Лирикалық жанрға жататын шығармалар: арнау-өлең, баллада, өлең, сонет, рубаи, т.б. Драмалық жанрға жататын шығармалар: трагедия, комедия, интермедия, скетч, пьеса, т.б. Тілдің көркемдегіш тәсілдері Ажарлау Теңеу – заттың не құбылыстың ерекше белгілерін басқа затпен не құбылыспен салыстыра суреттеу.
Келеді желдей зуылдап,
Жеткізбейді Шұбар ат.
Атқан оқтай зырылдап,
Жал-құйрығы суылдап. («Алпамыс батыр» жырынан) Эпитет (айқындау) – заттың не құбылыстың айрықша сипатын, сапасын, белгісін білдіретін суретті сөз.
Алтын күнді, қара жерді сағындым,
Жан-жолдасым – жүйрік желді сағындым. (М.Жұмабаев, «Сағындым) Ассонанс – бірыңғай дауысты дыбыстарды қайталау.
Ашу деген – ағын су,
Алдын ашсаң, арқырар.
Ақыл деген – дария,
Алдын тоссаң, тоқырар. (Қазыбек би) Аллитерация – бірыңғай дауыссыз дыбыстарды қайталау.
Түніменен түйіндік,
Таң атқанда тарандық.
Таң ағарып атқан соң,
Төңірек жаққа қарандық. (Махамбет, «Соғыс») Ажарлаудың бұл түрлері поэзияда да, прозада да кездеседі.
Құбылту – троптар Метафора (ауыстыру) – суреттелген затты не құбылысты айқындай түсу үшін оларды сөздеріне ұқсас затқа не құбылысқа балау.
Сөз – жаңбыр, даусым – дауыл, әнім – ескек,
Ойнақтап басылайын аз желдетіп. (І. Жансүгіров, «Әнші») Кейіптеу – табиғат құбылыстарын жандандырып, адам кейпінде суреттеу.
Мөлдіреген «Жетімкөл» көкке қарап,
Мөлдіреген көз жасын тыя алмай тұр. (М. Мақатаев, «Аққулар ұйықтағанда») Метонимия (алмастыру) – өзара байланысты ұғымдар мен шартты сөздерді бірінің орнына бірін алмастыра қолдану.
Үйі мәз боп қой сойды,
Сүйіншіге шапқанға. («Абай, «Мәз болады болысың») Синекдоха (мегзеу) – бүтіннің орнына бөлшекті, жалпының орнына жалқыны немесе керісінше қолдану.
Дұғай сәлем жазамын Күйісбайға,
Бермек болған айғырдың көзі қайда? (Абай)