2. 1 Кәсіпорынның өндірістік- экономикалық қызметінің сипаттамасы



бет5/6
Дата12.06.2016
өлшемі433 Kb.
#130749
1   2   3   4   5   6

Кәсіпорын шығыны өнім көлемі мен оны өткізу көлемі теңескен жағдайда, өнім көлемі және өндірістің оң тиімді деңгейі анықталады. кәсіпорынның өнім өндіру құрылымының өзгеруі көптеген экономикалық көрсеткіштерді өзгертеді, яғни рентабелдік, таза табыс, құндық түрдегі өндірілген өнім көлемі, материал сыйымдылық және т.б.

Кез келген кәсіпорын өнім өндіргенде шикізат пен материалдарды, ресурстарды негұрлым аз пайдаланып, соғырлұм өзіндік құны аз өнім алуға тырысады. Оған жетудің бірден-бір жолы ол жоғары технология мен техниканы, қолда бар материалдық ресурстарды тиімді пайдалана отырып, өнім өндіру, бір ескертетініміз шикізатты аз пайдалануымыз қажет деп, өнім сапасын әсте естен шығармауымыз қажет. Осының нәтижесінде өндіріс факторларын тиімді үйлестіре отырып, өндірілген өнім бәсекеге қабілеттілікке қол жеткізеді.

Қазіргі кездегі бәсекелестік күрестерде өнім өндіруші кәсіпорындардың қайсысы қолда бар ресурстарды тиімді пайдалана алса, солар нарық жағдайында оң нәтижеге жететіні белгілі.

"ПолимерМеталл- Т" ЖШС-дегі жаңарту және қайта құру жұмыстарының нәтижесінде 2006 жылы ұзақ мерзімді активтері 36915 мыңға өсті (баланс деректері). Осы ұзақ мерзімді активтердің үлес салмағында кәсіпорынның негізгі құралдары 36926 мыңға өскен (108%). Негізгі құралдардың жағдайымен оларды пайдалану дәрежесі – сараптау қызметінің маңызды белестерінің бірі. Себебі өндіріс тиімділігін арттырудың басты факторы негізгі қорлары екені белгілі. негізгі қорлар объектілері кез-келген өндіруші кәсіпорын негізін құрайды. Негізгі қорлардың шаруашылық жүргізуші жүргізуші субъектілердің негізгі капиталдағы мөлшері жоғары деңгейде болуы заңды құбылыс. Негізгі қорлардың сандық, сапалық жағдайы және оларды тиімді пайдалану кәсіпорының соңғы нәтижесін анықтауда айтарлықтай әсер береді.


Жалпы негізгі қорларды пайдалану қор қайтарымдылық, қор сыйымдылық, еңбек құралдарының қызмет ету жылдарына және т.б.

көрсекіштермен сипатталады. Қарастырып отырған кәсіпорын бойынша өндіріс тиімділігінің негізгі көрсеткіштерін талдаудың технико-экономикалық көрсеткіштерін № 6 кестеден көреміз.



2006 жылы 2005 жылмен салыстырғанда өнімді өткізуден түскен табыстың 254% артқанын көреміз. Өнімнің өзіндік құны 246% артқаны және кезеңнің жалпы шығындарының өсуі 111% құраған. "ПолимерМеталл-Т" ЖШС-інде өнім өндірумен тікелей байланысты негізгі құралдардың үлес салмағы 2005 жылы 61 %-ті құраса, ал 200 жылы 55 %-ті құрады. Негізгі қорлардың белсенді бөлігінің өсуі кәсіпорынның алдағы стратегиялық жоспарларына үлкен көмегін тигізуі мүмкін. Негізгі қорлардың белсенді бөлігі кәсіпорынның қуаттылығымен қоса техникамен қаруланғандығын білдіреді, бұл өз кезегінде қор қайтарымдылығының өсуіне әсерін береді. Негізгі қорлардың өсуі құндық көрсеткіште:

  • негізгі қорлар объектілерінің іске жаңадан қосудан

  • бұрын пайдалануда болған негізгі қорларды сатып алудан

  • қайта бағалаудың есебінен жүреді.

6-кесте-"ПолимерМеталл-Т" ЖШС-нiң технико-экономикалық көрсеткіштері




Көрсеткіштер

өнім бірлігі

2005

2006

ауытқу

(+; - )

%

1

Өткізілген өнімнен түскен табыс

мың тг

214998

545752

330754

254

2

Өткізілген өнімнің өзіндік құны

мың тг

161975

398741

236766

246

3

Жалпы табыс

мың тг

53023

147011

93988

277

4

Кезең шығындары

мың тг

72348

80679

8331

111

5

Негізгі қызметтен түскен табыс

мың тг

- 19325

66332

85657

443

6

Негізгі емес қызметтен түскен табыс

мың тг

- 2386

14530

16916

7,9есе

7

Салық салғанға дейінгі табыс

мың тг

- 21711

80863

102574

4,7есе

8

Таза табыс

мың тг

- 21711

76783

98494

4,5есе

9

Негізгі құралдардың орт. жылдық құны

мың тг

431884

468810

36926

108

10

Айналым құралдарының орт. жылдық құны

мың тг

282250

495375

213125

175

11

Жұмыскерлер саны

адам

71

84

13

118

12

1 жұмыскердің еңбек өнімділігі

мың тг

3028

6497

3469

214

13

Жұмыскерлердің еңбек ақы қоры

мың тг

18901

27043

8142

143

14

Орташа айлық жалақы

тг.

22184

26828

+4644

121

15

Өндіріс рентабельділігі

%

8

22

14

275

16

Сату рентабельділігі

%

24

26

2

108

17

Өнім рентабельділігі

%

75

75

-

100

18

Қор қайтарымдылығы

тг

0,49

1,2

0,71

245

19

Қор сиымдылығы

тг

2

0,8

-1,2

40

20

Қормен қарулану

мың тг

6083

5581

- 501

92

21

Капиталдың рентабельділігі

%

-

8

8

8есе

Кәсіпорын мәліметттері негізінде есептелінген

6 -кестеден мынадай қорытындыға келе аламыз: осы есептеулерден көріп отырғанымыздай өнімді өткізуден түскен табыс 545752 мың теңгеге немесе 254 % -ды құрады, яғни алдыңғы жылмен салыстырғанда табыс шамамен 2,5 есеге өсті. Ал аталған көрсеткіштің өсуі жалпы табысқа, таза табысқа және де табыстылық көрсеткіштеріне әсерін тигізеді.

Мұндай табыс өсуі өткізілген өнімнің өзіндік құнымен тікелей байланысты. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 236766 мың теңге немесе 246 %-ға өсті.

Ал осы екі көрсеткіштің айырмасы бізге кәсіпорынның жалпы табысын береді. Ол өз кезегінде 147011 мың теңгені немесе 2,8 есеге өскенін көрсетеді. Егер осы көрсеткіш сақтала беретін болса, онда кәсіпорын өткізілген өнімнен түскен табысын өсу қарқынын төмендетпей, керісінше осындай қарқында жұмыс істеуді жалғастырса, сөзсіз табыс көлемінің өсуі компания басшылары мен ұжымның бірігіп жұмыс істеуінің жемісі болады. Ал егер осындай қарқынмен кәсіпорын өзінің жұмысын ары қарай жалғастыра беретін болса, онда оған өнім көлемін көбейту үшін қосымша еңбек күші қажет болады. Сол себептен кәсіпорын жұмыскерлер санын 84 адамнан 2008 жылы 92 адамға өсіруге шешім қабылдады. Кәсіпорынның табысы өскен сайын компания басшылары өз жұмысшыларын ынталандыру мақсатында жалақыны өсіруді жөн санап отыр және жалақының өсімі 4644 теңгеге немесе өткен жылдағыдан 121%-ға көтерілгендігін байқауға болады. Сонымен қатар маркетингтік бөлімінің оң жұмысының нәтижесінде кәсіпорын 2006 жылы 2005 жылғы қарағанда көбірік өнім өткізген болатын, ал бұл өз кезегінде компанияның елеулі жетістіктерге жеткендігінің бірден-бір көрсеткіші. Компанияның таза табысы 2005 жылға қарағанда 98494 мың теңгеге өскендігін немесе 4,5 есе өскенін көруге болады. Осы технико-экономикалық көрсеткіштердің ішіндегі келесідей басты көрсеткіштерге назар аудармай кетуге болмайды. Олар негізгі қорлар мен айналым қорларының көрсеткіштері. Қор қайтарымдылығының 2006 жылы 0,71-ке немесе 245%-ға өсуі өткізілген өнімнен түскен табыс өсуімен тікелей байланысты. Ал қор сыйымдылығы болса қор қайтарымдылығына кері көрсеткіш екенін ескеруіміз қажет, сол себептен ол әрдайым кеміп отырады. Ол 40%-ды құрап отыр. Кәсіпорынның өнім өндіру деңгейіне өндіріс рентабельділік көрсеткіші әсер етеді. Жалпы табыстың өскендігінен өндіріс рентабельділігі де көбейеді, сондай-ақ оған негізгі қорлар мен айналым қорларының орташа жылдық құнына да тәуелді. Ол 2006 жылы негізгі қорлары 108 %-ға өсті, сонымен бірге айналым қорларының орташа жылдық құны да жоғарлады, яғни 213125 мың теңгеге не болмаса 175%-ды өсті.


2.2 “ПолимерМеталл-Т” ЖШС-ң қаржы- экономикалық жағдайын талдау

Кәсіпорынның тиімді қызмет жасауы – қаржылық нәтижесі көрсеткіштерін сапалы талдап, келешекке жоспар жасауға тікелей байланысты. Кәсіпорынның қаржылық талдау сапасы қолданатын әдіс – тәсілдер мен талдау декректерінің нақтылығына тәуелді. Қаржылық талдау – шаруашылық жүргізіші субъектілердің қаржылық жағдайын бағалау, қаржылық тұрақтылығын, ресурстарын тиімді пайдалануын, белсенділік коэффициентін анықтауға және басқа да мақсаттарда жүргізіледі. Қаржылық талдаудың негізгі мақсаттары болып:



  • кәсіпорын және оның құрылымдық бөлімдерінің қаржылық жағдайын бағалау үшін көрсеткіштер жүйесін жасау;

  • кәсіпорынның жалпы және нақты жағдайын объективті бағалау;

  • көптеген көрсеткіштер бойынша анықталған ауытқуларға әсер ететін факторларды анықтау;

  • қаржылық жағдайын жақсарту мүмкіншіліктерін табу;

  • қаржылық жағдай болашағына болжау жасау;

  • кәсіпорынның қаржылық жағдайын жақсартуға басқару шешімдерін дайындап негіздеу болып табылады.

Кәсіпорынның төлем қабілеттілігін, активтер мен міндеттемелер арасындағы жалпы сомасы бойынша, келіп түсу уақыты бойынша әрдайым теңдікті өтімділік көрсетеді. Өтімділіктің екі тұжырымдамасы белгілі. Бірінші тұжырымдама бойынша өтімділік: кәсіпорынның өзінің қысқа мерзімді міндеттемелерін өтеу қабілеттілігі ұғынылады. Екінші тұжырымдама бойынша, өтімділік – бұл ағымдағы активтердің ақша қаражаттарына айналуға дайындығы мен жылдамдығы. Ал кәсіпорынның төлем қабілеттілігі деп, оның дер кезінде өзінің барлық міндеттемелері бойынша төлемдер жүргізуге дайындығын түсіну керек. Кәсіпорынның перспективті төлем қабілеттілігін анықтау үшін кәсіпорын активіндегі ақша қаражатына айналдыра алатын жылдамдық және дайындықты сипаттайтын өтімділіктің статистикалық көрсеткіштері кеңінен пайдаланылады.
7-кесте- "ПолимерМеталл-Т" ЖШС-нің өтімділік көрсеткіштерін талдау


1

Өтімділік көрсеткіштері

2005

2006

ауытқулар

+;-


1.1

Абсолютті өтімділік коэффициенті

0,011

0,014

0,003

1.2

Жедел өтімділік коэффициенті

0,12

0,34

0,22

1.3

Жалпы өтімділік коэффициенті

0,39

0,55

0,16

1.4

Меншікті өтімділік коэффициенті

0,02

0,41

0,39


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет