18ғ ортасы мен 20ғ-дың басына дейінгі қазақ жерін зерттеуге келген орыс интеллигенциясы



бет2/4
Дата08.04.2024
өлшемі29.59 Kb.
#497941
1   2   3   4
Реферат тарих

Семенов-Тян-Шанский(1827—1914) де Қазақстанды зерттеуші ірі ғалымдардың бірі болды.Ол Алтай мен Жетісудың және Қазақстанның оңтүстік өңірін зерттеуге қатысты. Ғалым Ресей. Толық географиялық сипаттамасы» атты көп томдық серияның «Қырғыз өлкесі және Түркістан өлкесі деген іргелі екі томын әзірлеуге белсене қатысты. Оларда Қазақстанның географиясы ғана емес, сонымен қатар қазақтардың тарихы, тұрмыс-тіршілігі, сауда-саттығы және шаруашылық қызметінің түрлері туралы егжей-тегжейлі мәліметтер келтірілген.
Белгілі ғалым әрі Батыс Сібірдің әкімшілік қызметкері В.В. Велъяминов-Зернов XVI—XVIII ғасырлардағы қазақ халқының тарихын мұқият зерттеді. Ол «Қасымов патшалары мен ханзадалары туралы зерттеу», «Кырғыз-қайсақтар туралы тарихи деректер» деген еңбектер жазды.
Торғай обылысының мал дәрігері А.И. Добросмыслов қыруар мол дерек көздері негізінде «Торғай облысы. Тарихи очерк» атты үш томдық іргелі еңбек жазып қалдырды. Онда Кіші жүздегі қазақ хандықтарының тарихы мен саяси оқиғалар егжей-тегжейлі толық сипатталған. Автор XIX ғасырдың 60-жылдарындағы әкімшілік реформалар барысын және қалай жүргізілгенін толық баяндаған.
Торғай облысының әскери губернаторы Л.Ф. Баллюзек «Кіші қырғыз Ордасындағы орын алған, қазір де ішінара орын алып келе жатқан халықтық әдет ғұрыптар деген атпен қазақтардың әдет-ғұрып құқықтарының жинағын құрастырып, басып шығарды. Баллюзек Қазақстанда қызмет еткен кезінде орыс шенеуніктеріне қазақтың билері мен сұлтандарыннан дәстүрлі әдет-ғұрып құқықтары туралы материалдар жинастыру жөнінде тапсырма беретін. Ол сондағы жиналған материалдарды өндеп, кітап етіп шығарды.
XIX ғасырдың орта кезінде M M. Красовский «Сібір қырғыздарының аймағы» атты үш томдық еңбек жазды. Онда Қазақстанның Солтүстік-шығыс аймағындағы қазақтардың өмірінен көптеген егжей-тегжейлі тарихи-статистикалық, географиялық және этнографиялық мәліметтер келтірілген.
Аса көрнекті орыс ғалымы, тарихшы әрі этнограф Н.Н Аристов «Түркі тайпаларының этностық құрамы туралы жазбалар», «Үлкен орда қырғыз-қазақтарының және қырғыздардың этностық құрамын анықтау тәжірибесі» сияқты тағы басқа да теңдесі жоқ тарихи этнографиялық еңбектер жазып қалдырды.
XVIII ғ. соңы – XIX ғ. басындағы Орталық Азия тарихына қатысты әскерилердің жол күнделіктері Қазақстанның революцияға дейінгі кезеңде тарих, этнография саласында қолданылып келді. Осы орайда 1803 жылы «Мәдени Мұра» бағдарламасы бойынша жарық көрген Бұхараға жіберілген орыс елшісі Я.П. Гавердовскийдің қазақ халқының географиясы, тарихы мен мәдениетіне байланысты жазылған еңбегі ерекше қызығушылық тудырып отыр. Оның тарихи- этнографиялық мәліметтері ғылыми айналымға енгізілді [9]. 1803 жылы Орта Азияның Бұхара жеріне елшілікке келген Я.П.Гавердовский Қазақстан территориясы арқылы жүріп өтті. Осы жылы зерттеуші қазақ халқының тарихы, географиясы және этнографиясына қатысты түбегейлі зерттеулер жүргізіп, «Обозрение Киргиз-кайсакской степи» атты еңбек жазды. Онда автор Ор өзенінің сипаттамасы, Қараадыр таулары, Алтан тауы, Алтын би қабірі, қазақтардың жерлеу дәстүрі, қабірлер туралы ақпарат айтып өткен. Ырғыз өзеніне қатысты толыққанды географиялық жағдайы туралы мәлімет келтіреді. Сонымен қатар «Қырғыз ордалары туралы тарихи аңыз» деген арнайы бөлімінде: қазақ халқының шығу тегі, қазақ халқының үш жүзге бөлінуі, Алтын Орда тарихына қатысты мәліметті көрсетеді. Әр аймақтың ру старшындары болғандығы айқын көрсетілген.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет