12-апта бойынша орындалатын тапсырмалар: 10.04. – 15.04. 2024ж.
Темперамент ұғымы, анықтамасы, түрлері. Темперамент - адамның психикалық процестерінің жүру динамикасын анықтайтын туа біткен сипаттамаларының атауы. Адамның сыртқы жағдайларға реакциясын анықтайтын темперамент. Бұл көбінесе адамды, оның даралығын қалыптастырады және дене мен таным процестері арасындағы байланыстырушы буын болып табылады. Темпераменттің төрт қарапайым түрі бар: сангвиник, холерик, меланхолик және флегматик.
Темпераментті анықтауға арналған әдістемелер. Темперамент туралы алғашқы ой пікірлер ғылымда өте ерте кездің өзінде-ақайтыла бастаған. Ежелгі грекияның белгілі ғалымы, дәрігер Гиппократтың( б.э.д. 460-356) еңбектерінде бұл жөнінде біраз пікірлер айтылған.Гиппократтың ойынша, әртүрлі темпераменттер адамдар мен жануарлардыңденесінде төрт түрлі сұйық заттарға байланысты. Олар: денені жылытыптұратын – қан, салқындататын – шырын, құрғататын – бауырдағы – сары өт,оған дымқылық беретін қара өт. Осы 4 түрлі сұйықтар араласуыныңпропорциясын грекше «красис» деп атаған. Латын тілінде бұл темпераментумдеп аталады. Сабақ үстінде әр топ оқушылардың үйде орындаған 4 темпераменттипіне жасаған сипаттамасы қарастырылып, сол типке келетін сыныптағыоқушыларға мінездеме беріледі.Зерттеудің тақырыбы: Темпераментті анықтау әдістемесі.(А. Далдабаева әдістемесі бойынша)Зерттеудің мақсаты: Темперамент- жүйке саласының тума қасиеттерінентуындайтын адамның жеке- дара өзгешелігі.Сауалнама арқылы сол темпераментиесінің көрсеткішін анықтау.Класы: 11Қатысқан оқушы саны: 20 Р/с Оқушының аты-жөніЖалпы жиған ұпай саны Темперамент аты
Темперамент типтерінің анықтамасы. Холерик Бұл темперамент өкілі тездігімен, шапшаңдығымен, ұстамсыздығымен, тым қозғалғыштығымен ерекшеленеді.Оларда психикалық процестер шапшаң өтеді.Күйгелектік сондай адамдарға тән.Ол жұмыс істеуге жақсы қарқынмен кірісіп,күші таусылғанда оны тастап кете береді.Адамдармен қарым-қатынаста тынымсыз,агрессивті,шамданғыш болып келеді.Сондықтан холерик болған жерде ұрыстар жиі болады.Холерик темпераментінің жағымды жағы - энергия,белсенділік, құштарлық,инициативтік.Жағымсыз жағы - ұстамсыздығы,қаталдық,қатаңдық,шамдану,ыза. Мысалы, кіші холерик оқушыдан талпыныс пен құштарлық ерекше көзге түседі.Тіпті партада мұғалімді тыңдап отырған холериктіанық мимика мен энергетикалық белгілер арқылы ажыратуға болады.Тақтада жауап бергенде , кіші оқушы бір аяқтан екіншісіне ауыстырып тұрады,өте жылдам жауап береді.Ондайлар тез істеуге,үлкен өзгерістерге құлшынып тұрады.Міне, мұғалім кезекшіні бор әкелуге жіберді делік, ол жиналып барғанша, холерик оқушы орнынан тұрып борға өзі жүгіріп кетеді. Бұл оқушы әр нәрсеге құштар, істі бастағанда, оны өте тез және беріліп істейді де, түрлі кедергілерден жеңіл өтеді. Ол өте ұстамсыз, өте қарапайым қиыншылықтар үшін күйіп-піседі, мұғалімдер мен ата-аналарына айқайлап сөйлейді. Бірақ ол агрессиялық күйден қайта қалпына келгенде, олай істеуге болмайтынын түсінеді, сонда да ол өзіне ештеңе істей алмайды. Оның ұстамсыздығы оған көп кедергі жасайды және ол үнемі достарымен ойын үстінде ұрсысып, мұғаліммен сабақ үстінде ұрсысады. Флегматик Бұл типтің өкілі баяу, байсалды, асықпайды. Істі ойланып, төзімділікпен істейді. Жинақылықты, қалыпты жағдайды ұнатады. Өзгерістерді ұнатпайды. Бастаған ісін аяғына дейін жеткізеді. Психикалық процесстер флегматикте баяу жүреді. Бұл баяулық оған оқу жолында кедергі келтіреді, ең кедергі келтіретін жері:тез есте сақтау, тез ойланып жауап беру. Кейде флегматиктер жамандықты есте сақтап қалады және ұзақ мерзімге. Адамдармен қарым-қатынаста флегматик бірқалыпты, байыпты, керек жерде тіл табысады, ал орынсыз сөйлемейді. Көңіл- күйі тұрақты. Олардың байыптылығы мен байсалдылығы өмірге деген көзқарасынан да көрінеді. Флегматикті ызаландыру немесе эмоционалды әрекет жасау оңай емес, ол ұрыс- керістен аулақ жүреді, оны әртүрлі қиыншылықтар тепе-теңдігінен шығармайды. Флегматикті дұрыс тәрбиелегенде іскерлікті,талапшылдықты орнатуға болады. Бірақ жағымсыз жағдайларда оларда әлсіздік, жалқаулық пайда болады.Мысалы,2-ші сынып оқушысы – флегматик, ол барлық істі баяу, байыппен,асықпай істейді. Одан сабақ сұраған кезде, ол баяу орнынан тұрып, азғанаүндемей тұрады да, сабақты үйден қараған болса, бірқалыпты дауыспенсабақ айта бастайды; ал егер үйде оқымаған болса, мұғалімнің қойғансұрақтарына жауап қайтармай үнсіз тұрады. Кейде ондай оқушылармұғалімді ызаландырады, ал достары оның баяулығына күледі. Бірақ,флегматик оқушы – жақсы дос,ашық және өте ұстамды, оны ренжітіп алунемесе күлдіру өте қиын.Сангвиник Бұл тип өкілі- еті тірі, қабілетті, қозғалғыш оқушы. Ондайоқушы ақкөңіл және қызу, жеңіл мінезді, ренжігенде тез қайтыпкетеді,сәтсіздігін жеңіл өткізеді. Коллектив арасында жүргенді ұнатады,басқа оқушылармен тез тіл табысады. Қысылып- қымтырылмайды, кісігеқайырымды. Сангвиниктерді оқу үрдісінде бақылаған жақсы, яғни оқуүстінде олар қасиеттерін айқын көрсетеді. Егер оқу материалы қызықтыжәне жас ерекшелініне сай болса, онда кіші оқушы жаңа берілгенматериалды тез қабылдайды, жеңіл есте сақтайды. Ал егер материалқызықсыз және оны оқу үшін көп уақыт қажет болса, онда оқушы оны естеұзақ уақытқа сақтай алмайды. Сангвиниктерді дұрыс тәрбиелегенде, оныжоғары дәрежеде жетілген бірлік және қайырымдылық сезімі оқуға дегенбелсенділігі ерекшелендіріп тұрады. Жағымсыз жағдайларда, жүйелілік пенбірізділік жоқ кезде, сангвиник жеңілтектік, бейбастық, шашыраңқылықбайқалады. Осындайда олар кейде оқуға жауапкершіліксіз қарайды. 3-шісыныпта оқитын сангвиник типінің өкілін алатын болсақ, олар еті тірі,белсенді болып келеді. Сабақ үстінде тынышсыз, жиі алаңдайды, сабақтадостарымен көп сөйлеседі. Сыныпта өтіп жатқан барлық жағдайларға мәнберіп отырады. Достарының арасында ылғм да сыйлы және оларғакөптеген қызық әңгімелер айтады. Осы оқушы жаңа ортаға тез бейімделеді.Егер берілген жұмыс немесе тапсырма жеңіл болса, оқушы оны тезорындайды, ал жұмыс қиын, қытымыр, ұзақ болса, жұмысқа суып кетеді.Егер математика сабағында есеп беріле сала сол оқушы жауабын айтса,және бұл жауабы қате болса, ол арықарай шығарып, дұрыс шешуініздемейді, келесі жұмысқа көшеді.Меланхолик Бұл темперамент өкілінде психикалық процесстер өте баяужүреді. Қатты тітіркендіргіштерге жауап бере алмайды, ұзақ және қаттыкүш түсірсе, олар жұмыс істей алмайды. Олар өте тез шаршайды. Біраққалыпты қоршаған ортада, мысалы,үйде ондай балалар өздерін жақсыұстап, іс-әрекеттерді жақсы орындайды. Эмоциялары баяу туады, бірақтереңдігімен және күштілігімен ерекшеленеді. Олар өте сезімтал,реніштерін іште сақтап, оларды көп ойлай береді, бірақ сондайқиыншылықтар бар екенін ешкімге көрсетпейді. Меланхоликтер тұйық,таныс емес адамдармен сөйлеспейді, жаңа ортада қатты қысылады.Жағымсыз жағдайларда ауруға айналған осалдық, қысылу, көңілсіздік,пессимизм пайда болады. Меланхолик кіші оқушы коллектив арасындаболуды ұнатпайды. Ал егер оны дұрыс тәрбиелесе, қызығушылығы, эмоциясезімі, қабылдауы арта түседі. Мысалға мен 4-ші сынып оқушысын алайын.Ол тұйық, ұялшақ және ол ешкімге көрінгісі келмейді. Біреуден қорқыпжүрген сияқты. Проблемаларды терең сезініп, көп уайымдайды. Сабақайтып тұрған кезде қызарып кетеді, сабақты біліп тұрса да сасқалақтапжауап бере алмай қалады. Істегісі келмейтін жұмыспен айналысса, тезшаршап кетеді. Достарына көмектесуді ұнатады.
Темперамент құрылымын анықтауға арналған әдістемелер.
Достарыңызбен бөлісу: |