1.Әзірлеген: Құрастырушы: 03. 09. 2014 аға оқытушы Кенжебулатова А. М. Талқыланды


Т.14. Терроризм және экстремизмен аймақтық деңгейдегі күрес



бет4/5
Дата16.06.2016
өлшемі270.5 Kb.
#138298
түріСабақ
1   2   3   4   5

Т.14. Терроризм және экстремизмен аймақтық деңгейдегі күрес.

Тақырыпша 1. Орталық Азиядағы терроризм мен экстремизмге қарсы күрес жүйесі.

Кейс – тапсырма:

2000ж. Ташкентте болған саммитте Орталық Азия (ОА) мемлекеттерді терроризмге, діни және саяси экстермизмге, трансұллтық қылмыс ұйымына қарсы бірігіп күресу туралы келісім – шарт қабылдап, онда оларға қарсы күресудің нақты шаралары көрсетілген бағдарлама бекітілді. Содан бергі 10–жылдан астам жыл ішінде – ТМД – ның Антитеррорлық Орталығы (АТЦ –АТО) құрылды, арнайы қызмет және барлау ұйымдармен деректермен алмасу, бандқұрлымдардың іс – әрекетінің алдын алу, ісі қолға алынды, ОА – да тез соққы беруге дайын Ұжымдық күш құрылды. Кейін осының, негізінде АТО (Бішкекте) құрылды. Осындай шаралардың арқасында тез арада 1999 – 2000, 2010 жылдардағы Қырғызстан Өзбекстандағы қақтығыстарды шешуге мүмкіндік туды. Егер 1999 – 2000 ж. Қақтығысты сырт күштің көмегімен басуға тура келсе, қазір олар өз күштерімен қайшылықты шешуге ұмтылуда.

Тапсырма: Терроризмге қарсы күрес қандай шаралар төңірегінде жүргізіледі.

ҚР –ның терроризммен экстремизмге қарсы құқықтық өлшемдерін конспектілеп, оларға талдау жасаңыз.

ОА-дағы терроризм мен экстремизмге қарсы күресті жетілдіруге бағытталған аймақтық заңдар тиімділігін көрсетіп отыр ма? өз пікіріңізді негіздеңіз.

ОА-да қандай террористтік және экстремисттік ұйымдарға тыйым салынған? Талдау жасаңыз.

Терроризм мен экстремизмге қарсы арнайы қызмет орындарының іс-әрекеттерін қалай жетілдіруге болады деп ойлайсыз?

Аймақтық ШОС, ОДКБ, ТМД т.б. ұйымдардың терроризм, экстремизмге қарсы іс-шараларының тиімділігін ашып көрсетіңіз.

Н.Ә.Назарбаевтың осы мәселеге байланысты сөйлеген сөзінен(2010 жылы ШОС жетекшілерінің саммитінде) үзінді келтіріңіз.

Тақырыпқа байланысты реферат дайындаңыз.

Басқа студенттермен бірігіп осы мәселені талқылап, диспутқа қатысыңыз.

Берілген әдебиеттерге талдау жасаңыз.

Презентация дайындаңыз.

Әдебиеттер:

1. Здравосмыслов А.Г. Межнац-ные конфликты в постсоветском пространстве., М., 1997

2. Современный терроризм: взгляд из ЦА. А.,2002

3. Региональные конфликты на постсоветском пространстве. М., 2002

4. Современные региональные конфликты и проблемы их политического урегулирования. А.,2006

5. Хан Г.Б., Хан И.Г., Кунгейбаев Р.Р. терроризм и антитеррористические законы. А., 2007

6. Козырев Г.И. Основы конфликтологии, М.2007

Проблемалық сұрақтар:

ОА-да су қорын тиімді пайдалану – қақтығыстың алдын алу шаралары дегенді қалай түсінесіз?

ОА мен ҚХР арасындағы территоряға байланысты қайшылықтардың алдын алу мәселесін қарастырыңыз.

Тәжікстан мен Қырғызстандғы аймқтық топтар мен рулық-жерлестік топтар арасындағы қақтығыстарды тежеу жолдарын көрсетіңіз.

ҚХР-ұйғыр мәселесі төңірегіндегі қақтығыстар, оның ОА елдеріндегі таралу мүмкіндігі. Талдау жасаңыз.

ОА елдері арасындағы саяси-экономикалық қайшылықтарды көрсетіп, олардың себептерін талдаңыз.

Қырғызстандағы соңғы кездегі қақтығыстардың негізгі себептерін талдап, ол туралы эссе жазыңыз

T.15. Азия Тынық мұхит аймағындағы қақтығыстар.

Тақырыпша 1. АТА-дағы қақтығыстардың ерекшеліктері. Аймақтағы саяси-территориялық қайшылықтар.

Кейс-тапсырма:

АТА-дағы қақтығыстың ерекшеліктерін талдап, олар туралы эссе жазыңыз.

ҚХР-Тайвань қайшылықтарының негізгі себептерін анықтап, одан шығу жолдарына ерекше көңіл бөліп талда.

ҚХР –Оңтүстік Шығыс Азия елдері арасындағы қақтығыстың себептерін көрсетіңіз.

Куриль аралдарына байланысты Ресей-Жапония қайшылықтарына талдау жасаңыз.

Екі Кореяны біріктіру проблемасына байланысты өз пікіріңізді айтып, эссе жазыңыз.

«Бір мемлекет – екі жүйе» деген Дэн Сяопиннің формуласының мәні неде?

Тақырып бойынша реферат жазыңыз.

Топаралық диспутқа дайындалып, баяндама жазыңыз.

Презентация дайындаңыз.

З.Бжезинскийдің АТА-на байланысты пікірлеріне талдау жасаңыз.

Әдебиеттерге талдау жасаңыз:

1. Богатуров А.Д. Великие державы на Тихом океане. М. 1997

2. Хан Г.Б., Ха И.Г., Кунгейбаев Р.Р. Терроризм и антитеррористические законы. А.2006

3. Хан Г.Б., Суворов Л.С., АТР в мировой экономике и политике. А.2006

4. Козырев Г.И. Основы конфликтологии. М.2007

5. Идентичность и конфликт. М.1997

6. Лебедева М.М. Политическое урегулирование конфликтов: подходы, решения, технологии. Изд.-2.М.1999

Проблемалық сұрақтар:

ҚХР-Вьетнам арасындағы қайшылықтың түбірі неде? Талдау жасаңыз.

Жапония мен ҚХР-ң аймақта жетекші болу үшін таластары қандай факторларға негізделеді?

Екі Кореяны біріктіру мәселесіндегі ортақ мүдделер мен айырмашылықтарды көрсетіп, қайсысы басымдыққа ие екенін көрсет. Неге?

ҚР-ның АТА-ға байланысты қандай мүдделері бар?

ОСӨЖ тапсырмалар

1 Тақырып. Кіріспе. Х/қ қақтығыс ж/е оны реттеу пәнінің мәселелері өрісі. Тәсілдері мен анықтамалары

Бұл тәсілдің кемшіліктері:

-екі жақ та өз ұстанымдарынан баст артуға мәжбүр;

-егер екі жақ келіскен шешім қайшылықта болса;



Артықшылықтары:

-екі жақ та пайдалы, тиімді дәрежеге қол жеткізеді;

-екі жақ бір біріне деген сыйластықты көрсетеді.

Проблемалық сұрақтар:

-«ымыраға келу» тәсілін жүзеге асырудың негізгі «механизмдері» қандай?

-«компромис» тәсілін жүзеге асырудың негізгі механизмдерін көрсетіп, оларға талдау жасаңыз.

-егер екі жақ келіскен шешім қайшылықты болса, оның салдары неге әкеліп соқтыруы мүмкін?

-бұл тәсілдерді қолдануға байланысты студенттердің пікірін анықтап, оларға талдау жасаңыз.

2 Тақырып. Аймақтық және жерлестік (рулық) топтар арасындағы қақтығыстар (Тәжікстан, Қырғызстан).

-КСРО ыдырағаннан кейін Тәжікстан, Қырғызстан елдерінде саяси жіктеу жерлестік, сыбайластық негізде қалыптасты. Елдегі барлық саяси, әскери, әк-ық қорлар осы топтардың мүдделерін қорғауға ж/е олардың саяси үстемдігін арттыруға бағытталған. Осындай шіркеу ел ішіндегі азаматтық қайшылықтарға алып келді.



Тапсырма: Әдебиеттерге қысқаша шолу жасаңыз.

- әдебиеттерге берілген ұсыныстарды талдаңыз.

- оларға контент талдау жасап, өз пікріңізді қалыптастырыңыз

- осы мәселені зерттеуші саясаткерлердің пікірлерін анықтап, оларға өз пікірлеріңізді тұжырымдаңыз.

-қақтығыстарды топтау қағидасына сүйеніп, қазір Қырғызстанда болып жатқан оқиғаға баға беріңіз.

- осы мәселеге арнап эссе, не реферат жазыңыз.



Проблемалық сұрақтар:

Аймақтық жерлестік (сыбайластық, рулық) топтар арасындағы қайшылықтар, олардағы қақтығыстардың мазмұны мен бағытына әсер ете ала ма?

Тәжікстан мен Қырғызстандағы қақтығыс-ды реттеу үшін қандай шаралар жүргізу керек?

Бұл елдердегі қақтығыс-ды реттеу үшін ЕҚЫҰ-ның төрағасы ретінде не істеу керек?



3 Тақырып. Этно-саясатқа байланысты қақтығыстар.

Посткеңестік кезеңде этноқақтығыстар. Грузия мен Осетия, Абхазия арасындағы бұл қақтығыстардың ертеден келе жатқан себептеріне тоқталып, бұл қайшылық қазір қандай түрге ие болғанын көрсетіңіз.



Тапсырма: Басылымдардағы деректерді топтап, оларға контент-анализ жасаңыз;

Грузия, Оңт.Осетия, Абхазия, Ресей, Батыс елдері (АҚШ) басшыларының пікірлерін келтіріп, оларға баға беріңіз.

Осы оқиғаларға байланысты ҚР-ның ұстанымы қандай? Талдау жасаңыз.

Эссе, не реферат жазыңыз

Топаралық «дөңгелек үстелге» сөйлеңіз.

Проблемалық сұрақтар:

2008ж.8тамыздағы Ресейдің Грузияға қарсы әскери акциясын қолдайсыз ба?

Оңт.Осетия мен Абхазияның тәуелсіздігін Ресей тарапынан біржақты қолдау дұрыс шешім деп ойлайсыз ба?

Осы оқиғаларға байланысты ҚР-ның ұстанымы қандай?

Өз пікіріңізді айтыңыз.

4 Тақырып. Халықаралық қақтығыстарды реттеутегі ақпарат деректердің рөлі:

Әлемді ақпараттандыру және ұлттық мемлекеттердің стратегисы.

Жаһандану процессі мемлекетаралық, халықаралық қатынастарды жақындатып, күрделіндеріп ғана қоймай, дамыған елдермен ұлттық мемлекеттер арасындағы түрлі қайшылықтарға әкелуі. Осыған қарамастан олрдың өз ара қатынасы, байланысты даму үстінде. Негізінен қайшылық трансаралық коммуникацияны жүзеге асырушы елдердің жаңа ақпараттық кеңістікті иемдеуінен туындайды.

Үшіншіден, қайшылық дамыған елдермен дамушы не дамымаған елдер арасындағы техникалық мүмкіндіктерінен туындайды. Бұл әсіресе, соңғы кезде орын алған, хабарды цифрлі түрмен жеткізумен және оны прото цифрлі түрмен жеткізу арасындағы қайшылық. Бұд айырмашылық осы құралдарды қолданушы мемлекеттер арасындағы жарнамаларды пайдалану, БАҚ, әлемдік жіне локальді ақпарат жүйелеріндегі елдердің мүдделерін сәйкес келмеуі ақпараттық технологияның дер кезіндегі жетуі сияқты айырмашылыұтарды, ал ол өз тарапынан қайшылықтарда, кейбір жағдайда ақпараттық қақтығыстарда әкелері сөзсіз. Цифрлі хабар тарату турлерін қолданып жүрген елдер басқа елдерге (бұл хабарды пайдаланушы), гуманитарлы интервенция жасауға мүмкіндік алады. Глобальді (жан жақты) ақпараттанудың арқасында қоғамды экономикалық либералдық процестеріне қоғамнің бөлуіне өндірістің жаңартылуы және ұлттық мәдениетті қанауға, басып жаншуға бағытталған медиа өнімдердің таратулуы адами талаптардың төмендеуі т.б. болуы мүмкін.

Жаһандану процессінің әлемді ақпараттануға әсерінен болатын қайшылықтардың күрделүіне әсер ететін тағы бір фактор- ол Хабардың нарықтық және нарықтық емес сигменттері арқылы таралуы. Айталық мемлекеттің, тіпті кейбір аймақтың дер кезінде жаңалықтар, коммерциялық ақпараттар, саяси және бизнесс жоспарларға ала алмауын да бұл мемлекеттердің, не аймақтық. Қазіргі ақпараттыр өрістен тыс қалауына әкеліп соқтырады. Демек дамыған елдердің қолданып отырған глобалға комминикацияны әлемнің барлық еліне (артта қалғанына да) таратуы арқылы – әлемде трансшекаралық кеңестіктің калыптасып жатқанын көрсетеді. Бұл процесті кейін бір саясаттанушылар (Г. Шиллер: “Массовая комуникация и амперная империя”, 1969) “мәдени империялизм” деп айтады. Олардың пікірінше, глобалға коммуникация негізінен, батыстық, соның ішінде американдық саяси және әскери күштердің іс- әрекетінің нәтижесінде пайда болды. Бұл коммуникацмя дәстүрлі мәдениетті әлсіретіп, олардың жаңа мәдени (батыстық) ортаға тәулділігінің арттырады. “Вестернизация” ақпараттық шетте қалған.

Сәйкес келмесе де олардың арасында келісім табуға мүмкіндік береді деген пікірмен келісесіз бе?

4) келіссөздің нәтижесіне іс-қимылдың авторитарлық бағытта болуы, оны қандай жетістіктерге әкелуі мүмкін?

Өз пікіріңізді айтыңыз.

Осы сұраққа байланысты эссе дайындаңыз

Топаралық дискуссия қатысу үшін сөзіңіздің мәтінін дайындаңыз

Презентация дайындаңыз

5 Тақырып.Халықаралық қақтығыстарды реттеудегі БАҚ-тың рөлі.

Мына проблемалы сұрақтарға жауап іздеңіз:

Глобалды коммуникация әлемдік саясатқа қалай әсер етеді?

Әлемдік ақпараттың коммуникативтік кеңістікте ұлттық мемлекеттердің жүргізетін стратегиясы қандай болуы мүмкін?

Глобалды ақпараттық-коммуникативтік кеңістікте ҚР қандай іс-әрекет қолдануы керек?

ҚР-дың БАҚ туралы заңынан үзінді келтіріңіз

ҚР-да БАҚ жетілдіру үшін қандай жаңа шаралар жасау керек? Сіз пікіріңізді айтып, негіздеңіз. Кейс-тапсырма:

Әдістемелік нұсқау. Қазіргі кезде трансұлттық, ірі мемлекеттер және ұлттық мемлекеттердің БАҚ-тары алдын-ала режиссерленген ақпараттар беретіні белгілі. Бұл ақпараттар ТҰК (ТНК) жоспарлаған бағдарлардан шығып кете алмайды. Ондай корпорациялар: CNN, «ТВ без границ», «Евроньюс» т.б. Олар өздерінің еуропалықтарға, олардың сұраныстарын қамтамасыз етуге арналған, ақпараттарын еуропалықтармен бірге басқа аймақтарға да тарады. Әрине олар басқа халықтардың сұраныстарын қанағаттандырады деп айту қате. Осыдан келіп, х/а уақиғаға берілген ТҰК (ТНК) ақпараты мен оған берілген комментарий мен саяси баға ұлттық БАҚ-тың осы уақиғаға деген өз көзқарастары мен комментарийлері арасында үлкен алшақтық тіпті қайшылық та болуы мүмкін.

Сұрақты дайындау барысында осы тезисті ашуға көмектесетін мысалдар келтіріңіз. Айталық, аймақтық қақтығыстың көзі болып отырған Қырғызстандағы, Украинадағы, қытай-ұйғыр т.б. қақтығысына байланысты деректер келтіріңіз.

БАҚ мына жағдайларға байланысты қақтығыс көзіне айналуы мүмкін: 1) әр түрлі БАҚ-та қақтығыстық уақиғаға баға берудің бір-бірінен алшақ болуы (әр түрлі болуы); 2) қақтығысты әр түрлі БАҚ-тың әр түрлі сараптауы; 3) Қақтығысқа байланысты кімнің сөйлегені емес, оның не айтқаны – қақтығыс тудыруы мүмкін. Қақтығыстағы ақпараттық күрес барысында қарсыластар қақтығыс туралы қарама-қайшы пікірді әр түрлі жолдармен таратуы мүмкін: ресми, бейресми, жалған, алдын ала жалған т.б. пікірлер таратылды.

Халықаралық аренада қақтығысқа байланысты CNN, немесе «аль-Джазира» факторы деген құбылысқа ерекше мән беру керек. Себебі олар не дайындалып жатқан, не болған теракт туралы ақпарат береді. Сонымен қатар, CNN факторы қақтығысқа қатысы жоқ адамдарда теракт барысында қайтыс болғандарға, материалдық құндылықтардың күйреуіне байланысты олардың да қатысы барлығын көрсететін психологиялық сезім синдромын қалыптастырады.

Негативті ақпарат гипертрофиялық деңгейде беріледі де, қолданушылар санасында объективті процестің субъективті көрінісі қалыптасады. Сөйтіп, «виртуалды шындық (нақтылық)» құрастырылады, бұқаралық санасымен, саяси көзқарастармен манипуляция жасалады, сөйтіп, қақтығысқа қатысы шамалы ақпараттар беріледі: халықаралық қақтығыстың мәнін, табиғатын түсінуде PR-дың рөлі ерекше. PR- қоғамдық үдестік пен өзара түсіністікті қамтамасыз етеді: PR- бұқаралық сананың объективті заңдылықтарына, ұйымдар мен қауымдастықтар (халық) арасындағы заңдылықтарға сүйенеді. PR-дың мақсаты-қоғамдық пікірге әсер ету.

Бұл сұраққа жауапты 1- тақырыпшада берілген әдебиеттерден ала аласыз.

Реферат дайындаңыз.

Диспутқа қатысып, өз пікіріңізді айтыңыз.

Презентация дайында

ҚР-ның интернетке байланыста заңына талдау жасаңыз;

Белгілі бір қазақстандық саясаткерді алып, оған PR-жасаңыз.

Мына проблемалық сұрақтарға жауап іздеңіз.

ТҰК (ТНК) және әлемдік БАҚ-тардың ҚР-на саяси әсерін шектеуге бола ма? Болса қалай?

Жаһандық әлемде интернет-технологияның саяси мүмкіндіктері қандай?

Қандай ақпарат-деректерді қақтығыстардың қайнар көзі деп айтуға болады?

PR қақтығыс барысында қандай рөл атқарады?



6 Тақырып. Бейресми өкілдердің семинариялары. Парадипломатия. Мультибағытталған дипломатия.

Кейс тапсырмалары: Соңғы кезде, МПОның етек алған істерінің бірі-форумдар мен семинарларды ұйымдастыру. Мақсат-қақтығыстарға қатысушы жақтардың өкілдеріне өз пікірлерін айтуға және дау-жанжал тудырған мәселелерді талқылау арқылы қақтығысты шешуге қадам басу. Осындай іс әрекетті, халықаралық үкіметтік ұйымдар мен (ОБСЕ, ШЫҰ, т.б.) бейтарап делдал мемлкеттер де жасайды.

-1960-1970жж басында жоғарыда айтылған семинар кездесуді (бейресми) Лондондағы қақтығыстарды сараптау орталығынан – Дж Бертон, АҚШтың Цель университетінен Бертонның әріптесі- Л.Дуб алғашқы рет өткізген болатын. Осы семинар кездесулердің қарастырған мәселелелріне, олардың берген ұсыныстарына талдау жасаңыз.

-«бейбітшілік және келісім федерациясының» мәні мен табиғатын ашып көрсетіп, ол туралы Эссе дайындаңыз.

-1960жылдардың екінші жартысында жүргізілген (Дж. Бартонның ұйымдастыруымен) грек киприаттор мен түріктер арасындағы қақтығысқа байланысты семинарлар қандай нәтиже береді?

-1969ж американдық Л.Дубаның Сомали мен Ксения және Эфиопия арасындағы қақтығысты реттеуге арналаған семинарының (фермед семинары Африкалық Рокта) нәтижесінің Бертонның семинарының нәтижесінен айырмашылығын көрсетіңіз.

Тақырып 7. Халықаралық жұмсақ құқық: ОБСЕ мысалы.

Тезистер-Халықаралық ұйымдардың резолюциялары соңғы кезде жеңілдетілген құқықтардың қайнар көздеріне айналды. Халықаралық ұйымдарының резолюцияларының көп болуы, жұмсақ құқықтың көбеюіне әкелді. Жеңілдетілген құқық актілерінің маңызы туралы БҰҰ ның Бас Ассамблеясының резолюциясында ерекше көрсетілген. «Жұмсақ құқықтың» мүмкіндігін біз Хельсинки процесінен кореміз. Қырғи қабақ соғыстан кейін халықаралық қауымдастық алдында Европадағы қызметтестік және қауіпсіздіктің жаңа жүйесінің (ОБСЕ) құқықтық өлшемдерінің негізін құру мәселесі туды. Осы кезде, халықаралық қатынастың оптимальді құралы ретінде халықаралық келіссөздер резолюциясының ерекше түрі – жұмсақ құқық пайда болды. Оның негізінде Европадағы қызметтік пен қауіпсіздіктін Хельсинки кодексі алынды. Ал, жалғасы ретінде алдымен тұрақты халықаралық орган –Европадағы қауіпсіздік және қызметтестік кеңесі (СБСЕ), ал 1995ж ОБСЕ құрылды. Бұл ұйымдардың құқықтық өлшемдерінің негізі –жұмсартылған құқық болды. ОБСЕ нің құқықтық статусы жоқ, сондықтан ол халықаралық құқықтың субектісі бола алмайды. Бұл ұйымың басқа ұйымдармен және мемлекеттермен қарым қатынасы жұмсартылған құқық актілерімен реттеледі. ОБСЕ-нің өздерінің айтқандарын істемеген мүшелеріне әсер ете алмайды. (Мысалы, олардың дипломатиялық қағидаларын мойындамаған елдерге ештеңе істей алмайды. Айталық ҚР–на).

Жұмсақ құқықтың тағы бір ерекшелігі ОБСЕ ұйымының бөлімдері барлық мүше елдерде орналасқан. Ол бөлімдердің статусы мен артықшылықтары мен оларға тарайтын иммунитет ОБСЕ құжаттарында белгіленген. Бұл ұйымдар өздеріне бөлінген құқық шеңберінде ғана жұмыс істейді.

«Жұмсақ құқық» актілері мүше мемлекеттердің заңдарын жұмсақ түрде жақсартуға көмектеседі.

Проблемалық сұрақтар:

–ОБСЕ де төрағалық етіп отырған ҚР ның іс шараларына талдау жасаңыз

–ОБСЕ төрағасы ҚР ның Қырғызстандағы қақтығыстарды реттеудегі рөлі қандай?

–ҚР 2007ж Мадридте ҚР ның СІМ М.М.Тажиннің алған міндеттемелерін орындады ма? Өз пікіріңізді айтыңыз.

–ОБСЕ нің қақтығыс болып жатқан аудандарға бейбіт батальондарын жіберуге құқықғы бар ма? Өз пікіріңізді негіздеңіз.

КСРО мен АҚШ тың «Қырғи қабақ» кезіндегі негативті қатынастарын жақсарту мақсатында бірнеше семинарлар өтті. Оны Дертмунд конференциясы деп атады. Бұл конференйияның нәтижесі қандай болды?

-Бір екі күндік пилоттық (алдын ала, эксперименталді) семинарлардың бсқа форумдар, конференциялар, семинар – кездесулерден айырмашылығы неде?

-ұсынылған әдебиеттерді контент талдаңыз

-Д.Бертонның, Л.Дубаның семинарларының қорытындысы материалдарын конспектілеп, семинар сабағында сөйлеңіз.

-семинарлардың, форумдардың мәні, маңызына байланысты баяндама дайындаңыз.

-презентация дайындаңыз

-проблемалық сұрақтарға жауап дайында.

1.Егер бұрын жеке тұлғалар ғана семинарларды ұйымдастырып, қорытынды ұсыныстар дайындаса, соңғы кезде «Бейбітшілік және келісім федерацияс» (ФМС) осындай семинарлар мен форумдар өткізіп жур. Семинар ұйымдастырудың осы әдістерінің қайсысы тиімді деп есептейсіз?Не себептен?

2.Қақтығыстарды реттеудегі НПО ның рөліне қандай баға бересіз?

3.Парадипломатия (аймақтық дипломатия) дегенді қалай түсінесіз?

4.Парадипломатияны кейбір саясаттанушылар бірінші дипломатияға жатқызса, кейбіреулері екінші дипломатияға жатқызып жүр. Сіз қайсысына жатқызар едіңіз және не себептен?



8 Тақырып. Мемлекеттік емес ұйымдардың (МПО) қақтығысты реттеудегі рөлі.

–Халықаралық қақтығыстағы дәстүрлі емес акторлар дегенде МПОның қақтығысқа араласуын айтамыз. МПОның қақтығыстарды реттеуге байланысты қызметі 4 түрден тұрады. Олар: (Американдық саясаттанушы П.Ааллдың айтуынша)

1) Реабилитациялық (қалпына келтіру); 2) Превентивті (қақтығысты алдын ала ескерту); 3)мониторинг жасау (адам құқығын сақтай ма?); 4)Қақтығысты шешуге және қатысушалырды келістіруге бағытталған іс әрекет.

НПО–басқа акторлармен бірге делдалдық (посредник) қызметтер атқаруы мүмкін. Қазіргі кезде осындай делдалдық қызметті «шекарасыз дәрігерлер», «халықаралық амнистия», «Қызыл крест және Қызыл жарты ай халықаралық комитеті», «шекарасыз журналистер» т.б. Бұл ұйымдар іс әрекеттерінің басты қағидасы деп бейтараптықты айтады. Мысалы, «халықаралық Қызыл крест және қызыл жарты ай комитеті», «МКК и КП» өзінің бейтараптық статусын пайдаланып, қарсы жақтарға «жақсы көмектер» көрсетеді. Айталық, уақытша соғысты тоқтатуды немес арнайы санитарлық және қауіпсіздік зона орнатуды талап етеді. 1996 ж желтоқсан айында МКК и КП осыған іс әрекеті шешен қақтығысының қатысушыларына ұсынып, бейбіт келісімге қол қойдырды.

МКК и КП нің әлемінің барлық түкпіріне өздерінің аймақтық бөлім жүйелерін ұйымдастырды. Бұл бөлімдер өздерінің істерін басқа ұйымдармен бірігіп істейді:

–НПО, БАҚ арқылы шынайы, ақиқат (қақтығыс туралы) ақпарат тарату арқылы қоғамдық пікір қалыптастырды.

–мемлекеттік билік арасында қақтығыс туралы пікір қалыптастыру арқылы олардың шешім қабылдауына әсер етеді.

–НПО қоғамға, мемлекеттік билікке, саяси партия сияқты тікелей емес, жанама әсер етеді.

–НПО, көп жағдайға қақтығысқа қатысушыларды халықаралық құқықты, қабылдаған шешімдерді (БҰҰ, ШОС, ТМД, т.б.қабылдаған) сақтауға шақырады. Бұл ескі жақтың диалогының белгілі бір шеңберде (рамочный формат диалога) жүргізілуіне әкеледі.

–НПО негізінен халықпен жұмыс істейтін болғандықтан, олардың керек уақытында көмекке келе алатын жасақтары көп болады (халық арасында, депутаттар, т.б.).

–НПО халық арасында ерекше сеніге ие, сондықтан халық олардың қақтығыст реттеудегі істерін қолдайды.

Проблемалық сұрақтар:

1.НПО ның қақтығысты реттеудегі рөлін ашу үшін олардың бірінің істерін ашып көрсет. Мысалы «шекарасыз журналист».

2.НПО қақтығысты шешуге байланысты келіссөзде қандай рөл атқарады?

3. «Рамалық шеңбердегі диалог» дегенді қалай түсінесіз?

4.НПО ның қақтығысты шешуге қатысуының мемлекет араласудан

9 Тақырып. Келіссөз: ерекшеліктері және қақтығысты аяқтау.

Тезис:

–«Келіссөз»ұғымы – қақтығыс тудыратын мәселелерді талқылауға, қатысушылардың іс әрекеттерін келістіруге талсас тудыратын сұрақтарды шешуге байланысты мәселелерді қарастырғанда қолданылады.

Келіссөздердің ерекшеліктер:

1.Келіссөз екі жақтың мүдделері әр түрлі болған жағдайда жүргізіледі

2.Мүдделерінің әр түрлілігі, кейде қарама қарсылылығы қатысушыларды бір біріне тәуелді етеді

3.Мүдделерінің бір біріне тәуелділігі қатысушылардың келіссөз барысында іс әрекеттерінің мәселені бірігіп шешуге бағытталуын талап етеді.



«Келіссөздің» артықшылықтары:

–Келіссөз барысында екі жақ өзара жақындасады;

–қатысушылар өз еріктерімен уақыттық өлшем белгілеп және мәселені талқылау шеңберін анықтай алады. Сонымен қатар, келісім сөзге әсер етіп, оның нәтижесіне араласа алады;

–келіссөз қатысушыларға өздері қалағандай келісімшарт қабылдауға мүмкіндік береді;

–қабылданған шешім көр жағдайда, бейресми сипатта болады;

Келіссөзге қатысушылар қақтығыстық жағдайды әр түрлі бағалайды:

–не «суммасы нолге тең ойын» ретінде, б.а. қатысушы жақтардың мүдделері қарама қайшы болады, сондықтан бір жақтың жеңісі екіншісінің жеңілісімен аяқталады, ал суммасында ол–нөлге тең болады (қақтығыс шешімін таппады)

–не «суммасы нол емес ойын», б.а. екі жақ та не ұтады, не ұтылады. Қақтығысқа қатысушылар келіссөздің аяғында оның «ұтыс–ұтылыс» моделіне ұмтылса, онда келіссөз өз мақсатына жетпей, желкесі қиылады. Ол қақтығыстың әрі қарай жалғасып, әкеледі.

Ал, егер келіссөз «ұтылыс–ұтылыс» моделіне бағытталса, онда екі жақ та өз мүдделеріне жетпегендіктен, компромиске келуі ғажап емес. Екі жақ бір бірімен ымыраға келіп, әр қайсысы аз болса да бірдеңе ұтады.

Проблемалық сұрақтар:

–«ұтыс–ұтыс» моделінің мәні неде?

–«суммасы нолге тең ойын» дегенді қалай түсінесіз? Сараптап көріңіз.

–келіссөз барысында екі жақ қандай ымыраға келуі мүмкін?

–егер келіссөз барысында шешім тең бір жаққа ғана тиімді болса, ондай шешімді екінші жақ міндетті түрде орындауы тиіс пе?

10 Тақырып. Позициялық сауда (торг) стратегиясы.

–Келіссөз барысында «позициялық сауда» стратегиясын қолдану мүмкіндігі мына жағдайларда жүзеге асады:

1.Екі жақ та келіссөз барысында қол жеткізген бейбіт қатынасты ұзақ ұстағылары келмесе;

2.Қақтығыс объектісі шектеулі қор болса;

3.Екі жақтың бірі екіншісінен, не үшінші жақтан тәуеді болса;

4.Егер қақтығыс тудырған мәселе екі жақтың бірі үшін өте маңызды болмаса.

«Позициялық сауда» стратегиясының ерекшеліктері:

–Келіссөзге қатысушылар мүмкіндігінше өз мүдделерін жүзеге асыруға тырысады;

–Екі жақ та өздерінің бастапқы позициялары төңірегінде келіссөз жүргізеді;

–Қарсы жақтың позициясының өздерінің позициясынан айырмашылықтары ғана ескеріледі, ал ортақ мәселелер ескерілмейді;

–Мәселені шешуге байланысты өз мақсат мүдделерін жасырын ұстайды;

–Келіссөздің нәтижесіз болуынан қорқып ,екі жақ та компромис іздеуі мүмкін;

–Екі жақ та келіссөзге қатысушы үшінші жақты өз жақтарына тартуға тырысады.

«Позициялық сауда» стратегиясының кемшіліктері:

–Екі жақ та өз мүдделеріне сәйкес келмейтін келісімге келуі мүмкін;

–Келіссөз көп шығынды талап етуі; оған жіберілген уақыт босқа кетсе, келісім мүлде болмауы мүмкін;

–Келіссөз барысында екі жақ татуласудың орнына, жауласып қайтуы мүмкін;

–Егер екі жақ та үшінші жақты тартамын деп күш салса, келіссөз нәтиже бермейді.

«Позициялық саудада» қолданылатын тактикалық амалдар:

1) бір біріне орындалмайтын «жоғарғы талап» қояды;

2) өз ұстанымдарына жалған мәліметтер жіберіледі;

3) «күту амалы» –қарсыласының бірінші болып өз ұстанымдарын айтуды күтеді, ал өз ұстанымдарын қарсыласының ұстанымдарына қарап түзетіп айтады;

4) «салями» амалы–қарсыласына мәліметті аз аздан беру. Бұл тәсіл –қарсыласынан неғұрлы толық мәліімет алу үшін, не келіссөзді созу үшін керек;

5) «жоғары құндылықтарға жүгіну» амалы–халықаралық қатынастарды қалыптасқан жоғары құндылықтарға сүйену арқылы өзінің ұстанымдарын қабылдауға көндіру;

6) «біліп бұрып алдау» амалы:

–мәліметті бұрмалайды

–өтірік мәлімет жариялайды

–сұрақтарды шешу үшін өкілеттілігім жоқ дейді

–келісімді орындағысы келмейді

7) «талапты бір біріне жоғарылап қою» –егер қатысушылардың бірі келісімді орындауға кіріссе, екіншісі жаңа талаптар қояды;

8) «талапты ең соңғы минутта қою» –бұл талапты қоюдағы мақсат қарсы жақ келісілген шарттарды бұзбау үшін айтылған талаптарды орындайды деп сену.

9) «екі түрлі түсіндіру» –қорытынды құжатқа екі маыналы баптар енгізу арқылы жүзеге асады. Ал, бұл жағдай болашақта жаңа қақтығыс тудырады.

10) «оллонетке қысым көрсету» –күш көрсету, ультиматум қою, т.б.

Проблемалық сұрақтар:

–«позициялық сауда» стратегиясын қандай жағдайда қолдану керек?

–«позициялық сауданың»артықшылығы неде?

–«біліп тұрып алдау» амалының мәні неде?

–«жоғары құндылықтарға жүгіну» арқылы қандай мақсаттар жүзеге асырады?

–«жалған мәлімет» таратушы жақ өзіне қандай артықшылықтар алады?



11.Тақырып. Конструктивті стратегия.

«Позициялық сауда» альтернативті стратегия, конструктивті стратегия. Егер «позициялық сауда» екі жақ арасындағы қарама қарсылықты өрбітуге бағытталса, конструктивті стратегия екі жақтың әріптестік (серіктестік) жағдайда келіссөз жүргізуіне сүйенеді.



Ерекшеліктері:

1) екі жақ қақтығыс тудыратын мәселені бірігіп талдау, бірігіп шешім қабылдайды;

2) келіссөз барысында олардың ұстанымдары емес,мүдделері ескеріледі де, ортақ мүдде іздестіріледі;

3) екі жақ та өздері пайдалы шешімді қабылдайды;

4) оң шешімге келу үшін екі жақ та сырт күштің қысымын ескермей, мәселені шешуге көмектеседі.Объективті өлшем табулары керек;

5) әрқайсысы қарсыласын түсінуге мүдделі болады;

6) келісілген шешім екі жақтың да мүддесін толық қамту керек.

Конструктивті сратегиясының артықшылықтары:

–екі жақ та тең жағдайда болады (артықшылық жоқ)

–екі жақ та қабылданған шешімді әділетті және тиімді деп санайды;

–пост қақтығыстық қатынасты оң бағалауға мүмкіндік береді

Кемшіліктері:

–бұл стратегияны екі жақ та өз еріктерімен таңдау керек;

–жауласқан екі жақтың келіссөз барысында татуласуы екіталай;

–егер келіссөздің негізгі мәселесі–екі жақ таласып отырған «шектулі қор» туралы болса, келіссөз тиімсіз болады.

Конструктивті стратегияда қолданылатын тактикалар:

1) қарастырылатын сұрақтарды күрделілерін кейінге қлдыру. Алдымен, қарсылық тудырмайтын мәселелер шешіледі, сосын күрделі сұрақтарға көшеді;

2) «қақтығыс тудыратын мәселені бірнеше бөлікке бөлу» б.а. мәселені бірден, тұтас шешемін демей оны бөліп қарастыру.

3) «талас тудырған мәселені (скобканың) жақшаның сыртына шығу». Келіссөз барысында талас тудырған сұрақтарды әрі қарай жалғастырып қарамай, жақшаның сыртына шығару;

4) «біреуі кеседі (режет), екіншісі тыңдайды» –б.а. біреуі қақтығысты реттеуге байланысты бірнеше шешімінің варианттарын ұсынса, екіншісі барынша дұрыс деген біреуін таңдайды;

5) «ортақ мәселені көрсету» –қарсыластардың қақтығысты шешуге мүмкіндік беретін ортақ мәселені кқрсетуі.



Проблемалық сұрақтар:

–Конструктивті стратегияның «позициялық саудадан» артықшылығы неде?

–Егер екі жақ та тек өздеріне пайдалы шешім қабылдауға талпынса, онда екі жақ та қанағаттандыратын әділ шешім болуы мүмкін бе?

–Қақтығыс тудыратын мәселені шешуге көмектесетін объективті өлшемді қалай табуға болады?

–талас тудырған мәселені «скобканың (жақшаның) сыртына шығару» дегенді қалай түсінесіз?

–«Біреуі –кеседі, екіншісі–таңдайды» деген амалдың мәні неде?




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет