16- желтоқсан Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне орай Республикалық Бірыңғай «Жас Ұлан» балалар мен жасөспірімдер ұйымына қабылдау салтанатты жиынының б а ғ дарламас ы


Фанфар ойналып, ортаға Ұланбасшы шығады



бет2/4
Дата13.12.2022
өлшемі18.09 Kb.
#467159
1   2   3   4
Жас Ұлан қабылдау сценарий

Фанфар ойналып, ортаға Ұланбасшы шығады.


Ұланбасшы: Сәлеметсіздер ме, құрметті қонақтар, 16- желтоқсан Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне орай Республикалық Бірыңғай «Жас Ұлан» балалар мен жасөспірімдер ұйымына қабылдау жиыны ұйымдастырылып отыр.
Бүгінгі жиынға мектеп басшылары мен ұстаздар және 5- сынып оқушылары қатысуда.
Республикалық бірыңғай «Жас Ұлан» балалар мен жасөспірімдер қоғамдық ұйымы қатарына қабылдау салтанатты жиынын бастаймыз!
Республикалық «Жас Ұлан» балалар мен жасөспірімдер ұйымы Туына қарап түзел, тік тұр! Ту әкелінсін!


Дабыл маршымен республикалық «Жас Ұлан» балалар мен
жасөспірімдер ұйымы Туы әкелінеді.


Қазақстан Республикасының Гимні орындалады.
Ұланбасшы: Еліміздің Егемендігі мен Тәуелсіздігі құтты болсын!
Жаса мәңгі ,Тәуелсіздік ұраны ,
Шарықтасын қазағымның жыр әні.
Отанымның Туын көкке көтерер,
Біз боламыз ұлы елдің «Жас Қыраны»
Әл-Фараби атындағы жалпы білім беретін мектебінің белсенді 5- оқушыларын Республикалық «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымына қабылдау рәсіміне арналған салтанатты жиынымызды ашық деп жариялаймыз.
Біз – «Жас Ұлан» ұйымы жастары
Біздің ұран:
Өнері көкке өрлеген
Білікті жастар біз Өркен.

Мен, сен, Жас Ұлан


Сен де біздей бол Ұлан
Алғыр ұл мен қыздар боп,
Бір шырқайық жыр мен ән.
Қала болсын дала да
Барлық, барлық сала да
Мықты ұйым жас ұлан
Біз боламыз тек алда.

Бірлік, достық ұстанатын


Біз – Жас Ұландар
Көк аспанда биік самғар
Біз – Жас Қырандар!
Ел намысын әркез ту қып ұстар
Жақсылыққа бала жаны құштар
Тәуелсіз ел ұрпақтары
Біз – Жас Ұландар!

Қымбатты достар! Жарқын болашақтың кілті біздің қолымызда!


Еліміздің дамуына әр бала үлес қоса алады.
Осы мақсатта Жас Ұлан ұйымы 7 бағытта жұмыс жасауда.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет