3 практикалық сабақ
Жеткіншек жас кезеңінде таңымдылық аумағын зерттеу әдістері
(С. М. Жақыпов, Ф. Бизақова Білім беру жүйесінде қолданылатын психодиагностиканың тестері, тараз, 2005)
Жеткіншек жас кезеңінде психодиагностиканы
қолдану ерекшелігі.
1..Зейінге диагностикалық әдістемелер.
2.Еске диагностикалық әдістемелер.
3. Логикалық ойлауға диагностикалық әдістемелер.
4.Сөйлеуге арналған диагностикалық әдістемелер.
Жеткіншек жас кезеңінде психодиагностиканы қолдану балалық және ересектік белгілерді ескеретін, ерекше қарым-қатынасты қажет етеді. Жеткіншектерде ақыл-ой дамуы жасөспірімдік шаққа жақындау келеді. Олардың танымдық процестерін зерттеуде ғылыми терминдер және түсініктерге шектеу қоя отырып, ересектерге арналған тесттерді іріктеп, пайдалануға да болады.
Тұлғалық және тұлғааралық ерекшеліктерді анықтауда көптеген шектеулер ескерілуі қажет. Өйткені жеткіншектер - әлі жартылай бала болып есептеледі, оларға жартылай балалық, жартылай ересектік тест формаларын пайдалану қажет.
Тапсырмалардың негізі ойын түрінде қалып, тест тапсырмалары тікелей баланың назарын тартатындай баланың қызығушылығын тудыруы тиіс.
Тестілеу барысына жеткіншек назарының жоғары болуы өзі туралы қызықты және пайдалы мәліметтер алуға, қолайлы жағдайлар мен мүмкіндіктер туындайтынын түсінеді.
Бұл жаста өзін-өзі тану қажеттігі өте күшті болатынына орай, қызығушылығы төмен тесттердің өзі қалыпты қабылданатын болады.
Жеткіншектер психодиагностикасына арнайы ғылыми түсініктер, әлеуметтік заңдылықтар нормалары енгізіледі. Бірақ көп жағдайларда бұл нормалар нақты анықталуы қажет.
Тестілеу барысы жеткіншекте өз қажеттілігін рөльдік қатынаста, мінез-құлықта жүзеге асыруға мүмкіндік береді.(эксперименттік және лидерлік рөльдер).Осы жаста жеткіншектер өз білімдерін, іскерліктерін байқатады және өзін көш басшы рөлінде көрсетеді.
1. Зейінге диагностикалық әдістемелер.
Зейін деп өзекті, тұлғалық маңызды белгілерді таңдау, бөліп алуды айтамыз. Психикалық деңгейлердің барлығын ұйымдастыруға қатысқандықтан ес сияқты зейін “өтпелі”деп аталынып басты психикалық процестерге жатады.
Достарыңызбен бөлісу: |