18ғ ортасы мен 20ғ-дың басына дейінгі қазақ жерін зерттеуге келген орыс интеллигенциясы



бет4/4
Дата08.04.2024
өлшемі29.59 Kb.
#497941
1   2   3   4
Реферат тарих

Л.С.Берг (1876-1950) еңбектері де табиғат құбылыстарын тұтас бірлікте алып қарауымен ерекшеленеді. Қазақстан жеріндегі зерттеу қызметін әуелде Солтүстік Қазақстанның тұзды көлдерін (Теке, Қызылқак, Сілетітеңіз) бақылаудан бастаған. Ол 1900-1903 жылдары Арал теңізін мұқият зерттеді. Аралға таяу Қызылқүмды, Арал маңы Қарақұмын, Үлкен және Кіші Борсық құмдарын аралап көрді. Оның «Арал теңізі» (1908 ж.) атты еңбегінде теңіз бен оның айналасындағы жерлердің жер бедері, геологиялык тарихы, гидрологиясы, жануарлар дүниесі мен өсімдіктері жанжақты сипатталды. Осы және басқа зерттеулердің нәтижелеріне сүйеніп, Л.С.Берг Қазақстан аумағын ландшафтылық аймақтарға және морфологиялык облыстарға бөлді. Батыс Сібір ойпаты, Торғай далалық өңірі, Түркістан ойпаты, Үстірт, Тянь-Шань жүйесі, Қазақтың қатпарлы өлкесі (Сарыарқа), Орал тау жүйесі, Алтай-Саян тау жүйесі сияқты географиялық облыстар Берг еңбектерінде дәлелденіп берілген.
XIX ғасырдың екінші жартысында басталған табиғатты физикалык-география тұрғысында тұтас зерттеу жұмысы XX ғасырдың бас кезінде де жалғасты. Бұл кезде Сібір темір жолының қазақстандык бөлігі бойында (Солтүстік Қазақстан) Қоныс аудару басқармасының ұйымдастыруымен Ақмола, Торғай, Жетісу облыстарында зерттеу жұмыстары жүргізілді. В.А.Обручев пен В.В.Сапожников Жетісу мен Тянь-Шаньды, Н.И.Андрусов Маңқыстау түбегін, С.С.Неуструев Жер қабатының қалыптасуындағы негізгі заңдылықтар және Оңтүстік Қазақстандағы топырақтардың негізгі типтерін сипаттауға үлес қосты. Осылардың еңбектері негізінде физикалық географияның аумақтық мәселелерімен қоса халық шаруашылығы үшін пайдалы қолданбалы міндеттерді шешуге де мүмкіндік туды.
Сөзімді қорытындылайтын болсам қазақ жеріне келген орыс интелегенциясының пайдасына қарағандазиянды жақтары басым болды.Қазақ жеріне жіберілген экспедициялардың басты мақсаты қазақ жерін отарлау еді.

Қолданылған деректер
• Құл-Мұхаммед М. Орыс энциклопедиясындағы қазақ шежіресі. – Алматы: Атамұра, 1994. – 122-б).
• // Жұлдыз,№2, 1984. – 189-б.
• Казахско-русские отношения в ХVІ-ХVІІІ вв. Құжаттар жинағы. –Алматы, 1961. – 115-б).
• Өмірзақов Ө. Ресейге қосылғаннан не ұттық? – Алматы: Санат, 1999. – 119-б.
• Георгий И.П. Описание всех обитающих в Российской империй. 1773. – С. 131.
• Қайдар Ә. Қазақ қандай халық?–Алматы: Дайк-Пресс, 2008. – 210-211-бб.
7 Уәлиханов Ш. Таңдамалы. – Алматы: Жазушы, 1985.– 132-б.
•Баяндин Н. Географиялық ашулар [Мәтін] / Н. Баяндин. - Алматы : Мектеп, 1970. - 143 б.
•Бөкейхан Ә. Таңдамалы [Мәтін]. 2- ші кітап, 2003. - 224 б.
•Уәлиханов Ш. Көп томдық шығармалар жинағы [Мәтін]. Т. 1. - Алматы : Толағай, 2010. - 376 б.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет