№2 (30) сəуір-маусым 2022 issn 2710-3994 «edu. E-history. Kz» электрондық Ғылыми журналы



Pdf көрінісі
бет7/27
Дата21.05.2024
өлшемі3.28 Mb.
#501659
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   27
ИСТОРИЯ ДЕПОРТАЦИИ ПОЛЯКОВ АКТЮБИНСКОЙ ОБЛАСТИ

Материалдар мен әдістер. Қарастырылған мәселенің негізгі деректік базасын Ақтөбе 
облысының мемлекеттік архивіндегі 30, 504, 1533 қор құжаттары құрайды. Ғылыми мақаламен 
жұмыс барысында құжаттарды талдаудың өзіндік теориялық және методикалық ұстанымдары 
алынды. Сондықтан зерттеу жасаудың негізі ретінде деректанулық мәселелерін дамытуды 
көрсететін идеялар мен ғылыми тұжырымдамалар қарастырылды. Ал методологиялық негіз 
ретінде халықтардың, олардың көші-қон ерекшеліктерін, этникалық өзгерістер жайындағы 
ақпараттарға тарихи талдау жасалынды. Зерттеу барысында тарихи анализ, объективтілік, тарихи 
таным принциптері мен мәтіндік талдау, деректанулық жүйелер салыстырылды. Отандық және 
шетелдік дереккөздерді өзара салыстырып, объективті тұрғыда жеке бағалау жасалды. Тарихи 
фактілердің шынайылығымен жұмыс жасау, мәліметтердің өзара байланысы, тарихи фактілердің 
түрлерімен жұмыс жасау әдіс-тәсілдері де пайдаланылды. 
Ақтөбе облысының архивтік құжаттары арасынан 1930-1950 жылдар аралығындағы 
мәліметтер алынды, аталған тақырып аясындағы ғылыми мақалалар, мысалы Бексейітова А., 
Баймаханов М., Шотбакова Л., Нырский Ю. сияқты зерттеушілердің қазақ жеріне поляктарды 
депортациялау процестері жайындағы ақпараттары қарыстырылды. Тарихи құжаттар мен сол 
кезеңдегі келісімшарттардың негізін пайдалана отырып, тарихи талдау жасалды, депортациялау 
кезеңдері бойынша бөлініп, әрбір кезеңдегі орын алған оқиғалар мен процестердің 
ерекшеліктеріне статистикалық мәліметтер бойынша талдау жасалды. 
Талқылау. Отандық тарихнамада депортациялау жайында жалпы халықтарды күштеп 
қоныстандыру тақырыптарына, әсіресе «Поляктарды депортациялау процестері» толыққанды 
зерттелмеген, тек түрлі басылым беттерінде жеке авторлардың жеке зерттеуі бойынша келтірген 
ақпараттары мен сол заманның куәгерлерінің сұхбаттары бар. 
Зерттеу тақырыбының негізгі дерекккөздері – архив құжаттары болғандықтан тікелей 
деректер базасымен жұмыс жасауды талап етеді, яғни Ақтөюе жерінде орын алған депортациялау 
процестері кезінде сақталған қорлар арқылы қарастыру керек. Айта кетерлік жайт, архив 
құжаттарында 
тікелей 
қоныстандыру 
процесі 
жайында 
айтылмайды, 
халықтарды 
қоныстандырудың себептерін арқылы орын алған, бұл да сол замандағы саяси оқиғалармен 
астасып жатқандығы анық. Қорлардың мәліметтеріне сүйене отырып, қоныстанушылар толқыны 
басым көпшілігі соғыс жылдарында келген, оны «шекаралық аймақтан қауіпсіз жерлерге 
қоныстандыру» себебімен ұйымдастырған, көшіп келушілердің көпшілігі отбасымен бірге 
түгелдей қазақ жеріне әкелініп, әр түрлі облыстарға таратылған, тізімдерде Батыс Украина және 
Батыс Белоруссия шекарасындағы поляк халықтары саны өте көп болды. Аталған мәліметті 
Шотбакова Л.К. (Шотбакова, 2014) өз мақаласында көрсетеді, ол қазақ жеріне бас-аяғы 50 мыңнан 
астам қоныс аударушылар келгендігін көресетеді. Бексейітова А.Т өз мақаласында қазақ жеріне 
қоныстандырылған поляктар туралы жалпылама сипаттама берген, яғни белгілі бір аймақтың жай-
күйі турасында емес, статисткалық ақпараттарды қамтыған (Бексеитова, 2013). Сондай-ақ түрлі 
саяси келісімдер аясында да халықтардың тағдыры шешілген жағдайлар болды, соның бірі қазақ 
жеріндегі өнеркәсіп орындарына жұмысшылар есебінде поляктар тартылғандығы туралы 
құжаттар жинағында берілген (Иосиф Сталин,1992:31). Күштеп қоныстандыру процестеріне 
қарсылық әрекеттері де орын алды, олар көтерілістер мен қарсылық қозғалыстарын 
ұйымдастырып, 
өз 
Отандарына 
қайтаруды 
талап 
етті 
(Этническая 
депортация, 
http://my.krskstate.ru/docs/greatwar/etnicheskaya-deportatsiya-polyakov). Кейін Польшамен арада 
келісім шаралары жасалған соң, кейбір жеңілдіктер жасалды, лагерьлер мен түрмелерден 
поляктарды босату істері, отбасылармен қайта өз мекендеріне қайтару және әлеуметтік көмектер 
беру істері қолға алынды, дегенмен барлығы да тек сөз жүзінде қалды. Айдарбеков З.С., Ақтаева 
Л.С., Джакфаров Н.Р. және т.б. депортациялау процестерін кезеңдерге бөліп қарастырады 
(Айдарбеков, Актаева, Джагфаров және т.б., 2014). Қоныстандырылған поляк халықтарының 
әлеуметтік жағдайы, олардың жергілікті қазақтармен байланыс, атқаралған құқықтық шаралары 
туралы және қазір қазақ жерінде қалған поляктардың жағдайы жайында Баймаханов ақпараттар 
келтіреді (Баймаханов, 1998). Жалпы, қазақ жеріне үш толқынды поляк халықтарын 


ISSN 2710-3994 «edu.e-history.kz» электрондық ғылыми журналы № 2 (30) 2022 https://edu.e-history.kz
68
 
қоныстандыру пооцестері орын алғандығын көпшілік тарихшылар мойындайды, әсіресе 
Көкшетау, Қостанай, Алматы және Ақтөбе жерлері қоныстандыру ошағына айналды. Ақтөбе 
облысына күштеп әкелінген поляктары саны 60 мыңнан астам адам болған, әрі олар әрбір 
аудандарға тағы да шашырай қоныстандырылғандығы туралы Н. Степаненко өз мақаласында 
көрсетеді (Степаненко, 2018).


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   27




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет