысты келісіп жоспарлау.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет