№2 (30) сəуір-маусым 2022 issn 2710-3994 «edu. E-history. Kz» электрондық Ғылыми журналы



Pdf көрінісі
бет13/27
Дата21.05.2024
өлшемі3.28 Mb.
#501659
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   27
ИСТОРИЯ ДЕПОРТАЦИИ ПОЛЯКОВ АКТЮБИНСКОЙ ОБЛАСТИ

ISSN 2710-3994 «edu.e-history.kz» электрондық ғылыми журналы № 2 (30) 2022 https://edu.e-history.kz
73
 
неге мұндай масштабта пайда болғанын түсіндіруге, оны психология, әлеуметтану, әлеуметтік 
құрылым, идеологияның ерекшеліктері тұрғысынан түсіндіруге тырысқан жөн (Этапы 
депортации,https://studbooks.net/542544/istoriya/etapy_deportatsii_polyakov_territorii_zapadnoy_ukrai
ny_kazahstan). 
Күштеп қоныс аудару саясатын зерттеу барысында Қазақстан Республикасы Президентінің 
Архиві басып шығарған «Қазақстандағы поляктар тарихынан (1936–1956)» құжаттар жинағы 
маңызды рөл атқарады. Жинақта Қазақстандағы поляк ұлтының кеңес азаматтарының жағдайы 
туралы құжаттар жарияланды. Украин КСР-нен поляктарды күштеп көшіріп әкелу және 
республикаға орналастыру, Екінші дүниежүзілік соғыс кезеңінде поляк субъектілерін 
депортациялау және республикада поляк елшілігінің делегатураларын құру, поляк патриоттары 
одағының қызметі, Ұлы Отан соғысы жылдарында Қазақ КСР-інде поляк әскери құрамаларын 
құру туралы материалдар сақталған. Архивтік материалдар екінші дүниежүзілік соғыс кезінде 
және соғыстан кейінгі алғашқы жылдары поляк азаматтарының республикадағы өмірінің түрлі 
аспектілерін ашып көрсетеді. Жинаққа Республиканың мемлекеттік архивінде сақталатын және 
әлі күнге дейін ғылыми айналымға белсенді енгізілмеген 185 құжат енгізілді, оның 177-і алғаш рет 
жарияланды (Шотбакова, 2014
). 
Осы уақытқа дейін жарияланған құжаттар жинақтарының ортақ 
кемшілігі жер аударылғанға және арнайы қоныс аударғанға дейін поляктардың діни өмірі туралы 
материалдардың толық болмауы, олардың жергілікті халықпен қарым-қатынасы туралы 
ақпараттың жеткіліксіздігі болып табылады. Жарияланған жұмыстар мен архив көздерін талдау 
кейбір шетелдік және кеңестік (ресейлік) авторлардың депортацияланған поляктарға қатысты 
статистикалық мәліметтері әр түрлі екенін, оларды әрі қарай нақтылауды қажет ететінін көрсетеді 
(Дегитаева, 2000:330)
Алматы облысының мемлекеттік архивінің қорларында поляктарды депортациялау бойынша 
өз құрамы бойынша әртүрлі құжаттар бар: Украина мен Белоруссияның батыс облыстарынан жер 
аударылған поляк азаматтарына қосымша материалдық көмек көрсету туралы КСРО және Қазақ 
КСР Халық Комиссарлары Кеңесінің қаулылары; КСРО-да поляк армиясы қызметшілерінің 
отбасыларының материалдық-тұрмыстық орналасуын жақсарту жөніндегі іс-шараларды өткізу 
туралы облыстық атқару комитеті төрағасының орынбасарының директивалық нұсқаулары, поляк 
азаматтарының тізімі, поляк азаматтарына түскен қайырымдылық жүкті заңсыз пайдалану туралы 
баяндама жазбасы, поляк азаматтарын КСРО-дан Польшаға қайтару жөніндегі нұсқаулықтар 
сақталған. 
Ақтөбе облысының мемлекеттік архивінде Ұлы Отан соғысы жылдары барысында 
шекаралық аймақтардан қоныс аударылған поляк халықтарының түрлі тізімдері берілген, онда 
аты-жөні, жеке мәліметтер, келу себептері, жұмыс жағдайлары мен орналасу ерекшеліктеріне де 
сипаттама берілген. Жалпы депортациялау барысында Ақтөбе облысы Темір ауданына қоныс 
аударылғандардың тізімі көрсетілген (АқОМА. 27-іс, 3-п.) «Темір ауданы бойынша польшалық 
азаматтар» ісінде 1941 жыл 31 қазаннан 1942 жыл 26 наурыз аралығындағы тізім көрсетілген. 
Аталған уақыт аралығында Екінші Дүниежүзілік соғыстың бағыты КСРО аумағына өткен кезінде 
қазақ жеріне қоныс аударылған халықтар көп болды. Ақтөбе облысы, Темір ауданына 
қоныстандырылған поляктар саны 590 жетті, көпшілігі шекаралық аймақтардан келген, отбасымен 
бірге қоныстандырылғандар да бар. Іс-құжат келесідей тәртіпте жасалған: қоныстанушы азамат 
толық аты-жөні, туған жылы және туған жері, ұлты, діні, қазақ жерінде тіркелген ауданы, аймаққа 
тіркелген номері, отбасылық жағдайы, тілі, отбасы мүшелерінің аты-жөні мен мекен-жайы 
көрсетілген. Мысалы, Кривокульска Юлия Пешровна 1904жылы Торнополь облысы Козлов 
ауданында дүниеге келген, поляк, католик, 1940 жылы 13 сәуірде Темір ауданына әкелінген, 1922 
жылдан тұрмыста, ата-анасы қайтыс болған; Стахыра Тадэуш Игнатович 1911 жылы Станислав 
облысында дүниеге келген, поляк, рим католик діні, 1941 жылы 6 қазанда Темір ауданы Ақтас 
аулына қоныстандырылған, 1940 жылдан отбасылы, ата-анасымен бірге көшіріліп әкелінген; 
Пруска Ядвига Зигмирдовна 1924 жылы Скержевица облысында дүниеге келген, поляк, Рим 
католик дінінде, 1941 жылы 3 қазанда Темір ауданы Каганович кентіне әкелінген, тұрмыста емес, 
ата-анасының жағдайы белгісіз; Залевска Казимера Антоновна 1911 жылы Тлцана облысы, 
Хойново ауданында дүниеге келген, поляк, рим католик дінінде 1941жылы 6 қазанда Темір 


ISSN 2710-3994 «edu.e-history.kz» электрондық ғылыми журналы № 2 (30) 2022 https://edu.e-history.kz
74
 
ауданына әкелінген, 1934 жылдан тұрмыста, ата-анасы жағдайы белгісіз. Тізімдегі азаматтардың 
салыстырмалы түрде алатын болсақ, көпшілігі Польша-Украин жерінен қоныс аударған, поляк 
ұлты азаматтары, католик дінін ұстанғандар, еркінен тыс көшірілген, барлығы дерлік Темір 
ауданы мен жақын селоларға қоныстандырылған, ата-аналары белгісіз жағдайда немесе Польша 
аумағында қалған.
Сондай-ақ Ақтөбе облысының мемлекеттік архивінде Ұлы Отан соғысы кезінде шабуылдар 
алаңы аймағында қалған тұрғындарды көшіру оқиғалары туралы «Әскери шабуылдарға ұшыраған 
аймақтардан эвакуацияланған тұрғандар тізімі» ісінде 1941 жылы 1 тамыздан қауіпті аймақтарда 
қалған аралас ұлт өкілдерін қазақ жеріне көшіру барысы қамтылған (АқОМА, 26-іс). Аталған іс-
қағазда 1941 жылдың 1 тамызынан 1942 жылдың 1 қаңтарына дейін Ақтөбе облысының 
аудандарына көшіріп әкелінгендер тізімі берілген. Мұнда Батыс Украина және Батыс 
Белоруссиядан қоныстанған халықтардың алдымен аты-жөні, шифрленген номері, қай аймақтан 
қоныстандырылғандығы жөнінде ақпараттар берілген. Мысалы, С.Ослюк Витовский облысынан, 
М.Полий Фостов ауданынан, М.Яровенко Запорожье ауданынан, А.Квасинский Виницкой 
ауданынан, И.Прибыловский Днепропетров ауданынан, И.Либанов Прижук ауданынан 
қоныстандырылған. Жоғарыда аталған уақыт аралығында 381 тұрғын эвакуацияланған және 
Ақтөбе облысының 12 аймағына тараатыла қоныстандырылған. 
Ақтөбе облысына қоныс аударушылар туралы құжаттар арасында «Ақтөбе қалалық кеңестің 
арнайы қоныс аударуышылар есебінде» (АқОМА, 626-іс). Ішкі Ресей мен Украина, Белоруссиядан 
келген түрлі ұлт өкілдері кездеседі. Іс-құжат Ақтөбе қалалық Еңбекші депутаттар кеңесінде 
атқарушы органдары бұйрығымен жазылған, облыстың 37 аудан-аймақтарына 1941 жыл 1 
қаңтарынан 1946 жыл 1 қаңтарына дейінгі уақыт аралығындағы қоныстанған халықтарды 
құрайды. Қоныстанған халық арасында орыстар, украиндер, белорустар мен поляк халықтары 
кездеседі, басым көпшілігі белорустар мен поляктар құрайды. Тізімдеме келесідей тәртіппен 
орналасқан: толық аты-жөні, туған жылы, ұлты, қоныс аударылған мекен-жайы мен 
Қазақстандағы тіркелген аумағы, орналасқан жұмыс орны да көрсетілген. Мысалы, Чогат 
Антонина Константинович, Чогат Андрей Федорович, Чотау Терений Ивановна, Рубенец Ольга 
Васильевна, Оранбинский Иван Дмитреевич, Усин Анна Васильевна тағы басқа да қоныс 
аударушылар алфавиттік тәртіп бойынша тіркелген, жалпы, барлығы 200 астам халық өкілдері 
бар.
Ақтөбе облысының ішкі істер департаментінде архив құжаттарының істерінде кездейсоқ 
Польшадан депортацияланған поляктар жөнінде материалдар кездеседі. Мысалы, №718 істе – 
Батыс Украинадан жер аударылған поляк (Львов қ.) Нырский Юрий Алексеевтің құжаттары 
тіркелген. Міне осындай деректер №705, 715-істерде де кездеседі (Нырский, 1944:48). 
Кеңес мемлекетін депортациялау саясаты жүзмыңдаған азаматтардың тағдырына әсер етіп
қазіргі тарихтың қорқынышты беттерінің біріне айналды. Зорлықпен қоныс аудару саясаты 
бірінші болып әсер етті. Тарихта әлі де болсын поляк халықтарының толық зерттелмеген өзіндік 
тарихы, қоныстану тағдыры, ұлттардың ары қарай өмір сүріп кету жолында жасалған жұмыстары 
қайта қарауды қажет етеді, әсіресе жергілікті Ақтөбе облысына қоныстандырылған поляктардың 
арғы тарихын қарастыру күн тәртібіндегі мәселелердің бірі, себебі тарихи фактілер жоқтың қасы, 
ал архив деректеріне көп уақытқа дейін қол жеткізу мүмкін болмады.
Осылайша, Ақтөбе облысының мемлекеттік архиві және Ақтөбе облысы ішкі істер 
департаментінде сақталған, бұрынғы КСРО ХҚК архивінде сақталған депортацияланған поляк 
халықтары қатысты архив құжаттары әрі қарай зерттеуді қажет етеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   27




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет