15-бап. Қазақстан Республикасы Үкіметінің мемлекеттік сатып алу саласындағы құзыреті


) анықтамалықты ендіре отырып, тауарларға, жұмыстарға, көрсетілетін қызметтерге бағалардың дерекқорын ендіруді және оны қолдап отыруды жүзеге асырады



бет2/3
Дата24.02.2023
өлшемі27.75 Kb.
#469984
1   2   3
Заң гос закупок

15) анықтамалықты ендіре отырып, тауарларға, жұмыстарға, көрсетілетін қызметтерге бағалардың дерекқорын ендіруді және оны қолдап отыруды жүзеге асырады.
3-тарау. МЕМЛЕКЕТТІК САТЫП АЛУДЫ ӨТКІЗУДІ БАҚЫЛАУ ЖӘНЕ МОНИТОРИНГТЕУ
18-бап. Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасының сақталуын бақылау
1. Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасының сақталуын бақылауды уәкілетті орган жүзеге асырады.
Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдары Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасының сақталуын бақылауды "Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы" Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген өкілеттіктер шегінде жүзеге асырады.
2. Бақылау объектілері:
1) тапсырыс беруші, мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы, мемлекеттік сатып алуды бірыңғай ұйымдастырушы, конкурстық комиссия (аукциондық комиссия), сараптама комиссиясы, сарапшы;
2) өткізілетін мемлекеттік сатып алу нысанасы шегінде әлеуетті өнім беруші, өнім беруші, сондай-ақ олар жұмыстарды орындау бойынша қосалқы мердігерлер не қызметтер көрсету бойынша бірлескен атқарушылар ретінде тартатын тұлғалар;
3) тауар биржалары арқылы мемлекеттік сатып алуға қатысатын тұлғалар;
4) мемлекеттік сатып алу саласындағы бірыңғай оператор болып табылады.
3. Уәкілетті орган тексерулерді мынадай жағдайлардың бірі басталған кезде:
1) әлеуетті өнім беруші, конкурсқа не аукционға қатысушы, өнім беруші не олардың уәкілетті өкілі тапсырыс берушінің, мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының, мемлекеттік сатып алуды бірыңғай ұйымдастырушының не конкурстық комиссияның (аукциондық комиссияның), сараптама комиссиясының, сарапшының, мемлекеттік сатып алу саласындағы бірыңғай оператордың әрекеттеріне (әрекетсіздігіне), шешімдеріне шағым жасап жазбаша жолданым не жалпыға бірдей қолжетімді ақпараттық жүйелер арқылы келіп түскен және Қазақстан Республикасының электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы заңнамасының талаптарына сәйкес келетін жолданым бергенде жүзеге асырады. Мұндай шағымды қарау осы Заңның 47 және 48-баптарында көзделген шарттар сақталған кезде жүзеге асырылады;
2) құқық қорғау органдарының қаулылары келіп түскен кезде;
3) тәуекелдерді басқару жүйесі арқылы алынған ақпаратты талдау нәтижелері бойынша жүзеге асырады.
4. Уәкілетті орган бақылау іс-шараларын, оның ішінде камералдық бақылауды жүргізу нәтижесінде бақылау объектісінің Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасын бұзғанын анықтаған кезде мынадай шаралар қабылдайды:
1) бақылау объектісіне камералдық бақылау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы орындалуы міндетті нұсқама, хабарлама жібереді;
2) міндеттемелері тиісті түрде орындалған мемлекеттік сатып алу туралы шарттарды қоспағанда, Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасын бұза отырып жасалған, күшіне енген мемлекеттік сатып алу туралы шарттарды жарамсыз деп тану туралы талап арызбен сотқа жүгінеді;
3) алып тасталды - ҚР 26.12.2018 № 202-VI Заңымен (01.01.2019 бастап қолданысқа енгізіледі).


5. Бақылау іс-шараларын жүргізу нәтижесінде бақылау объектісінің құрамында қылмыстық құқық бұзушылық белгілері бар әрекет жасау (әрекетсіздігі) фактісі анықталған кезде, уәкілетті орган мен мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдары осындай факт анықталған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде аталған әрекеттің (әрекетсіздіктің) жасалғаны туралы ақпаратты және осындай фактіні растайтын құжаттарды құқық қорғау органдарына беруге міндетті.
6. Уәкілетті орган мен мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдарының әрекеттеріне (әрекетсіздігіне), сондай-ақ шешімдеріне Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен шағымдануға болады.
Ескерту. 18-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 26.12.2018 № 202-VI Заңымен (01.01.2019 бастап қолданысқа енгізіледі).



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет