Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер



жүктеу 46.6 Kb.
Дата17.07.2016
өлшемі46.6 Kb.

Қазақстан Республикасы

Үкіметінің

2013 жылғы « »

№ бекітілген

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер

тізілімін жүргізу қағидасы

1. Жалпы ереже

1. Осы Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізілімін жүргізу қағидасы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізілімін (бұдан әрі – Қағида) жүргізу тәртібін айқындайды.

2. Осы қағидада мынадай терминдер мен анықтамалар пайдаланады:

1) көрсетілетін қызметті алушы – орталық мемлекеттік органдарды, Қазақстан Республикасының шетелдегі мекемелерін, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдарын, қаладағы аудандардың, аудандық маңызы бар қалалардың, кенттердің, ауылдардың, ауылдық округтердің әкімдерін қоспағанда, жеке және заңды тұлғалар;


2) көрсетілетін қызметті беруші – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтер көрсететін орталық мемлекеттік органдар, Қазақстан Республикасының шетелдегі мекемелері, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары, қаладағы аудандардың, аудандық маңызы бар қалалардың, кенттердің, ауылдардың, ауылдық округтердің әкімдері, сондай-ақ жеке және заңды тұлғалар;

3) мемлекеттік көрсетілетін қызмет – көрсетілетін қызметті алушылардың өтініші бойынша жеке тәртіппен жүзеге асырылатын және олардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін іске асыруға, оларға тиісті материалдық немесе материалдық емес игіліктер беруге бағытталған жекелеген мемлекеттік функцияларды іске асыру нысандарының бірі;

4) мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізілімі (бұдан әрі – Тізілім) – мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сыныпталған тізбесі;

5) мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы уәкілетті орган
(бұдан әрі – уәкілетті орган) – мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы басшылықты және салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын орталық мемлекеттік орган.

3. Тізілімді жүргізудің негізгі міндеті мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді, мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы мәліметті айқындау және Тізілімге қосу болып табылады.

4. Тізілімді жүргізу мақсаттары:

көрсетілетін қызметті берушінің қызметінің тиімділігі мен сапасын арттыру;

көрсетілетін қызметті алушылар үшін мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы мәліметтердің ашықтығын және қол жетімділігін қамтамасыз ету;

мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді есепке алу және талдау.

5. Тізілім мемлекеттік және орыс тілдерінде әзірленеді.

2. Тізілімді жүргізу тәртібі

6. Тізілімді жүргізу тәртібі:

Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді анықтау тұрғысынан талдауды;

жүргізілген талдау негізінде Тізілімге енгізуге жататын мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізбесін айқындауды;

Тізілімге анықталған мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді, мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы мәліметтерді енгізуді;

Тізілімге оның мазмұнын өзектендіру (жаңарту) тұрғысынан мониторинг жүргізуді;

Тізілімге енгізілген мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы мәліметтерді өзектендіруді (жаңартуды) қамтиды.

7. Тізілімге енгізу үшін көрсетілетін мемлекеттік қызмет мынадай талаптарға сәйкес келуі тиіс:

мемлекеттік органдардың жекелеген функцияларын іске асыруға бағдарланған болуы;

дара тәртіпте жүзеге асырылуы;

көрсетілетін қызметті алушының өтініші бойынша жүзеге асырылуы;

көрсетілетін қызметті алушылардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін іске асыруға, материалдық немесе материалдық емес игіліктер беруге бағдарлануы қажет.

8. Тізілімді жүргізуді уәкілетті орган жүзеге асырады.

9. Уәкілетті орган жыл сайын 1 шілдеден және 1 желтоқсаннан кешіктірмей, Тізілімге өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізуді көздейтін Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулы жобасын Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте әзірлейді және Үкіметке енгізеді;

10. Тізілімге өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу үшін орталық мемлекеттік органдар және жергілікті атқарушы органдар:


1) Тізілімдегі мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы мәліметтерге жыл сайын түгендеу жүргізеді.

2) осы Қағидаларға 1 - қосымшаға сәйкес нысан бойынша ұсыныстарды 1 маусымнан және 1 қарашадан кешіктірмей уәкілетті органға ұсынады;


3. Тізілім құрылымы
11. Тізілім:

мемлекеттік көрсетілетін қызметтің атауын;

көрсетілетін қызметті алушы туралы мәліметті (жеке және (немесе) заңды тұлға);

мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын әзірлейтін орталық мемлекеттік органның атауын;

көрсетілетін қызметті берушінің атауын;

электрондық нысанда мемлекеттік қызмет көрсету кезінде өтініштерді қабылдауды және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беруді және/немесе «электрондық үкіметтің» веб-порталын көрсетуді жүзеге асыратын ұйымдардың атауын;

мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нысанын;

мемлекеттік қызметті көрсетудің ақылы немесе тегіндігін көздейді.

12. Сыныпталған Тізілім:

қоғамдық қарым-қатынас саласына тәуілді мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің топтамасынан тұратын бөлімдерден;

көрсетілетін қызметті алушылардың өмірлік жағдайынан тәуелді мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің топтамасынан тұратын ішкі бөлімдерден;

мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің реттік нөмірлерінен тұрады.

13. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтерге Тізілімнің сыныпталған барлық деңгейінен құрылатын сандық белгілер түрінде сегізсандық жеке сыныпталған кодын иелендіреді.

Сыныпталған код үш бөліктен тұрады:

1) бірінші бөлік – 3 цифрдан тұрады және қоғамдық қарым-қатынас саласындағы бөлімді білдіреді;

2) екінші бөлік – 2 цифрдан тұрады және көрсетілетін қызметті алушылардың өмірлік жағдайынан тәуелді ішкі бөлімдерді білдіреді;

3) үшінші бөлік – 3 цифрдан тұрады және мемлекеттік көрсетілетін қызметтің реттік нөмірін білдіреді.

14. Мемлекеттік көрсетілетін қызметке сыныпталған код уәкілетті органмен иелендіріледі.



15. Сыныптаған Тізілім осы Қағидаларға 2 - қосымшаға сәйкес құрылымы бойынша құрылады.
_________________________



©dereksiz.org 2016
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет