2 БӨлім дәрістер кешені: дәрістер тезистері 1 тарау. МҮлікті иеліктен алудан туындайтын міндеттмелер: глоссарий


ТАҚЫРЫП: Мердігерлік шарты мен оның түрлері



бет2/4
Дата16.06.2016
өлшемі314.5 Kb.
#139652
1   2   3   4

4 ТАҚЫРЫП: Мердігерлік шарты мен оның түрлері.
ДӘРІС МАҚСАТЫ:

- студенттерді мердігерлік шартының анықтамасы,сипаттамасы, нысаны және мазмұнымен таныстыру;

- студенттерде мердігерлік шарттарының түрлері жөніндегі біліктілерін қалыптастыру.



СҰРАҚТАР:

  1. Мердігерлік шартының анықтамасы, сипаттамасы, нысаны мен элементтері. Мердігерлік шартының мазұны мен түрлері.

  2. Құрылыс салу мердігерлігі. Тұрмыстық мердігерлік. Мердігерлік шартының өзге де түрлері.




  1. Мердігерлік шартының анықтамасы, сипаттамасы, нысаны мен элементтері. Мердігерлік шартының мазұны мен түрлері.

Жұмыстар өткізу міндеттемелері – мердігерлік шарттарынан және оның түрлерінен пайда болады (ҚР АК 32 Тарауы). Бұл міндеттемелердің заты: жаңа бір объект жасау немесе бұрынғы объектіні неғұрлым өзгерту немесе жақсарту болады. Шарт объектісі ретінде заң, «жұмыс нәтижесін» атайды. Шарттың жақтары: мердігер және тапсырысшы деп аталады. Мердігер өз саласының маманы болуы қажет және көптеген жағдайларда мердігерлік жұмыстардың тиісті бір түрін өткізу үшін, лицензия алуы кажет болады. Мердігерге өз саласының маманы болуы талабының қойылуы мен қоса, оған мүліктің абайсызда жойылуы немесе бүліну қауіпі, жумыс нәтижесіне жетпеу қауіпі, жұмыс сапасы ушін жауапкершілік ауыртпалықтары және т.б. жүктеледі. Мердігерлік шарты бойынша, бірінші жақ (мердігер), екінші жақ (тапсырысшының) тапсырысы бойнша, белгілі бір жұмысты орындап, оның нәтижесін бекітілген мерзімде тапсырысшыға тапсыруға міндеттенеді, ал тапсырысшы, жұмыстың нәтижесін қабылдап алып, оның ақысын төлеуге міндеттенеді (АК 616 б.). Шарт консенсуалды, екі жақты міндеттейтін, ақылы болады. Тапсырысшының міндетінің бірі – ол, мердігерге тапсырма беру болады, ал мердігердің міндеті – ол, тапсырманы тапсырысшының нұсқаулары бойынша орындау болады.



  1. Құрылыс салу мердігерлігі. Тұрмыстық мердігерлік. Мердігерлік шартының өзге де түрлері.


Тұрмыстық мердігерлік шарты өзге мердігерлік шарттарына қарағанда, заңмен жария шарттарына жатқызылған, оның мақсаты - тапсырысшының тұрмыстық және өзге де жеке қажеттіліктерін қанағаттандыру болады. Мердігер кәсіпкер ретінде тіркелген болуы қажет. Жұмыс жөнінде және жұмыс нәтижелері жөнінде тапсырысшыға мәліметтер беру - мердігердің қосымша міндеті болып табылады. Ескертілгеннен кейін, тапсырысшы жұмыс нәтижелерін қабылдап алмаған жағдайда, заң, мердігерге оны ашық сату (аукцион) өткізу арқылы сатып, одан алған сомадан өзінің кеткен шығындарын өтеп алуға рұқсат етеді.

Құрылыс салу мердігерлігінің заты - белгілі бір жаңа объектінің құрылысын салу немесе өзге құрылыс жұмыстарын (жөндеу, қайта жөндеу, өндірісті қайта құралдандыру, технологияны жаңарту, монтаждық жұмыстар және іске қосу жумыстарын) өткізу болады. Құрылыс салу мердігерлігі бойынша, бірінші жақ мердігер, бекітілген мерзім ішінде тапсырма бойынша белгілі бір объектіні салуға немесе өзге құрылыс жұмыстарын өткізуге міндеттенеді, ал тапсырысшы, мердігерге жумыстар өткізуге қажетті жағдай жасауға, жұмыс нәтижесін қабылдап алуға және оның ақысын төлеуге міндеттенеді (АК 651 б. 1т.). Мердігерге қажетті жағдай жасау – ол, оны жұмыспен қамтамасыз ету, яғни құрылыс алаңын тазалап, жерді бөлу жµнінде құжаттарды алу, коммуналдық жүйелерге қосылуға рұқсат алу және т.б. болып табылады Тапсырысшының тапсырысы жобалау-сметалау құжаттарында көрсетіледі, оларды тапсырысшы береді. Бірақта, жаңа АК бойынша, жақтарға өздеріне тәртіп ережелерін таңдауға рұқсат етіледі және жоба мен сметаны жасау міндеті мердігерге жүктелуі де мүмкін болады.

Тапсырысшы, жумысты қабылдауды өткізуге міндетті болады. Қабылдап алу, жұмыс аяқталмай және аяқталғаннан кейін өткізілуі мүмкін. Қабылдап алу уақыты мен орны жөнінде, тапсырысшыны мердігер ескертеді. Тапсырысшының өкілі дәлелді себепсіз, жұмыстың жеке кезеңдерін қабылдап алуға келмей қалған жағдайда, мердігер қабылдап алу актісін өзі жасауы мүмкін, осыдан кейін, тапсырысшының талабымен, өндірілген жұмыстарды ашып қарау, оның есбінен өткізіледі.



Жобалау және іздестіру жұмыстарын өткізу шартының заты (АК 667 б.) -жобалау-сметалау құжаттарын жасау және іздестіру жұмыстарын өткізу болады. Ал ғылыми-зеррттеу жұмыстарын, тәжірибелік-конструкторлық және технологиялық жұмыстарды өткізу мердігерлігінің заты - а) ғылыми зерттеулер; б) жаңа өнімнің үлгісін, оның конструкторлық құжаттарын жасау; жаңа технологиялар жасау немесе үлгілер жасау болады. Жақтар: орындаушы (іздестіруші) және тапсырысшы деп аталады; табиғаты бойынша, бұл шарттар консенсуалды, екі жақты міндеттейтін, ақылы болады. Аталған шарттардың ерекшелігі – ол, жұмыстар нәтижелеріне жете алмау қаупі тапсырушыға жүктеледі. Ғылыми мердігерлік шарттарының өзге ерекшелігі – ол, шартты орындау кезінде, жақтармен алынған мәліметтердің құпиясы туралы жағдайларды еңгізу болады; өйткені олар ғылыми-шығармашылықпен байланысты және, оларды орындау нәтижесінде, заңмен қорғалатын интеллектуалдық меншік объектілері жасалуы мүмкін болады. Бұл шарттарға көбінде мердігерлік жөніндегі жалпы ережелер қолданылады.

Бақылау сұрақтары:

  • Мердігерлік шартының анықтамасы, сипаттамасы, нысаны мен

элементтері.

  • Мердігерлік шартының мазұны мен түрлері.

  • Құрылыс салу мердігерлігі.

  • Тұрмыстық мердігерлік.

Әдебиеттер тізімі: Жұмыс бағдарламасында келесі номерлерде берілген: 1,2

3, 4, 5, 6, 9



2 ТАРАУ. ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ ЖӨНІНДЕГІ МІНДЕТТЕМЕЛЕР

ГЛОССАРИЙ:

Қызмет көрсетуден туындайтын міндеттемелер – ол, міндеттемелік құқық жүйесінде, көлеміне бойынша, ең кең тарайтын шарттық міндеттемелер болып табылады.

Көлік экспедициясы шарты бойынша, бірінші жақ (экспедитор) ақы үшін және екінші жақ (клиент) есебінен жүкті тасымалдауға байланысты қызмет көрсетуге, соның ішінде клиент атынан немесе өз атынан жүкті тасымалдау шартын жасауға міндеттенеді

Заем шарты бойынша бірінші жақќ (заем беруші) екішнші жаққа (заем алушыға) ақшаны немесе тектік белгілерімен анықталған заттарды береді, ал АК немесе шартта көзделген жағдайларда беруге міндеттенеді, ал заем алушы заем берушіге дәл сондай ақша сомасын немесе сол тектегі, сападағы, мөлшердегі заттарды уақытында қайтаруға міндеттенеді

Факторинг шарт бойынша, бірінші жақ (қаржы агенты (фактор)) екінші жаққа (клиентке) ақша береді немесе беруге міндеттенеді, ал клиент қаржы агентіне өзінің үшінші жаққа деген ақшалай талабын аударады немесе аударуға міндеттенеді

Сақтандыру шарты бойынша бірінші жақ (сақтанушы) сақтандыру төлемдерін төлеуге міндеттенеді, ал екінші жақ (сақтандырушы) сақтандыру оқиғасы басталысымен, сақтанушыға немесе шарт оның пайдасына жасалған өзге тұлғаға, яғни пайда көрушіге, шартпен белгіленген сома мөлшерінде сақтандыру өтемін төлеуге міндеттенеді

Сақтау шарты бойынша, бірінші жақ (сақтаушы) оған екінші жақ (жүк берүші) берген мүлікті сақтауға міндеттенеді

Есеп шоты шарты бойынша, бірінші жақ (банк) екінші жақтың (клиенттің) пайдасына түскен ақшаларды қабылдауға, клиенттің, клиентке немесе үшінші жаққа ақшаның тиісті сомаларын аудару туралы нұсқауларын орындауға және шартта көзделген өзге де қызметтерді көрсетуге міндеттенеді.

Ақша аудару шарты бойынша, банк, клиенттің тапсырмасы бойынша, оған жеке код берместен, үшінші жаққа оның ақшасын аударуға міндеттенеді

Ақылы қызмет көрсету шарты бойынша, орындаушы, тапсырушының тапсырмасы бойынша қызмет көрсетуге, яғни белгілі бір әрекеттер жасауға немесе белгілі бір қызметті жүзеге асыруға міндеттенеді, ал тапсырушы оның ақысын төлеуге міндеттенеді.

Банк салымдары шарты бойынша, банк, салымшының салым деп аталатын ақшаларын қабылдап алып, оған шартта көзделген мөлшерде және шартта көзделген тәртіп бойынша сый ақы төлеуге және заңмен шартта көзделген мөлшер мен тәртіп бойынша оны қайтаруға міндеттенеді.

Тапсырма шарты бойынша, бірінші жақ (сенім білдірілген өкіл) екінші жақтың (сенім білдірушінің) атынан және оның есебінен, белгілі бір заңды әрекеттерді жасауға міндеттенеді

Комиссия шарты бойынша, бірінші жақ (комиссионер) екінші жақ (комитенттің) тапсырмасы бойынша ақы үшін, өз атынан, бірақта комитент есебінен, бір немесе бірнеше мәмілелерді жасауға міндеттенеді

Мүлікті сенімгерлікпен басқару шарты бойынша, бірінші жақ (сенімгерлікпен басқаруды тағайындаушы), екінші жаққа (сенімгерлікпен басқарушыға) мүлікті сенімгерлікпен басқаруѓа беруге міндеттенеді, ал сенімгерлікпен басқарушы, пайда көрушінің мүддесіне мүлікті басқаруды жүзеге асыруға міндеттенеді.

Кешенді кәсіпкерлік лицензия шарты бойынша, бірінші жақ (кешенді лицензиар) екінші жаққа (кешенді лицензиатқа) ақы үшін, айрықша құқықтар кешенін (лицензиялық кешенді): лицензиардың фирмалық атауын пайдалану құқығын, қорғалатын коммерциялық мәліметтерді және айрықша құқықтардың өзге де объектілерін (тауарлық белгісін, қызмет белгісін, патентін және т. б.), кәсіпкерлікте пайдалануға беруге міндеттенеді.

Сыйақыға жария үәде беру (ҚР АК 911б.), қажетті мақсатқа жету үшін, бір талай тұлғалардың назарын тез арада тарту үшін қолданылады. Оның нәтижесі тиімді болуы мақсатында, оған жете алған тұлғаға немесе тұлғаларға сыйақыға жария үәде беру болады. Бірақта олардың барлығы заңды нәтижелерге әкелдіре бермейді.
5 ТАҚЫРЫП: Қызмет көрсетуден туындайтын

міндеттемлер.
ДӘРІС МАҚСАТЫ:

- студенттерді тасымалдау шартының анықтамасы,сипаттамасы, нысаны және мазмұнымен таныстыру;

- студенттерде тасымалдау шарттарының түрлері жөніндегі біліктілерін қалыптастыру.



СҰРАҚТАР:

  1. Тасымалдау шарты және оның түрлері.

  2. Көлік экспедициясы шарты.

  3. Заем және факторинг шарты.

4. Ақылы қызмет көрсету шарты.

  1. Тасымалдау шарты және оның түрлері.

Қызмет көрсетуден туындайтын міндеттемелер – ол, міндеттемелік құқық жүйесінде, көлеміне бойынша, ең кең тарайтын шарттық міндеттемелер болып табылады. Олардың заты - әрекеттерді жасау болады. Олардың нәтижесінде жаңа объект жасалмайды және бұрынғы объектінің жақсартулары жасалмайды. Осы арқылы, аталған міндеттемелерді, жұмыстарды өткізу міндеттемелерінен ажыратуға болады. Бұл міндеттемелер арасында, оның келесі түрлерін атауға болады: көлік міндеттемелері, сақтандырудан туындайтын міндеттемелер, есеп айрысу және несиелік (қаржылық) міндеттемелер.

Қызмет көрсету міндеттемелерінің барлық түрлерінің негізінде, кезінде рим заңгерлерімен жасалған классикалық: тапсырма, комиссия және сақтау шарттары болады. Сондықтан да, осы үш шарттың сипаттамасын беру қажет болады.

Тасымалдау шарты - ол көлік міндеттемелерінің пайда болуына әкелдіретін басты негіз болады. Тасымалдау объектісіне қарай, тасымалдау: жүктерді және жолаушыларды (теңдеме жүктерімен қоса немесе онсыз) тасымалдау болып бөлінеді. Тасымалдау көлігіне қарай – ол, автокөлікпен, темір жолымен, ішкі сулармен, теңізбен, әуе көлігімен тасымалдауға бөлінеді. Бір шарт бойынша тасымалдаушылар санына қарай, тасымалдау: тікелей байланыс бойынша, тікелей аралас байланыс бойынша және жергілікті тасымалдау түрлеріне бөлінеді. Тасымалдау шарттарының бір түріне жататын, көлік экспедициясы шарты, заңда бөлек аталады. Сонымен бірге, тасымалдау шартына қарағанда консенсуалды болып табылатын, тасымалдауды ұйымдастыру шарттарын атап өткен жөн, ал тасымалдау шартының өзі – реалды болады. Тасымалдау шарттарының түріне кіре тарту шартында жатқызуға болады, ол ҚР «Теңізбен сауда өткізу туралы» Заңында көзделеді.

Тасымалдау шартының жақтары: тасымалдаушы және жүк жөнелтуші (егер шарт объектісі жүк болса) және жолаушы (егер жолаушыларды тасымалдау болса) деп аталады. Шарт жазбаша жай нысанда жасалады, шарт ақылы және мерзімді болады. Азаматтық кодекспен қоса, шарт көлік заңдары деп аталатын арнайы заңдармен де реттеледі, олардың арасында: ҚР «Көлік туралы», «Темір жол көлігі туралы», «Теңізбен сауда өткізу туралы» заңдарымен және тасымалдау ережелерін бекітетін көптеген заңға тәуелді актілермен де реттеледі.

Жақтардың құқықтары мен міндеттері, тасымалдау объектісіне байланысты болады. Сонымен бірге, тасымалдаушының міндеттері келесі болады: уақытында тасымалдауға жарайтын көлікті беру; егер шартта ол көзделген болса жүкті тиеп алу (немесе түсіріп беру); тиісті мерзімде тиісті орынға жүкті немесе жолаушыны жеткізу болады. Жүк жөнелтушінің міндеті – ол, тасымалдауға жүкті барлық құжаттарымен беру; тасымалдаушыны жүктің қасиеттері мен мінезі жөнінде ескерту; кіре ақысын төлеу; жүкті қабылдап алу (және, егер ол шартта көзделген болса, жүкті тиеп, түсіру) болады. Егер жүк жөнелтуші үшінші тұлға болса, ол шартты жасауға қатыспайды, бірақта шартты жасаған уақыттан бастап, белгілі болады, одан кейін шарт бойынша жақтың құқықтары мен міндеттеріне ие болады; жүкті беруді, шығындарды өтеуді талап етуге құқылы болады.


  1. Көлік экспедициясы шарты.

Көлік міндеттемелері көлік экспедициясы шартынан да туындайды. Көлік экспедициясы шарты бойынша, бірінші жақ (экспедитор) ақы үшін және екінші жақ (клиент) есебінен жүкті тасымалдауға байланысты қызмет көрсетуге, соның ішінде клиент атынан немесе өз атынан жүкті тасымалдау шартын жасауға міндеттенеді (АК 708 б., 1 т.). Экспедитордың қосымша қызметтеріне: экспорттық және импорттық құжаттарды алу, кеденде жасалатын әрекеттерді жасау, жүктің саны мен жағдайын тексеру, тиеп жөнелту және түсіріп алу, баждар мен төлемдерді төлеу, жүкті сақтау, оны бағыт нүктесінде қабылдап алу және т. б. болады.



  1. Заем және факторинг шарты

Есеп айрысу және несие (қаржы) міндеттемелері заем шартынан және оныњ түрлерінен, банк шарттарынан туындайды.

Заем шарты бойынша бірінші жақќ (заем беруші) екішнші жаққа (заем алушыға) ақшаны немесе тектік белгілерімен анықталған заттарды береді, ал АК немесе шартта көзделген жағдайларда беруге міндеттенеді, ал заем алушы заем берушіге дәл сондай ақша сомасын немесе сол тектегі, сападағы, мөлшердегі заттарды уақытында қайтаруға міндеттенеді (ҚР АК 715 б.). Шарттың заты - тектік белгілерімен анықталған және тұтынылатын мүлікті (ақшаны немесе өзге заттарды) беру болады. Заем шартыныњ, мүлікті жалдау шартынан негізгі айрмашылығы, осында болады. Заем түрлеріне: аванс, несие беру, төлемді кейінге қалдыру, төлемді бөліп төлеуге рұқсат беру, алдын ала төлеу жатады. Кәсіпкерлік түрінде заңды тұлғалар мен азаматтардан заем алуға тыйым салынады, бұл шарттар жарамсыз болып танылады. Заем шартының нысаны мәміле нысандары жөніндегі ҚР АК- 151-152 баптарында көзделген жалпы ережелерге бағынады. Шарт бір жақты міндеттейтін болады, өйткені зат немесе ақша берілгеннен кейін міндет (уақытында алганын қайтару) тек заем алушыға жүктеледі, ал заем берушіде, тек заемды қайтаруды талап ету құқығы ғана болады. Заңда заемның келесі түрлері аталады: мемлекеттік және банктік заем.

Заем шартының жаңа түріне факторинг немесе ақшалай талапты беріп қаржыландыру шарты жатады. Оның негізі рим құқығындағы цессия (несие берушіні ауыстыру) болады. Бұл шарт бойынша, бірінші жақ (қаржы агенты (фактор)) екінші жаққа (клиентке) ақша береді немесе беруге міндеттенеді, ал клиент қаржы агентіне өзінің үшінші жаққа деген ақшалай талабын аударады немесе аударуға міндеттенеді (ҚР АК 729 б.). Яғни клиент, қаржы агентіне (фақторға), өзінің борышкеріне деген талап ету құқығын аударады. Аудару заты – қаржыландыру алу мақсатында аударылатын, сол кезде бар талап немесе болашақта пайда болатын талап (болашақта пайда болатын ақша алу құқығы) болады. Клиентпен қаржы агентіне аударылатын талап, жарамды болуы қажет. Шарт консенсуалды да, реалды да болады, оның мерзімі келісім бойынша белгіленеді, ал бағасы – ол клиенттің борышкерге аударылған талабының құны болып табылады. Қаржы агентінің міндеттеріне: клиентті қаржыландыру; шартта көзделген жағдайларда бухгалтерлік есептерді өткізу үшін клиенттен құжаттарын қабылдап алу; клиентке өзге де қаржылық қызмет көрсету және т.б. жатады. Клиенттың міндеті - факторға ақшалай талапты аудару және оның жарамдылығын қамтамасыз ету болады. Жәнеде клиент пен фактор борышкерді несие берушінің ауыстырылуы жөнінде ескертуі қажет.



4. Ақылы қызмет көрсету шарты.

Ақылы қызмет көрсету шарты – ол азаматтық құқықтағы шарттардың жаңа түрі, оған ҚР АК- 33 Тарауы арналған. Ақылы қызмет көрсету шарттарына: байланыс қызметін көрсету, медициналық қызмет көрсету, ветеринарлық, аудиторлық, кеңестік, жарнамалық, ақпараттық, білім беру қызметтерін көрсету, туристік қызмет көрсету және т.б. жатады. Бұл шарттардың анықтамасы АК 683 бабында берілген. Ақылы қызмет көрсету шарты бойынша, орындаушы, тапсырушының тапсырмасы бойынша қызмет көрсетуге, яғни белгілі бір әрекеттер жасауға немесе белгілі бір қызметті жүзеге асыруға міндеттенеді, ал тапсырушы оның ақысын төлеуге міндеттенеді. Кеңес құқығында аталған қызметтер үшін ақы алу, заңсыз пайда табу болып танылған және мемлекеттің қолдауын таппаған. Заңи қолдауды бұл қызметтер жаңа экономикалық қатынастарға көшкен кезде және ҚР АК Ерекше бөлімін қабылдағаннан кейін тапқан. Реттеу ерекшеліктеріне байланысты, занда, бұл шарттар мердігерлік және қызмет көрсету шарттарының арасына орналастырылған.

Орындаушының міндеті - тапсырманы (егер шартта өзгеше көзделмесе) өзі орындауы қажет. Тапсырушының негізгі міндеті - шартта белгіленген тәртіп пен мерзімде қызмет ақысын төлеу болады. Шарт нысаны жазбаша да ауызша да болуы мүмкін. Егер ол ҚР АК 33 Тарауының және ақылы қызмет көрсету шартының нақтылы түрінің ерекшеліктеріне қарама қайшы келмейтін болса, бұл шарттарға мердігерлік және тұрмыстық мердігерлік шарттарының жалпы ережелері қолданылады,.
Бақылау сұрақтары:

- Тасымалдау шарты және оның түрлері.



  • Көлік экспедициясы шарты.

  • Заем және факторинг шарты.

  • Ақылы қызмет көрсету шарты.

Әдебиеттер тізімі: Жұмыс бағдарламасында келесі номерлерде берілген: 1, 2,

3, 4, 5, 6, 7, 8.


6 ТАҚЫРЫП: Сақтандыру мен сақтаудан

туындайтын міндеттемелер.

ДӘРІС МАҚСАТЫ:

- студенттерді сақтандыру және сақтау шартының анықтамасы,сипаттамасы, нысаны және мазмұнымен таныстыру;

- студенттерде сақтандыру және сақтау шарттарының түрлері жөніндегі біліктілерін қалыптастыру.

СҰРАҚТАР:


  1. Сақтандыру шартының анықтамасы, сипаттамасы, нысаны,

элементтері мен мазмұны. Сақтандыру түрлері.

2. Сақтау шарты және оның түрлері.




  1. Сақтандыру шартының анықтамасы, сипаттамасы, нысаны,

элементтері мен мазмұны. Сақтандыру түрлері.
Сақтандыру міндеттемелері сақтандыру шартынан және оның түрлерінен туындайды. Азаматтық кодекспен коса, бұл құқықтық қатынастар, қазырғы кезде, «Сақтандыру қызметі туралы» ҚР Заңымен және заңға тәуелді актілермен реттеледі. Сақтандыру шарты бойынша бірінші жақ (сақтанушы) сақтандыру төлемдерін төлеуге міндеттенеді, ал екінші жақ (сақтандырушы) сақтандыру оқиғасы басталысымен, сақтанушыға немесе шарт оның пайдасына жасалған өзге тұлғаға, яғни пайда көрушіге, шартпен белгіленген сома мөлшерінде сақтандыру өтемін төлеуге міндеттенеді (ҚР АК 803 б.). Сонымен, сақтандыру міндеттемесіне сақтанушы мен сақтандырушыдан басқа - пайда көруші мен сақтандырылған тұлға да қатысады. Олар сақтанушының өзі немесе үшінші жақ болуы мүмкін. Бул жағдайда сақтандыру шарты үшінші жақ пайдасына жасалған болады. Сақтандыру түрлері: ерікті және міндетті, жеке және мүліктік, жинақтаушы және жинақтаушы емес болады. Сақтандыру объектісі занды тұлғаның немесе азаматтың кез келген сақтандыру мүддесі болады (мүлікі, өмірі, ден саулығы, белгілі бір оқиға – белгілі бір жасқа толуы, некеге отыруы; жауапкершілігі, қауіпіп-қатері және т. б.). Тақырыпты толық меңгеру үшін сақтандыру құқығының негізгі ұғымдары мен элементтерін білген жөн болады: сақтандыру төлемі, сақтандыру оқиғасы, сақтандыру өтемі, сақтандыру сомасы, сақтандыру, қайта сақтандыру, аннуитенттік сақтандыру және т. б.

Сақтанушы мен пайда көруші кез келген жеке немесе заңды тұлға болуы мүмкін, ал сақтандырушы – тек сақтандыру қызметінің әр түрімен айналысуға арнайы лицензия алған заңды тұлғалар бола алады. Олардың фирмалық атауларында «сақтандыру» деген сөз болуы қажет. Сақтандыру шартының нысаны жазбаша жай болады және сақтандыру полисын берумен рәсімделеді. Сақтандырушының міндеті - сақтандыру оқиғасы болған жағдайда шарт пен немесе заңмен көзделген мөлшерде, мерзімде және тәртіппен сақтандыру өтемін төлеу; сақтанушыға (сақтандырылған тұлғаға) сақтандыру оқиғасы болған кезде оның залалдарын азайтуға кетірген шығындарын өтеп беру, сақтандыру құпиясын қамтамасыз ету (ҚР АК 828 б.) болып танылады. Сақтанушының міндеттері ҚР АК- 831 бабында көзделген: шартта көзделген тәртіппен, мөлшерде және мерзімде сақтандыру төлемдерін төлеу; сақтандырушыны сақтандыру қаупінің жағдайы жөнінде мәліметтендіру; сақтандырушыны сақтандыру оқиғасы болғаны жөнінде ескерту; сақтандыру оқиғасы келтіретін залалдарын азайтуға қажетті шаралар қолдану; сақтандыру оқиғасы болуна кінәлі тұлғаға қойылатын талаптың, сақтандырушыға ауысуын қамтамасыз ету (АК 840 б.) және т.б. Сақтандыру оқиғасы болуына кінәлі болған тұлғаға қойылатын талаптардың сақтандырушыға ауысуы - субронация деп аталады. Азаматтар мен заңды тұлғалар өз мүліктері мен мүліктік мүдделерін екі жақты негізде, қажетті құралдарды екі жақты сақтандыру қоғамдарында біріктіру арқылы сақтандыруы мүмкін (ҚР АК 845 б.).



2. Сақтау шарты және оның түрлері.

Сақтау шарты бойынша, бірінші жақ (сақтаушы) оған екінші жақ (жүк берүші) берген мүлікті сақтауға міндеттенеді (ҚР АК 768 б.). Шарт: реалды, мерзімді, ақылы (ақысыз болуы да мүмкін). Шарттың жеке түрлері, мысалы, егер сақтаушы кәсіпкер болса, консенсуалды да болуы мүмкін. Бұл шарттар, заңда, жария шарттарына жатқызылады (ҚР АК 770 б.). Сақтау шартының заты - жалпы алғанда, жеке анықталған заттарды сақтау болады. Бірақта, заңда, тектік белгілерімен анықталған заттарды да сақтау көзделеді. (ҚР АК 771 б.). Шарт нысаны жазбаша болады, бірақта: жетон, номер немесе өзге таңбалар берумен де, рәсімделуі мүмкін. Негізіне қарай сақтау шарттарының келесі түрлерін бөлуге болады: кәсіби сақтау, ломбардта сақтау, көлік ұйымдарының сақтау камераларында сақтау, банкта құндылықтарды сақтау, ұйымдар киім ілгіштерінде сақтау, қонақ үйлерінде сақтау, тауар қоймаларында сақтау, секвестер (даулы заттарды сақтау). Жүк тапсырушының маңызды міндеті: ол, сақтаушыны заттың қасиеттері мен ерекшеліктері жөнінде ескерту болады (сынатындығы, жарылыс заты, ұлы зат болу жөнінде және т.б.).

Бақылау сұрақтары:

- Сақтандыру шартының анықтамасы, сипаттамасы, нысаны,

элементтері мен мазмұны.


  • Сақтандыру түрлері.

  • Сақтау шарты және оның түрлері.

Әдебиеттер тізімі: Жұмыс бағдарламасында келесі номерлерде берілген: 1, 2,

3, 4, 5, 6, 7, 8, 9, 10.


7 ТАҚЫРЫП: Банк қызметі шарттары.

ДӘРІС МАҚСАТЫ:
- студенттерді банк қызметі шартының анықтамасы,сипаттамасы, нысаны және мазмұнымен таныстыру;

- студенттерде банк қызметі шарттарының түрлері жөніндегі біліктілерін қалыптастыру.



СҰРАҚТАР:

1. Есеп шот шарты.

2. Ақша аудару шарты. Банк салымдары шарты мен оның түрлері.



  1. Есеп шот шарты.


Банк шарттарына «Банк қызметін көрсету» туралы ҚР АК- 38 Тарауы арналған. Банк қызметтері: банк есеп шоты, ақша аудару, банк салымдары шарттарынан және өзге де шарттардан тұрады (ҚР АК 739 б.). Азаматтық кодекспен қоса, банк қызметін көрсету, банк заңдары деп аталатын, арнайы заңдар мен де реттеледі. Мысалы, «Ұлттық банк туралы», банк жүйесі туралы, төлемдер мен ақша аудару туралы, ақша жүйесі туралы заңдармен және көптеген заңға тәуелді актілермен. Бұл шарттарды орындаудағы банктердің негізгі қызметтерінің бірі - банк құпиясын сақтау болады (ҚР АК 745 б.). Банк қызметін көрсету жөніндегі шарттардың негізгі және жиі кездесетін түрі - банк есеп шоты шарты болады. Ол шарт бойынша, бірінші жақ (банк) екінші жақтың (клиенттің) пайдасына түскен ақшаларды қабылдауға, клиенттің, клиентке немесе үшінші жаққа ақшаның тиісті сомаларын аудару туралы нұсқауларын орындауға және шартта көзделген өзге де қызметтерді көрсетуге міндеттенеді. Банк клиент есебіндегі ақшаны пайдалануға болады, бірақта клиенттің өз ақшасын еш бір кедергісіз басқару және кез келген уақытта талап етіп алу құқығын қамтамасыз ететіні жөнінде кепіл береді. Шарт консенсуалды, ақылы, екі жақты міндеттейтін болады, ол жазбаша нысанда жасалады.

Жеке кәсіпкер немесе заңды тұлға болатын клиент, жеке код беру арқылы олардағы атына ашылған шотта, өз ақшаларын «сақтауға» міндеттенеді. Клиенттің шотындағы ақшасын пайдаланғаны үшін банк пайыз төлейді. Банктің немесе өзге де банк мекемесінің лицензиясы болуы қажет. Банк клиенттері заңды немесе жеке тұлғалар болуы мүмкін, соның ішінде кәмелетке толмағандар да (ҚР АК 25 б. қара). Кәсіпкерлік мақсатта банк есеп шоты шартын жасау үшін, клиент, келесі құжаттарды тапсыруы қажет: есеп шотын ашу жөніндегі өтінішін, мемлекеттік тіркеүден өту туралы күәлігін және жарғысын, бірінші басшысының және бухгалтерінің қолдарының үлгілері мен нотариус күәландырған карточкасын, мөрінің үлгісімен қоса. Банк құпиясын сақтау міндетімен қоса, банк міндетіне - шот бойынша операцияларды тиісті орындау жатады (ҚР АК 750 б.). Бұл шартта банк ен әлді жақ болады, сондықтан заңда, міндеттерін тиісті дәрежеде орындамағаны үшін банк жауаптылығы бекітіледі.



  1. Ақша аудару шарты. Банк салымдары шарты мен оның түрлері.

Ақша аудару шарты бойынша, банк, клиенттің тапсырмасы бойынша, оған жеке код берместен, үшінші жаққа оның ақшасын аударуға міндеттенеді (ҚР АК 754 б.). Бұл шарт банк заңдарының арнайы ережелеріне сәйкес жүзеге асырылады.

Банк салымдары шарты бойынша, банк, салымшының салым деп аталатын ақшаларын қабылдап алып, оған шартта көзделген мөлшерде және шартта көзделген тәртіп бойынша сый ақы төлеуге және заңмен шартта көзделген мөлшер мен тәртіп бойынша оны қайтаруға міндеттенеді (ҚР АК 756 б.). Сондықтан, жақтардың құқықтары мен міндеттерін анықтау үшін, АК 757 бабында көзделген банк салымдарының түрін білу қажет: ол, талап етуге дейінгі, мерзімді, шарттық салымдар. Тәжірибеде бұл шарттар депозит деп аталады. Шарт нысаны жазбаша жай болады. Бұл шарт - нақтылы, бір жақты және ақылы шарт болады. Салымшылар жеке және заңды тұлғалар болуы мүмкін. Жеке тұлғалар үшін, шарттың жазбаша жай нысаны - сертификат және атаулы немесе усынбалы болатын жинақтау кітапшасын беру арқылы рәсімделеді.

Бақылау сұрақтары:

- Есеп шот шарты.



  • Ақша аудару шарты.

  • Банк салымдары шарты мен оның түрлері.

Әдебиеттер тізімі: Жұмыс бағдарламасында келесі номерлерде берілген: 2, 3,

4, 5, 9,11, 12.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет