1.«Дәлелденген эссе»



бет2/4
Дата26.05.2022
өлшемі27.12 Kb.
#458659
1   2   3   4
20 әдіс-тәсіл

5. « Ішіне және сыртына» әдісі - оқылған өлеңге немесе мәтінге т.б. байланысты алуға болады. 

6. «Венн» диаграмма» әдісі - Бұл стратегияның мақсаты салыстыру, пайымдау. Екі зат немесе мезгілдің (объектінің) айырмашылығы мен ұқсастығы жазылады. Бір біріне айқасқан екі немесе үш шеңбер.(тек шеңбер ғана болу керек деген қате түсінік) Екі жағына салыстырылады, ал айқасқан жеріне ортақ қасиеті жазылады. Оқушылардың ойлары аршылып, салыстыру сияқты күрделі операция жүзеге асады. 
7. «Эссе» «Ой толғаныс» әдісі -берілген тақырыпқа немесе тақырып атынан шағын әңгіме жазу, ЭССЕ– тақырыпқа сай оқушы өз ойын қорыта және жинақтай отырып, ой-толғанысын жазады. Оқушы өз бетімен жеке жұмыс жүргізеді. Эссені 5-10 минут ішінде тоқтамай жазады. Мұғалім де отырып жазуына болады. Бұл әдісте оқушы бала өз ойын еркін жеткізе білетін болады. Шығармашылықпен жұмыс істеп, сөздік қоры дамиды. Өмірде кездесетін жағдайларға, оқиғаларға саналы, ойлы қарауға үйренеді. 

8. «Білемін. Білгім келеді. Үйрендім.» немесе - «Еркін жазу» әдісі
Бұл әдісті сын тұрғысынан ойлау жобасындағы сабақтың үшінші ой толғаныс кезеңінде пайдалану тиімді. Мұғалім сабақ бойына қарастырылған жаңа ақпарат жайлы, одан алған әсерін, не үйренгенін, нені әлі де біле түсу керек екенін т.б. жайлы өз пікірін қағаз бетіне түсіруді тапсырады. Жазуға уақыт береді. Уақыт аяқталған кезде оқушылар өз жазғандарымен топ мүшелерін таныстырады. Ең жақсы деп танылған жұмысты ұжымда оқуға болады. 
Оқушыларды алған білімдерін қорытуға, оған сын көзбен қарап, ойын түйіндеуге үйрететін бұл әдісті кез келген сабақта қолдануға болады. 
Сабақтың әр бөлігінде тоқталу керек. 

9. «Дұрыс-бұрыс» әдісі- тұжырымдар кестесі 

Ескерту. Кесте артық бөлімдермен сызылуы керек. Барлық оқушыларға алдын ала таратылады. Егер оқушы кестедегі тұжырымдарды дұрыс деп тапса, «Дейін» бөліміне «+» таңбасын, ал егер келіспесе «-» таңбасын қояды. 



10. «Кубизм» Ойын арқылы оқыту. Кубиктің алты жағына жазылған сөздер бойынша жұмыс жасайды. Қандайда бір затты жан жақты талдайды, талқылайды, сол арқылы білімдерін қайталайды, жаңа білім қосады. Сипатта (түрі, түсі, көлемі) 
Салыстыр (ұқсастығы, айырмашылығы) 
Ұсын (қалай, қай жерде пайдаланылады?)- 
Дәлелде (қарсы және қарсы емеспін) 
Талда (қалай жасалған, неден тұрады?) 
Ой толғау (бұл неден жасалған?) 
Кубикпен жұпта немесе топта жұмыс жасайды. 1, 2 – сыныптарда үш жағын ғана пайдалануға болады. Бастауыш сыныптарда түрлі – түсті түрде пайдалануға болады. /Кубтың әр қырына түсіндіріңіз, суреттеңіз, зерттеңіз, талдаңыз, қолданыңыз, салыстырыңыз деген сияқты жұмыс атауларын да жазуға болады./ 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет