2. Сынып жетекшісінің семинарлары (әдістемелік бірлестігі). Мектеп әдістемелік қызметі бұл ғылым мен озат педагогикалық тәжрібиеге және нақты оқу-тәрбие процесінде негізделген біртұтас жүйе - әр мұғалім өз кәсіби біліктілігін жан – жақты дамытуға, мектеп пен педагогикалық ұжымның шығармашылық потенциалын дамыту мен жоғарлатуға бағытталған.
Мұғалімдердің әдістемелік деңгейін көтеру оларды кезеңдік аттестациялауға білім беру мекемелері қызметкерлері іс-әрекетінің өнімділігін және мамандар деңгейін, педагогикалық шеберлікті кешенді бағалауға мүмкіндік туғызады.
Сондықтан әдістемелік жұмыстың мазмұны қазіргі мектептің көкейкесті міндеттерін анықтайды. Бұл міндеттерді орындауға мұғалімдерді әдістемелік жетілдіру және маманданған педагогтың шығармашылық өсуін қалыптастырудың негізгі жолы өздігінен жүйелі білім алуды жүзеге асыру үрдісінде қол жеткізуге болады.
Әдістемелік жұмыстар - бұл ғылым мен озат педагогикалық тәжрібиеге және нақты оқу-тәрбие үрдісінде негізделген, оқу мекемесі жетекшісінің, білім беру жүйесі қызметкерлерінің (педагогтардың кәсіби өздігінен білім алуы, өзін-өзі тәрбиелеу, өзін-өзі жетілдіруін басқару бойынша шараларды енгізу), оқытушының, тәрбиешінің, әр мұғалімнің педагогикалық біліктілігін және кәсіптік шеберлігін көтеруге, жалпы алғанда педагогикалық ұжымның шығармашылық потенциалын дамыту мен жоғарлатуға, оқу-тәрбие үрдісін жетілдіруге, білім берудің тиімді деңгейіне қол жеткізуге, нақты оқушыны тәрбиелеу мен дамытуға бағытталған өзара байланысты іс-шаралардың, әрекеттердің біртұтас жүйесі.
Әдістемелік жұмыс педагогикалық кадрлардың идеялық, ғылыми-теориялық, кәсіптік, әдістемелік және мәдени деңгейін көтеру бойынша ұжымдық, топтық, жеке жүйелі жұмыстарды енгізетін кешенді шығармашылық үрдіс. Ол педагогикалық үрдісті басқарудың, педагогтарды жоғары әдістемелік мәдениетке тәрбиелеудің, сапаны және өз еңбегінің нәтижесін талап етудің маңызды құралы ретінде қатысады. Оның стратегиялық бағыттарының бірі оқыту практикасында оқушылардың танымдық, ойлау әрекеттерін белсендірудің, терең әрі тұрақты білім, білік және дағдыны қалыптастырудың рациональды және тиімді әдістерін, шығармашылықпен меңгеру болып табылады.
Әдістемелік жұмыс педагогикалық тәжірибемен тығыз байланысты. Н.К.Крупская, А.В.Луначарский педагогикалық тәжірибеде өскелең ұрпақты тәрбиелеудің теориясы мен практикасының дамуын зерттеді.
А.С.Макаренко, С.Т.Шацкий, С.М.Ривес, В.Н.Сорока-Росинский және басқа да көптеген көрнекті ғалымдардың ізгілік идеясы негізінде құрылған тәжірибесі болды.
Әдістемелік жұмыс мазмұны мұғалімнің жалпы мәдени дайындығы, кәсіптік-адамгершілік мәдениеті, тәрбиелік мәдениеті, әдіснамалық мәдениеті, зерттеушілік мәдениеті, диагностикалық мәдениеті, басқарушылық мәдениетін қамтиды. Мұғалімдердің әдістемелік, инновациялық іс-әрекеттерге қатысуы жеке педагогикалық жүйені, педагогикалық іс-әрекеттің жеке стилін қалыптастыруға мүмкіндік береді.
Әдістемелік бірлестік білім мекемесіндегі әдістемелік қызметтің негізгі құрылымдық бөлігі болып табылады. Әдістемелік бірлестік бір немесе бірнеше бағыттас пәндер бойынша оқу-тәрбие, әдістемелік, эксперименттік және сыныптан тыс жұмыстарды жүргізеді. Әдістемелік бірлестік бір пән немесе бірнеше бағыттас пәндер бойынша құрамында кемінде 5 мұғалім болған жағдайда құрылады. Әдістемелік бірлестіктерді құру, олардың санына, құрамына өзгерістер енгізу мектеп директорының бұйрығымен жүзеге асырылады. Әдістемелік бірлестіктер тікелей директордың әдістемелік жұмысы жөніндегі орынбасарына бағынады.
Әдістемелік жұмысының мазмұнына кіретіндер:
- жаңашыл және шығармашы педагогтардың тәжірібиесінің негізінде оқыту мен тәрбиелеудің жаңа тәсілдерімен таныстыру;
- білім беретін басқару органдарының нормативтік құжаттарын оқу, ғылыми жаңалықтарымен ,оқу және оқу-әдістемелік жұмыстарының саласында жаңашыл ұсыныстарымен таныстыру;
- мектептегі, қаладағы,аудандағы әріптестердің озат тәжірібиесімен танысу.
Әдістемелік жұмыстарының формалары болып санала береді:
- педагогикалық оқулар мен конференциялар;
- ашық сабақтар мен тәрбиелік шаралар;
- әдістемелік бірлестіктердің тақырыптық семинарлары;
- педагогтардың шығармашылық жұмыстарының сайысын өткізу;
- әдістемелік бұрыштар,көрмелер,кабинеттерді ұйымдастыру;
- ғылыми,техникалық,педагогикалық т.б. әдебиеттерге шолу;
- практикум-семинарлар;
- әдістемелік құралдар мен авторлық бағдарламаларды жасау;
- жас мамандарға ұстаздық;
- жеке оқытушылардың шеберлігі мен тәжірібиелігімен танытқан шығармашылық есебі (оқушылар, әріптестер, әкімшілік, ата-аналардың ұсыныстары бойынша);
- біліктілігін жоғарлату жүйесіндегі арнайы сабақтар т.б. формалар;
Бұл әдістемелік жұмысының дәстүрлі және ұйымдастыру нақты формалары. Олардың көмегімен білім беру бағдарламалар мен мектептің базистік оқу жоспарын іске асырылады.
Достарыңызбен бөлісу: |