«Алтыншыны ата»ойыны
Ойынға бірнеше ойыншы қатысады.Біреуі жүргізуші.Ол қатысушылардың біреуіне «Алтыншыны ата»- деп бес өсімдік(жануар,құс, балық,жәндікжәне т.б.) атын тез айтып шығады.Жүргізушінің топтамасына алтыншы- сын тез жалғастыру керек. Бір сөз қайталанбау керек. Жауап кідіріссіз берген ойыншы жүргізуші болады. Ал,егер жауап бере алмаса жүрізуші өзі жалғастырады.
3. Логикалық ойлауға диагностикалық әдістемелер.
«Суреттерді мағынасымен орналастыр»
Мақсаты: Қоршаған ортадағы құбылыстар мен нəрселер арасындағы байланыстар, олар жөніндегі қарапайым түсініктерді елестету, бейнелеу, логикалық байланыстыра білуді бағалау: жанжануарлар, олардың тіршілік етуі, табиғат т.б. туралы түсініктерін логикалық байланыспен жеткізе білуі.
Барысы:Балаға, алдымен, 3 сурет көрсетеміз. 4 ші сурет ретінде сол суретпен мағыналас суретті табуы керек. Барлығын дұрыс тапса баланың логикалық ойлауы, байланыстыра білуі қалыпты түрде дамыған.
Фото:
Даму деңгейінің көрсеткіштері:
10 - ұпай өте жоғары деңгей;
8-9 ұпай жоғары;
4-7 ұпай орташа;
2-3 ұпай төмен;
0-1 ұпай өте төмен.
Қорытынды: 9 ұпай бала барлығын дұрыс таба білді. Логикалық байланыстыруы жоғарғы деңгейде.
Оқушыларға логиканы дамытуға арналған жаттығулар
1.Ойлан, тап!
Екі бөлмеде 45 адам болды. Бірінші бөлмеден 9 адам, екінші бөлмеден 14 адам шығып кеткенде, бөлмелердегі адамдар саны тең болды. Бастапқыда әр бөлмеде неше адамнан болған? Есепті суретпен түсіндір.
Ш:14 + 9 =23
45 – 23 =22
22 : 2 = 11
11 + 9 = 20
11 + 14 = 25
Ж: 20 адам, 25 адам
2.Логикалық тұжырым
Егер үстел орындықтан биік болса, онда орындық ... (үстелден аласа).
Егер 2 бірден артық болса, онда бір ... (екіден кем).
Егер Асқар үйден әкесінен бұрын шықса, онда әкесі ...(Асқардан кейін шықты)
Егер апам ағамнан үлкен болса, онда ағам ..(апамнан кіші).
Егер оң қолым оң жағымда болса, онда сол қолым ...(сол жағымда)
4. Сөйлеуге арналған диагностикалық әдістемелер.
Мектепке дейінгі және бастауыш мектеп жасындағы сөйлеуді дамыту диагностикасы сөйлеудің, фонемалық естудің әсерлі (түсіну) және экспрессивті (сөйлеу) түрлерінің әртүрлі аспектілерін зерттеуге бағытталған.
Экспрессивті сөйлеуде лексика , грамматика, сөз тіркестерін құру қабілеті және үйлесімді сөйлеу қабілеті (әңгіме) сияқты көрсеткіштер талданады. Сөйлеудің лексикалық және грамматикалық дамуы диалогтік сөйлеу, номинативті сөйлеу (тақырып атауы), сөйлем, әңгіме құрастыру тапсырмалары арқылы зерттеледі.
“Сөздерді өзгертпей тыңдап, сөйлемді қайталаңыз.”
Барысы: Сөйлемдер:
Күз келді, қоныс аударатын құстар оңтүстікке ұшып кетті.
Күнде таңертең менің тереземнің сыртында торғайлар көңілді шырылдайды.
Достарыңызбен бөлісу: |