№2 (30) сəуір-маусым 2022 issn 2710-3994 «edu. E-history. Kz» электрондық Ғылыми журналы



Pdf көрінісі
бет12/27
Дата21.05.2024
өлшемі3.28 Mb.
#501659
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   27
ИСТОРИЯ ДЕПОРТАЦИИ ПОЛЯКОВ АКТЮБИНСКОЙ ОБЛАСТИ

ISSN 2710-3994 «edu.e-history.kz» электрондық ғылыми журналы № 2 (30) 2022 https://edu.e-history.kz
72
 
аударушылар ресми түрде толық құқықты азаматтар ретінде анықталды. КСРО ІІМ ГУЛАГ 
бастығы генерал-лейтенант В.Наседкин түсіндіргендей, ендігі жерде күштеп қоныстандырылған 
барлық халық өкілдері «арнайы қоныс аударушылар жағдайына ауыстырылған адамдар еңбекақы 
мөлшеріне, тұрғын үй-коммуналдық тамақтануды, сауда мен мәдени-тұрмыстық мекемелерді 
қамтамасыз етуге құқылы, тек қана қоныс аудару ауданынан тыс жерлерге шығу құқығы 
кірмейді»деп көрсетті. 
Сонымен, ХХ ғасырдың 30 жылдары, жер аударудың алғашқы жылдарында поляк ұлтына 
қарсы қуғын-сүргін бойынша Қазақстанға барлығы 13 600 отбасы жер аударылды: Оңтүстік 
Қазақстан облысына – 5 500, Алматы және Қарағанды облыстарына – 3 000, Шығыс Қазақстан 
облысына – 2 000, Ақтөбе облысына – 100 отбасы. Жалпы, кеңестік басқа да поляк операциялары 
қылмыстық істер ретінде 143 810 адамның ісі қаралды, оның ішінде 139 835 адам сотталды. Оның 
ішінде 111 091 адам (77,25%) ату жазасына кесілді, 28 744 адам (23%) қамауға алынды. 
Ұлы Отан соғысы жылдары Қазақстанға жер аударылған поляктар саны 61 092 адамды 
құрады (Ақтөбе облысына – 5 646). Облыс бойынша олар келесідей қоныстанды: Ақтөбе 
ауданына – 615 адам, Мәртөк ауданына – 813, Қобда ауданына – 625, Ключевой ауданына – 947, 
Жұрын ауданына – 815, Темір ауданына – 875, Новороссийский ауданына – 655, Степной 
ауданына – 328, Родниковский ауданына – 330 (Степаненко, 2018). 
Ақтөбе аймағына жер аударылған поляктардың әлеуметтік өмірге бейімделуін қалыптастыру 
барысында, 1941 жылы желтоқсанда облыста делегатура құрылып, онда депортацияланған 
поляктардың істерін Польша елшілігі қолға алды. Делегатураның есептеріне сәйкес, аймақтағы 
поляк депортанттарының жағдайын бағалауға болады. Келесідей мұрағаттық құжаттан үзінді: 
«Древская Мария Болеславовна, 1892 ж.т., полька, Варшавада, Рим-католик дінінде дүниеге 
келген. 1939 жылға дейін ол Львов облысының Самбор қаласында тұрды. Азаматтығы – поляк. 
1940 ж.14 сәуірде Польшадан қуылды, 1941 ж. 10 шілдеде қамауға алынды, жазасын Қарағанды 
еңбекпен түзеу лагерінде өтеді. 1941 жылы 8 желтоқсанда босатылды, қазір Ақтөбе қаласында 
Ворошилов көшесі, 114 мекен-жайында тұрады» ақпараттар архивтерде осындай негіздерде 
сақталған. Делегатура поляк депортанттарын жұмысқа орналастыру мәселесімен де айналысты. 
Ең үлкен артель 1941 жылдан 1943 жылға дейін жұмыс істеген «Рекорд» артелі болды. Артель 
сыртқы киімдер мен іш киімдерді тігумен, балалар ойыншықтарын өндірумен айналысты. 
Төрағасы Станислав Додлица есімді поляк ұлтының азаматы болды.«Ақжар» кірпіш артелінде 25 
поляк, «Утилькомбинат» артелінде де осынша адам жұмыс істеді. «Дружба» ауыл шаруашылығы 
артелі (Джурунда) әскери тапсырыстарды орындай отырып, пальто, етік, қолғап және етік тікті. 
Осы деректердегі штат кестесіне сәйкес 153 адамның 110-ы поляктар болды.Делегацияның 
құжаттарыныңдеректері бойынша, аудандық атқару комитеттері поляктарға жұмыс күндері нан 
мен басқа да өнімдерді беруді, қалыпты өмір сүру жағдайларын қамтамасыз етуді бақылауға 
міндеттеді.Делегация эвакуация кезінде ата-анасынан айырылған поляк балаларына қамқорлық 
жасады, оларға арналған балалар үйлері Ақкемір, Алға, Шалқар, Ақтөбе қалаларында болды. 
Поляктарға арналған арнайы қоныс аудару режимі тек 1956 жылы 17 қаңтарда – КСРО 
Жоғарғы Кеңесі Президиумының арнайы Жарлығымен жойылды. Жарлық олардың арнайы 
қадағалауын жойды (комендатуралар деп аталады), бірақ поляктардың ресми түрде статусы 
қалпына келтірілмеді және бұрынғыдай әкімшілік органдардың бақылауында болды. Бұрынғы 
поляктардың «арнайы қоныстанушылары» толыққанды кеңес азаматтары болып саналғанына 
қарамастан, поляктардың көпшілігінде 1959 жылға дейін төлқұжаттары болған жоқ, ал кейбір 
аймақтарда оларға төлқұжаттар тек 1970 жылдары берілген. Өткеннің қайғылы оқиғаларын 
шынайы жарықтандыратын құжаттарға деген қызығушылық бүгінде күннен күнге артып келеді. 
Жақында халықтарды толығымен жер аудару тақырыбында көптеген көркем және тарихи-
публицистикалық шығармалар жазылды. Сол оқиғалардың куәгерлерінің барлық естеліктері, осы 
тақырыптағы барлық үзінділер негізінен бір сарында көрсетілген: қайғы, ауыртпашылық, 
қорқыныш, трагедия. Алайда, халықтарды депортациялаудың толық тарихы – Сталиндік 
режимнің ең қорқынышты өнертабыстарының бірі әлі жазылмаған, ол адамзатқа қарсы осы 
қылмыстың мәніне ене алатын зерттеушілерін күтуде. Бұл варваризмнің механизмін ғана емес, 
оның бастауын, шығу тегін, себептері мен формаларын да ашу керек. Бұл зұлымдықтың «бір елде» 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   27




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет