17. Нарықтық экономикадағы мемлекеттік жоспарлаудың орны мен рөлі


Бюджет. Бюджет жүйесінің экономикалық мазмұны және оның жұмыс істеуі



бет2/4
Дата27.11.2022
өлшемі19.53 Kb.
#465881
1   2   3   4
17-20

18. Бюджет. Бюджет жүйесінің экономикалық мазмұны және оның жұмыс істеуі
Бюджет (ағыл. budget – қоржын) – орталықтандырылған ақша қорының құралу көздері мен жұмсалу бағыттарын сипаттайтын экономикалық категория, ақшалай кіріс пен шығыстың балансы.
Мемлекеттің заңмен немесе жергілікті өкілді органдардың шешімдерімен бекітілетін, мемлекеттің өз міндеттерін қамтамасыз етуіне арналған және салықтар, алымдар, басқа да міндетті төлемдер, капиталмен жүргізілетін операциялардан алынатын кірістер, салыққа жатпайтын және заң актілерінде көзделген өзге де түсімдер есебінен құрылатын орталықтандырылған ақша қоры.

Бюджеттік жүйе - мемлекеттің барлық қаржы жүйесінің маңызды құрамдық бөлігі болып табылады. Бюджеттік жүйе экономикалық категория ретінде мемлекеттің орталандырылған ақша қорын бюджетті қалыптасу мен пайдалану бойьшша заңды, жеке тұлғалар мен аймақтар арасындағы барлығы қаржылық қатынастар, бюджеттік қалыптасу мен атқарудың әдіс-тәсілдері және сол катынастарды басқару органдарымен танысты. Басқаша айтқанда, барлық деңгейдегі бюджеттер мен Қазақстан Республикасының Ұлттық қоры және экономикалық қатынастар мен құқықтық нормаларға негізделген бюджеттік процесс пен бюджеттік қатынастар косындысын бюджеттік жүйе деп түсіндіріледі. 2005 жылы қаңтар айының 1 жұлдызында күшіне енгізілген жаңа Бюджеттік кодекстің 6-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының бюджегтік жүйе құрамына келесі бюджет түрлері мен деңгейлері кіргізілген:


Бюджеттік заңнамаларға сәйкес бюджеттің барлық түрлері мен деңгейлері дербес болып есептеледі. Бюджеттік жүйе құрылымында Төтенше мемлекеттік бюджет пен Ұлттық қор қарастырылады.

Елдің бюджеттік жүйесінің орталық орнын келесі қаржы жылға Қазақстан Республикасының заңымен бекітілетін республикалық бюджет алады. Жаңа Бюджеттік кодекс бойынша республикалық бюджет салықтық және басқа түсімдер арқылы қалыптасқан және мемлекеттік биліктің орталық органдарының функцияларын қаржымен қамту және мемлекеттік саясаттың жалпы республикалық бағыттарын іске асыруға арналған орталықтандырылған ақша қоры ретінде анықталған. Кодексте осыған сәйкес анықтамалар бюджеттің басқа түрлеріне де берілген. Олар жергілікті мемлекеттік органдардың функцияларын қаржымен қамту және аймақтар мен аудандарда мемлекеттік саясатты іске асыруга арналған. Республикалық және жергілікті бюджеттер негізінде қалыптасатын және республикадағы төтенше немесе әскери жағдай кезінде енгізілетін бюджетті Төтенше мемлекеттік бюджет деп атайды. Мұндай бюджет тек қана Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен енгізіледі және күшін жояды, егерде ел аумағында төтенше немесе әскери жағдай жарияланса. Қазақстан Республикасының Ұлттық қор негізін мемлекеттің қаржы активтері мен материалды емес активтердің мүлік түріндегі басқа да активтері құрайды. Бұл қордың қаражаттары мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық даму тұрақтылығын қамту, қаржылық активтер мен басқа мүлік қорландыру, экономиканы шикізаттық сектордан тәуелділігін және сыртқы қолайсыз факторлардың әсерін төмендетуге арналған.


Бюджеггік жүйе қызмет атқаруының негізі келесі қаржылық қатынастары:


мемлекеттің кәсіпорындармен орталықтандырылған ақша қоры қалыптасу процесі жөнінде;


мемлекеттің өндірістен тыс саласының мекемелерімен бюджет тарапынан қаржыландыру жөнінде;
мемлекеттің халықпен бюджет кірісін қалыптасу жәні әр түрлі өтемақы төлеу мен әлеуметтік жәрдем жаса) жөнінде;
қаржы-банк жүйесінің мекемелері арасында (Қаржы министірлігі, Ұлттық банк және т.б.);
мемлекеттің шетелдік мемлекеттермен.
Қаржылық қатынастардың барлық бұл формалары мемлекетпен реттеледі, жетілдіріледі және белгілі принциптер мен қққықтық нормалар негізінде басқарылады.
• республикалық бюджеті;

облыстық бюджеті, республикалық маңызы бар қалалар мен астана бюджеті;


• аудан бюджеті (облыстық маңызы бар қалалар бюджеті).






Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет