2-деңгей Амбулаториялық жағдайда пациентті бастапқы қабылдау кезінде жалпы тәжірибе дәрігерінің әрекетінің алгоритмін жазыңыз


Неонатальды скрининг бағыты төрт кезеңнен тұрады



бет23/61
Дата30.01.2024
өлшемі157.72 Kb.
#490247
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   61
ВОП 2

38. Неонатальды скрининг бағыты төрт кезеңнен тұрады:
бірінші кезең - туғаннан кейінгі ерте кезеңдерде жаңа туған нәрестелерде ФКУ-ға және туа біткен гипотиреозға тексеру үшін қан алу, оларды талдау жүргізу үшін денсаулық сақтау субъектілеріне жеткізу.
екінші кезең - фенилаланин мен ТТГ деңгейін анықтау үшін нәрестенің бастапқы қан талдауы.
үшінші кезең - жаңа туған нәрестенің алғашқы қан талдауында фенилаланин мен ТТГ деңгейінің ауытқуы кезінде қайта алу және қан талдауы;
төртінші кезең - медициналық-генетикалық консультация беру фенилаланин мен ТТГ деңгейі жаңа туған нәрестенің қанын қайта талдауда ауытқыған кезде жүргізіледі.
39. Бірінші кезең осы Қағидаларға 4-қосымшада келтірілген фенилаланин мен тиреотропты гормонды айқындауға жаңа туған нәрестелердің құрғақ қан дақтарының үлгілерін алу, таңбалау және тасымалдау алгоритміне сәйкес босандыру қызметтерін көрсететін денсаулық сақтау субъектілерінде (перинаталдық орталықтар, босандыру үйлері, стационарлардың босандыру бөлімшелері) (бұдан әрі - босандыру ұйымдары) жүргізіледі.
40. "Неонатология", "Педиатрия", "Жалпы дәрігерлік практика" мамандығы бойынша дәрігер барлық жаңа туған нәрестелерге қандағы фенилаланин мен ТТГ деңгейін анықтау жолымен неонаталдық скрининг жүргізуді тағайындайды, орта медицина қызметкері жаңа туған нәрестенің қан үлгілерін алуды және таңбалауды жүргізеді.
41. ФКУ – ға және туа біткен гипотиреозға зерттеп - қарау үшін қан алу толық туған нәрестелерді тамақтандырғаннан кейін 3 сағаттан кейін өмірдің 2-3 тәулігіне (өмірдің 25-72 сағаты), шала туған нәрестелерде - өмірдің 7-14 тәулігіне жүргізіледі.
42. ФКУ және туа біткен гипотиреозға тексеру үшін қан алуды жүргізер алдында медицина қызметкері жаңа туған баланың ата-анасына немесе басқа заңды өкіліне қан алудың және неонаталдық скрининг жүргізудің мақсаттары мен рәсімі, тексеруден бас тартудың ықтимал салдары туралы ақпарат береді.
Фенилаланин мен ТТГ деңгейін анықтау үшін құрғақ қан дақтарын алуға ерікті түрде хабардар етілген келісім немесе бас тарту медициналық құжаттамаға енгізіледі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   61




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет