1.Әлеуметтік-педагогикалық зерттеу әдістері Әлеуметтік-педагогикалық зерттеудің инновациялық тұғырлары



бет4/7
Дата20.02.2024
өлшемі67.71 Kb.
#492544
1   2   3   4   5   6   7
12- дәріс Документ Microsoft Office Word (2) (1)

2. Инновациялық тұғыр. Білім беру жүйесіндегі инновациялық үдеріс түсінігі және мәні. Әлеуметтік өмірдің барлық саласындағы түбірлі өзгерістер, ғылым мен мәдениеттегі ілгерілеу, педагогикалық қызмет саласындағы жаңа талаптар білім жүйесіндегі қайта құруға әкеліп соқтырды. Бұл салаларды әрі қарай жетілдірудің бірден-бір мүмкін жолы – инновация, яғни педагогикалық жаңалықтарды игеру мен қолдануды басқаратын үрдістер. Бұл - білім беру мазмұнына, білім беру және тәрбиелеу әдістеріне, білім беру мекемелерін ұйымдастыру және басқару жұмыстарына байланысты.
Инновация деген не? «Инновация» ағылшын тілінен аударғанда (Innovation)
«иновацияға кіріспе» дегенді білдіреді. Бұл термин мәдени антропологияда пайда болды. Ол бір мәдениет жетістіктерін сауда, тауар алмасу үрдістеріне пайдалану, аудару дегенді білдіреді. «Инновация» термині антропологиядан экономикаға, содан соң педагогикаға көшіп, оқыту мен тәрбие жүйесіндегі, оқыту әдістемесіндегі білім беру мекемелерінің практикалық немесе ғылыми әрекетінде туындаған түрлі өзгерістерді зерттеді.
Педагогикалық инноватиканың ғылым ретінде дамуына К.Ангеловский, М.С. Бургин, В.И. Загвязинский, В.П. Кваша, М.В. Кларин, Н.В. Коноплина, А.В. Лоренсов, В.Я. Ляудис, Е.П. Морозов, П.И. Пидкасистый, Л.С. Подымова, М.М. Поташник, В.А. Сластенин, О.Г. Хомерики, Н.Р. Юсуфбекова және т.б. педагог ғалымдардың еңбектері маңызды үлес қосты.
Республикамызда педагогикалық инноватиканың теориялық-әдіснамалық негіздерін зерттеген К. Ажибеков, Б.Р. Айтмамбетова, К. Құдайбергенова, С.Н. Лактионова, А.Қ. Мыңбаева, Т.А. Линчевская, Р.М. Масырова, М.А. Шкутина және тағы басқа қазақстандық педагогтардың еңбектерін ерекше атап өту керек.
Педагогикалық білім беру жүйесінде оқытушының жеке тұлғасын қалыптастырудың теориялық-әдіснамалық негіздерін В.П. Беспалько, Е.В. Бондаревская, Е.В. Харламов, В.А. Сластенин, А.И. Пискунов, З.А. Исаева, Ж.Р. Баширова сияқты ғалымдар өз зерттеулерінде қарастырды.
50-ші жылдардың аяғында Германияда, АҚШ-та және тағы басқа елдерде педагогикалық жаңалықтарды оқу және қорыту орталығы пайда болып, білім беру саласының жаңалықтарына байланысты арнайы басылымдар шыға бастады.(мысалы, « information at innovation en education Educatioal innovation in the United States» және басқалар ).
Біздің елімізде де дәл осындай үрдістер жүріп жатты. Алайда олар басқаша аталды. Әңгіме педагогикалық тәжірибенің таратылуы туралы, білім қызметкерлерінің оны пайдалануға дайындығы туралы және ұсынылған жаңалықтардың жаңалығы, оларды бағалау тәсілдері туралы болды. Әдетте, инновация дәстүрлі мәселелерді жаңаша шешу нәтижесінде, фактілерді ұғыну және жинақтау үрдісінің ұзақтығы нәтижесінде пайда болды. Қазіргі кездегі инновацияның көбі тарихи тәжірибемен тығыз байланысты және оның өткен уақытта белгісі, ұқсасы бар. Бұл инновациялық үрдістің белгілі тұжырымдарға сәйкес келетін және белгілі бір жағдайларға өзекті және бейімделген, белгілі бір мақсатқа бағытталған және қазіргі заманғы идеяның құрылу, орнығу, қолдану және жойылу үрдісі екенін түсінуге мүмкіндік береді. Ол жаңалықтар кіретін жүйенің сапалы жақсаруына бағытталған, оған қатысушыларды ынталандырады және олардың көзқарастарын жаңалықтар тұрғысынан өзгертеді.
Инновациялық білім беру үрдісінің негізінде педагогиканың екі басты мәселесі жатыр:
-педагогикалық тәжірибені зерттеу мәселесі;
-психология мен педагогика ғылымының жетістіктерін тәжірибеге жеткізу мәселесі.
Білім берудегі инновациялық үрдістің нәтижесі теориялық және тәжірибелік жағынан жаңалықтарды қолдану болып табылады. Білім беру жүйесінде инновация білім беру мақсатына жаңалықтар енгізу, жаңа мазмұнды жаңа тәсілдер мен тәжірибелер және білім беру формаларын қайта жасауды, жаңа педагогикалық жүйені енгізу және таратуды, мектепті басқарудың жаңа технологияларын жасау және дамытуды және мектеп жаңа білім беру бағытын ұстанғанда, оның мақсаты, мазмұны, әдісі жаңа талаптарға сай болуын жобалайды.
Олардың дамуын екі факторға бөліп қарастырамыз:
Объективті факторлар – инновациялық әрекеттің қарқынды дамуына жағдай жасау және оның нәтижелерін қабылдауды қамтамасыз ету.
Субъективті факторлар – инновациялық үдеріс субъектісімен тығыз байланысты. Инновациялық үрдіс субъектілеріне ғалым-педагогтар, мұғалімдер және білім беру саласында инновацияға бағытталған әрекеттің басқа да қызметкерлері жатады.
«Инновациялық әрекет» түсінігінің мазмұны қандай? Педагогикалық әрекеттің инновациялық бағыттылығының мәні. Әдетте, бұл - түсінік инновациялық үрдіс әрекет субъектілерінің – зерттеушілердің, жазылымдарды даярлаушылардың, техниканы басқарушы мамандардың, инновацияның таралуына және құрылуына қолайлы жағдай жасайтын мамандардың әрекет жиынтығын білдіреді. Инновациялық үрдістегі ұжымдық әрекет туралы сөз болғандықтан, бұндай анықтама дәлме-дәл келеді. Біз жеке субъект деңгейіне келсек, онда инновациялық үрдістің жеке алынған субъектісінің әрекетін қарастырамыз. Бұл жағдайда инновациялық әрекеттің объектісі бұдан бұрын қалыптасқан және осы уақытта оның тәсілдері, құралдары адамдардың осы қауымдастығы үшін біркелкілік қайтажасалымды сипатқа ие әрекеттің басқа түрлері болып табылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет