1.Өлшем шкалалары. Өлшем түрлері мен әдістері Өлшем құраладар


Шкаланың бөлік шамасы (бөлік шамасы)



бет6/6
Дата04.10.2023
өлшемі25.7 Kb.
#479826
1   2   3   4   5   6
3 дәріс 3

Шкаланың бөлік шамасы (бөлік шамасы) − өлшеу құралдары шкаласының екі көрші белгілеріне сәйкес келетін шамалар мәндерінің айырмасы. Өлшеу дәлдігін анықтайтын метрологиялық сипаттамаларға өлшеу құралының қателігі және ӨҚ дәлдігі класы жатады.
Өлшеу құралдарының дәлдік класы - рұқсат етілген негізгі және қосымша қателіктердің шектерімен, сондай-ақ олардың дәлдігіне әсер ететін, мәндері өлшеу құралдарының жекелеген түрлеріне стандарттарда белгіленетін өлшеу құралдарының басқа да қасиеттерімен анықталатын өлшеу құралдарының жалпыланған сипаттамасы. Дәлдік кластары өлшеу құралдарына мемлекеттік қабылдау сынақтарының нәтижелерін ескере отырып, оларды әзірлеу кезінде беріледі. Дәлдік класы осы өлшеу құралының метрологиялық қасиеттерінің жиынтығын сипаттаса да, өлшеу дәлдігін айқындамайды, өйткені соңғысы өлшеу әдісіне және оларды орындау шарттарына байланысты. Бір физикалық шаманың екі немесе одан да көп өлшеу диапазондары бар өлшеу құралдарына екі немесе одан да көп дәлдік класын беруге рұқсат етіледі. Екі немесе одан да көп физикалық шамаларды өлшеуге арналған өлшеу құралдарына әрбір өлшенетін шаманың әртүрлі дәлдік кластарын беруге болады. Өлшеу құралдарының номенклатурасын нақты түрге арналған дәлдік бойынша шектеу мақсатында техникалық-экономикалық негіздемелермен анықталатын дәлдік кластарының шектеулі санын белгілейді.


Бақылау сұрақтар
1. Метрологияда қабылданған «өлшеу» ұғымды түсіндіріңіз.
2. Өлшеудің мақсаты не болады?
3. Өлшеулердің негізгі теңдеуі.
4. Өлшеу процесінің құрылымдық сұлбасының элементтері.
5. Өлшеу принципі, әдісі, қателігі және дәлдігі ұғымдардың анықтамаларын беріңіз.
6. Өлшеулердің классификациясы.
7. Өлшеу нәтижесін алу бойынша өлшеу түрлері.
8. Өлшеу әдістерінің классификациясы.
9. Өлшеу әдісін анықтағанда қандай классификациялық белгі негізгі болып табылады.
Қолданылған әдебиеттер:

  1. Крылова Г.Д. Основы стандартизации, сертификации, метрологии: Учебник для вузов. -М.: ЮНИТИ-ДАНА, 1999.

  2. Махамбетова Ж.Ж. Стандарттау, сертификаттау және метрология негіздері.-А.: Экономика, 2008.

  3. Основы стандартизации, метрологии, сертификации и менеджмента качества. Учебное пособие. –А.: Казахстанская ассоциация маркетинга, 2003.

  4. Рақымжанова М.Т. Стандарттау, сертификаттау және метрология негіздері. –Астана: Фолиант, 2008.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет