7.Кеңестік қоғамның саяси, әлеуметтік және экономикалық дағдарысы.
Идеологиялық тоқырау: зиялылардың астыртын әрекеттері, қазақ жастарының бейресми студенттік үйірмелерінің ұлттық жаңғырудағы рөлі.
Негізінен тоқырау кезеңінің идеологиясында орыстандыру саясаты басты бағыттардың бірі болып қалыптасқан. Хрущевтік-брежневтік әкімшілік әлемнің алтыдан бір бөлігін алып жатқан жерде тарихи жаңа қауымдастық – кеңес халқын жасау ниетін көздеді. Коммунистік әкімшіліктің “халықтардың мызғымас достығы”, “ұлттар мен ұлыстардың жақындасуы жəне бірігуі” туралы тезистері жүзеге асырылып жатты.1960 жылдардың ішінде Мəскеуде қазақ студенттерінің тұңғыш ұлттық-демократиялық бейресми ұйымы – “Жас тұлпар” құрылды. Басты ұйымдастырушысы – Мұрат Əуезов. Көмекшілері А.Қадыржанов, Б.Тайжанов болды. Мақсаты: бұқараның ұлттық санасын ояту, жоғарғы органдарға ұлт қатынастарына қатысты нақты ұсыныс айту.
“Жас тұлпар” ұйымы алғашқыда 800 студентті біріктірді, кейін Алматы, Ақмола, Шымкент, Ленинград, Киев, Одесса, Павлодар, Ригада құрылды. Қарағандыда “Жас қазақ”, Семейде “Тайшұбар” деп аталды. 1970 жылдары ұйымның ықпалымен “Гүлдер”, “Дос-Мұқасан”, “Айгүл” ансамбльдері құрылды. 1975 жылы Олжас Сүлейменовтің “АЗиЯ” атты тарихи-лингвистикалық талдау кітабы жарық көрді. “Игорь жасағы туралы жырды” талдай келіп, бұл жыр славяндық жəне түркілік этностық əлем шекарасында дүниеге келген және жырда екі көрші мəдениеттің шындықтары көрініс тапқан деген тұжырым жасады. Алайда ұлыдержавалық шовинизм идеологтарына бұл ұнамады. Бас идеолог М.Сусловтың басшылығымен тойтарыс беріліп, кітап тауар айналымынан алынып тасталды, жаңа басылымына тыйым салынды. Еділ бойындағы автономиялық құрылым таратылғаннан кейін жүздеген мың неміс Қазақстанға қоныс аударған болатын. 1979 жылғы көктемде КОКП ОК-і Қазақстан аумағында неміс автономиялық облысын құру туралы шешім қабылдады. Бұл қазақ халқының мүдделерін аяққа басудың көрінісі еді. Қазақстан Компартиясы ОК-нің екінші хатшысы А.Коркин басшылық ететін арнайы комитет құрылды. Болашақ неміс автономиясының əкімшілік орталығы Ақмола облысындағы Ерейментау қаласы деп белгіленді. Автономия құрамына Павлодар, Қарағанды, Көкшетау облыстарының бірнеше аудандары енгізілмек болды. 1979 жылғы 16-19 маусымда Целиноград жастарының наразылығы болып өтті. Олар “Қазақстан бөлінбейді”, “Неміс автономиясына жол жоқ” деген транспаранттарын көтерді. “Біз Кремльдің мұндай шешімін айыптаймыз” ұраны айтылды. Облыс басшылары автономия құрылмайтындығын мəлімдегеннен кейін ғана наразылық білдірушілер тарады. Толқулар легі көптеген елді мекендерде болып өтті. Партия ұйымдары, МҚК бұл шерулер туралы хабардың таралмауын қамтамасыз етті.
Жоғарғы партиялық-мемлекеттік басқару жүйесіндегі ойластырылмаған біржақты өзгерістер. Л.Брежнев бастаған номенклатуралық топтың билікке келуі. 1965 – 1966 жж. экономикалық реформалардың аяқсыз қалуы. Экономиканың экстенсивтік үлгісінің орнығуы. Кеңестік экономиканы басқару тәсілдерін орталықтандыру тұрғысынан өзгерту және өнеркәсіптік, аграрлық реформалардың қайшылықтары. Мемлекеттік меншіктің басымдылығы жағдайындағы кеңестік менеджмент жүйесінің және тұтастай модернизациялық моделінің тиімсіздігі. Идеологиялық тоқырау: ресми марксизмнің дағдарысы, зиялылардың астыртын әрекеттері, диссиденттік үйірмелер қызметі. 60-70- ші жж. қазақ жастарының бейресми студенттік үйірмелерінің ұлттық жаңғырудағы рөлі ( «Жас тұлпар», т.б.). КСРО өнеркәсібінің дамуына Қазақстанның қосқан үлесі. Өнідірстегі өзін-өзі басқарудағы шектеулер және оның дамуындағы қайшылықтар. Жұмысшылардың әлеуметтік-тұрмыстық жағдайның келеңсіздігі. Кәсіпорындардағы дағдарыстың өршуі. Әкімшіл басқарудың аграрлық саладағы қайшылықтарды асқындыра түсуі. Кеңестік өкіметтің ауыл мен деревняны іс жүзінде кедейшілік пен тоқырауға ұшыратуы. Ауыл еңбеккерлерін материалдық ынталандырудың төмендеуі. Аграрлық саланың басқару мен ұйымдастырудың өмірге жақын жаңа түрлерін енгізуге бағытталған біржақты бастамалар және олардың сәтсіздіктері. Шаруашылықаралық аудандық агроөнеркәсіптік бірлестіктерді агроөнеркәсіптік кешендерге жоғарыдан біріктірудің тиімсіздігі. Қазақ ауылының келеңсіз әлеуметтік-гуманитарлық қырлары «күнделікті тарих» деректерінде. Еңбекақыны төлеудегі әділетсіз теңгермешілік, халықтың басым бөлігінде негізгі табыстың төмендеуі. Партиялық-мемлекеттік, әскери және шаруашылық басқару жүйесіндегілерге берілген артықшылықтар- әлеуметтік әділетсіздікті өрістете түсуге бағытталған қадам. Халықтың материалдық тұрмыс жағдайының төмендеу себептері. Тұрғын үй мәселесіндегі шешілмейтін қиыншылықтар. Орталықтың этно-демографиялық саясатының келеңсіз тұстары: ішкі миграцияны, соның ішінде қазақтардың ауылдан қалаға көші-қонды тежеуді паспорттық жүйе, «тіркеу» (прописка), тілдік кемсітушілік (дискриминация), т.б. жолдармен жүзеге асырып отыруы. Ауыл тұрғындарының азаматтық құқықтарына қысым жасау. Ақшаның құнсыздануы. Тұтыну тауарларының тапшылығы. «Көлеңкелі экономика» (қара нарық), криминалдық топтардың таралуы. Экологиялық дағдарыстар. Арал қасіреті. Оның табиғи экологиялық және техногендік себептері. Кеңестік милитаристік империя жасақтаған әскери-өнеркәсіптік кешенінің қазақ халқына тигізген трагедиялық зардабы: Семей ядролық сынақ полигоны (1949-1991). Атомдық радиациядан болған жергілікті халықтың денсаулығындағы генетикалық зақымдар, жаппай онкологиялық, психикалық, т.б. аурулардың таралуы. Өнеркәсіп өндірістерінің қоршаған ортаны ластауы.
Достарыңызбен бөлісу: |