Мамандық таңдауға диагностикалық әдістемелер.
"Ойлау түрі" əдістемесі (Г. РЕЗАПКИНА
"ПРОФИЛЬ" əдістемесі ("қызығушылық картасын" өзгерту) КƏСІБИ БЕЙІМДІЛІК САУАЛНАМАСЫ
КƏСІБИ БАҒДАРЛАУ ƏДІСТЕМЕСІ
Шығармашылық потенциал мен шығармашылық диагностикасы
Өзіне деген сенімділік тесті В.Г. Ромена
Тұлғаның ерікті қасиеттерін тексеру
«Мамандық таңдау матрицасы» əдістемесі
Г.Н.Казанцеваның оқу пəндеріне деген көзқарасын зерттеу əдістемесі Мамандықтың тартымдылық факторларын зерттеу əдістемесі
Тест «Мамандықтар кубогы» «Кəсіптік бірлестік» əдістемесі
Кəсіби бағдарды қалай анықтауға болады?
Кəсіби бағдарды анықтаудың екі негізгі əдісі бар. Олар: Климов тесті жəне Голланд тесті. Екеуі де адамның бойындағы барлық қабілетін анықтап, соған сай мамандық таңдауға көмектеседі.
Климов тесті адамның табиғатына жақын кəсіби саланы табуға бағытталған. Тестте ол бес топқа біріктірілген жəн соған сəйкес мамандықтарды ұсынады:
Адам – адам (мұғалім, сатушы, дəрігер, заңгер);
Адам – табиғат (мал дəрігері, биолог, физик, геолог);
Адам – техника (инженер, электрик, механик, конструктор);
Адам – белгі жүйесі (бағдарламашы, лингвист, корректор, топограф); Адам – көркем бейне (жазушы, актер, музыкант, суретші).
Голландтың əдістемесі тұлғаның типін жəне оның бейім саласын анықтауға көмектеседі. Онда барлығы алты тип бар:
Шынайы – дене күші мен ептілігін пайдаланып, тез нəтиже беретін практикалық жұмыс (ағаш ұстасы, агроном, кондитер);
Интеллектуал – шығармашылық пен ғылыми-зерттеу қызметі жəне абстрактілі есептерді шешу (астроном, философ, математик);
Əлеуметтік – басқа адамдармен қарым-қатынасқа, олардың іс-əрекетін талдауға жəне оқытуға негізделген жұмыс (педагог, журналист, тəрбиеші); Əртістік – жоғары эмоционалдық сезімталдық, ұшқыр қиялға ие актерлік, сахналық жəне көркемдік қызмет (суретші, дизайнер, мүсінші);
Тапқыр – қиын жағдайда жетекшілік пен шешім қабылдау қабілетін талап ететін ұйымдастырушылық жұмыс (кəсіпкер, продюсер, директор); Конвенционал – іс қағаздарын жүргізу жəне соған байланысты нақты міндеттерді атқаратын мамандар (іс жүргізуші, банкир, хатшы).
Достарыңызбен бөлісу: |