«Бастауыш сынып оқушыларының сөйлеу тілін қалыптастыру» тақырыбын таңдап алдым.
Зерттеу мақсаты: белсенді сөздік қорын дамыта отырып, оқушыларды қазақша сөйлеуге, өз ойын басқа біреуге жеткізе алатын деңгейге жеткізу.
Зерттеу нысанасы: оқушыларды байланыстыра сөйлеуге үйрету.
Зерттеу пәні: мемлекеттік тілді үйрету.
Зерттеу міндеті: оқушылардың:
Бастауыш сыныптарда оқушының сөйлеу тілін қалыптастыру жөнінде ғалым-әдіскерлер, озық тәжірибелі мұғалімдер не дейді екен?
Мен әдіскер – ғалымдар Ә. Жүнісбеков, З.Ш. Есназарова, озық мұғалімдер Т. Бердалина, С. Жораева еңбектерімен таныстым. Олар өз еңбектерінде оқушылардың сөйлеу тілін қалыптастырудың мынадай тиімді жолдарын ұсынады. Оны мына сызбадан байқауға болады:
1 - сызба
Бұл сызба байланыстыра сөйлеудің алғы шарттары болып келеді. Олардың еңбектерімен түпкілікті танысқаннан кейін олар ұсынған сөйлеу тілін қалыптастырудың тиімді жолдарын өз сабақтарымда қалай пайдаланамын, соған тоқталайын.
Алдымен мен өз жұмысымды 4 – сынып оқушыларымен танысудан бастадым. Сынып жетекшісімен сөйлесе отырып, сыныптағы әр оқушының психологиялық ерекшелігін, жанұя жағдайын, сабаққа деген ынтасы мен зейінін, өзге тілді қабылдау деңгейін анықтай отырып сыныпта орыс тілінде мынадай сауалнама жүргіздім.
Қазақ тілі сабағы саған ұнай ма?
Ұнамаса неліктен?
Саған не қиындық туғызады?
Мұғалімнің түсіндіргенін ұғасың ба?
Қазақ тілі сабағы саған керек пе?
Басқа пәндер қатарында қазақ тілін қажеттілік жағынан нешінші орынға қоясың?
Оқушылардың жауаптарымен танысқан соң мен сыныпты мынадай 3 топқа бөлдім.
I топ - қазақ тілі сабағы маған керек, мен бұл пәнді ұнатамын.
Достарыңызбен бөлісу: |