4.Оқушыға психодиагностикалық əдістемелер негізінде психологиялық мінездеме беру
Оқушы мақсатты жəне жауапты тұлға ретінде сипатталады. Оның өзін-өзі тəрбиелеу деңгейі жоғары жəне өзін-өзі жетілдіруге ұмтылады. Стресстік жағдайларда ол өзінің эмоциялары мен əрекеттерін тиімді басқара алады, бұл оған жүктелген міндеттерді сəтті шешуге мүмкіндік береді. Ол өз мақсаттарына жету үшін жоғары мотивацияға ие жəне интроспекцияға жəне өзін-өзі дамытуға дайын.
7 апта тапсырмалары
Жасөспірімдік шаққа психодиагностика:
Мамандық таңдауға диагностикалық әдістемелер.
Жеке бас дамуына диагностикалық әдістемелер.
ПДО. Патомінездік диагностикасы
Жасөспірімдік шаққа психодиагностика:
Жасөспірімдік шақ – мінез-құлықтың құрылымында барлық (материалдық, қаржылай өзін қамтамасыз ету, өзіне қызмет көрсету, көзқарас) әлеуметтік- психологиялық тәуелсіздіктің арнайы басталу кезеңі болып табылады.
Жастық шақ адам психологиясында өз алдына түбегейлі өзгеріс жасайтын : адамдар арасындағы қалып пен адамгершілікті ; іс-әрекетті; шынайы және идеалды әрекетті; адамның мойындаған мүмкіндігі мен қабілет арасын;әлеуметтік құндылық пен шынайы өмір күйбеңін саналы түрде түсініп, меңгеруге келеді
Ерте жасөспірімдік шақ- бозбала кезеңі өзінің және жақын адамдарының тағдыры үшін жауапкершілікті сезінеді.
Жоғары сынып оқушыларын жан-жақты психодиагностикалауда кешенді әдістерді таңдау ,жасөспірімдік кезең үшін маңызды және өзекті жағдайларды бағдарлау қажет. Мысалы, өзін-өзі тануға, өзіндік жетілуге ұмтылу,кәсіби бағдар , өз сезімдерін және жыныстық даму барысындағы қатынастарды талдау. Бұл жасөспірімдерде өте маңызды психологиялық ерекшеліктер мәселелері. Екінші жағынан мұндай мәселелерге жалғыздық сезімі, өмір салты және кәсіби жетістіктер жатады.
Осылайша, ерте жасөспірімдік шақ психодиагностикасындағы кейбір шектеулер тек тұлға аумағы және тұлғааралық қатынастармен байланысты тесттер ешқандай шектеулерсіз толығымен қолданылады.
Жоғарғы сынып оқушыларын тестілеу жасөспірімдер үшін үйреншікті жағдайларда жүргізілуі тиіс. Көбінесе ондай жағдайлар мектепте, арнайы сабақтарда, психология сабағында жасалады.
Достарыңызбен бөлісу: |