№2 (30) сəуір-маусым 2022 issn 2710-3994 «edu. E-history. Kz» электрондық Ғылыми журналы



Pdf көрінісі
бет17/27
Дата21.05.2024
өлшемі3.28 Mb.
#501659
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   27
ИСТОРИЯ ДЕПОРТАЦИИ ПОЛЯКОВ АКТЮБИНСКОЙ ОБЛАСТИ

ISSN 2710-3994 «edu.e-history.kz» электрондық ғылыми журналы № 2 (30) 2022 https://edu.e-history.kz
251
 
Автор Алтай аймағы қазақтарының ішкі көшіп-қонуының негізгі бес себептерін анықтайды, 
яғни олардың шығысқа үдере көшуі және Шэн Шицай губернаторының зұлымдық саясатының 
салдары, оның Кеңес Одағының қолдауымен жүргізген тағылық саясаты екенін талдап көрсетеді. 
1940-шы жылдары Қытайдағы қазақ қауымының саны азайды, өйткені саяси өзгерістерге 
байланысты және Шыңжандағы қозғалыстарға орай қазақтардың елден шеттеп, тіпті шөл басып, 
тау асып алыс шетелдерге босып кеткен-ді. 
Қытайдың оңтүстік батысынан Кашмирге өтіп барған босқын қазақтарды, 1953 жылы 
Түркия Республикасы қабылдайды. Автор Түркияның бауырлас халықтың тағдырына көрсеткен 
көмегін жоғары бағалайды. Түркия елі 3000-ға жуық қазақ босқындарды қабылдаған еді, олардың 
жан саны өсіп ХХ ғасырдың 80-ші жылдары 11 690 адамға жетті (60, 62 бб.). Қазақтар жаңа 
ортада еркіндікке қол жеткізе отырып өздерінің құқықтық және әлеуметтік-экономикалық 
жағдайын жақсартты. Олардың біршамасы Еуропаға еңбек миграциясы ретінде қоныс аударып 
Франция, Германия, Ұлыбритания, Норвегия және т.б. елдерде тұрақтады. Еуропадағы 
қазақтардың жалпы санын, Қазақстан, Қытай, Моңғолия, Иран, Ауғанстаннан барған қазақтарды 
қосқанда жалпы саны 10 000 адам шамасында деп есептейді. «Бірақ заман өте келе олардың 
ұрпақтары қазақы болмысынан, ұлттық сана-сезімінен, ұлттық құндылықтардан айырылып бара 
жатқанын жасыра алмаймыз және ол үдерісті тоқтата да алмаймыз» деп үлкен өкінішпен 
тұжырым жасайды (63 б.). 
ІІІ-тарау «Қазақ халқының ортақ ұлттық санасы» деп аталған, бұл бөлімде маңызды 
пәнаралық мәселелер қамтылған: «Қазақ халқында ұлттық ішкі бірліктің сақталуы», «Қазақы 
сананың әлеуметтік және рухани әлеуеті», «Қазақтардың ұлттық бауырмалдығы және мәдени 
байланыстары», «Қазақтардың саяси жатсынуы және этникалық танымы» деген тақырыптарды 
терең тарқатып сипаттайды. 
ІV-тарау «Тәуелсіздік және қазақ халқының жаңаша тұтастану үдерісі» деп аталады. Мұнда 
зерттеуші Қазақстан Республикасы тәуелсіздігінің арқасында қазақ халқының жаңа форматтағы 
біртұтастану үдерісін пайымдайды. Автордың пайымы бойынша, Қазақстандағы ұлттық 
бірегейлену үдерісінің дамуы – әлемнің төрт бұрышында жүрген қазақтарда ортақ ұлттық 
санасының болуына байланысты өрістеген. Шетелдерде өмір сүріп жатқан этникалық қазақтар, 
«бөтен» саяси мәдениеттің ықпалында ұшыраса да, олардағы қазақы сана-сезім оларды тарихи 
отаны - Қазақстанға «жұмсақ» оралуына ықпал етеді. 
ХХ ғасырда қазақ халқы негізінен социалистік жүйедегі қоғамда өмір сүрді. Оларды 
мемлекеттік әкімшілік шекаралар бөліп тұрғанына қарамастан, қоғамдық-гуманитарлық ортадағы
уақыт пен кеңістіктегі өздеріне ғана тән қасиеттерін сақтап қалды. Қытай, Моңғолия мен 
Қазақстан қазақтарының арасындағы халықтық коммуникация жалпы ұлттық сана-сезім мен 
құндылықтар талғамын сақтауға ықпал етті. Сондықтан да тәуелсіздік жағдайында шетелдердегі 
қазақтар Отанға оралып, жаңа тарихи дәуірде тұтастануға ойысты деп санайды автор. Сондай-ақ 
ол бүкіл ұлт болып, ел болып біртұтастанғанда ғана Қазақстан Республикасы тәуелсіздігін 
қамтамасыз етеді деп тұжырымдайды. 
Автор осы көзқарасын дәйектей түсу үшін монографиясының V тарауын «Қандастар және 
Мәңгілік ел болу» тақырыбына арнапты. Өте орынды.
Бұл тарауда қандастардың 
(репатрианттардың) елдің әлеуметтік-экономикалық және рухани жаңғыруындағы атқарып 
отырған қызметін нақты мысалдармен айқын көрсеткен. Еліміздің демографиялық әлеуетінің 
артуына, бизнес кәсіпкерліктің дамуына, мемлекеттік тілдің қолданыс аясының кеңеюіне, отандық 
ғылым, білім беру саласы мен медицина-денсаулық қорғау істеріне қосқан қомақты үлестері 
нанымды пайымдаған. 
Ғалым осы бір монаграфиясын жазарда жалпыәлемдік зерттеу әдістерін органикалық түрде 
қолданған: жүйелі талдау, синтез, дедукция, индукция статистикалық салыстыру және тарихи 
культурология 
т.б. 
Салыстырмалы-сәйкестік 
және 
мәселелік-хронологиялық 
әдістер 
хронологиясы аясында, алайда ол түрлі өңірлер, елдер мен жағдаяттағы тарихи құбылыстардың 
жалпылығы мен даралығын анықтауға мүмкіндік берген. Біз бұл жерде тек тарихи ілімнің кеңеюін 
ғана емес, сонымен бірге жаңа әдістемелік тәсілдерді көріп отырмыз, – қазақ халқының 


ISSN 2710-3994 «edu.e-history.kz» электрондық ғылыми журналы № 2 (30) 2022 https://edu.e-history.kz
252
 
тарихындағы тағдыршешті мәселелерді көтеру арқылы оның егемен Қазақстан тұрғысынан 
біртұтастығы мен бірегейлік заңдылығы ашылған. 
Пәнаралық зерттеу нәтижесін автор «Қорытынды» бөлімінде егжей-тегжейлі пайымдаған. 
Монографияда «Пайдаланылған деректер тізімі», «Белгілер мен қысқартулар тізімі» берілген. 
Аңдатпа ағылшын және орыс тілдерінде, мазмұны – үш тілде жазылған. 
Автор өзінің монографиясына эпиграф ретінде ұлы Абай Құнанбаевтың сөздерін берген: 
«Біріңді қазақ бірің дос, 
Көрмесең істің бәрі бос». 
Шындығында, Абай өсиеті бүгінгі әрқайсымызға, бүкіл қазақ әлеміне арналған ғой. Өсиетті 
орындау біздің парызымыз! 
Оқырмандардың назарына ұсынып отырған Н. Мұқаметханұлының монографиясында қазақ 
халқының бірлігі, ұлттық біртұтастығы мен бірегейлену үдерісі сынды аса маңызды тақырыптар 
зерделенген. Еңбектің ғылыми құндылығы, практикалық маңызы да осында деп санаймыз. 
Еліміздің мызғымас іргетасы да ұлттық бірлікте.
Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2020 жылдың 6 наурызында № 280 Жарлығымен 
бекітілген Қазақстан Республикасының 2020–2030 жылдарға арналған сыртқы саясаты 
Тұжырымдамасынының адам құқығы, гуманитарлық дипломатия саласында «шетелдегі қазақ 
қауымы шоғырлы тұратын жерлерде қазақ тілі мен мәдениетін дамытуға, олардың тарихи 
отанымен байланысын, соның ішінде Дүниежүзі қазақтарының қауымдастығы және «Отандастар» 
Қоры арқылы қолдау» атап көрсетілген. Сондықтан мемлекетіміздің шетелдердегі этникалық 
қазақтармен байланысы дами түседі, дәстүрге айналған қандастардың көші-қоны жаңа Қазақстан 
жағдайында өз жалғасын табады деп сенеміз. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   27




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет