ISSN 2710-3994 «edu.e-history.kz» электрондық ғылыми журналы № 2 (30) 2022 https://edu.e-history.kz
74
ауданына әкелінген, 1934 жылдан тұрмыста, ата-анасы жағдайы белгісіз. Тізімдегі азаматтардың
салыстырмалы түрде алатын болсақ, көпшілігі Польша-Украин жерінен қоныс аударған, поляк
ұлты азаматтары, католик дінін ұстанғандар, еркінен тыс көшірілген, барлығы дерлік Темір
ауданы мен жақын селоларға қоныстандырылған, ата-аналары белгісіз жағдайда немесе Польша
аумағында қалған.
Сондай-ақ Ақтөбе облысының мемлекеттік архивінде Ұлы Отан соғысы кезінде шабуылдар
алаңы аймағында қалған тұрғындарды көшіру оқиғалары туралы «Әскери шабуылдарға ұшыраған
аймақтардан эвакуацияланған тұрғандар тізімі» ісінде 1941 жылы 1 тамыздан қауіпті аймақтарда
қалған аралас ұлт өкілдерін қазақ жеріне көшіру барысы қамтылған (АқОМА, 26-іс). Аталған іс-
қағазда 1941 жылдың 1 тамызынан 1942 жылдың 1 қаңтарына дейін Ақтөбе облысының
аудандарына көшіріп әкелінгендер тізімі берілген. Мұнда Батыс Украина және Батыс
Белоруссиядан қоныстанған халықтардың алдымен аты-жөні,
шифрленген номері, қай аймақтан
қоныстандырылғандығы жөнінде ақпараттар берілген. Мысалы, С.Ослюк Витовский облысынан,
М.Полий Фостов ауданынан, М.Яровенко Запорожье ауданынан, А.Квасинский Виницкой
ауданынан, И.Прибыловский Днепропетров ауданынан, И.Либанов Прижук ауданынан
қоныстандырылған. Жоғарыда аталған уақыт аралығында 381 тұрғын эвакуацияланған және
Ақтөбе облысының 12 аймағына тараатыла қоныстандырылған.
Ақтөбе облысына қоныс аударушылар туралы құжаттар арасында «Ақтөбе қалалық кеңестің
арнайы қоныс аударуышылар есебінде» (АқОМА, 626-іс). Ішкі Ресей мен Украина, Белоруссиядан
келген түрлі ұлт өкілдері кездеседі. Іс-құжат Ақтөбе қалалық Еңбекші депутаттар кеңесінде
атқарушы органдары бұйрығымен жазылған, облыстың 37 аудан-аймақтарына 1941 жыл 1
қаңтарынан 1946 жыл 1 қаңтарына дейінгі уақыт аралығындағы
қоныстанған халықтарды
құрайды. Қоныстанған халық арасында орыстар, украиндер, белорустар мен поляк халықтары
кездеседі, басым көпшілігі белорустар мен поляктар құрайды. Тізімдеме келесідей тәртіппен
орналасқан: толық аты-жөні, туған жылы, ұлты, қоныс аударылған мекен-жайы мен
Қазақстандағы тіркелген аумағы, орналасқан жұмыс орны да көрсетілген. Мысалы, Чогат
Антонина
Константинович, Чогат Андрей Федорович, Чотау Терений Ивановна, Рубенец Ольга
Васильевна, Оранбинский Иван Дмитреевич, Усин Анна Васильевна тағы басқа да қоныс
аударушылар алфавиттік тәртіп бойынша тіркелген, жалпы, барлығы 200 астам халық өкілдері
бар.
Ақтөбе облысының ішкі істер департаментінде архив құжаттарының істерінде кездейсоқ
Польшадан депортацияланған поляктар жөнінде материалдар кездеседі. Мысалы, №718 істе –
Батыс Украинадан жер аударылған поляк (Львов қ.) Нырский Юрий Алексеевтің құжаттары
тіркелген. Міне осындай деректер №705, 715-істерде де кездеседі (Нырский, 1944:48).
Кеңес мемлекетін депортациялау саясаты жүзмыңдаған азаматтардың
тағдырына әсер етіп,
қазіргі тарихтың қорқынышты беттерінің біріне айналды. Зорлықпен қоныс аудару саясаты
бірінші болып әсер етті. Тарихта әлі де болсын поляк халықтарының толық зерттелмеген өзіндік
тарихы, қоныстану тағдыры, ұлттардың ары қарай өмір сүріп кету жолында жасалған жұмыстары
қайта қарауды қажет етеді, әсіресе жергілікті Ақтөбе облысына қоныстандырылған поляктардың
арғы тарихын қарастыру күн тәртібіндегі мәселелердің бірі, себебі тарихи фактілер жоқтың қасы,
ал архив деректеріне көп уақытқа дейін қол жеткізу мүмкін болмады.
Осылайша, Ақтөбе облысының мемлекеттік архиві және Ақтөбе облысы ішкі істер
департаментінде сақталған, бұрынғы КСРО ХҚК архивінде сақталған депортацияланған поляк
халықтары қатысты архив құжаттары әрі қарай зерттеуді қажет етеді.
Достарыңызбен бөлісу: