48. «Неологизмдер. Оларды мысалдармен сипаттаңыз».
Тіліміздегі бұрын-сонды кездеспеген, кейіннен енген жаңа сөздерді неологизмдер немесе кірме сөздер дейміз! Оларға мысал келтірсек: процесс - үдеріс, класс - сынып, коммуна – бірлестік, электр - қуат, автомобиль - көлік, маршрут - бағдар, документ - құжат, аргумент - дәлел, система - жүйе, билет - рұқсат қағаз сияқты сөздер бүгінгі заманның келбетін айқындаушы тіркестерге айналды. Айта кету керек! Кейбір шетел сөздерін тілімізге аудару мүмкін болмай қалды. Қалай келді, солай қабылдап жүре береміз! Мысалға темперамент, компьютер, смартфон деген сөздерді жатқызуға болады. Сөздердің бір-бірімен байланысуы арқылы жаңаша сөйлемдер қалыптасты. Жердің жасанды серігі, бүкіләлемдік ғаламтор желісі, дүниенің халықаралық қауымдастыққа мүше елдер деген сыңайдағы сөздеріміз баршылық. Онымен қоса тілімізде шетел сөздерінің енуіне байланысты, солардың мағынасына қарап жаңа сөздер пайда болды. Айталық: жасуша, қызанақ, қияр, пернетақта, жөргек секілді сөздер қолданысқа енді. Қазақ тілі заман ағымына қарай бейімделу үстінде. Сондықтан, тіліміздің алдағы уақытта әлі талай өзгерістерге ұшырайтыны қазірдің өзінде белгілі болса керек!
58. С.Аманжолов пен Ж.Досқараевтың қазақ тілінің
диалектикасы туралы зерттеулері мен пікірлері».
Қазақ тілінің диалекті сөздерін алғашқы болып С.Аманжолов зерттеді. Ол диалектілердің шығуына қарап үш аймаққа бөлді: 1) Солтүстік-Шығыс Қазақстан диалектісі; 2) Оңтүстік Қазақстан диалектісі; 3) Оңтүстік-Батыс Қазақстан диалектісі. Қазақстанның солтүстігі мен шығысындағы қазақтардың диалектісін мейлінше таза деп есептеді. Олардың сөздерін ұлттың негізгі тілі ретінде көрсетті. Ал батыс пен оңтүстік аймақтағы қазақтардың тілдерінде өзге этностардың белгілері бар деген қорытындыға келді. Сондықтан, оларды таза деуге еш негіз жоқ деген байламға келді. Қазақ халқының үш жүзге бөлінуін зерттеуші ғалым осы үш диалекті өңірлердің әсерінен болған дейді. Қазақ халқын құраған тайпалардың басым көпшілігі Сарыарқа өңірін мекендегендіктен С.Аманжолов солардың ықпал етуімен солтүстік диалектісі қалыптасты деді. Батыс пен оңтүстік аймақтағы қазақтардың тіліне сол өңірлерге көрші орналасқан татарлар, башқұрттар, Еділ қалмақтары, ноғайлар, түркімендер, өзбектер, қырғыздар, ұйғырлар, дүнгендер, моңғолдардың әсерлері көбірек байқалады деген тұжырым жасады. Ж.Досқараев өз зерттеуін говорлар тақырыбына арнады. Ол да говорлардың таралу аймағын екіге: 1) Оңтүстік-Шығыс Қазақстан; 2) Солтүстік-Батыс Қазақстан аймақтарына бөлді. Зерттеуші өз еңбектерінде Қазақстанның әр өңірінде тұратын қазақтардың сөйлеудегі дыбысталу ерекшеліктерінің әртүрлі болуы сол аймақта мекендейтін халықтың өзге ұлттармен қарым-қатынасынан туындаған деген қорытындыға келді.
Достарыңызбен бөлісу: |