№2 Асқазан-ішек жолдарының хирургиялық аурулары №1 ӨҢеш пен асқазан аурулары



жүктеу 2.48 Mb.
бет7/9
Дата09.06.2016
өлшемі2.48 Mb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9

  1. аяқтағы ауру сезімінің жоғалуы

  2. дене қызуының көтерілуі

  3. тер бөлінуінің болмауы

  4. ауыспалы ақсаудың тоқталуы

  5. аяқ саусақтарының гангренасы жазылғаннан кейін

910. Жарақаттан кейінгі артериядағы тромбоздың пайда болу себебі:

  1. токсикалық заттардың бөлінуі

  2. симпатикалық талшықтардың зақымдануы

  3. тінаралық алмасудың бұзылуы

  4. қан ұюдың бұзылуы

  5. артерия интимасының зақымдануы

911.«Ауыспалы ақсаңдау» деген синдром нені білдіреді:

  1. балтыр бұлшықеттеріндегі ауру сезімі

  2. сан бұлшықеттеріндегі ауру сезімі

  3. тізе және ұршық буынның ауру сезімі

  4. аяқ саусақтарының жансыздануы

  5. аяқтың артқы аймағының ауру сезімі

912.Тікелей емес әсер ететін антикоагулянттарды белгілеңіз:

  1. гепарин

  2. урокиназа

  3. фенилин

  4. гирудин

  5. стрептодеказа

913.Аяқтардың созылмалы ишемиясының сатылары мына белгілеріне негізделіп бөлінген:



  1. Балтыр мен аяқ басы артерияларында пульстің болмауына

  2. ұстамалы ақсау

  3. артериалды қысымының төмендеуі

  4. венозды қан қысымының жоғарлауы

  5. ангиография мәліметтеріне сүйене отырып

914.Аяқ қан тамырларының окклюзиялық ауруларын біріншілік (диагностикада) анықтауда қажет:

  1. қарапайым зерттеу әдістері (қарап – тексеру, тамыр соғысын анықтау, аускультация)

  2. ангиография

  3. дәрігердің жоғары квалификациясы

  4. реовазография

  5. тамырларды ултрадыбысты зерттеу

915. Рейно ауруына тән клиникалық симптомдар:

  1. диплопия

  2. қол саусақтарының парестезиясы мен әлсіздігі

  3. шайқалып жүру

  4. ауыспалы ақсаңдау

  5. лимфэдема

916. Бюргер ауруына тән:

  1. тізеасты артериялар тармақтарының окклюзиясы

  2. лимфостаз

  3. аяқтардың миграцияланатын тромбофлебиттерi

  4. артериялардың сегментарлы зақымдануы

  5. балтырдың беткей венасының варикозы

917. «Ауыспалы ақсаңдау» симптомы тән емес ауру:

  1. облитерациялық атеросклероз

  2. тромбофлебиттен кейінгі синдром

  3. облитерациялық эндоартериит

  4. артерия окклюзиясы

  5. облитерациялық тромбангиит

918. Облитерациялық тромбангиттің 1-ші сатысында таңдап алынатын емдеу әдісі:

  1. консервативті ем

  2. белдің симпатэктомиясы

  3. периартериалды симпатэктомия

  4. тамырды қалпына келтіру операциясы

  5. біріншілік ампутация

919. Облитерациялық тромбангиит ауруына жиі шалдығады:

  1. 18-35 жастағы әйелдер

  2. 18-35 жастағы ерлер

  3. 40 жасқа дейінгі ерлер мен әйелдер

  4. 40 жастан асқан ерлер мен әйелдер

  5. 40 жастан асқан ерлер

920. Облитерациялық эндартериитке тән клиникалық сынама:

  1. Самуэльс сынамасы

  2. Хоманс сынамасы

  3. Оппель сынамасы

  4. Горнер сынамасы

  5. Вальсальва сынамасы

921. Облитерациялық эндартериит кезіндегі артериалды тамырлар қабырғасындағы патоморфологиялық үрдістер:

  1. жарақаттық стеноз

  2. артерия-венолық жыланкөздердің түзілуі

  3. артерия аневризмасы

  4. артерия интимасының өсуі және қуысының облитерациясы

  5. периартериит

922. Аяқтардың облитерациялық эндартериттінің 2-сатысында тиімді операциялар:

  1. тромбинтимэктомия

  2. артерияның эндоваскулярлы баллонлы дилятациясы

  3. флебэктомия

  4. айналып өту шунты

  5. белдік симпатэктомия

923. Қан тамырының стенозы бұл:

  1. қуыстың этиологиялық факторға тәуелсіз тарылуы

  2. тамыр қуысының облитерациясы

  3. тамыр қабырғасының зақымдалу нәтижесінде тамыр қуысының тарылуы

  4. тамырға сырттан әсер ету нәтижесінде тамыр қуысының тарылуы

  5. қан тамырлар эмболиясы

924. Аяқтардың дисталды артерияларының диффузды зақымдануы мынаған тән:

  1. аяқтардың тромбофлебиттен кейінгі синдромы

  2. нейроваскуляторлы синдром

  3. облитерациялық атеросклерозға

  4. бейспецификалық қолқа – артерииті

  5. облитерациялық тромбангиит

925. Аяқ-қолдардың ишемиялық өзгерістерінің қайтымсыз екенін көрсететін белгі?

  1. ишемиялық бұлшықеттердің контрактурасы

  2. ишемияланған сегменттің тері түсінің өзгеруі

  3. терең сезімталдығының болмауы

  4. аяқ – қолдардың симметриялы салыстырғандағы суықтауы

  5. ауру сезімін сезуінің болмауы

926.62 жастағы науқас, ауырғанына 10 жылдай болған, сол аяқтағы ауырсыну сезіміне шағымданады. Тоқтаусыз 50 м жүре алады. Сол жақ табан мен сирақ терісінің бозарған және ұстаған кезде суық болуы, қозғалыс толық көлемде. Сан артериясының пульсациясы шаптан төмен жақсы, ал тізеасты және табан артерияларында анықталмайды. Ангиография мәліметтері: сан артериясының ортаңғы 1/3 бөлігінің көрінуі, оның контуры түзу емес және бұралған. Тізеасты артериясы айқын білінетін коллатералдар арқылы толады. Дұрыс диагнозды таңдаңыз:

  1. Рейно ауруы

  2. Лериш синдромы

  3. сол жақ саң артериясының ауруы

  4. сол жақ саң артериясының жедел тромбозы

  5. сол жақ сан артериясының атеросклерозды окклюзиясы

927. Лериш синдромын келесі аурулармен салыстырмалы ажыратамыз:

  1. облитерациялық эндартериит

  2. тромбофлебиттен кейінгі синдром

  3. диабеттік ангиопатия

  4. ишиас

  5. тромбангиит

928. Облитерациялық эндартерииттің клиникалық көріністері:

  1. аурудың 40 жастан кейін дамыуы

  2. аурудың 40 жасқа дейін дамуы

  3. сан артериясында тамырлық шуылдың естілуі

  4. аяқ басы артерияларында пульстің болмауы

  5. көбінде аяқ саусақтары гангренасымен бірге жиі өтеді

929. Құрсақ қолқасы мен аяқ – қол артериялардың окклюзиялық аурулары кезінде қолданылатын реконструктивті операциялардың түрлері:

  1. протездеумен жүретін резекция

  2. шунттау

  3. эндартерэктомия

  4. артерияның эндоваскулярлы ангиопластикасы мен стенттеуі

  5. ампутация

930.Құрсақ қолқасы мен аяқ – қол артерияларының окклюзиялық аурулары кезінде қолданылатын реконструктивті операцияларға қарсы көрсеткіштер:

  1. жедел миокард инфаркты

  2. инсульттен кейінгі 3 айға дейінгі уақыт

  3. жүрек жетіспейшілігінің ІІІ дәрежесі

  4. терең сан артерияларының дисталды бөлігінің окклюзиясы және балтырдың барлық үш артериялар өткізгіштің толық бұзылуы

  5. инсульттен кейін 4 ай өтті

931.Тамырлардың атеросклерозбен зақымдану түрлері:

  1. стеноз

  2. окклюзия

  3. тромбоз

  4. дилятация

  5. бұралған

932. Жоғары ауыспалы ақсау, бұл:

  1. сан, бөксе бұлшықеттеріндегі ауру сезімі

  2. Лериш синдромының симптомы

  3. облитерациялық эндартерииттің симптомдары

  4. балтыр бұлшық еттерінің ауру сезімі

  5. облитерациялық тромбагииттің симптомдары

934. Артериялардың окклюзиялық ауруының субъективті симптомдарына жатады:

  1. аяқтардағы ауру сезімі

  2. ауыспалы ақсау

  3. жүрген кездегі шаршағыштық

  4. балтырдың ісінуі

  5. санның артқы жағының тартып ауруы

935. Облитерациялық атеросклероз және тромбангит кезінде салыстырмалы диагностиканы өткізуде маңызды рөл атқаратындар:

  1. Оппель сынамасы

  2. ультрадыбысты допплерографиясының нәтижелері

  3. аорто – артериографияның нәтижелері

  4. технеций – пирофосфатпен өткізілетін радионуклидті зетрттеулердің нәтижелері

  5. Самуэльс сынамасы

936. Созылмалы қолқа және аяқ артериялардың окклюзиясы кезінде оптималды емді таңдау үшін жасалынатын аспаптық – зерттеу әдістері:

  1. аорто – артерография

  2. ультрадыбысты допплерография

  3. терілік термометрия

  4. сфигмография

  5. осциллография

937. Аяқ – қолдың саусақтары гипотермияға сезімтал болып келеді, себебі:

  1. дамыған коллатералды тордың болмауы

  2. суықтың әсерінен тамырлардың қатты спазмы орны алады

  3. арнайы иннервация типтерінің болуы

  4. лимфа ағуының қиындауы

  5. тері құрылысының ерекше болуы

938. Аяқтың ишемиялық синдромы дамиды:

  1. Флеботромбоз

  2. Облитерациялық эндартериитте

  3. Тромбофлебиттен кейінгі синдромда

  4. Рейно ауруында

  5. Такаясу ауруында

939. 60 жастағы ер адам жүрген кезде сол аяқтағы ауру сезіміне және жансыздануына шағымданады. Демалыстан кейін ауру сезімі кетеді. Бірнеше жылдай импотенциясы бар. Қарап – тексеру барысында сол аяқ бұлшықеттерінің атрофиясы анықталады. Сіздің болжамды диагнозыңыз:

1. Лериш синдромы

2. Омыртқа аралық дискінің жарығы

3. Артрит

4. Көкшіл флегмазия

5. Рейно синдромы

940. Рейно ауруы деген не?

1. Ұсақ артериялар мен артериолалар зақымданумен жүретін ангиотрофоневроз

2. Ірі артериалардың зақымданумен жүретін ангиотрофоневроз

3. Құрсақ қолқасының терминалды бөлігінің атеросклерозды зақымдануы

4. Мықын артериясының атеросклерозды зақымдануы

5. Сан, тізеасты артериялардың атерослерозы


Тромбоз және эмболия
941. Артериальді тромбоздың этиологиясы:

  1. Қан ағысының күшейуі

  2. Қан ағысының әлсіреуі

  3. Қанның ұюының күшеюі

  4. Гипертония

  5. Қан тамыр интимасының жарақаттануы

942. Аяқтың жедел ишемиясының обьективті симптомы:

  1. Зақымданған аяқтың ауруы

  2. Аяқтың ұюы және мұздауы

  3. Парестезия

  4. Аяқтың дисталді бөлігінің қызу сезімі

  5. Терінің қышынуы

943. Аяқтың жедел ишемиясының объективті симптомы:

  1. Флюктуация

  2. Пульстің болмауы

  3. Жергілікті қызудың жоғарылауы

  4. Белсенді қимылдың бұзылуы

  5. Аяқтың түкті жабындысының болмауы

944. Қан тамыр эмболиясының деңгейін анықтау үшін қажетті зерттеу әдістері:

  1. Ангиография

  2. Ультрадыбысты допплерография

  3. Капилляроскопия

  4. Пальпация

  5. Реовазография

945. Аяқтың жедел ишемиясының І б дәрежесінің симптомы:

  1. Ұю

  2. Субфасциалді ісік

  3. Ауру

  4. Парестезия, мұздау

  5. Парез

946. Аяқтың жедел ишемиясының Іа дәрежесінің симптомы:

  1. Парез

  2. Мұздау

  3. Ұю

  4. Бұлшықет контрактурасы

  5. Парестезия

947. Аяқ артерияларының жедел тромбозының себептері:

  1. Облитерациялық эндартериит

  2. Ревматизм

  3. Облитерациялық атеросклероз

  4. Артерияның экстравазалді компрессиясы

  5. Бактериалды эндокардит

948. Аяқтың жедел ишемиясының ІІІ б дәрежесінің симптомы:

  1. Ауру және аяқтың мұздауы

  2. Буындардағы белсенді қимылдардың сақталуы

  3. Буындарда әлсіз қимылдар кезінде ауырсыну

  4. Бұлшықет контрактурасы

  5. Гангрена

949. Магистралді артериялар эмболиясының себептері:

  1. Жыпылықтаушы аритмия

  2. Жедел бактериалды эндокардит

  3. Илеофеморалді тромбоз

  4. Құрсақ қолқасының аневризмасы

  5. Балтырдың трофикалық ойық жарасы

950. Аяқтың магистральді артерияларының жедел бітелуіне тән белгілер:

  1. Бозару

  2. Ауру сезімі

  3. Жергілікті қызудың жоғарылауы

  4. Парестезия

  5. Улану (интоксикация)

951. Ишемияның ІІІ б дәрежесімен сипатталатын сан артериясының эмболиясы кезінде, (аяқтың контрактурасы) емдеудің таңдамалы әдісі:

  1. Жедел эмболэктомия

  2. Тромболитикалық терапия

  3. Антикогулянтты терапия

  4. Симптоматикалық терапия

  5. Аяққа біріншілік ампутация жасау

952. Магистральді артериялардан эмболды алу үшін қолданылатын қажетті аспап:

  1. Вольмар қантамыр сақинасы

  2. Вакуум-сорғыш

  3. Фогарти баллонды катетері

  4. Дормиа катетері

  5. Үшкір қысқыш

953. Аяқ артерияларының және қолқа бифуркациясының жедел бітелуінде эмбол және тромбэктомия операциясы ауыр ишемияның мына кезінде көрсеткіш болады:

  1. Жедел миокард инфарктының дамуында

  2. Жедел ишемиялық инсультте

  3. Абсцесстелген пневмонияда

  4. Зақымдалған аяқтың контрактурасында

  5. Аяқ ишемиясының ІV дәрежесінде

954. Сан артериясының эмболиясы кезінде аяқтың ІІІ б дәрежелі жедел ишемиясына тән белгілер:

  1. Аяқтың ауруы

  2. Интоксикация

  3. Аяқ буындарындағы белсенді қозғалыс

  4. Буындарда әлсіз қимыл жасағанда кенеттен қатты ауырсыну

  5. Бұлшықеттің тотальді контрактурасы

955. Аяқтың жедел ишемиясының ІІ б дәрежесіне тән симптомдар:

  1. Аяқтың ауруы

  2. Терінің мәрмер түстес болуы

  3. Жергілікті гиперемия және гипертермия

  4. Аяқ буындарында белсенді қимылдың жоқтығы

  5. Бұлшықет конрактурасы

956. Веналардың тромбозы кезінде антикоагулянтты терапия қандай мақсатта қолданылады:

  1. Фибриндердің ыдырауы

  2. Тромб ұлғаюының тоқтату

  3. Тромб фрагментациясы

  4. Қан тамырлар интимасының өзгеруі

  5. Қанның реалогиялық қасиетін жақсарту

957. Өкпе артериясы тромбоэмболиясына жиі қайсы венаның қабынуы әкеледі:

  1. Кіші жамбас веналары

  2. Аяқтың терең веналары

  3. Қолдың терең веналары

  4. Аяқтың беткей веналары

  5. Қолдың беткей веналары

958. Тромбозға алып келетін негізгі факторлар

  1. Қан ағысының әлсіреуі

  2. Қан тамыр интимасының өзгеруі

  3. Қан ағысының жылдамдауы

  4. Жыпылықтаушы аритмия

  5. Қан құрамының өзгеруі

959. Қан тамырлар эмболиясы және тромбозы кезіндегі хирургиялық емдеу түрлері:

  1. Эмболэктомия (Фогарти зондымен тікелей және тікелей емес)

  2. Артерияны қалпына келтірмей қарапайым тромбэктомия

  3. Артерияны қалпына келтірумен жүргізетін тромбэктомия (аутовена, протезбен)

  4. Белдік симпатоэктомия

  5. Эндартерэктомия

960. Тромбоз және эмболияның ангиографиялық суреті:

  1. Артерия қабырғасы контурының желінуі

  2. Жартылай сфераның проксимальді жағында томпаюы

  3. Коллатеральді тамырлары нашар контрасталады

  4. Коллатеральді тамырлар жақсы контрасталады

  5. Стеноздың сегменттелген немесе таралған аймақтары

961. Магистралды тамырлардың тромбозы мен эмболиясының консервативті емі:

  1. Антикоагулянттар

  2. Дезагреганттар

  3. Антибиотиктер

  4. Спазмолитиктер

  5. Тромболитиктер

962. Аяқтың операциядан кейінгі флеботромбозы немен қауіпті:

  1. Аяқ веналарының варикозды кеңеюінің дамуымен

  2. Аяқ гангренасымен

  3. Операциядан кейінгі пневмонияның дамуымен

  4. Өкпе артериясының тромбоэмболиясымен

  5. Ми тамырларының тромбоэмболиясымен

963. Жедел венозды және артериальді тромбоздың дифференциалді диагностикасында не ескеріледі:

  1. Аяқтың ісіну түрі

  2. Аяқ терісінің түсі

  3. Беткей венасының жағдайы

  4. Науқас жынысы

  5. Коммуникантты веналардың өтімділігі

964. Өкпе артериясы тромбоэмболиясының клиникалық симптомдарына жатады:

  1. Төс артындағы ауру сезімі

  2. Коллапс

  3. Тыныс алу жиілігі минутына 16-18 рет

  4. Аяқтың ісінуі

  5. Беттің кеуденің жоғарғы бөлігінің цианозы

965. Жүкті әйелдерде илиофеморалді венозды тромбоз кезінде міндетті түрде жасау керек:

  1. Науқасты перзентханаға жатқызу

  2. Үй жағдайында консервативті ем жүргізу

  3. Науқасты қантамырлар бөлімшесіне жатқызу

  4. Науқасқа әйелдер консультациясына жолдама беру

  5. Жедел операция жасау

966. Мықын - сан флеботромбозына тән:

  1. Сан терісіндегі вена өткен аймақтарының гиперемиясы

  2. Жергілікті дене температурасының жоғарылауы

  3. Санындағы кернеп ауру сезімі

  4. Сан, балтыр көлемінің ұлғаюы

  5. Аяқ терісінің көгеруі

967. Өкпе артериясының тромбоэмболиясын басқа аурулармен дифференциалды-диагностика жүргізу барысында қандай симптомның болуы маңызды:

  1. Мойын веналарының ұлғаюы

  2. Перикард аймағындағы ауру сезімі

  3. Ортопноэсіз ентігу

  4. Қан түкіру

  5. Тері жамылғыларының көгеруі

968. Тізе асты артериясының эмболиясына тән:

  1. Сан артериясы пульсациясының болмауы

  2. Тізе асты артериясында пульсацияның болмауы

  3. Аяқ басы артериясында пульсацияның болмауы

  4. Тізе асты артериясы пульсациясының күшеюі

  5. Тізе асты артериясы пульсациясының әлсіреуі

969. Қолқа бифуркациясынан эмболэктомия жасау үшін ең жиі қолданылатын оперативті жету жолы:

  1. Төменгі - орталық лапаротомия

  2. Екі жақтық сандық

  3. Бір жақты сандық

  4. Люмботомия

  5. Торакофренолапаротомия

970. Аяқ артериясының жедел тромбозының ең жиі кездесетін себебі:

  1. Облитерациялық тромбангит

  2. Облитерациялық атеросклероз

  3. Артерия пункциясы

  4. Артерияның экстравазалді компрессиясы

  5. Полицитемия

971. Жедел артериалдық бітелу кезіндегі ең мәліметті зерттеу әдісіне жатады:

  1. Термография

  2. Реовазография

  3. Аорто-артериография

  4. Сфигмография

  5. Платизмография

972. Тромбоз кезіндегі қолданылатын негізгі емдік препараттар:

  1. Антибиотиктер

  2. Қабынуға қарсы препараттар

  3. Антикоагулянттар

  4. Ауырсыздандыру препараттары

  5. Фибринолитиктер

973. Сан артериясының эмболиясы кезіндегі емдік тактика:

  1. Консервативті ем

  2. Жоспарлы операция

  3. Шұғыл операция

  4. Кешіктірілген операция

  5. Майлы компрессорлар

974. Лериш синдромы кезінде жиі тромбозбен артериялар:

  1. Сан артериясы

  2. Тізе асты артериясы

  3. Қолқа бифуркациясы және мықын артериясы

  4. Бүйрек артериясы

  5. Өкпе артериясы

975. Жедел аяқтың артериалды бітелуімен жүретін келесі белгілер аяқтың ұюы, мұздауы, парастезиясы, ауру сезімі ишемияның қандай дәрежесіне тән:

  1. Ишемияның Іа дәрежесіне

  2. Ишемияның І б дәрежесіне

  3. Ишемияның ІІа дәрежесіне

  4. Ишемияның ІІб дәрежесіне

  5. Ишемияның ІІІа дәрежесіне

976. Аяқтың жедел артериалді окклюзиясының Іа дәрежесіне тән симптомдар:

  1. Ауру сезімі

  2. Ұю, мұздау, парестезия

  3. Аяқ парезі

  4. Плегия

  5. Бұлшықет контрактурасы

977.Жедел артериалдық бітелу кезіндегі емдік тактиканы анықтайтын негізгі фактор:

  1. Науқастың жасы

  2. Науқастың жынысы

  3. Аяқтың ишемиясының дәрежесі және қантамыр саңылауы

  4. Орналасуы

  5. Қосымша аурулары

978.Аяқ басының ылғалды үдемелі гангренасында қолданылатын тактика:

  1. Аяқ басына көптеген тіліктер жасау

  2. Жедел ампутация

  3. Қантамырларына реконструктивті операция жасау

  4. Қарқынды антибиотикотерапия жүргізу

  5. Дезинтоксикациялық терапия жүргізу

979.Гемодинамикалық әсері бар қан алмастырушыларға жатады:

  1. Гемодез, неогемодез

  2. Рингер ерітіндісі, лактосоль

  3. Полиглюкин, реополюглюкин, желатиноль

  4. Майлы эмульсия

  5. Глюкоза ерітіндісі

980. Аяқтың ишемиялық өзгерісінің қайтымсыздығын көрсететін белгілер:

  1. Тері түсінің өзгеруі

  2. Аяқ бұлшықеттерінің контрактурасы

  3. Аяқтың мұздауы

  4. Ауру сезімінің жоғалуы

  5. Аяқ парезі

981.Сан артериясының эмболиясы бар науқаста жүректің қандай да бір ауруы болмағанда, эмболияның себебі ретінде нені болжауға болады:

  1. Қолқа аневризмасы

  2. Мықын артериясының аневризмасы

  3. Қолқа атероматозы қабырғалық тромбымен

  4. Жоғарғы шажырқай артериясының тромбозы

  5. Қосымша мойын қабырғасымен бұғана асты артериясының қысылуы

982. Иық артериясы эмболиясының даму себебі болып:

  1. Митральды стеноз

  2. Миокардтың жедел инфарктысы

  3. Жүрек аневризмасы

  4. Қолқаның құрсақтық бөлігінің аневризмасы

  5. Қосымша мойын қабырғасымен бұғана асты артериясының қысылуы

983. Аяқтың магистральды артерияларының эмболиясы кезінде ишемия аймағында келесі патологиялық үрдістер байқалады

  1. Метаболикалық алкалоз

  2. Метаболикалық ацидоз

  3. Миоциттердің деструкциясы

  4. Қан тұтқырлығының төмендеуі

  5. Тромбоциттер гиперагрегациясы

984. Үлкен қан айналым шеңберінде эмболияның ең жиі даму себебі болып табылады:

  1. Қолқа доғасының атеросклерозы

  2. Жүректің ишемиялық ауруы

  3. Үлкен қан айналым шеңбері веналарының тромбозы

  4. Қолқа аневризмасы

  5. Жүрек аневризмасы

985.Сан артериясының эмболиясы әсерінен дамитын аяқтың Іб дәрежелі жедел ишемиясына тән белгілер:

  1. Аяқтың ұюы және мұздауы

  2. Парез

  3. Парестезия

  4. Тыныштық жағдайда ауыру сезімі

  5. Субфасциалды бұлшықеттік ісінуі
1   2   3   4   5   6   7   8   9


©dereksiz.org 2016
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет