16- желтоқсан Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне орай Республикалық Бірыңғай «Жас Ұлан» балалар мен жасөспірімдер ұйымына қабылдау салтанатты жиынының б а ғ дарламас ы


Біз, яғни, Жас Ұландықтар Ісіміз анық, міндетіміз айқын, мақсатымыз бір ұйымбыз. Біз



бет3/4
Дата13.12.2022
өлшемі18.09 Kb.
#467159
1   2   3   4
Жас Ұлан қабылдау сценарий

Біз, яғни, Жас Ұландықтар
Ісіміз анық, міндетіміз айқын, мақсатымыз бір ұйымбыз.
Біз – Жас Қыран топтары
Мектебіміздің көшбасшы достары
Республикалық бәсекеде
Алтын асықтың шоқтары.
.
Жас Ұланмен мақтанатын
Жас Қыранмен бапталатын
Жаңа ғасыр алғырлары
Білімімен шыңдалатын.

Тәуелсіз деп жар саламын әлемге


Қазақстан!
Тәуелсіз деп бар елге
Отаным дәуірлейді болашақта
Ел үмітін ақтайтын ұлан барда!

Алға бас, қарышта, Жас ұлан,


Қанаты талмайтын, Жас қыран.
Жастықтың жігері бойыңда,
Өзендей күші бар тасыған.
Отанымның Жас ұланы,
Жер қайысқан қалың қол.
Мәңгілік ел жолында,
Ант беруге дайын бол!
Ұланбасшы: Біз жаңғыру жолында бабалардан мирас болып, қанымызға сіңген, бүгінде тамырымызда бүлкілдеп жатқан ізгі қасиеттерді қайта түлетуге дайынбыз.
Қазіргі таңда білім бағдарламалары елімізге ұтымды үлес қосып келеді. Табыс тізгіні білімді болашақ жастардың қолында. Біз – Қазақстан болашағымыз! Біз мақтаныш тұтуға лайықпыз!


Ұланбасшы: Ұйымның мүшелеріне салтанатты түрде галстук байлау және төсбелгі тағу құқығы құрметті мектеп әкімшілігі мен ұстаздарына және мектеп парламентіне беріледі.


Дабыл маршымен галстук байлау рәсімі жүргізіледі.


Ұланбасшы: «Жас Үлан » ұйымының антын айту құқығы 5-сынып оқушысы ---------------------------------- беріледі.


«Жас Ұлан» балалар мен жасөспірімдер ұйымы мүшелерінің
АНТЫ
Біз республикалық бірыңғай «Жас Қыран » балалар мен жасөспірімдер ұйымының қатарына кіре отырып,
Өз Отанымыз – Қазақстан Республикасының патриоты болуға;
Мемлекеттік рәміздерді құрметтеуге, дәріптеуге;
Туған елім, жерім, Отанымды мақтаныш етуге;
Ата-анамды қадірлеуге; үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсетуге;
Білімге табандылықпен ұмтылуға;
Салауатты өмір салтын ұстануға;
Табиғатты аялауға;
«Жас Қыран » Ережесін бұлжытпай сақтауға және оны өз достарымнан талап етуге ант етемін.
Біздің жерлестеріміздің даңқты ерлігі, өнегесі негізінде ерлікке үйренуге және Отанға шексіз қызмет етуге салтанатты түрде ант етеміз!




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет