Студенттің өзін - өзі бақылауға арналған сұрақтар мен тапсырмалар
1. Сынып жетекшісінің өздігінен білім алу бағдарламасын жасаңыз.
2. Мектептің педагогикалық Кеңесінің жоспарын дайындаңыз.
3. Сынып жетекшілерінің әдістемелік бірлестігін ұйымдастыру ерекшеліктерін ашып көрсетіңіз.
4. Тәрбие жұмыстары бағытында озық педагогикалық тәжірибені зерттеу және жинақтап қорытындылау.
5.Тәрбие жұмысын ұйымдастырудағы инновациялық тәсілдер.
6.Тәрбие жұмыстары бағытында озық педагогикалық тәжірибені зерттеу, талдап қорыту және ендіру кезеңдері.
7. Сабақтан тыс тәрбие жұмыстарын бақылау.
8. Тәрбиелік іс-шаралардың әдістемелік жобасын мақсатты жоспарлау және дайындау, практикалық сабақта оны өткізу, талдау және өзіндік талдау жасау.
9. Өзіңізге таныс педагогикалық жағдаятты оның нәтижелігі тұрғысынан талқылаңыз (тәрбиенің нәтижелілігін анықтауға мүмкіндік беретін көрсеткіштер мен өлшемдерге назар аудару).
10. Базалық мектепке барып, тәрбиелік іс-шараларға қатысыңыз және оған тұтас педагогикалық үдерісті ұйымдастыру мен реттеу тұрғысынан талдау жасаңыз.
11. Өздігінен білім алу көздерінің тізімі ұсынылған: семинарлар мен конференциялар; шебер сыныбы; іс-тәжірибе алмасу бойынша іс-шаралар; біліктілікті жетілдіру курсы; экскурсия, мұражай, концерт, газет, журнал, әдебиет (әдістемелік, ғылыми, көркем); интернет. Біреуін мысалға ала отырып, маңызын ашып көрсетіңіз.
Негізгі әдебиеттер
1. Әбенбаев С. Тәрбие теориясы мен әдістемесі: Оқу құралы. –Алматы: Дарын, 2004ж.
2. Шолпанқұлова Г.К. «Тәрбие теориясы мен әдістемесі» курсы бойынша практикум. – Алматы: Абай атындағы ҚазҰПУ «Ұлағат» баспасы, 2013. – 105б.
Қосымша әдебиеттер
1. Гуткина А.Д. Планирование и организация воспитательной работы в школе. – М.: Центр «Педагогический поиск», 2001г.
2. Кукушин В.И. Теория и методика воспитания. – М.: Издательский центр «Академия», 2002 г.
3. Воспитательная деятельность педагога: учебное пособие для студ. высш. учеб. заведений //Под общ. ред. В.А.Сластенина и И.А. Колесниковой. - М.: Академия, 2005. - 336с.
ГЛОСАРИЙ
Өздігінен білім алу – бұл адамның мақсатқа бағытталған, арнайы міндет көздеген жұмысы.
Педагогикалық шеберлік - педагогикалық қызметті иеленудің жоғары деңгейі, оқушылардың оқу-танымдық әрекетін басқаруға және мақсатқа бағытталған педагогикалық әсер мен өзара әсерді жүзеге асыруға мүмкіндік беретін арнайы білімдердің, білік пен дағдылардың кешені.
Достарыңызбен бөлісу: |