6 апта тапсырмалары
Жасөспірімдік шаққа психодиагностика).:
Психикалық қасиетке диагностикалық әдістемелер жүргізу және нәтижесін өңдеу
(Оқушылардың таңымдық процесстерінің психологиялық ерекшеліктерін бақылау (қабылдауы, ойлауы, зейіні және т.б.).
Оқушыға психодиагностикалық әдістемелер негізінде психологиялық мінездеме беру (қосымшада мінездеме құрудың үлгі сызбасы көрсетілген)
1.Жасөспірімдік шаққа психодиагностика).:
Жасөспірімдік шақ – мінез-құлықтың құрылымында барлық (материалдық, қаржылай өзін қамтамасыз ету, өзіне қызмет көрсету, көзқарас) әлеуметтік- психологиялық тәуелсіздіктің арнайы басталу кезеңі болып табылады.
Жастық шақ адам психологиясында өз алдына түбегейлі өзгеріс жасайтын : адамдар арасындағы қалып пен адамгершілікті ; іс-әрекетті; шынайы және идеалды әрекетті; адамның мойындаған мүмкіндігі мен қабілет арасын;әлеуметтік құндылық пен шынайы өмір күйбеңін саналы түрде түсініп, меңгеруге келеді
Ерте жасөспірімдік шақ- бозбала кезеңі өзінің және жақын адамдарының тағдыры үшін жауапкершілікті сезінеді.
Жоғары сынып оқушыларын жан-жақты психодиагностикалауда кешенді әдістерді таңдау ,жасөспірімдік кезең үшін маңызды және өзекті жағдайларды бағдарлау қажет. Мысалы, өзін-өзі тануға, өзіндік жетілуге ұмтылу,кәсіби бағдар , өз сезімдерін және жыныстық даму барысындағы қатынастарды талдау. Бұл жасөспірімдерде өте маңызды психологиялық ерекшеліктер мәселелері. Екінші жағынан мұндай мәселелерге жалғыздық сезімі, өмір салты және кәсіби жетістіктер жатады.
Осылайша, ерте жасөспірімдік шақ психодиагностикасындағы кейбір шектеулер тек тұлға аумағы және тұлғааралық қатынастармен байланысты тесттер ешқандай шектеулерсіз толығымен қолданылады.
Жоғарғы сынып оқушыларын тестілеу жасөспірімдер үшін үйреншікті жағдайларда жүргізілуі тиіс. Көбінесе ондай жағдайлар мектепте, арнайы сабақтарда, психология сабағында жасалады.
Достарыңызбен бөлісу: |