Өлшеу құралдарының метрологиялық сипаттамасы (ӨҚМС): өлшеу нәтижесі мен оның қателігіне әсер ететін өлшеу құралдарының қасиеттерінің бірі. Өлшеу құралдарының әрбір типі үшін өзінің метрологиялық сипаттамаларын белгілейді. Нормативтік-техникалық құжаттармен белгіленетін метрологиялық сипаттамалар нормаланатын метрологиялық сипаттамалар деп аталады, ал экспериментті негізде анықталатындар нақты метрологиялық сипаттамалар деп аталады. Метрологиялық сипаттаманың номенклатурасы және оларды нормалау тәсілдері МЕМСТ 8.009 стандартында белгіленген.
Барлық ӨЖ метрологиялық сипаттамаларын екі топқа бөлуге болады:
- өлшеу нәтижесіне әсер ететін сипаттамалар (ӨҚ қолдану саласын анықтайтын);
- өлшеу дәлдігіне (сапасына) әсер ететін сипаттамалар.
Өлшеу нәтижесіне әсер ететін негізгі метрологиялық сипаттамаларға: - өлшеу құралдарын өлшеу диапазоны;
- бір мәнді немесе көп мәнді өлшегіш мәні;
- өлшеу түрлендіргішінің түрлендіру функциясы;
- өлшеу аспабы шкаласының немесе көп мәнді өлшегіштің бөлік шамасы;
- шығу кодының түрі, код разрядтарының саны, сандық кодта нәтижелерді беруге арналған өлшем құралдары кодының ең аз разряд бірлігінің бағасы.
Өлшеу құралының өлшеу диапазоны(өлшеу диапазоны) – өлшеу құралының қателігінің рұқсат етілген шектері нормаланған шаманың мәндер аймағы (түрлендіргіштер үшін - бұл түрлендіру диапазоны).
Төменгі және жоғарғы (сол және оң) өлшеу диапазонын шектейтін шаманың мәндері тиісінше өлшеудің төменгі шегі немесе өлшеудің жоғарғы шегі деп аталады. Өлшегіштер үшін - шамаларды шығару шектері. Бір мәнді өлшегіштердің жаңғыртылатын шаманың атаулы және нақты мәні болады. Өлшегіштің атаулы мәні − дайындағанда тіркелген шаманың немесе өлшегіштер партиясының мәні. Мысал: 1 Ом атаулы мәні бар резисторлар, 1 кг атаулы мәні бар гірлер. Жиі атаулы мән өлшегіште көрсетіледі. Өлшегіштің нақты мәні - калибрлеу немесе тексеру негізінде жазылған өлшегіштің мәні. Мысал: масса бірлігінің мемлекеттік эталонының құрамына 1 кг салмағының атаулы мәні бар платиноиридиялық гірлер кіреді, ал оның массасының нақты мәні Өлшегіштер мен таразылардың халықаралық бюросында (ӨТХБ) сақталатын килограммның халықаралық эталонымен салыстыру нәтижесінде алынған 1,000000087 кг құрайды (бұл жағдайда бұл калибрлеу). Өлшеу құралдары көрсеткіштерінің диапазоны (көрсеткіштер диапазоны) − шкаланың бастапқы және соңғы мәндерімен шектелген аспап шкаласы мәндерінің аймағы.
Өлшеу құралдарының өлшеу диапазоны (өлшеу диапазоны) - өлшеу құралдарының қателігінің рұқсат етілген шектері нормаланған шаманың мәндерінің аймағы. Төменгі және жоғарғы (сол және оң) өлшеу диапазонын шектейтін шаманың мәндері тиісінше өлшеудің төменгі шегі немесе өлшеудің жоғарғы шегі деп аталады.
Достарыңызбен бөлісу: |