Әміршіл басқарудың күшеюінен мәдени және рухани өмірдегі қайшылықтар: ұлт саясатындағы әділетсіздік, Целиноград оқиғасы. Қазақ тілінің қолдану аясын тарылту
Әміршіл басқарудың күшеюінен мәдени және рухани өмірдегі қайшылықтар: ұлт саясатындағы әділетсіздік, Целиноград оқиғасы. Қазақ тілінің қолдану аясын тарылту.
Бұдан табаны күректей тура қырық жыл уақыт бұрын Қазақстанда «Неміс автономиялық облысы» атты әкімшілік-территориялық құрылым құрылып кете жаздады. Бұл кейін тарихта «Целиноград оқиғасы» деген атпен қалған Тың өлкесі бас қаласы тұрғындарының толқулары бой көтеруіне алып барды. Нәтижесінде Мәскеудің волюнтаристік жолмен қазақ жерінде жаңа әкімшілік бөлінісінің іргесін қалауына жол берілмеді. Бірақ бұл қарсылық қозғалысын кімнің ұйымдастырғаны, оның басында кім тұрғаны әлі күнге дейін белгісіз күйінде қалып қойды. 1979 жылы Қазақстанның Целиноград облысының аумағынан неміс автономиясын ашу жөніндегі идеяны жүзеге асырудың барлық алғышарттары пісіп-жетіліп келіп тұрды. Осыған сәйкес, жаңа құрылым құрудың барлық қажетті құжаттары дайын еді. Алайда ең соңғы шешуші сәтте Кремль жоспарының тас-талқаны шықты. Бұл оқиғаның мынадай да ілкі факторы бар. 1941 жылдың жазында Еділ бойындағы Неміс Автономиялық Республикасы аяқастынан таратылды. Ал 28 тамызда КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының «Еділ бойындағы аудандарда тұратын немістерді көшіру туралы» Жарлығы шығып, ол бұрынғы республиканың жүздеген мың тұрғынын Қазақ КСР-і аумағына күштеп көшіруге негіз болды. Сол кезде неге мұндай шұғыл шешім қабылданғаны түсінікті еді. Одақ билігі елдің батыс шебінен баса-көктеп кірген неміс-фашист басқыншылары бұл жерлерге дейін жетсе, жергілікті немістердің солардың жағына шығып кетуінен қауіптенді. Сөйтіп, ықтимал сатқындықтың алды алынды. Алман жұрты қандастары жағына шығып кете алған жоқ. Сонда да болса соғыс жеңіспен аяқталғаннан кейін немістерді бұрынғы тұрған жерлеріне қайтаруға қасақана тыйым салынды. Бұл немістер тарапынан айтарлықтай наразылық туғызып отырды. Алайда Орталық Комитет олардың тілегі мен ашу-ызасына селт ете қоймады. Бұған билік өкілдері бұрынғы автономия орнына кейін шоғырланып үлгерген халық санының тығыздығына байланысты мұның мүмкін еместігін алға тартып, сырғақ жауап берумен құтылып келді. Осыдан кейін неміс диаспорасына Қазақстанда неміс тілінде «Фройндшафт» деген газет шығаруға рұқсат етілді. Осымен автономияны қалпына келтіру мәселесі біржола жабылғандай болып еді.
Бірақ 1976 жылдың тамыз айында СОКП Орталық Комитеті ойламаған жерден неміс автономиясын құру жөнінде арнайы топ құрды. Оған Юрий Андропов жетекші етіп бекітілді. Міне, осы жауапты топ неміс автономиясын құру жөнінде ұсыныс жасауға тиісті болды. Мәселені екі жыл егжей-тегжейлі зерттеген комиссия 1979 жылдың басында Орталық Комитетке жаңа автономияны Қазақстан жерінде құруға болатыны туралы құжаттар мен ұсыныс өткізді. Соның нәтижесінде сол жылдың 31 мамырында СОКП ОК Саяси бюросы «Неміс автономиялық облысын құру туралы» құпия қаулы қабылдады. Ол бұқаралық ақпарат құралдарында айтылмады, газеттер беттерінде жарияланған жоқ. Мәселенің бәрі астыртын түрде іске асып, шекара мәселесі шешілді. Осыған байланысты Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінің екінші хатшысы Александр Коркиннің басшылығымен неміс автономиясын құруды ұйымдастырып, жүзеге асыру жөніндегі комиссия құрылды. Ол автономияның құрамы мен шекарасын анықтап, кадрлар таңдап, облыстық мекемелерді орналастыру мәселесімен шұғылданды. Жаңа құрылымның орталығы рөліне Целиноград қаласынан 100 шақырым жердегі аудан орталығы – Ерейментау қаласы ұсынылды. Автономия басшысы лауазымына сол кезде Краснознамен аудандық партия комитетінің бірінші хатшысы болып жүрген ұлты неміс Андрей Браун тағайындалатын болып келісілді. Әкімшілік-аумақтық құрылымның ауданы 202 мың адам тұратын 46 мың шаршы шақырымнан артық аумақты қамтыды. Алғашында мұнда 30 мың неміс тұрады, сосын уақыт өте келе ұлғая береді деп шешілді. Облыс құрамына Целиноград облысының Сілеті ауданы, Павлодар облысының Ертіс ауданы, Көкшетау облысының Уәлиханов ауданы, Қарағанды облысының Молодежный ауданының Молодежный поселкелік кеңесі, Дальный, Пролетар, Родников, Тельман және Шідерті селолық кеңестерін біріктіру көзделеді. КСР басшылығы республика территориясынан немістерге автономия беріліп кетсе, келешекте бұлайша үй ішінен үй тігуді осында тұрып жатқан ұйғыр, өзбек, орыс, украин секілді басқа халықтар да талап етеді деп қауіптенген сыңайлы. Соңғы күні жиынға келгендер билікке автономияны жұрттан жасырып, құпия түрде құрып жатыр деген айып тағып, мұның жайын түсіндіріп беруді талап етті. Сосын облыстық партия комитетінің бірінші хатшысы Николай Морозов сөз алып, халық толқитындай ештеңе болмағанын, проблема түпкілікті оңынан шешілгенін айтты. Бірақ ол сөзін алдымен жиналғандарды түк толғандыра қоймайтын қазіргі халықаралық жағдай туралы хабарлама жасаудан бастап, биылғы жылы облыста астықтан мол өнім алу күтіліп тұрғанын айтып кетті. Ал автономияға келгенде «бұл мәселе күн тәртібінде ешқашан қойылған жоқ» деп бір қайырып алып, бұдан әрі «Мен Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінің бірінші хатшысы Қонаевпен телефон арқылы сөйлестім, енді ешқандай да автономия болмайтыны жөнінде сеніммен айта аламын» дегенді айтты да, сөзінің ақырын: «Біздің жұмысымыз бастан асады, енді бейбіт түрде тарайық» деп аяқтады.
Қазіргі таңда қазақ тілін дамыту бағыттарының ішінде үш үрдіс қуантады, ол жастардың осы іске белсенді кірісуі, тілді дамыту үшін интернеттің мүмкіндіктерін пайдалану және жаңа технологиялар арқылы бүкіл халықтық сипат алуы. Мұндағы ең бастысы, әлбетте, қателік табу, сынау емес. Сол кемшіліктердің себептерін жою немесе оларды болдырмау тәсілдерін, технологиясын табу маңызды. Жалпы, Қазақстанда кез келген ақпарат алдымен қазақ тілінде жазылуы тиіс, ал оны орыс тіліне аудару міндетті емес. Орыс тілді халық жаңағы мәселеден хабардар болғысы келсе, өзі іздеп табады. Осы тұрғыда біздің бұрынғы кеңес үкіметінен қалған ауруымыз бар, – министрліктерден бастап төменгі мекемелерге дейін аудармамен ауырамыз. Аударма деген нәрсені ұмыту керек. Әр нәрсені өз атымен атаған дұрыс.
Қазақ тіліне қатысты жоғары деңгейдегі мәселелерге ұмтылатын уақыт келді. Президентіміз БҰҰ-да қазақша сөйледі. Енді, біз де соны іліп әкетуге тиіспіз. Әлі сол баяғы дүңгіршектердегі, маңдайшадағы жазулармен жүре бермей, енді дипломатиядағы қазақ тілі, қаржы саласы, құжаттар, сыртқы саясаттағы қазақ тілі мәселесімен айналысу қажет. Сондықтан, жаңа технологиялар, аудит негізінде басталған жұмыстарды аяғына дейін жеткізу қажет. Бәріміз бір бағытта – стратегиялық бағытта жұмыс істеп үйренуіміз керек. Әйтпесе, жеке-жеке жамырап істеген жұмыс нәтижені аз береді, бұған көзіміз әбден жетіп болды.